Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндіріс залалсыздығын талдау және оның басқарушылық есептегі мағынасы

Тақырып Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау | Тақырып Зиянсыздықты талдау | Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнінің өзіндік құнын калькуляциялау | Тақырып Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау | БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ | КӘСІПОРЫН БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСІ | Тікелей материал шығынынын бюджеті | Жалпы өндірістік шығын бюджеті | Ткізілген өнімдардіц өзіндік кундарынын бюджеті | Тақырып Басқару шешімдерін қабылдау. |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  7. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау

Өндіріс қызметін жоспарлауда "шығын - көлем - пайда" талдауыжиі пайдаланылады. Егер өндіріс көлемі белгіленсе, онда тапсырыс портфеліне сәйкес осы талдаудың аркасында ұйым баланс ретінде де, таза пайда түрінде де табыстың белгілі бір шамасын алу үшін шығын шамасы мен сату бағасын есеп-тейді. Осы талдаудың көмегімен, мысалы, жарнама шығыны, өнім бағасы немесе материал жабдығы, өндіріс құрылымы өз-гергенде өндірістік бағдарламалардың әр түрлі нүсқаларын оңай санауға болады. Басқаша айтқанда, "шығын - көлем - пайда" талдауы өндірістік процестің бір немесе бірнеше параметрлері өзгеретіндей болса, біз қандай дүниеге ие боп қаламыз дейтін сұрақа жауап алуымызға мүмкіндік тудырады..Нарықты қалыптастыру және оны реттеудің әдісін әзірлеу -сұраныс, ұсыныс, баға тәрізді нарықтық элементтердің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелділігін анықтайды.

Жүйенің әрбір элементі өндіріс, шығын және табыстылық (маржиналдық) факторларының ықпалына тәуелді болып, өз-геріп отырады.

"Шығын - көлем - пайда" талдауы - бұл негізінде шығын-ның, түсімнің (табыстың), өндіріс көлемінің және пайданың; басқарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез-кұлкының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қыз-меттің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге қысқа мерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Залалсыздыкты талдаудагы мақсат - ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

Залалсыздықты талдау шығындары тұрақты және өзгермелі деп бөлуге негізделгендіктен, бөлудегі нақтылыққа, яғни бөлу-дің неғүрлым нақтылығына қарай кабылданган шешім согүрлым орныкты болады. Мұндай бөлу өзіне тұрақты ретінде де, өз-гермелі ретінде қүраүшыларды қосатын аралас (жартылай өз-гермелі) деп аталатын шығындардың болуын белгілі бір дең-гейде киындатады,

Өндірістің залалсыздығын талдау аз уақыт ішіндегі сату көлемі, шығындар мен пайданың арасындағы өзара байланысты анықтап береді.

Талдау нәтижесі бойынша ұсыныс берілетін кезенде өндіріс қуаттылығы шектеулі.

Бұл арада басшылықка өндіріс көлемінің шиеленіскен ("өлі") сәтін, яғни сын көтермейтін осал тұсын анықтауға мүмкіндік ту-дыратын өнім шығарылымының талдауына баса назар аудар-тады. Барлық өнімді өткізуден түскен түсімге кәсіпорын шы-ғыны тең болатын өткізу көлемінің мұндай сәті, яғни шие-леніскен сәт деп аталады. Бұл жүйеде пайда да, зиян да болмайды.

Халықаралық тәжірибеде шиеленіскен сәтті анықтау үшін мына әдістер қолданылады: теңестіру, маржиналдық табыс, графикалық. Осыган орай, бухгалтерлік басқару есебінің жүйе-сінде залалсыздық нүктесін есептеу үшін тағы да үш әдіс қолданылады:

• математикалық (теңестіру әдісі);

• маржиналдык табыс (жалпы пайда);

• графикалық әдіс.

Математикалық әдіс (теңестіру әдісі) мына формула бойынша таза табысты есептеуге негізделген:

 

Әнімді Өткізудің осы Жалпы Өнімді
өткізуден көлеміндегі сомадағы өткізуден
түскен түсім өзгермелі шығын тұрақты шығын түскен таза табыс

Формула көрсеткіштерінің есептік ретін бөлшектегенде оны былайша (мына түрде) көрсетуге болады:

 

х бірлігінің саны өнім бірлігінің бағасы х бірлігінің саны бірліктегі өзгермелі шығын Жалпы сомадагы тұрақты шығын Өнімді өткізудеи түскен таза табыс

Бірлік санын формулада белгілейік, яғни залалсыздық нүктесіндегі өткізу көлемін - х арқылы, теңестірудің оң бөлігін 0-ге теңестіреміз (өйткені кәсіпорынның залалсыздык нүкте-сінде пайда жоқ) және мынаны аламыз.

Өнім бірлігінің -бағасы
Тұрақты ІІІыгын
х

Өнім бірлігінің өзгермелі шыгымы

 

Шиеленіскен сәт формула бойынша анықталады

 

X =

Тұрақты шығын

Өнім бірлігінің маржиналдык табысы

М ы с а л ы. Бір аптадағы тұрақты шығын 710 ақша бірлігін кұрады. Осы кезеңдегі өзгермелі шығын - 2980 ақша бірлігінде болады, өнім шығару - 1820 дана (штук). Осыған орай, өнім бірлігіндегі өзгермелі шығын 1,64 ақша бірлігін (2980; 1820) кұрады. Босату бағасы 2,5 ақша бірлігінде. Бір аптадағы өндіріс көлемінің ең жоғары шамасы 2200 дананы кұрады.

Шиеленіскен сәттегі өндіріс көлемі мынаған те

710 710

------------ =------- = 830 дана,

2,5-1,64 0,86

яғни, ақшалай өлшемде 2,075 ақша бірлігін (830 • 2,5) кұрады.

Сонымен, аптасына 830 дана - бұл ұйымның зиян шекпей жұмыс істегендегі сату көлемі.

Теңестіру әдісін құрылымдық жылжытудың ықпалын тал-дауда қолдануға болады. Өткізу - өткізуден түскен түсімнің жалпы сомасындағы өнімнің қатысты үлесін іріктеу ретінде қарастырылады. Егер құрылым өзгеретін болса, онда түсімнің көлемі міндеттелген шамаға жетеді, ал пайда аз болуы мүмкін. Пайдаға ыкпал ету ассортименттің қалай өзгергеніне байла-нысты - өнімнің аз пайдалылығы немесе жоғары пайдалылығы жағына қарай болады.

Маржиналдық табыс әдісі математикалык әдіске балама болып табылады. Маржиналдык табыстың құрамына пайда мен тұрақты шығын кіреді. Кәсіпорын өз өнімін - маржиналдық табысты тұрақты шығын сомасына теңестіріп, өткізуі керек. Осы арада тепе-теңдік нүктесіне қол жеткізіледі.

Маржиналдык табыс = Тұрақты шығын

немесе

Тұракт шығын
Өнім бірлігінің саны =

Өнім бірлігінің маржиналдык табысы х

Тұрақты шығын

Бұдан

Өнім бірлігінің маржиналдык табысы

Залалсыздык нүктесі =

Бұл үлгіні қолдана отырып, мына деректі аламыз:

710:0,86 = 830 дана

Маржиналдық табыс - бұл өнім өткізуден тускен түсім мен өзгермелі шығын арасындағы айырмашылык (егер есеп өткі-зілген өнімнің барлық көлемінде жүргізілетін болса) немесе өнім бірлігінің сату бағасы мен өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық.

Егер маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастасақ, онда пайданың шамасын аламыз.

Пайда = Маржиналдык табыс - Тұрақты шығын.

Маржиналдық тәсілдемені ішкі фирмалық жоспарлау мен шешім қабылдаудың аспабы ретінде карастыруға болады. Ол "шығын - көлем - пайда" талдауын жүргізу үшін керек. Шығын, шаруашылық қызметтің көлемі және пайданың арасындағы өз-ара байланысты қарастыруды пайдалылыктың табалдырығы де-ген анықтаумен жиі аталады (өндіріс көлемінің қиын шегі) немесе залалсыздық нүктесі.

Өнім маржиналдығы - бұл түсімге (бағага) проценттік қаты-наста көрінетін, өнім бірлігіне келетін маржиналдық табыс.

Алдағы кезеңдерге шешім қабылдау үшін маржиналдық табыс пен өткізуден түскен түсімнің (яғни, түсім процентінде маржиналдық табысты анықтау) арақатынасындағы есеп пай-далы деп саналады. Бұл үшін мынадай есеп жазылады:

100%.

Маржиналдық табыс (тенгемен) х

Өткізуден түскен түсім (теңгемен)

Маржиналдық табыс бағаны карастырумен, шығарылған өнімнің ассортиментінің өзгеруімен, өнім өткізуді ынталанды-руда сыйақының мөлшерін белгілеумен, жарнамалық компа-нияны өткізумен және басқа да маркетингтік операциялармен байланысты басқарушылык шешімнің негізіне жатады.

Маржиналдық талдау маржиналдық табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыга, өзгермеліге топтастыруға негізделген.

Мынаны есте ұстау керек "тұрақты" және "өзгермелі" ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтық шығынға

қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұрақты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз калады.

Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады:

1. Сату көлемі.

2. Өзгермелі шығын.

3. Маржиналдық табыс (1 т. - 2 т.).

4. Тұрақты шығын.

5. Операциялық пайда (сатудан түскен пайда) (3 т. - 4 т.).
Сонымен,

Маржиналдык табыс = Сату көлемі - Өзгермелі шығын;

Тұрақты шығын.
= Маржиналдык табыс -

Операциялык пайда (сатудан түскен пайда)

Осылайша, есеп беруде екі қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және пайда.

Кіріс туралы есеп беруде маржиналдық табыс сияқты қаржы көрсеткішін бөліп көрсету шығарылган өнім пайдалы немесе пайдасыз екенін анықтап береді. Өйткені, тұрақты шығын жеке жолмен көрсетілген, оның операциялық пайданы (сатудан түс-кен пайда) калыптастыруға ықпалы анық көрінеді.

Шартты түрдегі үлгімен, сонымен қатар, маржиналдық тэ-сілдеме деп аталатын шығындар мен табыстар туралы ақпа-ратты ұсынудың осындай сараптамалық мүмкіндігін көрсетейік.

М ы с а л ы. Апталык, қандай да бір кезең ішіндегі кәсіпорын жұмысының нәтижесі турапы ақпаратты қарастырғанда, сату көлемі 20 млн ақша бірлігін, сатудың толық езіндік кұны - 25 млн ақша бірлігін, оның ішінде өзгермелі шығын - 12 млн ақша бірлігін құрады.

Маржиналдык табыс = 20 млн ақша бірлігі - 12 млн ақша бірлігі = 8 млн ақша бірлігі.

8 млн ақша бірлігі
13 млн ақша бірлігі
- 5 млн ақша бірлігі

Операциялык пайда (сатудан түскен пайда)

Мұндай жағдайда өнім зиян шектіреді, оны өндіру тиімсіз, деп қорытынды жасалады.

Маржиналдык тәсілдемені пайдалану барысында сарапшылар мына сандармен жұмыс істейді:

• сату көлемі - 20 млн ақша бірлігімен;

• өзгермелі шығын - 12 млн ақша бірлігімен;

• маржиналдык табыс- 8 млн ақша бірлігімен;

• тұрақты шығын - 13 млн ақша бірлігімен;

• операциялык пайда - (-5) млн ақша бірлігімен.

Келтірілген сандар кәсіпорынның өнімді өндіру мен өт-кізуден 8 млн ақша бірлігінің сомасында табыс түсіргенін, яғни өнімнің пайдалылығын көрсетеді. Алайда, тұрақты шығын, яғни кәсіпорынды функциялаумен байланысты шығын шектен тыс көп және бұл зиян шектіреді. Әлбетте, залалды болдырмау үшін не маржиналдык табысты көтеру керек, не тұрақты шығынды кеміту қажет немесе бір мезгілде осы екі міндетті қатарынан шешіп көруге тырысу керек. Мысалы, маржиналдық табысты бағаны көтеру, өзгермелі шығынды кеміту, сатудың физикалық көлемін арттыру және т.б. есебінен көбейтуге болады. Осылай-ша, келесі шешімдерді қабылдау мен талдаудың мүмкіндіктері принципті түрде өседі.

Жалпы сомадагы тұрақты шығын
Өнімді өткізуден түскен түсім

Осы өткізу көлемінің өзгермелі шығыны

Графикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құ-рау негізінде өндіріс көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді.

Залалсыздық нүктесін (тепе-теңдік нүктесін) анықтау залал-сыздықты талдаудың орталық сәті (тендей етіп талдау) болып табылады. Әлбетте, осы көлемді көтеру барлық өсу ауқымында пайданың болуын қамтамасыз етеді, ал оны кеміту залалға сок-тырады.

Өндіріс көлеміндегі шығынның мінез-кұлқы мен пайданың экономикалык моделі кәсіпорынның каншалықты және қандай жағдайда өсу үстіндегі шығарылған өнімдерді өткізе алатынын білдіреді. Оның негізінде өндіріс көлемінің артуына, яғни өн-діріс көлеміне бағаны кемітудің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтауға болады.

Залалсыздық нүктесінің есебі мен оның талдауы тұрақты, өзгермелі шығындарды және өнімнің, жұмыстың, кызметтің өт-кізу көлемін басқарудың негізгі аспабы болып табылады. Мұн-дай тәсілдеме кәсіпорын қандай сату көлемінде залалға ұрын-байды, ягни кәсіпорын ақшасынан айырылатын сату көлемін анықтаута мүмкіндік береді.

Залалсыздык нүктесі - бұл кәсіпорын шығынның орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндет-телген бағамен сатудың физикалық көлем деңгейі; яғни залал-сыздық нүктесі - өзін-өзі өтеүшілік (самоокупаемость) элементі.

Кәсіпорынның табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл — өзін-өзі қаржыландыру элементі.

Залалсыздық нүктесінің есебі банкрот профилактикасы қажет. Ол кәсіпорынның құрылымында немесе оның қаржы жүйесінде өзгеріс болса кайта есептелуі мүмкін.

Графикалық әдіс (15-сурет) өндіріс көлемінің көптеген нақ-ты мүмкіндіктерінде шығын мен пайданың қалай өзгеретінін, сондай-ақ сатудың залалсыздығына және (немесе) міндеттелген пайданың шамасына қол жеткізу үшін қандай көлем қажет болатынын анық та қанық көрсетіп береді.

Пайда салымы

Пайда

Өзгермелі шығын

Тұрақты шығын

Өнім бірлігіндегі өндіріс көлемі (сату) 15-сурет. Залалсыздык графигі    

Жиынтық шығын

 

Залалсыздық графигін құруда мына жағдайлар шыгады:

• заттай бірліктегі өндіріс көлемі (сату) графйктің көлденең осінде көрсетілген, ал құндық көріністегі шығындар мен сату сатылас осінде бейнеленген;

• тұрақты шығын желісі абсцисс осіне косарлас (параллельді) етеді, өйткені олардың және өндіріс көлемінін (сатудың) арасында ешқандай байланыс жоқ;

• жиынтық шығын желісі тұрақты шығын шамасына сәйкес ординат осінің нүктесінен басталады, өйткені, егер сату болмайтын болса, онда өзгермелі шығын да болмайды, тек фирманы залалға ұрындыратын тұрақты шығын ғана болады. Сатудың өсуіне карай желі өнім бірлігінің өзгермелі шығын шамасының ординат осі бойынша өсу арқылы оң жаққа жоғарыға қарай бағыт алады;

• сатудан түскен түсім желісі нөлдік нүктеден басталады, өйткені, егер сату болмаса, онда түсім де болмайды ғой. Сату көлемінің өсуіне карай түсім желісі өнім бірлігінің сату бағасының ординат осі бойынша өсу арқылы оң жаққа жоғарыға қарай бағыт алады.

Талдаудың графикалық әдісін қолдану барысында фактор-лардың бастапқы қатынастары мен нәтижелендіретін көрсеткіш-тер (залалсыздық пен пайда нүктелері) тіркелген залалсыздық-тың бастапқы (негізгі) графигі негізге алынады. Содан соң талданған нұсқаға байланысты графикке сол немесе басқа факторлардың мағынасына сәйкес желі тартылады, бұл залал-сыздық нүктесінің мағынасына және пайда шамасына осы фак-торлардың өзгеруіне әсері көрінетін "қайта қалыптасқан" деп аталатын залалсыздық графигін алуға мүмкіндік береді.

Залалсыздық талдауы, сонымен бірге, өндірістің мүмкіндіктері мен нарықтың қажеттілігін қоса ескеретін сату бағасы және өнім бірлігіндегі (сатудың ақшалай бірлігі) тұрақты шығын мен өзгермелі шығын арасындағы қалыптасқан арақатынасынан болатын пайданың мүмкін немесе қажетті шамасына қол жеткізуге бағдарланған басқарушылық шешімнің нұсқаларын бағалауды да қарастыруды ұйғарады.

Мынаны есте ұстау қажет, залалсыздықты талдау барысында бірқатар ұйғарымдар кабылданады. Олардың негізгілері:

• өндіріс көлемі мен сату көлемі бірдей (тең);

• өнім бірлігінің сату бағасы сату көлемінің езгеруіне қарай өзгермейді;

• қолданылатын материалдың, қызметтің бағалары мен еңбекақы өзгермейді;

• кәсіпорынның шығынын тұрақты және өзгермеліге нақты белуге болады;

• тек бір ғана тепе-теңдік (залалсыздық) нүктесі болады;

• өнімнің бір түрі өндіріліп, сатылады және көп номенклатуралы өндірісте сатудың тұрақты құрылымы сакталады;

• тек өндіріс көлемінің қолайлы диапозоны деп аталатын, яғни шығын, сату көлемі және пайданың арақатынасынан анықталатын кәсіпорынның іскер белсенділігінің интервалы талданады. Бұл диапозон болмаса осы заңдылық бұзылуы ықтимал, ал қабылданатын шешім дұрыс болмайды.

Нақты жағдайда бірқатар ұйғарымдар сақталмайды, бұл талдаудың нәтижесіне, ішінара кабылданатын шешімге кері әсерін, яғни кесірін тигізеді.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 715 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар.| Нім шығару мен сатудың көлемін және ассортиментін жоспарлау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)