Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шалатай Мырзахметов, Мәжіліс депутаты.

Мені алаңдатқан мәселе Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шегіп отырған тұрғындардың жағдайы болып табылады.

Өңірдегі сайлаушылармен кез­десу барысында Арал эколо­гиялық қасірет аймағына жататын Созақ ауданының тұрғындарымен кездесу өткіздім. Кездесуде аймақтың эко­логиялық жағдайы оның тұрғын­дарының денсаулығына кері әсер етіп отырғаны туралы сөз қозғалды. Тұрғындар бұрын экологиялық қолайсыз аймақта тұрғаны үшін бюджеттен берілетін еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, сол сияқты басқа да төлемдер бойынша арнайы коэффициенттер қолданылғандығын айта келе, қазір осы тұрып жатқан жерінің экологиялық қолай­сыз­дығы бойынша белгіленетін коэф­фицент­тер тек еңбекақы төлеу ке­зінде ғана қолданылып, ал зейнет­ақы мен жәр­демақылар бойынша қолданылмай­тындығын қынжыла жеткізді.

Шынында да, бірдей эколо­гия­лық зиянды аймақта отырып бірі сол аймақта тұрғаны үшін қосымша коэффициент иеленіп, екіншісі зейнеткер болғаны үшін мұндай қосымша қаржыдан қағылуы сөзсіз реніш тудырады. Реніштері де заңды. Себебі, ондағы бүгінгі зей­неткерлер – кеше сол табиғаты қо­лай­сыз аймақ­тың дамуына атсалыс­қан еңбеккерлер. Ал, сол зей­нет­керлердің денсаулы­ғы­на экология­лық қасірет­тен келген зиянды өтеуге қаржы жұмсау қай жағы­нан алғанда да қисынды.

Мәселені тереңірек қа­расақ, әңгімені Арал өңірінің бүгінгі күнгі экологиялық жағдайынан және осы аймақ тұр­ғындарының құқықтық қорғалуы­нан бастауға тура келеді. “Арал өңі­ріндегі экологиялық қасірет сал­дарынан зардап шеккен азамат­тарды әлеуметтік қорғау ту­ралы” Заңға сәйкес, Арал өңірін­дегі эко­логиялық қасірет аумағы: эколо­гия­лық апат; экологиялық дағдарыс; экологиялық дағдарыс жағдайын­дағы аймақтар болып экологиялық зияндылықтың үш деңгейі анық­талды. Бұл кезінде Қазақстан Рес­публикасы Ғылым академиясының ғылыми тұжы­рым­дарына негіздел­ген болатын. Оған сәйкес, эколо­гиялық апат аймағы­на Қызылорда облысындағы Арал және Қазалы аудандары және Ақ­төбе облы­сын­дағы Шалқар ауданы аумақтары, экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарынан басқа барлық аудандарының аумақ­тары, ал эко­ло­гиялық дағдарыс жағ­дайындағы аймаққа Ақтөбе облы­сының Бай­ға­нин, Ырғыз, Мұ­ғалжар, Темір аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Отырар, Созақ, Шардара ауданда­ры және Түр­кістан, Арыс қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданы аумақтары жатқы­зыл­ған. Қарап отырсақ, адамдар­дың табиғатпен санаспай жасаған әрекетінен пайда болған қасірет еліміздің халық тығыз орналасқан едәуір бөлігін қамтитынын көреміз.

Егер аталмыш заңның 1992 жылы қабылданғанын ескерсек, оның үстіне Елбасымыздың халық­аралық қыз­меті­нің нәтижесінде қолға алынған халықаралық қауым­дастық тарапы­нан жасалып келген және республика Үкіметі тара­пынан жүргізіліп келе жатқан ай­мақ экологиясын сауық­тыруға бағытталған жұмыстарды есепке алсақ, осы уақыт ішінде аймақтың экологиялық жағдайында қанша­лықты өзгеріс болды екен деген сұрақ туындайды.

Осы орайда, Үкіметтің 2006 жылғы 26 қыр­күйектегі қаулы­сы­мен бекітілген Арал аймағы мәсе­лелерін кешенді шешу жөніндегі бағдарламаға қарасақ, онда аймақ­тың экологиялық ахуалы, қолда­ныл­ған шараларға қарамастан, күр­делі күйінде қалып отырғандығы көлденең тартылады.

Демек, Арал экологиялық қа­сірет аймағын мекендеген тұрғын­дар үшін белгіленген коэффи­циенттерді алып тастауға негіз болмаған. Олай болса, тиісінше заң нормаларына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып, экологиялық аймақ тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылуы тиіс.

Сонымен, жоғарыдағы айтыл­ған­дарды негізге ала отырып, тө­мендегідей шаралар атқарылғаны жөн:

Арал экологиялық қасірет айма­ғы бүгінгі күні қандай аумақты қам­тиды, оның экологиялық ахуа­лы қандай күйде, экологиялық ау­мақтың тұрғындардың денсаулы­ғына әсері қаншалықты, осы аймақ тұрғындары қаншалықты әлеумет­тік-экономикалық тұрғыда қолдау­ды қажет етеді, осындай мағлұ­мат­тарды анықтау мақсатында кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілсе;

Арал экологиялық қасірет аума­ғының тұрғындары үшін зейнетақы мен жәрдемақылар төлеуде бұрын қол­данылған коэффициенттердің алы­нып тасталуының себебі неде және алдағы уақытта мұндай коэф­фициенттерді қайта белгілеуге қан­дай кедергі бар? Осы жәйттер анықталса;

Арал экологиялық қасірет айма­ғындағы экологиялық ахуалды қал­пына келтірудің және аймақ тұр­ғындарын әлеуметтік қолдаудың алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілсе.

Арал экологиясы әлемдік дең­гейдегі мәселе екендігі даусыз. Сон­­дықтан да, бұл мәселенің ше­шілуі тек Үкімет қолында тұр деу­ден аулақпыз. Десек те, бұл қарап қалуға негіз емес. Аймақ халқын осын­­дай күрделі жағдайда әлеу­меттік тұрғыдан қолдау толастамау керек. Осыған орай, ел Үкіметімен қоса, Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұ­мыс жүргізуі аса қажет деп білемін.

 

 

МАЗМҰНЫ

Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын.
Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 135 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
II-бөлiм. АРАЛ ӨҢIРIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ПЕН ДАҒДАРЫСТЫ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ СТАТУСЫ| Бап. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)