Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.

Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз. | Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз. | Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз. | Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз. | Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз. | Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз. | Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз. | Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз. | Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз. |


Читайте также:
  1. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  2. Бiз шығын мiнез-құлықтың талдауында қол жеткiзгiлерi келедi ме?
  3. Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.
  4. Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз.
  5. Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз.
  6. Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.

Жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы

Қазақстанның казіргі жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына тікелей байланысты.

Жер шарының басқа аудандары сияқты Қазақстан аумағында да жер бедері әлі даму үстінде. Қазіргі жер бедері жердің ішкі және сыртқы күштерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы күштер әрекеті әлі жалғасуда. Ішкі күштердің әсері кейінгі тау түзілу процестерінде, яғни жер қабатының ғасырлық тербелістері нәтижесінде биік таулы аудандардың шетінде болатын көтерілулер мен төмен түсулерден байқалады.

Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан козғалыстарды тектоникалық қозгалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық козғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) кезеңдерін қамтиды. Бұл козғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы таулар қалыптасты.

Бұған тау бөктерлерін терең тілімдеген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ак, Қазакстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты Тау көтерілу процесі казір де жүріп жатыр. жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады.

Бірақ олардың бәрі апатты емес.

Жер сілкіну - жер асты күштерінің әсерінен Жер беті қыртысының тербелуі. Жер сілкіну Жер бетіндегі білі- ну-сезілу күшіне сәйкес халыкаралық кесте (MSK-64) бойынша 12 балға ажыратылады.

1964 жылы үш сейсмолог ғалым (С. Медведев - КСРО, В. Шпонхойер - ФРГ, В. Кар- ник - Чехия) есімдерінің бас әріптерінен құралған кесте кабылданды.

1984 жылы осы шкала-кестенің толыктырылып жетілдірілген түрі MMSK-84 атаулы шкала-кесте жарык көрді. ТМД аумағында қолданылатын осы кесте бойынша, 1 балл мен 4 балға дейінгі аралықта жер сілкіну күшін жан-жануарлар мен адамдар сезеді. Ал 7-9 балға дейінгі аралықта қүрылыс орындарының қирауы байқалады. Ең жоғары 10-12 балды жер сілкінулерде жер бедері ірі өзгерістерге (опырылу, жарылу, ығысу, т.б.) ұшырайды. Қазақстан аумағының оңтүстік және оңтүстік шығысы бүкілОрта Азияның ең күшті сейсмикалық ауданының бірі. Бұл аймақ жиі және өте күшті жер сілкінулерге ұшырайды. Соңғы 110 жыл бойы Қырғыз, Іле жәнө Күнгей Алатау жоталарына жақын аудандарында өте қарқынды жер сілкінулер болды. Жетісу Алатауы екінші қаркынды зона - 110 жылда 14 рет байқалды.

1887 жылы маусымда жердің күшті сілкінуінен Алматы қаласы қирап, бұзылды. Мұндағы жер сілкіну күші 10 балға жетті. Жер сілкінуден тау опырылып, жер қыртысында жарықтар пайда болды.

1889 жылы күші 9-10 балл Шелек, 1911 жылы күші 10-11 балдық Кемін, 1978 жылы күші 8-9 балл Жалаңаштұп, 1979 жылы күші 6- 7 балл Бақанас жер сілкінуі, Жайсан (1990), Сусамыр (1992), Текелі (1993), 23 мамыр 2003 жылы Луговойда (Құлан) 7 балл жәнө т.б. жер сілкінулер тіркелген.

Қазақстанның қазіргі жер бедерінің қалыптасуында жердің сыртқы күштерінің де әсері мол. Сыртқы күштерден таулар мен қыраттар үгіліп, одан пайда болған борпылдақ жыныстар ойыстарды толтырып, тегістейді.

Антропоген дәуірінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше рет мұз басуға ұшырады. Ол мұздар қазіргі жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Мұз басудың қалдырған іздері карлар, астау тәрізді аңғарлар, мореналық төбелер және т.б. жер бедері пішіндері қалыптасқан. Олар биік таулардың кез келген жерлерінде байқалады. Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиядан (шаю) жер беті тілімдене бастады. Қазақстанның жер бедерін калыптастыруда сыртқы күштер ішіндегі ең бастысы - ағын су әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, осылайша пайда болған тау жыныстарын ойпаң жерлерге толтырады.

Қазіргі кезде биік таулы аймақтардағы жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі - мұздықтар. Мұздыктардың еруінен, ұзақ жауатын нәсер жаңбырдан тау басындағы көлдердің деңгейі көтеріліп, төмен қарай тау өзендері арнасынан асып, сел тасқындары пайда болады. Алапат екпінмен еңіске қарай жүйткіген сел жолында кездескен кедергілерді, қатты тау жыныстарын тас-талқан етіп, ағаштарды тамырымен қопарып ағызып әкетеді.

1921 жылы шілде айында болған сел тасқыны кезінде Верный қаласы (казіргі Алматы) көп зардап шегіп, су астында қалған.

1963 жылы 7 шілдеде болған сел тасқыны кезінде биік тауда орналасқан, көрсе көз тоймайтын Есік көлі шарасынан асып төгіліп, аз ғана уақыт ішінде жоқ болды.

Селдің халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор. Алматы қаласын сел апатынан қорғау мақсатында 1966 жылы Іле Алатауының Медеу шатқалында дүние жүзі тарихында тұңғыш рет тауды бағыттап қопару әдісімен әйгілі Медеу бөгені салынды.

1973 жылы 15 шілдеде Медеу шаткалында сел тасқыны болғаны белгілі. Медеу тасты бөгені селді тоқтатып, қаланы апаттан сақтап қалды.

Республикадағы жер бедерінің өзгеруіне жиі соғып тұратын жел де көп әсер етед


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 679 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.| Жер сілкінудің негізгі себептері мен салдарына сипаттама беріңіз .

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)