Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. 2 страница

Алматы 2014 | Тапсырма. | Тапсырма. 4 страница | Тапсырма. 5 страница | Тапсырма. | Жер-Ананы аяла | Туркестан | Тапсырма | тапсырма |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

1) Жедел өткен шақ (недавно прошедшее время) етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

 

І ІІ   ІІІ мақта-ды-м (я хвалил) мақта-ды-ң (ты хвалил) мақта-ды-ңыз (Вы хвалили) мақта-ды (он хвалил) мақта-ды-қ (мы хвалили) мақта-ды-ңдар (вы хвалили) мақта-ды-ңыздар (Вы хвалили) мақта-ды (они хвалили)

2) Ежелгі (бұрынғы) өткен шақ (давнопрошедшее время) көсемшенің -п, -ып,

-іп жұрнақтары арқылы жасалады.

І ІІ   ІІІ Мен көр-іп-пін (оказывается, я видел) Сен көр -іп-сің (оказывается, ты видел) Сіз көр -іп-сіз (оказывается, Вы видели) Ол көр -іп-ті (оказывается, он видел Біз көр -іп-піз Сендер көр -іп-сіңдер Сіздер көр -іп-сіздер Олар көр -іп-ті

3) Анық өткен шақ (достоверное прошедшее время) есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады.

І ІІ   ІІІ аш-қан-мын (я открыл) аш-қан-сың (ты открыл) аш-қан-сыз (Вы открыли) аш-қан (он открыл) аш-қан-быз (мы открыли) аш-қан-сыңдар (вы открыли) аш-қан-сыздар (Вы открыли) аш-қан (они открыли)

4) Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время) көсемшенің –атын, -етін, -йтін, -йтын (тогда, бывало) жұрнақтары арқылы жасалады.

І ІІ   ІІІ Мен ұш-атын-мын (я тогда летал) Сен ұш-атын-сың (ты тогда летал) Сіз ұш-атын-сыз (Вы тогда летали) Ол ұш-атын (он тогда летал) Біз ұш-атын-быз Сендер ұш-атын-сыңдар Сіздер ұш-атын-сыздар Олар ұш-атын

11-тапсырма. Берілген етістіктерден өткен шақтың формаларын жасап, сөйлем құраңыз: бар, сөйле, қуан, оқы, күл.

10- тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, етістіктің барлық категориясында түрлендіріңіздер.Сөйлемдер құрастырыңыздар.

Марапаттау,сыйлық беру, стипендия алу, жариялау, кандитатураны ұсыну,құрметке ие болу, төлем картасына ие болу,

 

Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыздар.

Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары — Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін марапатталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн. Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. Мемлекеттiк наградалардың сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi."Алтын Қыран" орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Өзге мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкiметi, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi. Наградтау үшiн кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкiн. Шет ел азаматтары наградтауға ұсынуды жалпы негiздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, басқа министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары жүргiзедi. Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.

Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды. Құрметті атақтар қайталап берілмейді. Еліміздің мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау қайтыс болғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.

Наградалар жөнiндегi ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады. Комиссияның құрамын және оның қызметi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Жыл сайын Қазақстанда жас білім алушыларға мыңдаған білім гранттары бөлінеді. Білім гранты жоғары білімді тегін алудың мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ білім алушыға ай сайынғы ақшалай жәрдемақыны, яғни стипендияны төлеуді көздейді.Стипендия мөлшері көптеген факторларға байланысты, төменде біз солар туралы айтамыз.

Білім беру мекемелеріндегі стипендиялардың түрлері

Бірінші кезекте стипендия жоғары білім беру мекемелерінің (ЖОО), сондай-ақ кәсіби техникалық мекемелердің (КТМ, колледждер) студенттеріне де төленетінін атап өтелік.

Мемлекеттік стипендиялардың түрлері:

1.ең төменгі мемлекеттік стипендия (оны әрі қарай әдеттегі деп атайық);

2.ұлғайтылған мемлекеттік стипендия;

3.президенттік мемлекеттікстипендия (жоғары оқу орнының студенттері үшін ғана көзделеді).

Стипендияны алу үшін студентке төлем картасына ие болу қажет. Төлем картасын дайындау 45 күнді алады. Қазіргі уақытта картаны рәсімдеу үшін өзімен бірге жеке куәліктің болуы жеткілікті. Төлем картасын білім алушының қалауы бойынша екінші деңгейдегі кез келген банкте ашуға болады. Егер бірінші оқу айында білім беру мекемесінде сізде төлем картасы болмаса немесе ол дайындалу кезеңінде болса стипендияны оқу орнының кассасынан алуға болады.

Егер сіз білім грантының иегері болсаңыз, онда алдымен сізге бірінші семестрдің аяғына дейін әдеттегі (ең төменгі) стипендияны есептейтін болады. Есептелу ай соңына келеді. Бірінші емтихан сессиясынан өту қорытындылары бойынша білім алушы «үздік» және «жақсы» бағаларға ие болса, ол стипендияны әрі қарай алу мүмкіндігіне ие болады. Бірінші емтихан сессиясынан өту қорытындылары бойынша студентте тек «үздік», деген бағалар болса, онда келесі семестрде ол 15%-ға ұлғайтылған стипендия алады. Жазғы демалыстар кезеңіндегі стипендия екі ай үшін жиынтық (шілде, тамыз) төленеді, әрине ол үшін студент жазғы сессияны «жақсы» және «үздік» бағалармен аяқтауы тиіс. Есептеу ай соңында болады.Ереже бойынша білім алушыларға стипендияны төлеу уақытша немесе мүлде тоқтауы мүмкін белгілі бір себептер туындайды.

1. Егер білім алушы емтихандары білім беру мекемесі белгілеген уақытта негізді себептермен тапсыра алмаса (ауру, отбасы жағдайы, табиғи апаттар), білім беру мекемесінің басшылығы білім алушы растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін сынақтар мен емтихандарды тапсырудың жеке кестесін белгілейді, осыдан кейін стипендия тағайындалады.

2. Егер студент бір білім беру мекемесінен екіншісіне ауысса, стипендияны төлеу оқу жоспарындағы айырмаларды жойғаннан кейін жүзеге асырылады.

3. Егер студент емтихан сессиясын тапсыру нәтижелері бойынша кем дегенде бір пәннен «қанағаттанарлық» бағаға ие болса, онда ол автоматты түрде келесі емтихан сессиясын тапсырғанға дейін стипендиядан айрылады.

4. Егер білім алушы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе мүгедек бала болса стипендияны есептеу сондай-ақ емтихан сессиясын тапсыру мәліметтерінің негізінде жүзеге асырылады.

5. Егер студент академиялық демалыста болса стипендия төленбейді.

6. Егер студент оқудан шығарылса немесе оқу орнынан өз қалауы бойынша кетсе, стипендия төленбейді.

Ұлғайтылған мемлекеттік стипендия

Президенттік мемлекеттік стипендия

 

 

СОӨЖ Болашақ стипендиясы

Болашақ — Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама.1993 жылғы5қарашада ҚазақстанРеспубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.

1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.

Сонымен қатар 2005 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жыл сайын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиябекітетін Басым мамандықтар тізбесіне қатаң сәйкестікте жүргізіледі. 2005, 2006 және 2007 жылдардағы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін әзірлеуде мемлекетті дамыту басымдықтары мен төмендегі стратегиялық құжаттарда көрсетілген экономиканың белгілі бір салаларында білікті мамандарға қажеттілігі ескерілді:

1. Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы;

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

3. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

4. Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

5. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

6. Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы;

7. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

8. Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

9. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы.

Сондай-ақ, 2005 жылы шетелде оқуға арналған елдер тізімі өсіп, үміткерлер АҚШ,Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания,ЖаңаЗеландия,Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада,

Қытай, Малайзия, Нидерланд, Норвегия, ОңтүстікКорея, Польша,

Сингапур, Финляндия, Франция,Чехия, Швеция,Швейцарияға сияқты елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдайтын болды.

Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.

Үміткерлер санының өскеніне қарамастан, «Болашақ» бағдарламасының негізгі қағидаттары бастапқы қалпында қалып отыр. Олар:

- үміткерлерді дайындаудың жоғары деңгейі;

- елімізде және одан тыс жерлерде бағдарламаның оң бейнесін сақтап қалу;

- конкурстық іріктеуді ашықтық және әділдік қағидаттары бойынша өткізу;

-стипендия иегерлерін әлемнің үздік университеттеріне жіберу.

Мәтінді оқып, толықтырыңыздар.

СӨЖ:

1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.

4.Тұсаукесер жасаңыз

3-тақырып

Лексика: Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.

Грамматика: Есімше категориясы.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

Есімше – етістік пен сын есім арасындағы аралық категория»,-деп көрсете отырып, мынадай анықтама берілген: «іс-әрекеттік мәнін заттың сапалық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма Есім сөздер сияқты тәуелденеді, көптеледі, септеледі.

Есімше сөйлем құрамында анықтауыш, толықтауыш, бастауыш қызметін атқарады.

Есімшелерді басқа етістік формаларынан ажыратудың бір критерийі – оның сын есім сияқты анықтауыш ретінде қолданылуы. Есімше, мәні жағынан заттың белгісін білдіреді. Бірақ есімше арқылы көрсетілген белгі мен сын есім арқылы көрсетілген белгі бір емес. Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін білдірсе, есімше оның іс-әрекетіне байланысты көшпелі, динамиканың белгісін білдіреді.

Есімшелер, есімдер сияқты, болымсыздық мағынаны жоқ, емес сөздері арқылы да білдіре алады.

Есімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағына білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категориясының (шақ) көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады

Есімшенің жасалуы мен түрлері.

Есімше етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, етіс, болымсыз етіс тұлғаларына мынадай жұрнақ қосу арқылы жасалады:

1) -қан, -кен, -ған, -ген арқылы өткен шақ есімше жасалады: бар+ған, кел+ген.

2) -ар, -ер, -р, с – болжалды келер шақ: барар.

3) -мақ, -мек – мақсатты келер шақ: бармақ.

4) -атын, -етін — өткен шақ.

Түрленуі.

Көптік жалғау: -ған/-ген, -атын/-етін тұлғалық жалғау.

Есімшенің барлық түрі тәуелденеді.

Барлық түрі септеледі.

Барлық түрі де тікелей жіктеледі.

Сөйлемнің барлық мүшесі бола алады.

1-тапсырма.Берілген сқйлемдерді оқып, есімшелерді табыңыз.Талдаңыз

1.Шоқпарды ұстай білмеген өзіне тигізер 2.Қаңғыған басқа білім жұқпас
3.Шашылғанды бірлесіп жинасқанға не жетсін.4.Жаста оқыған оқуың тасқа жазғанмен бірдей.5.Ашынғанның тілі ащы. 6. Көшкен ауылды іздеп табалық (Ы. А.). 7.Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел).8. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М. Ә.). 9.Үнсіз күліп тұрған — бағанағы шәкірт бала (М. Ә.).10. Баланың қытығына тиетіні — осы жері (М. Ә). 11.Қазақтың қай нәсілден тарағанын Білерсің басқа сөздің жарағанын (М. Дулатов)12.. Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін (М. Ә.) 13.Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап (Ы. А.). 14.Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М. Ә.).

 

2- тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді есімшеге айналдырыңдыр.

Үлгі: Қоңырау соғылды – соғылған қоңырау

Ақындар айтысты.Шалғын жайқалды.Тас қаланды.Шам сөнді.шығарма табылды.Білім берілді.Оқу орны таңдалды.Пікір берілді.Таңдау жасалынды.

3- тапсырма Мына сұрақтарды пайдарана отыра өзара сұхбат құрастырыңыздар.
Мамандық, маман дегенді қалай түсінесіз?
Мамандық таңдау дегеніміз не?
Сіз үшін мамандық таңдаудың маңызы бар ма?
Қандай маман иесі болғыңыз келеді?
Мамандық таңдауда қандай нақты шешім қабылдадыңыз?
Мамандық таңдау бойынша қандай пәнді таңдадыңыз?
Отбасында ата - аналарыңыз мамандық таңдау жайлы қандай ой - пікір, ақыл - кеңестер айтады?
Сіздің мамандық таңдауыңыздың шешімін сіз өзіңіз қабылдадыңыз ба, әлде басқа адамдар ұсынды ма немесе ата - анаңыз міндет етті ме?
Достарыңа мамандық таңдау бойынша қандай кеңес берер едіңіз?

 

Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.

«Мамандықтың жаман жоқ, бірақ, мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». (Ж.Аймауытов)

Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم‎) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б.жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философиямен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген. Мәлім тақырып, немесе сұрақ туралы сенімді таным болса, ал ол таным әлдебір мақсатқа пайдалануға жарамды болса, онда оны білім деп атаймыз. Ол тәжірибе және ойлау арқылы мәлім іс туралы жеттігірек ұғындырады, оның математикалы және жүйелі танылуын ғылым, техника, өнер, философия деп атаймыз. Білім зерттеу, күзету, тексеру, ой тәжірибесінен, ғылыми тәжірибеден өткізу арқылы қалыптасады, реттелу арқылы топтастырылады. Қазір жалпыға ортақтастырылды және кез келген адам білім ала алады, оны пайдаланып жоғары мақсаттарға жете алады. Білім сын көзбен қарау арқылы дамиды, бірақ бұл білімге жеккөрінішпен қарау болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасының президенті Әбішұлы Нұрсылтан Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Оқушыларға мамандық таңдату оңай шаруа емес. Сол себепті әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр.

Әр жеткіншек ертелі-кеш пе, әйтеуір бір кезде өз өмір жолын қалай таңдап, болашағын қандай мамандықпен байланыстыратыны жайлы ойлана бастайды. Кәсіптің сан алуан түрі бар, олардың қайсысын қателеспей таңдауға болады?

Алдымен өзіңе тән жеке қабілеттеріңді, мүмкіншіліктеріңді сыни тұрғыдан таразылап көр. Одан кейін ұнаған мамандықты игеру үшін не қажет, қандай талап қойылатынын анықта. Сонымен қатар сізді жан-жақты танып-білетін, дұрыс жол сілтей алатын әділ ақылшыларын – ата-анаң және ұстаздарыңмен кеңес.

Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер, т.б. болу үшін көп оқып, кәсіби білім алу қажет. Кейін теориялық біліміңді практикамен ұштастырып, тәжірибе жинаған жөн. Металлург, кенші, жүргізуші, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болғың келсе, өндірісте жұмыс істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы көбінесе ауыл шаруашылығында қызмет атқарады. Аяқ-киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер тұрмыстық қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Ал әнші, биші, сазгер, режиссер, т.б. тәрізді мамандықты таңдасаң, өнер саласында қызмет етесің.

Кейде біріеулер мамандықтарды «беделді» және «беделсіз» деп екіге бөліп жатады. Бұл – қате пікір. Кәсіпті беделді ететін – адам. Егер сен жұмысыңды жоғары деңгейде атқарып, өзіңді жақсы қырыңнан таныта білсең, онда сен де, мамандығың да «беделді» болады. Сондықтан жақсы маман болуға тырыс: жалықпай еңбек ет, өз міндеттеріңе жауапкершілікпен қара, кәсіби біліктілігіңді үнемі арттырып отыр. Себебі өмір әр маманнан өз кәсібін жетік игеруді және заман «ағысына» сай болуды талап етеді.

Сонымен, өмірде мамандықтың түрі өте көп. Олардың бәрі де қоғам үшін пайдалы және қажетті. Тек өз мамандығыңды дұрыс таңдап, өмірдегі орныңды тауып, халық қалаулысы бола біл.

Негізінде, мамандық таңдауда үш бастаманы жадыңда ұстанғаның жөн: қалаймын,
қолымнан келеді және қажет. Яғни сенің таңдаған мамандығың өзіңнің мінез - құлқыңа сай келуін қадағала, қолыңнан келетін іске ұмтыл, заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықты да таңдаған дұрыс, жеке өзіңнің пікірің маңызды, жүрек қалауыңа сүйене отырып шешім қабылда. Бос арман қуудың қажеті жоқ! Мысалы өмірде мынадай жағдайлар көптеп кездеседі, мектеп бітірген оқушы мұғалім мамандығын немесе дәрігерлік мамандығын таңдап оқуға түседі, 3 - 4 жыл оқиды, кейбіреуі тіпті дипломды қолына алған соң, жоқ мен экономика мамандығын қалаймын дәрігерлік, мұғалімдік қолынан келмейтінін түсініп қайта оқуға түседі. Осы арада қаншама уақыт өтеді, бұл шешімнің қателігі.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1775 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. 1 страница| Тапсырма. 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)