Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмысты орындау тәртібі.

Астана 2015 | Кіріспе | Жалпы жағдайы | Мұндағы А – үлгінің көлденең қимасының ауданы. | Жұмысты орындау тәртібі | Бақылау сұрақтары | Ысқаша теориялық мәліметтер | Ондырғының сипаттамасы | Жұмысты орындау тәртібі | Ысқаша теориялық мәліметтер |


Читайте также:
  1. Жұмысты орындау тәртібі
  2. Жұмысты орындау тәртібі
  3. Жұмысты орындау тәртібі
  4. Жұмысты орындау тәртібі
  5. Жұмысты орындау тәртібі
  6. Жұмысты орындау тәртібі

 

1. Үлгіде сызықшалармен белгіленген үлгінің lО есептеу ұзындығын және dO диаметрін өлшеу.

2. Үлгіні машинаның бекіткіштеріне бекіту.

3. Диаграммалық аппараттың жұмысын тексеру, ол үшін барабанды бос жүрісте бұрып, нөльдік сызықта алу қажет.

4. Сынау машинасынын электродвигателін іске қосу және үлгінің созылудағы процесін бақылау.

 

 

 

1.3 – сурет. Үзуге сығылуға сынау машинасы

5. Үлгі сынғаннан кейін электродвигательді сөндіру және бекіткіштерінен үлгінің екі бөлігін шығарып алу керек. Күш өлшегіш қондырғы шкаласынан күштің ең үлкен мәнің жазып алыу, үлгіні созу диаграммасы салынған қағазды барабаннан түсіріп алу және сынау нәтижелерін талдау.

6. Үлгінің сынған екі бөлігін бірге қосу, сызықшалардың арасындағы l1 арақашықтықты және үзілген жердегі үлгінің диаметрін өлшеу керек. Үзілген жердегі үлгінің көлденең қимасы қате формаға ие болуына байланысты, онда диаметрді өзара перпендикуляр екі бағыттары бойынша өлшеп бұл өлшеуіштердің арифметикалық орта мәнімен алыу және үзілген жердегі көлденең қимасының ауданынын А1 анықтау керек.

7. Созу кезіндегі үлгіде болып жатқан барлық процестері көрсетілген созылу диаграммасының өңдеуін жасау (1.1 сурет). Диаграмманың басындағы түзу сызықтық аралық күш және деформация арасындағы тік пропорционалдықты сипаттайды (Гук заңы). Одан кейін деформация күшке қарағанда тез өсіп және диаграммада қисық сызықты аралық пайда болады. Одан соң деформация күш тұрақты шамасында өседі, яғни материал «ағады»; үлгінің онан ары созылған кезінде күш өсіп, максималды мәніне жеткенде үлгіде «қылта мойын» пайда болады; созуды ары қарай жалғастырсақ материалдың «қылта мойын» зонасындағы пластикалық деформацияның әсерінен күштің азаюы байқалады. Содан кейін үлгі қирайды.

8. Созудын шартты диаграммасын масштабпен салып және оның бойына барлық сипаттамалық нүктелерді белгілеу керек. Ол үшін диаграммада координат осьтерін салу керек. Абцисса осін (ұзару осі) диаграмманың нольдік сызығымен біріктіреді, ал ордината осін (күш осі) салу үшін, диаграмманын түзу сызықты бөлігін абцисса осімен қиылысқанша созып О нүктесін табады ол координата басы болады. Сол кезде машинаға қысудан, бастапқы созу кезінде, үлгінің екі басының сығылуынан диаграммада пайда болатын қисық сызық бөлігі қараудан тыс калады. Диаграммада сипаттамалаушы нүктелерді белгілейді. (1.1 сурет). С нүктесі – абцисса осіне параллель аралықтын басы және де ол аққыштық ауданы деп аталады (бұл аралық кейде диаграммада түзу сызық емес, ирек сызық болуы да мүмкін); Д нүктесі- аққыштық ауданынын соңы; Е нүктесі- ең үлкен күшке, ал К нүктесі- үзілу кезіне сәйкес.

К нүктесінен диаграмманың пропорционалдық (ОА) аралығына параллель түзуді жүргізеді. Бұл сызық диаграмманын ұзару осінде машинамен сызу масштабында үлгінің қалдық ұзару шамасына тең Dl кесіндісін көрсетеді.

Егер ағу алаңы толқынды сызықпен көрсетілсе, онда С, D нүктелерінің ординаталарын өлшейді және бұл өлшемдердің орташа арифметикалық шамаларын алады.

Ең үлкен күшті анықтау үшін С нүктенің ординатасын күштің масштабына көбейтеді. Диаграмма бойынша есептелінген ең үлкен күш Fпч үлгіні сынау кезіндегі күш өлшегіш құрылғынын шкаласы бойынша белгіленген күшпен сәйкес келуі керек.

9. Материалдын механикалық қасиеттерін сипаттайтын шамаларын сәйкесінше формулалары бойынша есептеу;

ағу шегі (физикалық)

 

,

 

мұнда FТ – ағу алаңына сәйкес күш, кН (Н);

АО – үлгінің көлденең қимасының бастапқы

ауданы, м² (мм²),

беріктік шегі

 

,

 

мұнда FПЧ – үлгінің үзілу алдындағы ең үлкен күш, кН.

Салыстырмалы қалдық ұзару

 

 

мұндағы l0 - үлгінің есептеме ұзындығы;

l1 - үзілгеннен кеінгі үлгінің есептеме өлігіеің ұзындығы.

Салыстырма қалдық жіңішкеру

 

 

мұндағы А1 - үзілген жердін көлденен қимасының ауданы.

Кеибір материалдардың созылу диаграммаларында ағу аралықтары болмайдыі. 1.4 суретте сондай материалдың созылу диаграммасы көрсетілген. Бұл материалдар үшін шартты аққыштық шегін мына формуламен есептейді:

 

 

мұндағы F0,2 - үлгінің есептік ұзындығының 0,2% - тіне тең қалдық ұзаруына сәйкес күш шамасы.

Ғ0,2 күшін анықтау үшін диаграмманың абсцисса осьіне ОС =0,002 l0 қалдық ұзару шамасын масштабты ескере отырып бөліп көрсетеді (1.4-сурет). С нүктесімен диограмманың түзу сызықты бөлігіне паралель түзуді өткізеді. Оның созу диаграммамен қиылысу нүктесімен Ғ0,2 күшінің ордианатасы анықталады ол шартты ағу шегіне сәйкес келеді. Әдетте шамалы болады.

 

 

1.4 - сурет. Ғ0,2 күшін анықтау диаграммасы.

9. Сынақ нәтижелерін 1.1 және 1.2 кестелерге енгізу керек.

 

1.1-кесте

 

Параметрлер Үлгінің өлшемдері
Сынауға дейінгі көлденең қиманың диаметрі, мм d0  
Сынаудан кейінгі үлгінің диаметрі, мм d1  
Үлгінің сынауға дейінгі ұзындығы, мм l0  
Үлгінің сынаудан кейінгі ұзындығы, мм l1  
Сынауға дейінгі көлденең қиманың ауданы, мм 2 A0  
Сынаудан кейінгі көлденең қиманың ауданы, мм2 A1  

 

1.2-кесте

 

Параметрлер Материалдың механикалық сипаттамалары
Аққыштық шегіне тән күш, кН FТ  
Пропорционалдық шегіне сәйкес күш, кН FПЦ  
Беріктік шегіне сәйкес салмақ, кН FПЧ  
Пропорционалдық шегі, МПа σПЦ  
Ағу шегі, МПа σТ  
Беріктік шегі, МПа σПЧ  
Салыстырмалы қалдық ұзару, % δ  
Салыстырмалы қалдық жіңішкеру, % y  

Бақылау сұрақтары.

 

1. Жұмыстың мақсатын көрсетіңіз.

2. Материалды сынау кезінде қандай үлгілер қолданылады?

3. Материалдың беріктігін қандай параметрлер сипаттайды?

4. Материалдың пластикалығын қандай параметрлер сипаттайды?

5. Аққыштық шегі және беріктік шегі деп нені айтамыз?

6. Созылу диаграммасы арқылы материалдың қандай механикалық қасиетін анықтауға болады?

7. Диаграммада нольдік сызық және координата остері қалай жүргізіледі?

8. Егер созылу диаграммасында ұзару осіне параллель бөлік болмаса, онда аққыштық шегі қалай анықталады?

9. Шартты аққыштық шегін қандай салыстырмалы ұзару шамасы арқылы анықтайды?

10. Созылу диаграммасының қай бөлігіне Гук заңы әділ?

11. Пластикалық және морт сынғыш материалдардың арасындағы айырмашылығы неде?

Дебиет

1 Б.У. Аубакиров, А.С. Бектегенова, Қ. М. Тлеумбетов Материалдар кедергісі зертханалық практикум Астана, 2004.

2 Борисов Е.К., Васиильченко Н.П., Ляндзберг А.Р., Павлов А.В. Сопротивление материалов. – Петропавловск – Камчатский 2007.

3 Афанасьев А.М., Марьин В.А. Лабораторный практикум по сопротивление материалов. - М.: Наука, 1975.

4 Писаренко Г.С., Агарев В.А., Квитка А.Л. и др. Сопротивление материалов. – Киев: Высшая школа, 1974.

5 Степин П.А. Сопротивление материалов. – М.: Высшая школа, 1988.

6 М.Ф. Үркімбаев, С. Жүнісбеков Материалдар кедергісі. – А.: Мектеп, 1986.

7 З.М. Рахымбекова Материал кедергісі. – А.: Мектеп, 1987.

8 Сборник задач по сопротивлению материалов. Под ред. В.К. Качурина. – М.: Наука, 1972.

9 Федосеев В.И. Сопротивление материалов. - М.: Наука, 1986.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 337 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лабораториялық қондырғының суреттемесі| Жалпы жағдайы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)