Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ГҮлзада кереева

Газет ұжымы

Білгенге маржан

Наурыз халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихы

 

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен барша әйел затын құттықтаймын!

Ана қуанышы, арулар қуанышы-әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.Осынау күні өмірімізді нұрға, құшағымызды гүлге толтырып,жүзімізге күлкі үйірілтетін қуанышты күннің шығу тарихын біреу білсе,біреу білмес.

Айтулы күннің мейрамы 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.10 сағаттық жұмыс,жарық пен құрғақ бөлмеде жұмыс жасау, ер азаматтың жалақысына тең жалақы алу талаптарымен тігін шеберханаларындағы, аяқ киім фабрикасында қызмет ететін әйелдердің шеруінен бастау алады.

1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық Социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткин 8-наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынады және де өз құқықтары мен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқиды.Бұл үндеу дүниежүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау табады.Олар өз құқықтары үшін күресуді ғана емес, еңбек ету құқығы мен ар-намыстың тапталмауына және бейбітшілік үшін күресетіндерін білдіреді.

Алғаш рет бұл думанды күн 1911 жылың 19-наурызында Австрия, Дания,Германия және Швейцария елдерінде аталып өтілді.Кейіннен 1912 жылы 12 мамырда тойлана бастады.

Билік тағына Кеңес Одағы келісімен наурыздың сегізінші жұлдызы мемлекеттік мереке ретінде қабылданды.1966 жылдан бастап күмбез көктемнің алғашқы мерекесі күнтізбеде қызыл түспен белгіленді. Әйелдер мерекесінің Кеңес елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлесін қосты.Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылдың сегізінші наурызы КСРО көлеміндегі мейрамға айналды. Кеңес Одағы таратылған соң да бұл мереке ТМД елдерінде әлі күнге дейін тойланып келеді.Қазақстанда,Әзірбайжанда,Грузияда,Қырғызстанда,Молдавияда,

Тәжікстанда,Түркіменстанда,Украинада,Беларусияда Халықаралық әйелдер күні болып тойланса, Өзбекстанда «Аналар күні», Арменияда «Сұлулық пен аналар күні» ретінде 7- сәуірде мерекеленеді.

Ал капиталисті елдер 8- наурызды мереке деп мойындамады.Әлі де солай.Бірнеше елдерде, атап айтқанда Америкада- «Аналар күні», Францияда- «Әжелер күні», Жапонияда «Қыздар күні» деген әйелдер қауымына арналған мереке күндері бар.

 

ГҮЛЗАДА Кереева

 

Факультет тынысы

Наурыз айыныз 5-жұлдызы күні университетімізде Халықаралық әйелдер күніне орай, «Университет аруы» атты сайыс өткен болатын.Бұл сайыста «Факультет аруы» атағын иемденген қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенті Егізбаева Анар бақ сынаған еді. Ару қызымыз бұл жарыста ректор атына жазылған алғыс хатты иемденді. Факультетіміздің намысын қорғап университет сайысына қатысқан Анардан тілшіміз сұхбат алған еді.

Сіз осы сайысқа іріктеу ретінде болған «Факультет аруы» сайысына қатысқан болатынсыз, бағынызға орай сол атақты жеңіп алдыңыз, содан кейінгі көңіл – күйіңіз қалай?

Мен «Факультет аруы» атағын алам деген ойда болған жоқпын. Сенімсіз болуымның себебі, сайыс барысында кемшіліктер болды, мүмкін дайындығымның аз болғанынан да шығар. Әділ-қазы алқасы болған Қонаева Айнұр есімімді атаған сәтте көңіл – күйім ерекше болды. Мен сол сәтте жеңіске жеткенім үшін емес, өз өнерімді ортаға салып, халық көңіліне жеткізе білгенім үшін қатты қуандым.

Университет аруына қатысар сәттегі дайындығыңызға көңіліңіз толды ма?

Жалпы қатысушыларды дайындау ұжымы жоғары дәрежеде дайындады. Дайындық бізге күн сайын өтетін болды. Таңертеңнен кешке дейінгі уақытымызды соған арнауға тура келді. Бір өкініштісі жүру,тұру дайындығына көңілім толғанымен, өнер көрсетуге тола қоймады. Топтық жұмыспен берілген соң өз-өзіңді көрсету сәл қиынға түсті.

Қасыңыздағы бәсекелес қыздар қалай болды?

Қазақ қыздарының барлығы да бір –бірінен асқан сұлу екенін барлығы да мойындайды. Қарсылас қыздар да өте жақсы қыздар. Қарсыластарым қанша мықты болса да, мен өз бойымнан сенімділікті артыруға тырыстым.Қыздардың жартысынан көбі 2-3 курс студенттері. Олардың тәжірибесі жоғары деп ойлаймын.

Байқаудың қандай талаптары қиынға түсті?

Барлық талаптарды дайындау оңайға түспеді, бәрі бірдей еңбектенуді қажет етеді. Бір қиыны мен үшін өз өнерін көрсету болды. Себебі жетекшіміз біздің өнерімізді көрсету үшін топқа бөліп тастады.

Сіздің ойыңызша сайыста жеңу үшін ең алдымен бойыңыздан қандай қасиет табыла білу керек?

Менің ойымша сайысқа түсу үшін ең алдымен жоғары дәрежедегі дайындық қажет. Содан соң сенімділік. Бар қиындықты жеңуге осы қасиет қару бола алады. Мен өз-өзіме сенімділікті күлімісіреп жүру арқылы жеңдім.Себебі, сенің сахнада жымиғаныңның өзі бойыңдағы біршама қорқынышты жеңе алады.

Ару қызымыз тілшіміздің қойған сұрақтарына осылайша жүйелі түрде жауап берді.Өз бойындағы қазақ қызына тән сыпайылық қасиетін жоғалтпасын дей отырып, Анарға алдағы уақытта сәттілік тілейміз.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Черный корабль| РАХМЕТОЛЛА Жұбаналы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)