Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

бап. Осы Заңның жүзеге асырылуына бақылау жасау

Бап. Экологиялық дағдарыс аймағы | II-бөлiм. АРАЛ ӨҢIРIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ПЕН ДАҒДАРЫСТЫ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ СТАТУСЫ | Шалатай Мырзахметов, Мәжіліс депутаты. |


Читайте также:
  1. Андай лабораториялық зерттеу әдісі лимфо- және лимфобласттық емес лейкозды диф. Диагностика жасауға мүмкіндік береді ?
  2. Аралық бақылау № 1
  3. Аралық бақылау № 2
  4. Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
  5. Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
  6. Бақылау өлшем құралы.
  7. Бақылау жүйесінің қызметкерлерді ынталандырумен байланысы.

Осы Заңның орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті мен жергілікті әкімдер жүзеге асырады.

24-бап. Осы Заңның бұзылғандығы үшін жауаптылық

Лауазымды адамдар мен азаматтар осы Заңның талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуы.

Қазақстан Республикасының
Президенті

 

 

АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат/Айдын Бәймен/- Желтоқсанның 26-сы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Шалатай Мырзахметов Арал өңіріндегі экология салдарынан зардап шегіп отырған тұрғындардың жағдайы туралы ҚР Премьер-Министріне, Қоршаған ортаны қорғау министріне және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне депутаттық сауалын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Депутат өңірдегі сайлаушылармен кездесу барысында Арал экологиялық қасірет аймағына жататын Созақ ауданының тұрғындарымен жүздескен. Кездесуде жұртшылық бұрын экологиялық қолайсыз аймақта тұрғаны үшін барлық бюджеттен берілетін еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы сол сияқты басқа да төлемдер бойынша арнайы коэффиценттер қолданылғандығын айта келе, қазір осы коэффиценттер тек еңбекақы төлеу кезінде ғана қолданылып, ал зейнетақы мен жәрдемақылар бойынша қолданылмайтындығын қынжыла жеткізген. «Шынында да бірдей экологиялық зиянды аймақта отырып, бірі сол аймақта тұрғаны үшін қосымша коэффицент иеленіп, екіншісі зейнеткер болғаны үшін мұндай қосымша қаржыдан қағылуы сөзсіз реніш тудырады. Жергілікті зейнеткерлер кеше сол табиғаты қолайсыз аймақтың дамуына атсалысқан еңбеккерлер. Сол зейнеткерлердің денсаулығына экологиялық қасіреттен келген зиянды өтеуге қаржы жұмсау қай жағынан алғанда да қисынды. Мәселені тереңірек қарасақ, Арал өңірінің бүгінгі күнгі экологиялық жағдайынан және осы аймақ тұрғындарының құқықтық қорғалуынан бастауға тура келеді»,- деді депутат Ш.Мырзахметов. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет аумағы: экологиялық апат; экологиялық дағдарыс; экологиялық дағдарыс жағдайындағы аймақтар болып экологиялық зияндылықтың үш деңгейі анықталды. Бұл сол кездегі Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының ғылыми тұжырымдарына негізделген болатын. Оған сәйкес экологиялық апат аймағына Қызылорда облысындағы Арал және Қазалы аудандары және Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданы аумақтары, экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарынан басқа барлық аудандарының аумақтары ал, экологиялық дағдарыс жағдайындағы аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Темір аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Отырар, Созақ, Шардара аудандары және Түркістан, Арыс қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданы аумақтары жатқызылған. Егер аталмыш заңның 1992 жылы қабылданғанын ескерсек, оның үстіне Елбасымыздың халықаралық қызметінің нәтижесінде қолға алынған халықаралық қауымдастық тарапынан жасалып келген және республика Үкіметі тарапынан жүргізіліп келе жатқан аймақ экологиясын сауықтыруға бағытталған жұмыстарды есепке алсақ, осы уақыт ішінде аймақтың экологиялық жағдайында қаншалықты өзгерді деген сұрақ туындайды. Осы орайда 2006 жылы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Арал аймағы мәселелерін кешенді шешу бойынша бағдарламаға қарасақ, онда аймақтың экологиялық ахуалы қолданылған шараларға қарамастан күрделі күйінде қалып отырғандығы айтылады. Демек, Арал экологиялық қасірет аймағын мекендеген тұрғындар үшін де қолайсыз экологиялық аймақта тұрғаны үшін белгіленген коэффиценттерді алып тастауға негіз болмаған. Олай болса, тиісінше заң нормаларына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып экологиялық аймақ тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары қаралуы тиіс, дейді депутат Шалатай Мырзахметов. Арал экологиясы әлемдік деңгейдегі мәселе екендігі даусыз. Сондықтан да, бұл мәселенің шешілуі тек Үкімет қолында тұр деуден аулақпыз. Десек те, бұл қарап қалуға негіз емес. Аймақ халқын осындай күрделі жағдайда әлеуметтік тұрғыдан қолдау толастамау керек деп ойлаймын, дейді де

 

Мұнай-газ өндіретін аймақтардың осы күнгі экологиялық жағдайысаладағыәдебиеттерге, мұнай-газ өнеркәсібінің табиғатқа тигізіп жатқан кері әсерлері және оны азайтудың жолдары жайлы орындаған ғылыми зерттеу жұмыстарына және де қоршаған ортаны қорғаудың нормалық құжаттарына талдау жасалынды.

Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде.

Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай - газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін.

Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.

Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т. Ал, Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.т.мұнай өндіріледі.

Қазір Қазақстан Республикасы жылына 60 млн.т. мұнай өндіреді. Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес мұнай өндіру дәрежесі 2010 жылы 100 млн.тоннадан аспақ.

Мұнай - газ кен орындарын өндіру, өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан алынатын шикізаттың көбі әртүрлі қалдықтар түрінде жоғалады және қоршаған ортаны ластайды. Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында, яғни геологиялық барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады.

Мұнай-газ, жылу-энергетика, тау-кен металлургия өндіріс орталықтарындағы экологиялық мәселелерді зерттеуде Қазақстандық ғалымдар, мысалы Адырышов А.Қ., Бішімбаев В.Қ., Дюсебаев М.Қ., Естемесов З.А., Жалғасұлы Н., Махамбетова Ұ.Қ., Нұркеев С.С., Нұрпейісова М.Б., Өмірбек ұлы Т., Тілебаев М.Б., Уманец В.Н., және т.б. елеулі үлес қосты. Сонымен қатар елімізде геоэкология ғылымының бағыты нығайып, ауқымды ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қомақты монографиялар мен тақырыптық ғылыми жинақтардың жарық көріп жатқаны, халықаралық конференциялар өткізіліп, онда экология мәселелері көтеріліп жатырғаны мәлім.

Осындай атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан мұнай – газ кешендерінде, оның ішінде Ақтөбе облысындағы Жаңажол кен орны аймағында табиғи ортаның жай-күйі сын көтермейді, әсіресе экологиялық мониторинг жүргізу, оның нәтижелерін жылдам өңдеу және дер кезінде табиғатты қорғау шаралары осы күнгі талаптарға сай жүргізілмей отыр. Осыған орай, мұнай - газ кәсіпшіліктерінің қоршаған ортаға тигізіп отырған техногендік әсерлерін азайту үшін зерттеулер жүргізу қажеттігі айқындалды және Жаңажол кен орнында автоматтандырылған геоақпараттық жүйе (АГАЖ) құрылып, ол кен орны территориясында оңтайландырылып орналастырылды. 1 – суретте АГАЖ- нің блок – сұлбасы келтірілген.

 

Технология

Табиғи-техникалық жүйені (ТТЖ) зерттеу

 

ТТЖ-ді экологиялық-техникалық мониторинг жүргізудің тәртібін жасау

 

Экологиялық-техникалық мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесін жасау

 

Экологиялық мониторинг жүргізудің орталық қызмет орны

 

Атмосфералық ауа

 

Топырақ қабаты

 

Су ресурстары

 

Биосфера

 

ТТЖ-нің ахуалына баға беру және нәтижесін табиғатты қорғау нормативтерімен салыстыру

 

Зиянды әсерлерді азайтудың жолын таңдау

 

Технологиялық

 

Басқарулық

 

Табиғатты қорғаудың шараларын және оны басқарудың моделін жасау

 

Зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру

 

1-сурет – Автоматтандырылған геоақпараттық жүйенің сұлбасы

 

Осы сұлбаның негізінде диссертациялық жұмыстың мақсаты мен идеясы, зерттеу міндеттері және құрылымы айқындалды.Қоршаған ортаға экологиялық баға беру және табиғатты пайдалануды басқарудың әдістемелік негіздері.Қазақстан Республикасында экологиялық бақылаудың мониторинг жүргізу мен қоршаған орта сапасын басқарудың жетілдірген жүйесі қалыптасып келеді. Десекте, автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүргізу өте күрделі. Оның күрделілігі – аспаптық базаның өте қымбаттылығы. Көптеген өндіріс орындарында бақылау, сынақ алу аспаптары мен жабдықтары жоқтың қасы. Сол себептен қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау, алынған нәтижелерді талдау және болжау жасауды кешеуілдетеді де, табиғатты қорғау шаралары дер кезінде жүзеге аспайды, яғни, ол мониторинг жүргізу техникасының осы күнгі талаптарға сай еместігі.

Сондықтан да,қазіргі кездегі ең бір басты міндет – ластанудың қоршаған ортаға таралуын модельдеу. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде экологиялық мониторинг жүргізуде әртүрлі бағдарламалар пакеті қолданылатындығы көрсетілген және қолданыс табуда.

Мәселен, шығарындының, қоспалардың тұну мөлшерлерін бейнелейтін көптеген шағын модельдер баршылық. Олар ластағыш заттардың сол модельдеу кезіндегі шоғырлануын бір рет анықтауға лайықталған. Бұл модельдерден шығатын мәліметтер координаталары (х,у,z) белгілі көптеген нүктелер жиынтығынан тұрады. Мұнда х және у анықталатын нүкте координаталары, ал z – ластағыш заттың шоғырлану мөлшері.

Бұл мәліметтерге сүйеніп, оларға талдау жасау, модель нәтижесін әртүрлі географиялық және уақыттың жағдайларға байланысты салыстыру және де шешім қабылдау өте қиынға түседі. Сондықтан да, экологиялық мониторинг жүргізуде экожүйенің бөліктерін (жер атмосферасы, жер беті мен жерасты сулары, топырақтар, жер қойнауы) жекелеп қарамай, бір тұтас кеңістік жүйесі ретінде қарап, яғни қызметінің әсерінен осы геожүйенің өзгерісін зерттеу арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасауды талап етеді.

2-суретте ұсынылып отырған экологиялық мониторинг жүргізудің автоматтандырылған геоақпараттық жүйесінің (АГАЖ) блок-сұлбасы келтірілген. Мұндағы экологиялық мәлімет жинайтын әрбір стансалар өз кезегінде тұрақты, жылжымалы немесе инспекциялы түрде қызмет атқарады.

Автоматтандырылған бұл жүйе өнеркәсіп төңірегіндегі экологиялық ахуалды үздіксіз бақылап тұру және табиғи орта сапасын басқарып тұру үшін оңтайлы шешім қабылдауға арналған. Автоматтандырылған әрбір стансада мәліметтердің қай мезгілде, қай мөлшерде, алынғандығы компьютер мониторының экранына түсіп отырады және зиянды заттектердің мөлшері шектелген рауалы концентрациядан (ШРК) асып кеткен жағдайда белгі беріліп отырылады. Ал, орталық қызмет орны алынған мәліметтерді картографиялық өңдеп, әртүрлі экологиялық мәлімет алатын мекемелерге, басшылық органдарға, ғылыми-зерттеу ақпараттарды дер кезінде беріп отырады.

« Ақтөбемұнайгаз» ААҚ Қазақстан бойынша 4-орында тұрған мұнай газ өндіретін ірі өндірістердің бірі және ол шығарындылардың көлемін автоматты түрде өлшеуде қолданылатын жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қазақстанның кең байтақ территориясянда өндірісі дамыған аумақтарындағы экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар ешкімді де жайбарақат қалдыра алмайды. Шикізат ресурстарын игеруден көптеген орталықтар экологиялық зардапқа ұшырап отырғанын, экологиялық жүктеменің де әр жерде әртүрлі екендігі белгілі болды. Жаңажол кен орнында жүргізілген экологиялық мониторингтен ауқымды мәлімет алынды және одан мынандай қорытынды жасалынды.

 

Топырақтарға экологиялық мониторинг жүргізудің автоматты стансасы

 

Жер беті және жер асты суларына экологиялық мониторинг жүргізудің автоматты стансасы

 

Жер қойнауына экологиялық мониторинг жүргізудің автоматты стансасы

 

Жер атмосферасына экологиялық мониторинг жүргізудің автоматты стансасы

 

Экологиялық мониторинг жүргізу ГАЖ-нің орталық қызмет орны

 

Өсімдіктер дүниесіне экологиялық мониторинг жүргізудің автоматты стансасы

 

Алынған мәліметтерді өңдеу

 

Экологиялық ақпаратты қолданушыларға беру

 

Табиғи ортаның ахуалын нақтылы экологиялық бақылау

 

Аймақтағы экологиялық ахуалды болжау

 

Табиғи орта сапасын басқару

2-сурет - Өндіріс орнында экологиялық мониторинг жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің блок сұлбасы.

 

Мониторинг Жаңажол кенорнын жан-жақты қамтитын арнайы белгіленген 23 пунктен тұратын тұрақты стансасында, тереңдіктері 0-5 см және 5-20 см-лік екі топырақ қабатында және суда жүргізілді, сонымен қатар, бұрғылау ұңғымалары мен алаулы оттықтар айналасында (радиусы 50 м-ге дейінгі алаңда) топырақ қабатының ластануы әртүрлі тереңдікте тексерілді. Сынама алу 26423-85 және 26428-85 мемлекеттік стандарттағы әдістеме бойынша жүргізілді. Барлығы химиялық көрсеткіштерге: топырақтан – 68, судан – 23; ауыр металдарға: топырақтан – 18, судан – 15; мұнай өнімдеріне: топырақтан – 25, судан – 15 сынақ алынды. Өсімдіктерде түрінің ішіндегі мұнай өнімдері мен ауыр металдар бар екендігі байқалды. Жаңажол кенорнын игеру және пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянын бағалау мақсатымен ластағыш заттардың құрамы, мыстың, азот оксиді, күкірттің қос тотығы, көміртектің бензонпирин, мұнайлы бензин, органикалық емес шаң-тозаң, улы тұмшалар т.б. жер бетіне жақын ең көп шоғырлауының изосызықтық карталары жасалынды. Жаңажол кенорнының барлық негізгі нүктелерін қамтитын (ұңғы, алаң бұзылған құрылымдар т.б.) арнайы белгіленген 23 станцияларға 2003 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2004 жылдың көктем мезгілінде жер қабығы топырақ пен судың химиялық көрсеткіштері алынып, талдау жасалынды, өсімдік жиынтығының түлері қаралды; оның ішінде ауыр металдар және мұнай өнімдері анықталды. Қоршаған ортаны ластағыш заттардың шоғырлану изосызықтарын алу бұрын маркшейдериядағы геометрлеу әдісімен жүргізілетін. Ал қазір, геоақпараттық жүйеде іс-әрекеттің барлығы автоматты түрде жүргізіледі.

Зерттеу нәтижелері бұл аумақта табиғи ортаны ластаушы заттардың ішіндегі ең көп шоғырланғандары: мұнайлы бензин-15,85 ШРК, күкіртті қос тотығы-11,74 ШРК және азот пен күкірт тотықтарының қосындылары-8,51 ШРК (3- сурет). Осы ластағыш заттардың көбі кенорындағы ұңғымалар мен алаулы оттық жүйелері орналасқан жерлерде шоғырланатындығы айқындалды.

Сонымен қатар, шығарылған ластағыш заттектердің мөлшерін ғана анықтау емес, оның қандай факторларға байланысты қоршаған ортаға әсер ететіндігі және таралуы айқындалды.

Алаулы оттық пен қоймалар шығарындыларының айналасындағы аумаққа әсері көптеген факторларға (желдің бағыты, соғу жылдамдығы, шығарынды кұрамының физикалық қасиеттеріне, ауаның ылғалдылығына, жыл мезгіліне және т.б.) тікелей байланысты.

Жоғарыда көрсетілгендей ұңғымалар төңірегінде мұнайдың төгілуіне байланысты топырақ қабатына айтарлықтай нұқсан келуде. Мәселен, топырақ қабаты мен жер қойнауының ластану мөлшерін анықтайтын мониторинг нәтижелері ұңғыма сағасындағы ластанудың тереңдігі 2,5 м жеткенін көрсетті. Мұнай қалдықтарымен өте қатты ластанған топырақ қабатынан сынама алу 3 бұрғылау ұңғымасы мен 2 алаулы оттық төңірегінде жүргізілді. Ластаудың тереңдігі үңғыма сағасында 250 см, ұңғымада 5 м жерде-230 см; 10 м-89 см; 15 м - 66 см; 20 м — 27 см; 30 м-17см; 40 м - 10см және 50-0 тең екендігі анықталды. Сөйтіп, жер қойнауының ластану терендігі (Н) мен ұңғыма айналасындағы ластану радиусы (R) арасында аналитикалық байланыс төмендегі формуламен өрнектелді.

 

Нұң (1)

 

мұнда R - ұңғыма сағасынан басталатын ластану радиусы, м; Н-ластанудың терендігі, м. Байланыс теңдеуінің жоғарғы дәрежелігін корреляция коэффициенті мен оның сенімділігінен көруге болады (r = 0.86; m = 30).

Жүргізілген мониторинг нәтижелері мен көмірсутегі ресурстарын игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік зияндарына баға берудің осы күнгі әдістеріне талдау жасай отыра әрбір аумаққа дифференциалды түрде қарауға негізделген әдістемесі (4-сурет) ұсынылды.

Бұл әдістемеде экологиялық факторды бағалап есепке алудың бір-бірімен тығыз байланысты дербес екі кезең қарастырылады: аумаққа кешенді түрде экологиялық баға беру және табиғат қорғау шараларын жетілдіру.

 

 

3-сурет– ЖГӨЗ – төңірегінде жүргізілген өндірістік мониторингтіңкартасы

 

 

4-сурет– Жаңажол кен орнында жүргізілген мониторингтіңкартасы

 

Екінші сатыда облыс аумағын экологиялық аудандарға бөлу. Аумақты экологиялық аймаққа бөлу табиғи немесе шаруашылық комплекстің сол аумақтағы әлеуметтік-экологиялық тепе-теңдікті сақтап тұруға қажет қаблеттілігінің сан түрінде көрсетілген сипаты. Яғни, табиғи ортаның (табиғи ресурстардың, потенциалының және оның қол астындағы табиғатты қорғау жабдықтарын ескергендігі) антропогендік және техногендік жүктеменің әсерінен болған зардаптарға қарсы тұра алу қабілетінің шегі. Аумақтың сандық-экологиялық аймақтарға бөлінуі – оның алып жатқан ауданы шекті рауалды антропогендік-техногендік жүктемелерінің көбейтіндісіне тең.

Аумақтағы нақты антропогендік-техногендік жүктеменің шекті экологиялық факторға сәйкестігін анықтау үшін келесі формула ұсынылады:

 

а> (2)

мұндағы Эа – аумаққа түскен экологиялық фактордың шекті жүктемесі; Жа – табиғи комплекске түскен нақтылы антропогендік жүктеме; Жti – табиғи комплекске түскен нақтылы техногендік і -түріндегі жүктеме; ШРЖа – аумақтың шекті рауалы антропогендік жүктемесі; ШРЖti – аумақтың шекті рауалы і -түріндегі техногендік жүктемесі; n – техногендік жүктеменің жалпы саны. Сөйтіп, аймақтарға түскен нақтылы антропогендік жүктемені пайдалана отырып, қоршаған ортаның ластану дәрежесіне қарай аудандарды ерекшелеуге болады. Осы тұрғыда, ең бірінші орынға экологиялық өте қауіпті және жедел түрде мемлекеттік тұрғыдан қорғау қажет етілетін дағдарыс аймағына жатады. Екінші орынға – апатқа ұшырау мүмкіндігі бар – экологиялық қауіп – қатерлі аймақ, одан кейін экологиялық ережеге сай аймақтар шығады (5-сурет).

 

Экологиялық ахуалды кешенді бағалау

 

Аумақты аудандарға бөлу

 

Эколгиялық дағдарыс ауданы

 

Эколгиялық қауіп-қатерлі аудан

 

Экологиялық ережеге сай аудан

 

Қолданыстағы экологиялық нормалар негізінде

 

Өте қатал экологиялық нормалар негізінде

 

Қоршаған ортаны қорғау шараларын жетілдіру

 

5-сурет – Аумақты аудандарға бөлу

 

Табиғатты қорғау шараларының тиімділігі қоршаған ортаға түсетін ТРҚ көлемінің азаюы және оларды қайтадан өңдеп іске асырумен бағаланды. Бұл салада өнеркәсіпке аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық үрдістерді енгізу ең маңызды техникалық және технологиялық шешім болып саналады.

Кәсіпорнының өндірістік жоспарын жасаудағы ең басты міндет шығарылатын өнімнің көлемін әрбір бөлімшелер арасына оңтайластырып бөлу. Бұл жерде өнімді оңтайластырып бөлу дегеніміз жоспарлардың әрбір сатысында қабылданған оңтайластыру критериясына сәйкес, функция бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғары өнім шығарудың жоспары орындалуы керек. Сонымен қатар, күрделі қаржылар, еңбек ресурстары және басқа да жағдайларға байланысты шектеулер сақталынуы қажет. Бұл есеп экологиялық-экономикалық модель арқылы шешіледі

Егер модельдің негізгі функциясы – кәсіпорын түсімін максимумға жеткізу болса, онда оның шектеулері төмендегідей болмақ:

- өнім шығару көлемі жоспардан кем болмауы керек;

- кәсіпорны аумағындағы қоршаған ортаға шығарылатын ластағыш заттектер көлемі ШРК-дан аспауы керек;

- күрделі (орталық) қаржылар табиғатты қорғауға кеткен шығын шамасынан көп болмау керек.

Мұндай шектеулермен максимум өнімді шығарып пайда табу мүмкін емес. Сондықтан да, құрылатын математикалық модельге қосымша өнім шығару жағдайына кіргізіп және ондағы қосымша өнімнен алынған түсім шығынға тең болуын қадағалау қажет.

Ұсынылып отырған осы экологиялық-экономикалық модель кәсіпорынның өндірістік және табиғатты қорғау қызметтерін бір жүйеге біріктіреді. Модельдегі оңтайландыру критериі – экономикалық мағынада болса, оның экологиялық талаптары – модельдің шектеулері болып келеді.

Кәсіпорнының өндірістік қызметінің жалпы пайдасын жоғарылатудың экологиялық-экономикалық моделін былайша жазуға болады:

 

(3)

немесе

 

 

кәсіпорынның табиғатты қорғау технологияларын жақсартқаннан кейін алған түсімі;

эксплуатациялық және күрделі қаржылардың қосындысы

алды алынған (қайтарылған) шығын;

қаралып отырған табиғатты қорғау шараларын жүргізгенге дейінгі экологиялық шаралардың азаюы, тенге;

жаңа табиғатты қорғау шараларын жүргізгеннен кейінгі қалған шығын, тенге;

қалдықсыз технологияны өндіріске енгізгеннен кейінгі жылдық өнімнің өсуі (қосымша өнімнің), тенге

эксплуатациялық шығын, тенге;

күрделі қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігінің коэффициенті;

күрделі қаржылар, тенге.

Осылайша, қазіргі таңда қалдықтар аз болатын немесе мүлдем қалдық болмайтын технологиялық процестерді жасап, оның негізінде өнеркәсіп пен табиғи - өндірістік кешендерді экологизациялау – осы күнгі қоғамның ең маңызды мәселелерінің бірі. ТРҚ – ны қайтадан өңдеп қосымша өнім алу схемасы 6-суретте келтірілген.

 

Мұнай-газ кен орны

 

Геологиялық барлау жұмыстары

 

Баланстағы қорлар

 

Баланстан тыс қорлар

 

Мұнай-газ кешені

 

Дайын өнім

 

Техногендік-ресурстық қалдықтар

 

Қайтадан өңдеу технологиясы

 

Дайын өнім

6-сурет – Шикізат пен техногендік ресурсты қалдықтарды кешенді пайдалану сұлбасы

 

Жаңажол кен орнындағы мұнаймен ластанған жердің топырағы, қоймалардағы мұнай қалдықтары құрылыс материалдарын (кірпіш, жол жабылғысы және т. б.) жасауға және пайдалануға мүмкіндік туғызды.. Ал, ауа бассейінін қорғау саласындағы басты міндет – ол түтінді газдарды тазарту технологиясын тиімділігін арттыру. Ол үшін газ өңдеу зауыттарындағы алаулы оттықтардың конструкцияларын жетілдіруде қолға алынды. Осылайша, ЖГӨЗ- ы төңірегіндегі мұнай қалдықтарын қайтадан өңдеуден өткізіп қосымша өнім алудан экономикалық тиімділік алынды.

Диссертациялық жұмыстағы алынған нәтижелердің тиімділігін есепке алудың екі түрі бар.

Біріншісі, экологиялық мониторингті автоматтандырылған жүйемен жүргізудің тиімділігі. Мұнда уақыт пен еңбек ресурстарының үнемделуі ескеріледі.

Ал, екінші түрінде жаңа технологияны өндіріске енгізуден, яғни қосымша өнім алудың тиімділігі. Сөйтіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелері ЖГӨЗ-да өндіріске енгізілді және 1,2 млн.тенге экономикалық тиімділік алуға мүмкіндік туғызды.

 

Орытынды

Білікті ғылыми жұмыс түрінде даярланған бұл диссертацияда Жаңажол кен орнында мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін азайтуда экология саласында елеулі маңызы бар геоэкологиялық мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ететін ғылыми негізделген техникалық зертеулері берілген.

Диссертациялық жұмыстың негізгі ғылыми және практикалық нәтижелері төмендегідей:

1. Жаңажол кен орнын игеруде, тасымалдау мен шикізатты өңдеуде қоршаған ортаға шығарылатын, құйылатын және бөлінетін зиянды заттарды тудыратын көздерді, сонымен қатар ластағыш заттектердің сипаттамалары анықталды.

2. Экологиялық факторды кешенді бағалау және ескерудің бұрынғы, дәстүрлі бағытынан өзгеше, яғни аумақтарға дифференциалды түрде қарауға негізделген, халық шаруашылығы мен өндірісті реттеуде маңызы зор әдістеме жасалынды.

3. Зиянды заттектердің қоршаған ортаға шығарылу мониторингісінің автоматтандырылған геоақпараттық жүйесі ЖГӨЗ-да құрылып және өндіріске енгізілді.

4. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың экологиялық-экономикалық моделі ұсынылды және оның негізінде ЖГӨЗ -да қосымша өнімдер (кірпіш, жол жабылғылары) алынды.

5. «Жанажол кен орнында қоршаған ортаны қорғаудың кешенді шаралары» жасалынып, кен орнында басшылыққа алынатын құжат ретінде ЖГӨЗ-да өндіріске енгізілді және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқу процесінде қолданыс табуда.

 

Қойылған мәселелердің толықтай шешілуін бағалау. Жұмыстың алға қойылған мақсаты мен зерттеудің міндеттері толықтай шешім тапты. Геоақпараттық жүйені автоматтандыруда, математикалық моделін жасауда бағытталған технологиялық шешімдер Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі экологиялық талаптарына сай орындалған.

 

Диссертация нәтижелерін нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен келтірілген мағұлматтар. Жаңажол кен орнында экологиялық мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйеге енгізудегі тиімділігі ұсынылды. Зерттеу кезеңдеріндегі қарастырылған, анықталған зерттеу нәтижелерін кен орындарында кеңінен пайдалануға болады. Сондай ақ оқу үрдісінде де қолданылуда.

 

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. 1992 ж. табиғатты қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік комитет негізінде құрылды. Ол комитет 1991-92 ж. “Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық комитет” деп аталды. Экология және биоресурстар жөніндегі облыстық басқарманың негізгі міндеті-облыста табиғатты қорғау жөнінде, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс ауқымындағы табиғатты қорғау жұмыстарын үйлестіру, “Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі” заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау. Қоршаған ортаның күйіне және оның өндіріс пен адамдардың тұрмыс-тіршілігіне әсерін талдау үшін 1993 ж. сәуір айында облыста экология мәселелеріне арналған тұңғыш кеңес өтті.
Климаты. Облыс аумағындағы ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан оңтүстік–шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама–қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауыш–шашынның тұрақты болмауы мен тапшылығы, қар жамылғысының жұқалығы мен ашық далада ұлпа қардың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі, ауа мен топырақтың тым

 

 

ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауц себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы| шінші аралық бақылау өткізуге арналған сұрақтар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)