Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Процедураны орындау. 1.Тірегішті қойып керуеттің аяқ жағын 20-30 см көтеріңіз;

Norton шкаласы 1 страница | Norton шкаласы 2 страница | Norton шкаласы 3 страница | Norton шкаласы 4 страница | Су баланссын есептеу 1 страница | Су баланссын есептеу 2 страница | Су баланссын есептеу 3 страница | Су баланссын есептеу 4 страница | Су баланссын есептеу 5 страница | Фиброэзофагогастродуоденоскопия (ФЭГДС) |


Читайте также:
  1. Жұмысты орындау тәртібі
  2. Жұмысты орындау тәртібі
  3. Жұмысты орындау тәртібі
  4. Жұмысты орындау тәртібі
  5. Жұмысты орындау тәртібі
  6. Жұмысты орындау тәртібі
  7. Жұмысты орындау тәртібі.

1. Тірегішті қойып керуеттің аяқ жағын 20-30 см көтеріңіз;

2. Төсекте пациенттің жағдайын қадағалап, жөтелген кезде қақырықтың мөлшерінің көбеюін анықтаңыз;

3. Процедураны 10-15 мин сайын қайталып отырыңыз;

Позициондық дренаждын мақсаты: Пациентті төсек жағдайында ауыстырып отырғанда қақырықтың шығуына көмектесу.

Процедураға дайындау

1. Пациентке осы процедураны түсіндіріңіз;

2. Келісім алыңыз;

3. Түкіргішті дайындаңыз;
Процедураны орындау

1.Ен бірінші пациентке Квинке жағдайын жасауын көрсетесіз;

2. Осыдан кейін пациентті қатты төсекке щит арқылы жатқызасыз;

3.Өзінің денесін айналдыра қозгап ауыстырып отыруын пациентке түсіндіресіз; 4.Терең дем жасап, үзақ дем шығару арқылы қақырықтың шығуына көмектесіңіз;

5.Төсектегі пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

6.Процедураны 3-5 рет 10-15 минут аралығында пациент қайталап отыруын түсіндіріңіз;

7.Пациентті оң жағына жатқызыңыз;

8.Сол жақ қолын, басын керуеттен төмен түсіріңіз;

9.Пациенттің қақырығынын көп шығуын тексеріп жағдайын қадағалаңыз;

10.Осы процедураны пациентті сол жаққа жатқызғанда қайталаңыз;

11.Пациентке тізесін бүгіп қолымен айқастыруына көмектесіңіз;

12. Пациенттің қақырығынын көп шығуын тексеріп жағдайын қадағалаңыз;

Процедураның аяқталуы.

1.Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз;

2. Түкіргіштегі қақырықты дезинфекциялық ертіндіге салып зарарсыздандырыңыз;

 

 

20.Жүрек қан тамырлар ауруларындағы мейіркештік кірісулер.

Қанайналым жүйесі жүрек пен қанайналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі – жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамассыз етеді.

Қанайналымның үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан – қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі капилярларға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге, ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады. Вена қаны капилярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады.

Қанайналымының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмірқышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларға жетеді, осы сәтте қандағы көмірқышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі – екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады.

Үлкен және кіші қанайналым шеңберіның бұзылуынан әр түрлі патологиялық өзгерістер дамиды. Осыдан басқа жүректің жиырылу орамының патологиясыда әсер етеді.

Негізгі симитомдары:

1. Ауырсыну, кеудесінде шаншу қадалу

2. Тұншығу

3. Талып қалу

4. Талықсу

5. Шок болу

6. Гипертоникалық криз

 

20.1.Кеудесінде шаншу қадалу /стенокардия ұстамасы/ Мақсаты: Ауырсынуды жедел түрде тоқтату

1. Пациентке ауа жіберіңіз;

2. физикалық, психикалық тыныштық жасаңыз; /Жүректің бұлшық етінің оттегі жетістігінің дәрежесі төмендейді, демі жақсарады, эмоционалдық жағдайы жақсарады/

3. Дәрігерді шақыртыңыз; /толық медициналық көмек көрсету үшін/

4. пациентті ыңғайлап шалқасынан жатқызыңыз; /жүректің бұлшық ет жұмысының жақсартуы/

5. Тіл астына нитроглицерин немесе валидол 25-30 тамшы, валокордин, корвалол, тіл астына 1-2 тамшы нитроглицерин, 3-5 тамшы қантка тамызылган валидол.

Ескерту! Егер қан қысымы 100 мм сынап бағанасы бойынша төмен болса, онда нитроглицеринды қолдануға болмайды.

20.2.Тұншығу болған кезде көмек көрсету /жүрек демікпесі/

Мақсаты:20-30 минут ішінде тұншығуды кетіру

1.Жедел түрде дәрігерді шақыртыңыз;

2.Тынышытықпен қамтамас етіңіз:

- ауа жіберу;

- қысып тұрған киімдерді шешу оттегі жетістігінің дәрежесін төмендету;

3.Жартылай отырғызыңыз; /аяғын төмен түсіріп тірегішті қойыңыз; /жүректің бұлшық етінің жұмысының жақсарту, өкпенің қанға ұюлуын азайту/;

4.Тіл астына 1 таблетка нитроглицерин немесе 1% валидол беріңіз;

5.Ауыз қуысын тазалаңыз;

6.Дымқылданған оттегіні беріңіз;

Ескерту: 10% антифомсилан, 96% спирт көпіршікті басу үшін қолданылады. Орталық оттегіні қолданғанда, оттегінің жылдамдығы минутына 2-3 литр алғашқы 5 минут аралығында содан кейін минутына 6-7 литр

7..қолына, санына10-15 минут аралығынан веноздың жгуттар салыңыз; /қанның көлемі азаяды/;

8..аяғына қышалық жылы ванна немесе жылытқыш қойыңыз;

9.300-400 мл көк тамырдан қан шығарыңыз;

10.пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз; /қан қысымын, тамыр соғысын, демін, диурезін/
11.дәрілерді дайындаңыз: зәрайдағыштар, наркотикалық аналгетиктар, жүрек гликозидтер/;
12.дәрігердің нұсқауы бойынша 1%-мл морфий ертіндісін немесе 2,5 мл
0,25%-дроперидол ертіндісін, 1 %-20 мл супрастин т.б жіберіңіз;

13.Егер қан қысымы жоғары болса 5% пентамин-1,0; 2,4%-10 мл эуфиллин ертіндісін көк тамырға жіберіңіз;

14.Пациентті реанимация бөлімшесіне тасымалдаңыз.

20.3.Талып қалғанда көмек көрсету.

Мақсаты: /Сана сезімін/ есін қалпына келтіру.

1.Ауа жіберіңіз;

2.қысып тұрған киімдерін босатыңыз; /мидың оттегі жетіксіздігінің дәрежесін төмендету/

3..Жедел түрде дәрігерді шақырту;

4..Пациентті жатқызып, аяғын жоғары көтеріңіз; /миға қан толтыру/;

5.Бетін шапалақтап, су бүркіп, аяғына жылытқышты қойыңыз; /рефлекторлы түрде мидың жұмысын жақсарту/

6.Мұрынға нашатыр спиртін иіскетіңіз немесе самайын сүртіңіз; /дем орталық жұмысын жақсарту;

7.Тамыр соғысын, қан қысымын қадағалаңыз;

8..Егер 5 минуттың шамасында осы қолданылған шаралар нәтижесіз болса, дәрігердің нұсқауы бойынша 2 мл кордиамин немесе 1мл 10% кофеин ертіндісін жіберіңіз;

9.Физикалық психикалық тынышытықпен қамтамас етіңіз;

10.Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

11.Осы болған аурудың себебі алдын алу туралы кеңес беріңіз.

20.4.Талықсу болған жағдайда көмек көрстеу

Мақсаты: Қанқысымын қалпына келтіру.

1.Толық тыныштықпен қамтамас етіңіз; /мидың оттегі жетіксіздігінде дәрежесі төмендейді/

2.Дәрігерді жедел түрде шақыртыңыз;

3.Пациентті жастықсыз жатқызыңыз;

4.Аяғына жылытқышты қойып, жылылап орап, шай немесе кофе беріңіз; /мидың жұмысын жақсарту үшін/;

5.Оттегіні қолданыңыз;

6.Қан қысымын, тамыр соғысын әрбір 5 минут сайын өлшеп, тіркеңіз;

7.Егер осы шаралар нәтижесіз болса, дәрігердің нұсқауы бойынша 2 мл кордиамин немесе 1 мл 10% кофеин ертінділерін тері астына жіберіңіз;

Ескерту: тамыр соғысын және қан қысымын көтеру үшін осы жоғарғы айтылған дәрілерді қолданылады. Міндетті түрде пациентті ауруханаға жеткізу керек.

8.Физикалық психикалық тыныштықпен қамтамас етіңіз;

9.Пациенттің жағдайын бақылап отыра нұсқау қағазында демін, тамыр соғысын, терінің түсін дымқылдығын, сана сезімін температурасын белгілеңіз;

10.Осы аурудың себебі туралы кеңес беріңіз.

20.5.Жалпы шокқа қарсы қолданылатын шаралар

Мақсаты: Жедел түрде шокқа әкеліп соғатын факторларды жою, демді қалпына келтіру және ағзаның қанмен қамтамас ету жұмысын жақсарту 1.Жедел түрде дәрігерді шақырту;

2.Тыныс алу жолдарының өткізу жұмысын тексеру, қалпына келтіру. Кеңірдекке интубация жасау /кеңірдектің ісігінде немесе жарақатында/;

3.Оттегі инголяциясын беру;

4.Қан қысымын, тамыр соғысын әрбір 5 минут сайын өлшеп отыру және тіркеу;

5.Дәрігердің айтуы бойынша жедел жәрдем көрсету;

6.Керекті жағдайда жедел түрде өкпе жүрек реанимациясын жүргізу;

 

20.6.Гипертоникалық кризде көмек көрсету

Мақсаты: Біртіндеп бір сағаттың ішінде қан қысымын төмендету

1.Жедел түрде дәрігерді шақыртыңыз;

2.Таза ауамен қамтамас етіңіз; /жүректің бұлшық етінің, мидың жұмысының оттегі жетіксіздігі дәрежесін төмендету үшін/

3.Төсекте басын көтеріңкі жатқызыңыз; /жүректің бұлшық етінің, бүйрек жұмысын жақсарту үшін/

4.Самайына, аяғының бұлшық етіне қыша, аяғына жылытқыш қойыңыз, қолдарын суға салыңыз;

5.Басына суық компресс салыңыз, /басының ауырғаны азаяды/

6.Дәрілерді дайындаңыз:

а/ магний сульфат 25%-10,0 /көк тамырға/;

б/дибазол 1%-0,5-1мл.

 

 

21.Асқорыту органдарының ауруларындағы мейіркештік кірісулер

Асқорыту - өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өнделеді, сонынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өндеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өндеуге ішек қарын ферменттері қатысады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады. Ас қорыту жүйесінің қызметі:

1. Сөл шығару қызметі;

2. Қимыл (жиырылу – жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды;

3. Қоректік затарды сіңіру қызметі, ішек қарын түтігінде болады;

4. Тіршілікке қажетті заттарды сыртқа шығару қызметі;

5. Эндокриндық қызметі;

21.1.Негізгі белгілері.

Негізгі белгілеріішінің ауруы /өткір іш/ қыжылдау, кекіру, жүрегінің айнуы, құсу, тәбеттің бұзылуы, дәретінің бұзылуы.

Ішінің ауырсынуы көбінесе тағамды қабылдаумен байланысты. Ауырсынулар әр-түрлі болады: ұстамалы, сыздаулы, т.б.егер патологиялық процеске іштің органдарының сыртқы қабаты киіліксе /брюшина/ ауырсынуы пышақ тәрізді, өткір болады да, жан-жағына әсер етеді.

Ауырсынуға баға бергенде, әр түрлі жағдайды есепке алған дұрыс /мысалы: тамақ ішкеннен кейін немесе алдында физикалық күш түскенде әр түрлі ауруларға/. Егерде ауырсынудың себебіні білмесеңіз жансыздыратын немесе ішекте жібітетін дәрілерді беруге болмайды асқазанды жууға, клизма және жылытуға қоюға болмайды.

Мысалы: егер ауырсыну іштің тырсылдауы мен немесе асқазан жарасының қозуымен байланысты болса жылытқыш ауырсынуды азайтады, бірақ грыжа немесе соқыр ішектің қабынуына жылытқышты қоюға болмайды. Уланған жағдайда пациенттің жағдайын асқазанды жуумен жеңілдетеді. Ал жүректің өлі еттенуінде пациентке зиян келтіреді. Егер ұстамалы ауырсыну пайда болса жедел түрде дәрігерді шақырту керек.

Қыжылдау: төстің артынан немесе асқазанның үстіңгі жағында күйдіру тәрізді сезім білінеді /асқазандағы сөлдің өңешке қайтадан оралуы / сүт немесе сілтілі су ішкеннен кейін басылады.

Кекіру: асқазаннан газдың шығуы /ауамен, қышқылмен кекіру, асқазанның аурумен байланысты.

Егер ауыздан жағымсыз иіс шықса, ол асқазанда ішек қызметінің бұзылумен байланысты.

Ауызынан шіріген жүмыртқаның иісі білінсе, онда асқазанда тағамның тұрып қалуымен байланысты.

Іштің тырсылдауы: /матеоризм/ ішінде ауаның жиналуы Себебі: 1. тағаммен байланысты /горох, фасоль, капуста, қара нан т.б/

2. ішектің микрофлорасының бұзылуымен байланысты, ұйқы бездің жұмыс бұзылумен байланысты. Осындай жағдайда активированды көмір таблеткасын ішу керек. Егер көмектесе алмаса жел шығаратын түтікшені қолдану керек.

Жүрек айнуы: рефлекторлық акт /асқазаның үстінгі жағында айықталмайтын сезімнің пайда болуы, осының артынан құсық пайда болады. Жүрегінің айнуы гастрит, асқазан қатерлі ісігінде болады. Құсу:әр түрлі жағдайда болады /гипертоникалық кризде, инсульт, мидың қатерлі ісігінен асқорту органдарының ауруларында.

Мейіркештің мақсаты: құсықтың басталған уақытын, тағаммен байланыстылығын, көлемін, иісін, түсін, қанның, сапранның барлығын анықтау. Егер құсық үнемі тоқталмайтын болса, пациент әлсізденуі, жүректің, бүйректің жұмысының бұзылуы болуы мүмкін. Уақытымен көмек көрсетпесе /әсіресе есін білмеген жағдайда / құсық дем жолдарына тіреліп аспирациялық пневмония немесе тұншықтыруға әкеліп соғады.

Нәжестің кідіріп қалуы /запор/

Егер нәжіс 48 сағатқа дейін шықпаса оны нәжістің кідіруі деп атайды. Көбінесе тағамнан, тоқ ішектің қабынуының, эндокриндық бұзылыстан және қатерлі ісіктерде пада болады. Мұндай жағдайда әр-түрлі клизмаларды жасайды.

21.2.Асқазаннан қан кету.

 

Асқазаннан, ішектен қан кету ерекше асқыну болып саналады. Көбінесе асқазан жарасы, қатерлі ісіктерді пайда болады. Қанның түсі-кофе тәрізді-құсықтың қалдықтары араласады. Пациенттің өңі бозарып, қан қысымы төмендеп, тахикардия және есінен тануы мүмкін.

Алғашқы көмек көрсету.

Мақсаты: Пациенттің жағдайын жақсарту.

1.Пациентті жатқызып, асқазанның аймағына мұздатқышты қойыңыз;

2.Дәрігерді шақыртыңыз;

3.Лоток, леген, клеенка, сүлгі дайындаңыз;

4.Тұзды ертінділерді, аминокапрон қышқылын, децинон, викасол дәрілерін дайындаңыз;

5.Қан тобын, резус-факторын тексеріңіз;

6.Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;/қан қысымын, тамыр соғысын, терінің түсін/;

 

21.3.Дәреті кідіріп қалғанда көмек көрсету

 

Мақсаты: Пациентке күнделікті дәретінің реттелуіне көмектесу

1.Дәрігердің нұсқауы бойынша 2-тәуліктің ішінде тазарту, жібіту клизмасын жасаңыз;

2. жел шығаратын түтікшені немесе нәжісті жібітетін дәрілерді пациентке беріңіз;

 

3..Пациентке кеңес беріңіз;

-.инжир, қышқыл сүт, чернослив, суық май, гречка ботқасын және т.б. қолдануын;

-тәулігіне 1,5л суықтық ішуін;

4..Пациент ұнататын менюмен қамтамас етіңіз;

5.Диеталық кеңесін талап етіңіз.

6..Атоникалық нәжіс кідіріп қалғанда қолдану керек:

-жемістер, көкөністер, ұнтақтар /бидай, сұлы және т.б./.

7.Ішекті бір уақытта босатып отыратын жөнінде кеңес беріңіз;/ішектің перистальтикасы жақсарып, нәжіс шығуына рефлекс реттелінеді/.

8. Спастикалық нәжіс кідіріп қалғанда:

- тағамнан өткір, ащы, қуырылған заттар алынып тасталуы керек;

- арақ ішуге, шылым шегуге болмайды;

- клетчатканы аз мөлшерде қолдану керек;

9. Дәрігердің нұсқауы бойынша тыныштандырғыш дәрілерді беріңіз;

10. Пациентке, оның туыстарына негізгі аурудың емделуін, емдеу гимнастикасын, су процедураларын қолдану маңыздылығын түсіндіріңіз;

11. Пациентті емдеу гимнастикасын және ішіне массаж жасауын үйретіңіз;

12. Көмек көрсеткен нәтижесін тексеріңіз. Норма бойынша дәреті күнделікті реттелінеді;

21.4.Диарея болған жағдайда көмек көрсету.

Мақсаты: Дәретті қалпына келтіру.

1.Дәрігердің нұсқауын орындаңыз;

2. № 4 емдәм қолданылады;

3.Қышқылын басатын дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша беріңіз;

Ескерту: диарея көбінесе әрбір аурудың симптомы болып есептелінеді, сондықтан негізгі ауруын емдеу, толығымен емдәмді ұйымдастыру, дәретін қоюлануына көмек жасайды.

4.Дәрігердің қадағалауымен пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отырыңыз /пациентте диарея болған жағдайда әлсіреуін, өңі қашуын, мұздай тер шығып, жүрегі қағуын қадағалау қажет/;

5.Дәретін тіркеу қағазына жазып отырыңыз;

6.Кеңес беріңіз:1,2 – 2 л сұйықтық, черника, итмұрын сөлін, лимон араласқан шай т.б.жоғалтқан сұйықтықтардың қолдануы ас қорыту органдарының жұмысын қалпына келтіріп, ішектің жұмысын жақсартады;

7.Пациенттің салмағын өлшеп, күніне 1 рет тіркеу қағазына жазыңыз;

8.Жеке басының тазалығын қадағалап отырыңыз;

9.Жыныс органдарын жуып, вазелин майын жағыңыз;

10.Пациентке оның туыстарына кеңес беріңіз;

11.Көрсетілген көмектің нәтижесін тексеріп, керекті жағдайда диета туралы кеңес беріңіз;

22.Бауыр ауруларындағы мейіркештік кірісулер

Бауыр көп қызметті орган болып адам денесіндегі ең үлкен без болып есептелінеді.

Бауырдың қызметі бірнеше түрге бөлінеді:

1. Бауыр өт шығарып, ас қорыту үрдісіне қатысады (өт өндіру қызметі);

2. Бауыр лимфа түзілу үрдісіне қатысады;

3. Бауыр зат алмасуына қатысады;

4. Бауыр белок алмасуына қатысады;

5. Бауырда қан ұюына қатысатын көптеген белоктармен, олардың компонеттері – протромбин, фибриноген т.б. қан ұюына қарсы тұратын жүйелердің компонеттері түзіледі;

6. Бауыр май алмасуына қатысады;

7. Бауыр холестерин түзілуіне, ыдырауына қатысады;

8. Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады;

9. Бауыр уыт қайтарғыш ағза;

10. Бауыр қан жүйесінің маңызды бөлігі;

Бауыр басқа ағзалар жүйесімен (сыртқа шығару, жүрек қан тамыр, тыныс алу, иммундық т.б.) тығыз байланысты.

22.1.Негізгі мәселелері:

Ø оң жақ қабырға астының ауырсынуы;

Ø терінің сарғаюы;

Ø қышыну;

Ø ішінің үлкеюі;

Ø диспепсиялық шағымдар;

Ø әлсіздік, шаршағыштық

22.2.Бауыр ұстамасында көмек көрсету

Мақсаты: Пациенттің аурусынуының біртіндеп басылуына көмектесу

1. Дәрігерді шақыртыңыз;

2. Құсық болған жағдайда пациентті шалқайтып немесе бір жақ қырына жатқызып, басын еңкейтіңіз;

3. Тыныштық жасаңыз;

4. Жалпы жағдайын қадағалап отырыңыз;

5. Дәрілерді дайындаңыз;

6. Дәрігердің нұсқауы бойынша 5 мл баралгин бұлшық етке, 0,2% - платифиллин ертіндісін 1 мл тері астына жіберіңіз;

23.Сыртқа шығару жолдарының ауруларындағы

мейіркештік кірісулер

Сыртқа шығару тіршілікте өте қажет физиологиялық үрдіс. Сыртқа шығару үрдісі бұзылса, көптеген физиологиялық үрдістер бұзылады. Солардың бірі - уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мочевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландырады. Сыртқа шығару мүшелрінің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін, өзге текті басқа заттарды сырқа шығарып отырады. Сыртқа шығару ағзаларының бұлардан басқа тағы да бірнеше қызмет атқарылып отыратыны анықталған. Мысалы: бүйрек қан тамырларының тонусымен түтік кендігін реттейді. Соның нәтижесінде қанның қысымын салыстырмалы бір қалыпта сақтайды. Бүйрек қан ұюына қатысады. Бүйректің негізгі қызметі несеп түзу. Несеп түзілуі, оның сыртқа шығару үрдісі – диурез деп аталады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигоурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі; анурия – несеп түзілуінің тоқтауы; никтурия – түнгі несептің шектен тыс көп болып түзілуі.

23.1.Негізгі проблемалары.

1. Ауырсыну;

2. Зәрдің тұрып қалуы;

3. Зәрдің жиі жиі шығуы;

4. Басының айналуы, ауруы;

5. Ісіктердің пайда болуы;

23.2.Зәрі тұрып қалганда жедел түрде көмек көрсету

Мақсаты: Қуықтанзәрді шығару

1. Зәрді рефлекс арқылы судың бұрандысын ашу жіберіңіз;

2. Жылы су немесе жылытқышты беріңіз;

3. Дәрігерді шақыртыңыз;

4. Зәрді жинайтын ыдыстарды, катетерларды, антисептикалық ертінділерді дайындаңыз;

5. Пациенттің жыныс органдарын жуыңыз;

6. Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмсақ резенке катетер салыңыз;

7. Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

8. Қолды жуып құрғатыңыз;

23.3.Бүйрек ауруларындағы ісіктерде көмек көрсету

Мақсаты: Ісіктерді қайтару, салмағын төмендету

1. Пациентке және оның туыстарына №7 - емдәм туралы түсіндіріңіз;

2. Тағамдарын тексеріп отырыңыз;

3. Теріні, шырышты қабаттарын күтіңіз;

4. Су балансын қадағалап отырыңыз;

5. Дәретін қадағалап отырыңыз;

6. Жылы судно мен қамтамас етіңіз;

7. Төсекті жылыту үшін, жылытқыш беріңіз;

8. Салмағын 3 күнде 1 рет тексеріп отырыңыз;

9. Дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытымен ішкізіп, қадағалап отырыңыз;

23.4.Катетеры бар пациенттердің жыныс органдарын күту

Мақсаты: Пациент жеке басының тазалығын сақтау, жұқпалардың алдын алуы.

Процедураға дайындау:

1. Пациентке осы жүргізілетін процедураның түсіндіріңіз;

2. Катетерді қалай қолданатындығын, тазалауды үйретіңіз. Жоспарға кіретін келесі мәліметтер:

Ø Катетер -дренаждың қапшықтарының құрылысы;

Ø Жеке басының тазалығы туралы асептика сақтау сұрақтары;

Ø Зәрді шығару, зәржинағышты тазалау;

Ø Су ішу режимы, ем-дәм туралы кеңестер;


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 375 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
УЗИ - эхография| Процедураны орындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)