Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рахметолла жұбаналы

Қазақ филологиясы 102-топ

 

 

Қыз өссе елдің көркі...

М.О.Әуезов атамыз «Ел болам десең бесігіңді түзе» айтқандай тәрбие тал бесіктен. Қазақ үшін қыз баласының орны ерекше болған. Өз үйінде «қонақ» деп сыйлап төріне отырғызған халық. Нақыл сөздерде, мақал-мәтелдерде, шешендік толғауларда қыз баласының орны нәзіктікпен, екі ортаны жалғаушы дәнекерлігімен, әдемілігімен, әсемдігімен бейнеленген. Мысалыға: «Қыз — өрiс, ұл — қоныс» деп бiлгендiктен қазекем өрiсiн кеңейтер қыз балаға айрықша көңiл бөлген. «Қыз мiнездi келсiн, ұл өнерлi келсiн» дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жасайды. Қыз тәрбиесiндегi жеңге рөлi де көзден таса болмайды. «Қызы бар үйдiң жеңгесi сүйкiмдi келедi». Атам қазақ «қыз» деп айтуға қимағаны соншылақ «қызалақ бала, нашар бала» деп те атаған. Осының өзі сайып келгенде күллі ұлттың тәрбиеге деген ерекше ықыласында жатса керек. Қыз баланы құрметтеу, қыз ол әпкең, қарындасың, тіпті анаң. Алдынан перзенттері жүгіріп шықса әкесі алғаш назарын қызына аударады. Мұның өзі әке мектебінің ұлы тәрбиесі.Қыз баласының тағдыры қашаннан оңай болмаған. Небір басқыншылық, жаугершілік, зобалаң қилы замандар талай арулардың тағдырын тәрік етті. Каншама ару ғұмыр қиылды десеңізші. Олар шырмауық гул сияқты, берік іргеге бекініп, шырмалып өспесе еркін бой көтере алмайды. Үлпершектей нәзік дүние.Қазіргі коғамда қыздарға мемлекеттен де, адами қатынастан да нәзіктік көзқарас, қамқоршыл көңіл керек. Аллаға мың да бір шүкір, тәуелсіз мемлекетте таң атырып жатырмыз! Уақыт бір орында тұралап қалмасы анық. Дегенмен біраз нәрсе өзгерсе де, бір өзгермес аксиомалық қағида бар. Ол; қыз баласының тәрбиесі. Қ.Мырзалиевтің «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын» деген сөзі бар. Мемлекет алға дамыған сайын, қыздың өрген қос бұрымындай жақсысы мен жаманы қатар келер қоғамда әттеген-айлар жоқ десек бармақ басты көз қысты, көп нәрсенің бетін жылы жауып коя салған болар едік...Қоғамдық орындарда, арнайы шылым шегер жерлерде, кешкі сауық кештерінде түтінге бұрқырай тұншыққан, шарапқа «бақыттан басы айналған» өкінішке орай өзіміздің қаракөз қазақ қыздарымыз. Нашаның да дәмін татқан, жеңіл жолмен қаржы тапқан... Әрине бұл да болса ұлт ретінде төніп тұрған қатер. Республикалық газеттен қазақ қыздарының шет елдіктермен көңіл көтеріп, түнгі клубтарда қолдарындағы «жанды қуыршағы» болып жүргендеріне жаным ашиды деген кандасымыздың мақаласын оқығанда тұла бойым тітіркеніп кеткен еді.. Жаным арымның садағасы деген көк бөріден тараған, алпыс екі қанымызда тектіліктің арыны тулап тұрған сәтте біз қалайша ойсырауға тиіспіз.Қазақ ұлты барда, қыз тәрбиесі оңалады деген сенімдемін. Әр адам тәрбиені өзінен бастай білсе, өзгені де болмысымен тарта біледі деп ойлаймын.Ұлт тәрбиесі-қыздардан жалғасын таппақ. Көш бастаган Тұмар патша мен Зере, Ұлжан, Айғаным, Зейнептей апалар салған даңғыл жолдың ескегін түзеу есейік. Бір кем дүние болып қалмасын.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГҮЛЗАДА Кереева| Бореальные (таёжные) ландшафты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)