Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

дәріс. Модельдеудің жалпы принциптері

Читайте также:
  1. Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
  2. Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері
  3. БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ
  4. Білім бағасының жалпы баллдануы
  5. Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
  6. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  7. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар

Детальды құру кезіндегі жұмыс тәртібі. Қатты денелі модельдеудің жалпы қабылданған тәртібі бульдық операциялардың (бірлестік, оқу және қиысу) көлемді элементтер үстінен (сфералардан, призмалардан, цилиндрлардан, конустардан, пирамидалардан және т.б.) бірізділікпен орындалуында болып табылады.

КОМПАС-3D-да көлемді элементтер нысаны тапсырмасы үшін ізін элемент нысаны анықтайтын кеңістіктегі тегіс фигура алмасуы орындалады.

Денені құруға негіз болатын тегіс пішін (фигура) эскиз деп, ал эскиздің нысан құрушы қозғалуы операция деп аталады.

Эскиздер. Эскиз координаттың ортогональ жазықтықтарының бірінде бар дененің жазық қырында немесе жағдайын пайдаланушы орнатқан көмекші жазықтықта орналасуы мүмкін.

құрастыру реті

Эскизге алдын ала дайындалған сызу немесе фрагменттен бейнені көшіруге болады. Бұл үш өлшемді модель құру кезінде бар сызу – конструкторлық құжаттамаға сүйенуге мүмкіндік береді.

Операциялар. Жаңа детальды жобалау файлға детальдың дайын моделін қою арқылы негізді құрудан немесе эскиз операциясын орындаудан (немесе бірнеше эскиздерден) басталады.

Модельді бейнелеу масштабын басқару. Құжатты ашқаннан кейін немесе онымен жұмыс істеу үрдісінде оны толығымен терезеде көрсету қажет болады. Бәрін көрсету пернесын басқан кезде жүйе автоматты түрде бүкіл модель құжат терезесінде көрінетін бейнелеудің ең жоғары мүмкін масштабын таңдап алады.

Модельдің қандай да бір бөлігі масштабын өсіру қажет болғанда, мысалы оның элементін редакциялау кезінде, масштабты рамкамен өсіру командасын пайдалану ыңғайлы. Бұл үшін масштабты рамкамен өсіру пернесын басып, модель учаскесін ойма тік бұрышты рамкаға қайтып, оның бір бұрышын басып, курсорды диагональ бойынша қарама-қарсы бұрышқа жылжыту қажет. Рамка рамка көзделген учаскені толық қамтығаннан кейін, тышқанды тағы бір рет басу керек. Терезеде ұлғайтылған масштабта модульдің бөлінген учаскесі көрінеді. Редакциялағаннан кейін, бәрін көрсету пернесын басып, бүкіл модель бейнесі режиміне қайтуға болады.

Масштабты өсіру және азайту пернелары бейнелеу масштабын дискретті түрде белгіленген есегеүндеместік бойынша 2 есеге өсіру немесе азайтуға болады.

Жақындату/алыстату пернесымен бейнелеу масштабын, оны тышқан пернесы тұрған нүктеден алыстата немесе жақындата отырып, баяу өзгертуге болады.

Бейнелеуді жылжыту. Терезедегі бейнелеуді жылжыту пернены қосу арқылы бейнелеуді жылжыту командасымен орындалады.

Бейнелеуді айналдыру. Бұру пернесын пайдалана отырып, кез келген бағытқа бұра отырып, модельді қарастыру ыңғайлы.

Модельді бейнелеу режимін басқару. Көрініс (Вид) панелінің пернелері модельді бейнелеуді басқарудың командаларын каркас, көрінбейтін сызықтар, жіңішке көрінбейтін сызықтар, жарты тонды және перспектива режимдерінде қолдануға мүмкіндік береді.

Модельдің стандарттық бағыты режимін басқару. Модельді оның жағдайы проекцияның үш тегістігіне қатысты стандарттар түріне сәйкес болатындай етіп орналастыруға болады: алдынан, үстінен, сол жақтан, оң жақтан, артынан және төменнен. Модельдің қажетті бағытын алу үшін ағымдық жағдайдағы жолдағы түрлер тізімі пернесын тышқанмен басу керек және тізімнен қажетті проекцияны таңдап алу керек.

Элементтер көрінуін басқару. Эскиз операциясын орындауға қосылмаған көмекші осьтер, тегістер (әсіресе, олар модельде көп болғанда), жинау компоненттері кейде модельдін, бейнесін көруге кедергі жасайды. Модельмен жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін, осы объектілердің кез келген көрінбейтіндей істей аласыз. Бұл кезде ол бұрынғыдай иерархияда есептеледі және оның тудырушы объектілері ақырын бейнеленеді. Объектіні немесе бірнеше объектілерді жасыру үшін, оларды бөліп көрсетіп, контекстік менюден жасыру командасын шақырыңыз. Объектілер көрінбейтін болады. Оларға сәйкес пиктограммалар құрастыру ретінде өз орындарында қалады, бірақ ашық көгілдір түспен бейнеленіп тұрады.

Жасырын элементті фантомы экраннан жоғалуы үшін, бейнелеуді жаңарту командасын шақыру қажет болады.

Жасырын объектіні жасау немесе бірнеше объектілерді көрінетіндей ету үшін, оларды құрастыру ретінен бөліп, контекстік менюден көрсету командасын шақырамыз. Объектілер көрінетін болады.

Егер барлық бөлініп көрсетілген объектілер нысан құрушы элементтер мысалы, айналу элементі, жазықтық қиын өту және басқалар болып табылса, контекстегі менюдегі жасыру және көрсету командаларына қол жеткізуге болмайды.

Сіз бір мезгілде координат басталуын немесе көмекші осьтерді, немесе көмекші жазықтықті немесе эскиз операциясына қатыспайтындардың бәрін жасырааласыз. Ол үшін координат басталуын жасыру немесе конструкторлық осьты жасыру немесе конструкторлық жазықтықті жасыру немесе эскизді түр менюінен жасыру командаларын пайдаланыңыз. Осы командалардың кез келгенін шақырғаннан кейін сәйкес типтегі барлық көмекші элементтер жасырынады. Бұл кезде менюдегі команда атауы қасына «галочка» пайда болады, ол элементтер жасырынды дегенді білдіреді. Сіз кез келген элементті, құрастыру ретінен оны бөліп көрсетіп, контекстік менюден көрсету командасын шақыру арқылы көрінетіндей ете аласыз. Барлық бір мезгілде жасырынған элементтерді көрсету үшін, координат басталуын жасыру немесе конструкторлық осьті жасыру немесе конструкторлық жазықтықты жасыру немесе эскизді жасыру командасын қайтадан шақырыңыз.

Объект беттерінің түсімен қасиеттерін басқару. Сіз әр деталь сияқты кез келген жеке қырға да бет түсі мен қасиетін бере аласыз. Барлық бір типті элементтер үшін (мысалы, эскиздер немесе фасон) бір түс беру үшін Сервис→ Параметрлер → Ағымдық деталь/құрастырылым → Объектілер қасиеті командасын шақырыңыз. Настройка (қалпына келтіру) диалогында элементтің керек типін таңдаңыз.

Оған түс қойыңыз немесе деталь түсін пайдалану опциясын қосыңыз.

Құрастыру кезінде сіз оның объектілерінің қасиетін өзгерте аласыз. Нысан құрушы элементтерді жинаудан кесіп алынған көмекші және проекциялық жазықтықтер. Сонымен қатар жинаумен жұмыс істей отырып, оның компоненттерінің (детальдарының) түсін қоя аласыз.

Модельді көрнектірек көрсету қажет болғанда бұл мүмкіндікті пайдалану ыңғайлы. Мысалы, жинаудағы барлық бекітуші детальдар үшін бірдей түс таңдауға болады.

Ассоциативты байланыстардың автоматты пайда болуынан басқа компонеттердің көпшілік параметрлерін автоматты анықтау жүреді. Бұл пайдаланушыны есте сақтау немесе параметрлерді дербес есептеу қажеттілігінен босатады. Мысалы, жинау кезінде тікелей жасалатын прокладка қалыңдығы автоматты түрде, осы прокладка детальдар арасындағы кеңістікті толтыратындай етіп таңдап алынады.

Жобалаудың бұл тәртібі «төменнен жоғарыға» жобалаумен салыстырғанда басымдыққа ин. Себебі, ол өзара байланысты компоненттердің параметрі мен нысанын автоматты түрде анықтауға және типтік бұйымдардың параметрлік моделін құруға мүмкіндік береді. Егер алдынғы бөлімде ұсынылған сызу үдерісімен ұқсастықты қолдансаң, «жоғарыдан-төменге» жобалау кезінде, алдымен бұйымның жинақтаушы сызуы жасалып, содан соң деталь сызуы құрылады.

Көмекші құрылыстар. Жоғарыдай аталғандай эскиз жазықтықте құрылады (дененің кез келген тегіс жерінде). Кейбір операцияларды орындау үшін (мысал, айналасы бойынша көшіру) ось көрсетілуі қажет.

Егер модельдегі қырлар, проекция жазықтығы құруға жетпесе, пайдаланушы көмекші жазықтық пен ось құра алады (олардың жағдайын жүйедегі көзделген тәсілдердің бірімен құрып). Мысалы, осьті екі биіктік немесе тұра сызықты қыр арқылы, ал жазықтықты үш биіктік немесе қыр мен биіктік арқылы өткізуге болады. Көмекші осьтер мен тегістердің жағдайын берудің басқа тәсілдері де бар.

Көмекші конструкторлық элементтерді қолдану модельді құру мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді.

Құрастыру реті. Кез келген детальмен жұмыс кезінде немесе экрандағы жинаумен модельді құрастыру ретін сақтайтын терезе көрсетіледі.

Құрастыру реті құжат-модель терезесі ішінде әрқашан орналасатын жеке терезе бейнеледі. Тышқанды бұрыштар немесе шекаралар арқылы жүргізіп, құрастыру реті терезесі размерін өзгерте аласыз. Егер бір құжат-модельдің бірнеше терезесі ашық болса, құрастыру ретін көрсету немесе көрсетпеу солардың біріне қосылуы мүмкін.

Құрастырудағы элементтер атауы. Әр элементтің атауын оның параметрлерін қойған кезде енгізуге болады. Үндеместік бойынша атау автоматты түрде беріледі (алынған тәсіліне байланысты). Мысалы: қыр арқылы ось, айналу операциясы, фаспа, арақатынас (соосность), (қақпа - прокладка).

Детальдар мен жинаулардың атауы осы компоненттер файлдарынан алынады.

Модельде көптеген біртипті элементтер болуы мүмкін. Оларды айыру үшін үндеместік бойынша қалыптастырылған элемент атауына осы типтес элементінің реттік нөмірі автоматты түрде қосылады. Мысалы: дөңгелену: 1 және дөңгелену -2, жазықтықті қию: 1 және жазықтықті қию: 2.

Құрастырудағы элементтердің пиктограммасы. Құрастыруда әр элементтің атауының сол жағында пиктограмма бейнеленеді. Ол осы элемент алынған тәсілге сәйкес болады. Элемент атауына қарағанда пиктограмманы өзгерту мұмкін емес. Осының арқасында құрастыру ретінде элементтердің кез келген қайта атау кезінде оларды құру тәсілі туралы көрнекті ақпарат қалады.

Әдетте пиктограмма құрастыру ретінде көк түспен бейнеленеді. Егер объект бөлініп көрсетілсе, құрастырудағы пиктограммажасыл болады. Егер объект операция орындау үшін көрсетілсе, құрастырудағы пиктограмма қызыл түсті болады.

Модельді құрудың аяқталу көрсеткіші. Модельді құрудың аяқталу көрсеткіші – модельді құрастыруды төменнен шектейтін немесе оны екі бөлікке бөлетін көлденең сызық.

Құрастырудағы көрсеткіш жағдайын өзгертуге болады. Көрсеткішті жылжыту үшін оған курсорды апарыңыз. Курсор екі жақты стрелка нысанына ие болады, тышқанның сол пернесын басыңыз. Пернены жібермей отырып, көрсеткішті жоғары немесе төмен жылжытыңыз.

Көрсеткішті объектілер арасында аралыққа дәл қоюға тырыспаңыз. Оны есептеуге қосылмағандардың ішінен соңғысы болатын орнату жеткілікті.

Тышқанмен көрсеткішті жылжыту кезінде оны құрастыру реті терезесінің жоғарғы немесе төменгі шекарасына жақынырақ әкелуге болатынына қарамастан, ол тек модель элементтері пиктограммалары арасында ғана орналасуы мүмкін. Модель элементтеріне нысан құрастырушы, көмекші элементтер мен операцияға қосылмаған эскиздер жатады.

Детальды құрастыру ретінде көрсеткіш деталь негізі пиктограммасынан құрастыру соңына дейін жылжуы мүмкін.

Жинауды құрастыру ретінде элементтер пиктограммасы қатар жүру тобынан кейін орналасады. Сондықтан көрсеткіш соңғы қатар жүрушіден құрастыру аяғына дейін жылжиды.

Құрастыруда көрсеткіштен төмен қалған элементтер есептеу алынып тасталады. Осындай элементтер, сонымен қатар одан туындағандар модель терезесінде көрсетілмейді, бірақ олар туралы ақпарат құжатта сақталады. Алынып тасталған элементтер пиктограммалары құрастыру ретінде ашық-көгілдір түспен және «замком» пиктограммасы деп белгіленеді.

Құрастыруда көрсеткіштің әр жылжуынан кейін құрылған модель қайта жасалады. Көрсеткіштің құрастыру менюден құрастыру аяғында көрсеткіш командасын пайдалануға болады. Команда шақыруынан кейін модельдің барлық элементтері есептеуге енгізіледі (егер олар арнайы алынып тасталмаса).

Құрылудың аяғында көрсеткіш астында орналасқан модельдердің элементтері арықарайға құру үшін қажет болмаса, модельге қатыспайтын болса, сіз бір мезгілде барлық элементтерді жоюы керек.

Ол үшін көрсеткіштегі контекстің менюден көрсеткіш астындағы элементтерге жою командасын пайдалаңыз.

Әдебиет 4 нег. т. 3 [38-193], 1 қос. [48-61], 3 қос. [12-23]

Бақылау сұрақтары

1. Құрамдас модель объектілерінің бірізділігі қалай аталады?

2. Компас-3D жүйесіндегі жинауға анықтама беріңіз?

3. Айналыс денесін көрсететін деталь қалай жасалады?

4. Қысу операциялары қалай пайдаланылады және олар қандай параметрлерге ие?

5. Қысу мен кесу және қысу мен желімдей операциялары қандай жағдайларда пайдаланылады? Олар қандай параметрлерге ие болады?

6. Үш өлшемді модельдермен жұмыс кезінде қосымша құру не үшін пайдаланылады?

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 334 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ОБЛАЧНЫЕ ВЫЧИСЛЕНИЯ - для чего это нужно| Социальная защита: теоретический и практический аспекты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)