Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. 4 страница

Алматы 2014 | Тапсырма. | Тапсырма. 1 страница | Тапсырма. 2 страница | Тапсырма. | Жер-Ананы аяла | Туркестан | Тапсырма | тапсырма |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Музыка мәдениеті

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. н ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу”

Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған.Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды.

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола(Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды.

Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді.

 

Келтірілген ой-пікірлерге бiрлесе отырып түсiнiк беру

Сабыр, ақыл- парасаттың белгісі,

Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі (Ж.Баласағұн).

Жетеді сабыр қылған тілегіне

Иеді ақырында темірді де (Құтып).

Адамдар бiр-бiрi үшiн өмiр сүредi (Марк Аврелий).

Адамдарды жақсы көру үшiн, олардан аз күту керек (Гелвеций).

Адам жалғыз қалғанда ғана өзiнiң қандай екенiн бiледi А.Шопенгауэр).

Мен адаммын, сондықтан да адамға тән қасиеттер маған жат емес (Теренций).

Өз сенiмiне басқалар күмәнданады деп қорыққандар, оған өзi сенбегенi (У.Филлипс).

Өз iсiңмен, өнегеңмен Адам бол,–

Сосын қанатты перiште болуды армандай бер! (Саади).

Бөлектену бiздi әрдайым көпшiлiктiң назарында болудан сонымен бiрге олармен санасудан да құтқарады (А.Шопенгауэр).

 

6-тақырып.

Лексика: Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.

Грамматика: Көмекші етістік.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру

Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады.

Қазақ тілінде 4 көмекші етістік бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Қазақ тілінде толық лексикалық. мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (көмекші етістік.), қой (негізгі етістік) – айтып (көмекші етістік.), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (көмекші етістік.). Лексикалық. мағынасынан айырылып, көмекші етістік мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). көмекші етістік негізгі етістікке есімше, көсемше тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр.

Қазақстан Республикасының мерекелері

Бүгінгі таңда біз тәуелсіз, егеменді мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біздің мейрамдардың Кеңес уақытындағы мейрамдардан айырмашылығы бар. Қазір біз жаңа мерекелер мен бірге бұрынғы ұмытылған мерекелерді де тойлаймыз. Мәселен, Қазақстан конституциясы азаматтарына құдайға құлшылық етуге еркін екеніне кепілдік бергендіктен, еліміздің мұсылмандары Ораза айтты, Құрбан айтты, ал христиандары Рождество, Пасханы тойлайды. Басқа да діндегі өзге ұлттар өздерінің мейрамдары мен еске алу күндерін ашық түрде атап өтеді.

Әрине, кеңес дәуірінің кейбір мейрамдары осы кезге дейін ұмытылмай тойланып келе жатыр. Олар – 1 қаңтарда болатын Жаңа жыл мерекесі, 8 наурыздағы Әйелдер күні және 9 мамырда атап өтілетін Жеңіс күні. Себебі бұл мейрамдар барлық елдерге ортақ.

Ал жаңа мерекелер Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері пайда болды. Олар – үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар: Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Конституция күні, Республика күні және Тәуелсіздік күні. Қысқа мерзімде бұл мерекелер салтанатты, қуанышты әрі жалпы қазақстандық мейрамдарға айналды.

*

- Мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

- Мәтін бойынша өзара сұхбат құрыңыздар.

- Отбасыңыздың мерекелері туралы әңгіме құрыңыз.

- Мәтін бойынша қандай әсер алғаныңыз жөніндегі өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

- Өзіңіздің сүйікті мерекеңіз туралы айтып беріңіз.

 

СОӨЖ

Жаңа жыл

Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды. Біріншісінде жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Ауа райы аязды болса, қар жауса, адамдар қуанады.

Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, саябақтарға, спорт кешендеріне шыршалар орнатылады. Оларға түрлі-түсті ойыншықтар ілінеді. Жаңа жылды, әсіресе, балалар асыға күтеді. Себебі ата-аналары осы мейрамда оларға сан алуан сыйлықтар береді. Бұл күнді адамдар өз отбасыларында немесе достарымен, туыстарымен бірге мерекелейді. Үй иелері көп қонақ шақырады, дастарқанға түрлі тағамдар, жеміс, шырын, шараптар қояды. Балалар үлкендермен бірге шыршаны айнала би билеп, өлең айтып, ән салып, көңілді демалады. Біріне-бірі жаңа жылда жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді. Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін адамдар көңілденіп далаға шығады, қыдырады немесе теледидардан концерт көреді.

Екіншісі – көктем айының басы, күн мен түннің теңелген күні, наурыздың 22-сінде тойланады. Бұл күнді дүние жүзіндегі мұсылмандар «Жыл басы, Жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Күн жылынып, қар еріп, адамзат, жан-жануар, өсімдіктер жаздың жақындағаның сезеді. Наурыз тойында жақсы киініп, жақын адамдар бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні әр үйдің дастарқанында жеті түрлі тағам болу керек.Солардың ең бастысы – наурыз көже.

Наурыз көже су мен тұздан басқа жеті түрлі азық қосып пісіреледі. Олар: ет (қысқы соғымнан қалған қазы, қарта, шұжық, жал-жая, бас), қамыр, сүт, айран, құрт, тары, бидай. Наурыз көжеге ауылдағы туған-туысқандардың бәрін де шақырады. Тамақ ішкен соң: «Ұлыс оң, ақ мол болсын! Дастарқаның бай болсын!» - деп үлкендер бата береді.

Наурыз – жыл басы. Бұл – салт-дәстүрлерімізді еске алатын күн.

 

Тапсырмаларды орындаңыз:

1) Мәтінді оқып, мазмұны бойынша 10 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

2) Мәтіннен шылау сөздерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыз.

3) Мәтінді мазмұндап беріңіз.

4) Мәтін бойынша өзара сұхбат құрыңыз.

5) Аталған мерекелерді қалай қарсы алатындығыңыз туралы жазып беріңіз.

СӨЖ

1. «Менің сүйікті мерекем» тақырыбына шығарма жазыңыз.

2. Отбасыңыздың дәстүрлі мерекесі жөнінде әңгімелеңіз.

3. Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелері туралы ақпарат жинаңыз.

4. Жиналған ақпаратты сұрыптап, реферат жызыңыз.

5. Бір мереке бойынша тұсаукесер жасаңыз.

7-тақырып

Лексика: Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар.

Грамматика: Жай cөйлем. Интонация. Екпін.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру

 

Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да, екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Қазақ тілінде сөйлемдер айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы (повествовательными), сұраулы (вопросительными), бұйрықты (побудительными) және лепті сөйлемдер (восклицательными) болып бөлінеді.

Айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Экономика сіз өмірге келген күннен бастап өміріңізге араласа бастайды. Хабарлы сөйлемнің соңында нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем – біреуден жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем. Мысалы: Нарықтың не екенін түсінген боларсың? Сұраулы сөйлемнің соңында (?) сұрау белгісі қойылады.

Лепті сөйлем – айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем. Мысалы: Неткен тамаша жоспар! Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, сөйлем соңында леп (!) белгісі қойылады.

Біреуге бұйыру, тілек, өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз. Мысалы: Жә, доғар! Жаңа жобаға кірісіңдер!

Жаңа бағдарлама уақытында орындалуы тиіс.Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді. Бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында не леп белгісі, не нүкте қойылады.

 

1-тапсырма. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, айтылу мақсатына қарай талдаңыз.

Студенттік өмір қандай ғажап Әр нәрсені уақытында жасаңдар Сен қазақ тілін жетік білесің бе Білімсіз күнің жоқ Қап барлық еңбек далаға кетті-ау Мемлекетіміздің өркендеуіне бәрімізде үлес қосайық Туған жердей жер болмас Қазір осы тапсырманы орындаңыздар Бәрекелді өзің нағыз шешен екенсің Сіз еліміздің экономикасы туралы не білесіз Онда мен сіздерге ән айтып берейін Әділдік әрқашан жеңеді Ойпырмай күннің суығын-ай Жерімізде ешқашан соғыс болмасын Біздің қазақ жері неткен бай десеңізші Сен компьютерде жақсы жұмыс істей аласың ба Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келеді

Интонация (лат. іntono) – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:

1. Мелодия

2. Ритм

3. Темп

4. Қарқындылық

5. Тембр

6. Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.

Интонация арқылы адамның қандай көңіл-күйде тұрғанын, сөйлеушіге қарым-қатынасын, оның мінезін, тіптен мамандығын да аңғаруға болады. Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріле

· Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.

· Қаратпа (ШАҚЫРУ) интонация - зат есімнің атау септігімен немесе соған сәйкес сез формасымен тіркесе байланысатын ерекше интонациямен, дауысты «0» одағайымен, айтылуы.

Сұраулы сөйлемдер лексикалық амалдарды, синтаксистік амалдарды қатыстырумен қатар, әр уақытта ерекше сұраулық интонациямен айтылады.

Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.
Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде): бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.
Екпін түспейтін буындар
1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.
3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман.
4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

1-тапсырма.Берілген мәтінді мәнерлеп, интонациясын, екпінін дұрыс қойып оқыңыз.

Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті. Сонда Ізбасты ханға айтты дейді: - Ойдан қашты бір түлкі, тауға қарап демалмай, жабыла қудық кеп кісі, бәрі де қалды ере алмай; сол түлкіні кім алар, жалғыз жеткен мен алмай; ағайыннан дұшпан жауым жоқ, алдына салып айдап жүр, алтайы түлкі көре алмай; ұялып, тақсыр, жүрмеңіз, мұның төресін оңдап бере алм

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз.Дәптеріңізге көшіріп жазып, екпін түсетін буындарды белгілеңіз.

Бір қарт ұста күні- түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты: - Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті. Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал- жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты. Сонымен, ішерге- жеуге, киюге де кем- тар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың әкімі бұйрық шашты: әскерге көп етік керек, жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын, деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды: - Егер көп мық- шеге керек болса, мен пөдіретін аламын,- деп. Етікшілер істеген мығын керіп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті- міс.

3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңыздар.

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты: - Балам, дүниедегі жаратылған жәндік- жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады: - Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп. Шешесі: - Балам, сол да жерде қалмайды,- деді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен: - Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады. Әжесі айтты: - Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.

 

Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар.

 

Ыбырай Алтынсарин – саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогиялық, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.

Шоқан Уәлиханов

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты- Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.

Ахмет Байтұрсынов

Қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады. 1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.

Мәтінді оқып,сұраулы сөйлемдер құрастырыңдар.

Тақырып бойынша өзара сұхбат құрастырыңдар.

СОӨЖ

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993)[— аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Шелек ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстыңүштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1295 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. 3 страница| Тапсырма. 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)