Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы калькуляция 13 страница

Жоспарлы калькуляция 2 страница | Жоспарлы калькуляция 3 страница | Жоспарлы калькуляция 4 страница | Жоспарлы калькуляция 5 страница | Жоспарлы калькуляция 6 страница | Жоспарлы калькуляция 7 страница | Жоспарлы калькуляция 8 страница | Жоспарлы калькуляция 9 страница | Жоспарлы калькуляция 10 страница | Жоспарлы калькуляция 11 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Нарықты қалыптастыру және оны реттеудің әдісін әзірлеу сұраныс, ұсыныс, баға тәрізді нарықтық элементтердің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелділігін аныктайды.

Жүйенің әрбір элементі өндіріс, шығын жэне табыстылық (маржиналдық) факторларының ықпалына тәуелді болып, өзгеріп отырады.

"Шығын - көлем - пайда" талдауы - бұл негізінде шығынның, түсімнің (табыстың), өндіріс көлемінің және пайданың; баскарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез-кұлқының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге. қысқа мерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін,осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Залалсыздықты талдаудағы мақсат - ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) -өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

Залалсыздыкты талдау шығындары тұрақты және өзгермелі деп бөлуге негізделгендіктен, бөлудегі нақтылыкқа, яғни бөлудің неғұрлым нақтылығына қарай қабылданған шешім соғұрлым орнықты болады. Мұндай бөлу өзіне тұрақты ретінде де, өзгермелі ретінде кұраушыларды қосатын аралас (жартылай өзгермелі) деп аталатын шығындардың болуын белгілі бір деңгейде қиындатады.

Өндірістің залалсыздығын талдау аз уақыт ішіндегі сату көлемі, шығындар мен пайданың арасындағы өзара байланысты анықтап береді.

Талдау нәтижесі бойынша ұсыыыс берілетін кезеңде өндіріс қуаттылығы шектеулі.

Бұл арада басшылыққа өндіріс көлемінің шиеленіскен ("елі") сәтін, яғни сын көтермейтін осал тұсын анықтауға мүмкіндік тудыратын өнім шығарылымының талдауына баса назар аудартады. Барлық өнімді өткізуден түскен түсімге кәсіпорын шығыны тең болатын өткізу көлемінің мұндай сәті, яғни шйеленіскен сәт деп аталады. Бұл жүйеде пайда да, зиян да болмайды.

Теңестіру әдісін кұрылымдық жылжытудың ыкпалын талдауда колдануға болады. Өткізу - өткізуден түскен түсімнің жалпы сомасындагы өнімнің қатысты үлесін іріктеу ретінде қарастырылады. Егер кұрылым өзгеретін болса, онда түсімнің көлемі міндеттелген шамаға жетеді, ал пайда аз болуы мүмкін. Пайдаға ықпал ету ассортименттің қалай өзгергеніне байланысты - өнімнің аз пайдалылығы немесе жоғары пайдалылығы жағына қарай болады.

Маржиналдық табыс әдісі математикалық әдіске балама болып табылады. Маржиналдық табыстың құрамына пайда мен тұракты шығын кіреді. Кәсіпорын өз өнімін - маржиналдық табысты түрақты шығын сомасына теңестіріп, өткізуі керек. Осы арада тепе-тендік нүктесіне қол жеткізіледі.

Маржиналдық табыс бұл өнім өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын арасындағы айырмашылық (егер есеп өткізілген өнімнің барлық көлемінде жүргізілетін болса) немесе өнім бірлігінің сату бағасы мен өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық.

Егер маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастасақ, онда пайданың шамасын аламыз.

Пайда= Маржиналдық табыс-Тұрақты шьғын.

Маржиналдық тәсілдемені ішкі фирмалык жоспарлау мен шешім кабылдаудың аспабы ретінде карастыруға болады. Ол "шыгын - көлем - пайда" талдауын жүргізу үшін керек. Шығын, шаруашылық қызметтің көлемі және пайданың арасындағы өзара байланысты қарастыруды пайдалылыктың табалдырығы деген анықтаумен жиі аталады (өндіріс көлемінің қиын шегі) немесе залалсыздык нүктесі.

Өнім маржиналдығы - бұл түсімге (бағаға) проценттік қатынаста көрінетін, өнім бірлігіне келетін маржиналдықтабыс.

Алдағы кезендерге шешім кабылдау үшін маржиналдық табыс пен өткізуден түскен түсімнің (яғни, түсім процентінде маржиналдык табысты анықтау) арақатынасындағы есеп пайдалы деп саналады. Бұл үшін мынадай есеп жазылады:

 

Маржиналдық табыс (теңгемен) *100%

Өткізуден түскен түсім (теңгемен)

 

Маржиналдық табыс бағаны қарастырумен, шығарылған өнімнің ассортиментінің өзгеруімен, өнім өткізуді ынталандыруда сыйақының мөлшерін белгілеумен, жарнамалык компанияны өткізумен және басқа да маркетингтік операциялармен байланысты басқарушылық шешімнің негізіне жатады.

Маржиналдык талдау маржиналдық табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.

Мынаны есте ұстау керек "тұрақты" және "өзгермелі'" ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтык шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұракты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз калады.

Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады:

1. Сату көлемі.

2. Өзгермелі шығын.

3. Маржиналдықтабыс (1 т. - 2 т.).

4. Тұрақты шығын.

5.Операциялық пайда (сатудан түскен пайда) (3 т. - 4 т.).

Сонымен,

Маржиналдық табыс = Сату көлемі - Өзгермелі шығын;

Операциялық пайда = Маржиналдық табыс -Тұрақты шығын.

Осылайша, есеп беруде екі қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және пайда.

Кіріс туралы есеп беруде маржиналдык табыс сияқтьі каржы көрсеткішін бөліп көрсету шығарылған өнім пайдалы немесе паидасыз екенін анықтап береді. Өйткені, тұрақты шығын жеке жолмен көрсетілген, оның операциялық пайданы (сатудан түскен пайда) қалыптастыруға ықпалы анық көрінеді.

Маржиналдық тәсілдемені пайдалану барысында сарапшылар мына сандармен жұмыс істейді:

• сату көлемі - 20 млн ақша бірлігімен;

• өзгермелі шығын - 12 млн ақша бірлігімен;

• маржиналдықтабыс- 8 млн акшабірлігімен;

• тұракты шығын- 13 млн ақшабірлігімен;

• операциялык пайда - (-5) млн ақша бірлігімен.

Келтірілген сандар кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуден 8 млн ақша бірлігінің сомасында табыс түсіргенін, яғни өнімнің пайдалылығын көрсетеді. Алайда, тұрақты шығын, яғни кәсіпорынды функциялаумен байланысты шығын шектен тыс көп және бұл зиян шектіреді. Әлбетте, залалды болдырмау үшін не маржиналдық табысты көтеру керек, не тұракты шығынды кеміту қажет немесе бір мезгілде осы екі міндетті қатарынан шешіп көруге тырысу керек. Мысалы, маржиналдық табысты бағаны көтеру, өзгермелі шығынды кеміту, сатудың физикалық көлемін арттыру және т.б. есебінен көбейтуге болады. Осылайша, келесі шешімдерді қабылдау мен талдаудың мүмкіндіктері принципті түрде өседі.

Графикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құрау негізінде өндіріс көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді.

Залалсыздық нүктесін (тепе-теңдік нүктесін) анықтау залалсыздықты талдаудың орталық сәті (теңдей етіп талдау) болып табылады. Әлбетте, осы көлемді көтеру барлық өсу ауқымында пайданың болуын қамтамасыз етеді, ал оны кеміту залалға соқтырады.

Өндіріс көлеміндегі шығынның мінез-құлқы мен пайданың экономикалық моделі кәсіпорыннын, каншалықты және қандай жағдайда өсу үстіндегі шығарылған өнімдерді өткізе алатынын білдіреді. Оның негізінде өндіріс көлемінің артуына, яғни өндіріс көлеміне бағаны кемітудің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтауға болады. Залалсыздық нүктесінің есебі мен оның талдауы тұрақты, өзгермелі шығындарды және өнімнің, жұмыстың, қызметтің өткізу көлемін басқарудың негізгі аспабы болып табылады. Мұндай тәсілдеме кәсіпорын қандай сату көлемінде залалға ұрынбайды, яғни кәсіпорын ақшасынан айырылатын сату көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Залалсыздык нүктесі - бұл кәсіпорын шығынның орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндеттелген бағамен сатудың физикалык көлем деңгейі; яғни залалсыздық нүктесі - өзін-өзі өтеушілік (самоокупаемость) элементі.

Кәсіпорынның табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл - өзін-өзі қаржыландыру элементі.

Залалсыздық нүктесінің есебі банкрот профилактикасы қажет. Ол кәсіпорынның құрылымында немесе оның қаржы жүйесінде өзгеріс болса қайта есептелуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1. Икемді сметамен статикалық сметаның айырмашылықтары.

2. Ауытқуды басқарудың тиімді жақтары.

3. Нормативтік шығындарды калькуляциялауды түсіндіре алу.

4. Матермалдар, негізгі еңбек бойынша және үстеме шығындар бойынша ауытқуды есептеу.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2009 ж. *

2Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық / Алматы: Экономика, 2005ж.*

3Тайғашинова Қ.Т. Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: LEM, 2011 ж.*

Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие/ Алматы: LEM, 2010 г.*

4Төлегенов Э.Т. “Басқару есебі”. Алматы,2006 ж.

5Алданиязов К.Н. Управленческий учет и анализ (электронный ресурс). Учебное пособие – электронная приклодная программа (50,2 Мб)/ Алматы: Нур-пресс, 2008 г.*

15-Тақырып. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау

Дәріс мақсаты: қаржы салымдары сметасын құруды, инвестицияларды бағалау әдістерін оқыту

1.Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау

2Мекеме қызметін жоспарлау, оны бақылау

1.Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау

Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау -компания басшылығының алдында тұрған аса маңызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезендегі қызметті бес, он, тіпті одан да көп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.

Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі каржы жүмсалымы туралы үсыныстың экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі каржы шығын көзіне карыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мүндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.

Ұзақ мерзімді капиталға - кұрылысқа, жылжымайтын мүлікке, жабдыққа және т.б. қаржы жұмсау тән. Бүгінгі танда жүзеге асырылып отырған материалдық қаражатқа күрделі қаржы жұмсаумен байланысты инвестициялық шешім белгілі бір дәрежеде фирманың техникалық және технологиялық деңгейін, оның алдағы кезеңдегі жемісті жұмысының ойдағыдай болуын анықтайды.

Инвесторлар бағдар ретінде үстанатын мақсаттардың екі негізгі тобын бөліп қарастыруға болады:

1. Ақша түрінде көрініс табатын мақсаттар - пайданы немесе тауар айналымын арттыру, шығындар мен инвестициялық шығыстарды кеміту.

2. Ақша түрінде көрініс таппайтын мақсаттар - әйгілі болуға, мәртебелі орынға ұмтылу, тиісті нарық сигментін жаулап алу, тәуелсіздік немесе қандай да бір әлеуметтік
бағдарламаны жүзеге асыру.

Бірінші топтағы мақсатты қарастырайық. Оны жетістікке жеткізу үшін сандық әдісті қолдануға болады. Белгілі бір сандық мақсатқа қатысы бойынша оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын сандық әдіс инвестициялық есептер деп аталады.

Инвестицияны негіздеу әдісі статистикалық және динамикалық деп екі топка бөлінеді.

Инвестициялық есептің статистикалық әдісі мынадай жағдайларда: инвестициялық шығын кезең басында жүзеге асырылып, оның пайда түсіретін нәтижесі кезең аяғында болатын тек бір кезеңі қарастырылғанда; сонымен бірге бірқатар ұзақ мерзімді жоба орташа жылдық көрсеткіштерді аса қиындықсыз сипаттағанда қолданылады.

Статистикалық әдісті қолдану барысында барлық қарастырылатын инвестициялық жобалар салыстыруға келетіндей болуы керек, яғни критерийлік көрсеткішті (пайда, шығын және пайдалылық) қоспағанда барлық жобаның көрсеткіштері бірдей болуы керек. Орташа жылдық пайда орташа жылдық табыс пен орташа жылдық шығын арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Дәстүрлі шығын бабынан басқа шығындардың құрамында белгілі бір жобаға капиталды ұзақ мерзімді жұмсаудағы инвестор табысының ысырап болуы ескеріледі.

Инвестициялық есептің динамикалық әдісі мынадай жағдайда, егер жоба ұзақ мерзімді сипатта болып, ал инвестордың табысы мен шығыны бұл кезең ішінде елеулі өзгеретін болса; оның үстіне, жыл бойынша жобаны жүзеге асыру кезінде табыстар мен шығындардың уақыт ішінде өзгеруін сипаттайтын ұзақ мерзімді жобаларда қолданылады.

2Мекеме қызметін жоспарлау

Шығын туралы деректер көптеген басқару шешімдерінде шешуші мәнге ие. Бұрын шығынның мінез-құлық проблемалары мен басқару есебінің негізіне аса кажетті «шығын - мөлшер –пайда» моделі бойынша талдау қарастырылып келген болса, ендігі жерде бұл жинақталған білімді шамамен аса көп емес уақыт аралығында да, есептелген айтарлықтай кезеңде деұтымды басқару бойынша шешім қабылдауда пайдалануға болады.

Жоспарлау - бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің срекше тұрпаты. Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Алдағы кезеңге құрылған жоспар төрт-бес жылдың ішіндегі, тіпті одан да ұзақ кезендегі келешектегі оқиғалардың дамуына қатысты әкімшіліктің ұйғарымдарын жиынтықтайды. Ұзақ мерзімді жоспарлаудың міндеті - бүгінгі танда немссс жақын арада арнайы шараларды қабылдауды талап ететін кажеттіліктер мен сұрау салуларды қарастырады (мысалы, қуаттылықты арттыру немесе жаңатауар шығару немесе жаңа өткізу нарығын ұйымдастыру мақсатындағы жаңа кәсіпорынға күрделі қаржы жұмсау). Кәсіпорын ұзақ жылдардың ішінде қандай да бір оқиғаның дамуына аяқ астынан ұрылып қалмауы керек. Кәсіпорын басшылығы болашаққа қам жасауы керек, өйткені кәсіпорынның негізгі өнім түрі, айталық он жылдың ішінде жеткілікті дәрежеде пайда әкеледі деп кесіп айту қиын. Жоспарлау процесінде мына сауалдарға жауаптар әзір болуы керек: кәсіпорын неге ұмтылады; алдына койған міндеттерін қашан және қалай шешеді? Егер басшылық бұл мәселелерде бір келісімге келетін болса, онда ұзақ мерзімді және қыска мерзімді жоспардан тұратын қолданысқа енгізетін бағдарламаны әзірлеуге кірісуі керек. Қысқа мерзімді жоспар рет-ретімен жасалатын жылдық бюджетті білдіреді (яғни, кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарын жақын келешектегі қажеттіліктерге колданып, нақтылай түседі).

Жоспарлау мен бақылау кәсіпорынды басқарудың аса қажетті шарты болып табылады - бұл процесс кәсіпорынның белгіленген жоспарға сәйкес мақсатқа кол жеткізуін білдіреді. Жоспарлау процесі бақылау процесімен ажырағысыз байланыста болады. Жоспарлау мен бақылаудын негіздерінде көбінесе бухгалтерлік есеп жүйесі мен статистикалық есеп беруде жиналатын қаржылық және өндірістік ақпараттардың өткен шақтағы талдауы жатады.

Бақылау және реттеу - ауытқуларды анықтау және алшақтықтарды түзету мақсаттарында жоспарлы көрсеткіштер мен нақты нәтижені салыстыруды білдіреді. Бұл келтірілген нақты нәтижелердің жоспарлануына сәйкес бағытталған немесе одан әрі жүзеге асыруға жарамайтыны анықталса, жоспарды қайтадан қарастыратын әрекет түрінде де көрінуі мүмкін. Бакылау және реттеу процесі ұзақ мерзімді жоспардың жүзеге асатынын немесе аспайтынын бағалауға мүмкіндік береді; күрделі проблемаларды шешеді; келешекте зиянды болдырмау үшін мақсаттар мен міндеттемелерді өзгерту шараларын қабылдайды. Егер алдыға койған мақсатқа қол жетпейтіні анықталатын болса, онда бақылау мен реттеу процесінде алынған мәліметтерді компанияның мақсаттары мен ұзақ мерзімді жоспарын қайтадан қарастыруда қолданады.

Ұйымдастырушылық процестің ажырамас бөлігіне кәсіпорынды топтарға, бөлімдерге, секцияларға, бөлімшелерге және т.б. бөлу жатады. Мұндай бөлімшелерді құру ұйымдастырушылық сипатында пайда болатын міндеттерді мынадай жолмен - басшылық өз шешімдерін басқаруы үшін оңтайлы жағдай тудыруды қамтамасыз ететіндей жүйелеуге мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп ұғуға болады. Осыған орай бюджет (немесе смета) -бұл жоспар. Жоспарлаудың нағыз нақтыланған деңгейіне жататын - бюджеттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойынша жекелеген бюджеттерді әзірлеу процесін білдіреді.

Бюджет үғымына тоқталмастан бұрын терминология проблемасын қолға аламыз. Әдеттегі "бюджет" ұғымын біз санамызда "бюджет тапшылығы" дейтін сөз тіркесі әбден сіңісті болғанотбасылық, жергілікті. федералдық, мемлекеттік тәрізді анықтамалармен байланыстырып қарауға үйренгенбіз. Басқару есебінде дербес есеп түріндегі "бюджет" термині батыс елдеріндесмета (кірістер мен шығыстардың сметасы) ретінде біздің ұғымға жақын басқаша мағынада қолданылады.

Бюджет дегенде, әдетте жоспарлы табысты және немесешығынды көрсететін, белгілі бір уақыт мерзіміне дейін әзірленіп, қабылданған ақша түріндегі сандық жоспарды ұғамыз.

Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанынбағалаудың негізі болып табылады.

Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.:

Бұл—бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды-бір-саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлықұйымдардың, оныңжекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.

Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде кол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі қызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.

Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:

• оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;

• тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;

• стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.

Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:

• кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;

• тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және қызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;

• шаруашылық кызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;

• қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.

Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:

Оперативті жоспар - ұйымның өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.

Оперативті-күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру максаты мен тактикалық жоспардын, көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалык әзірлігін, оның материалдық-техникалық камтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бәрін қосып, біртұтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.

Әкімшілік (тактикалық) жоспары - ұйымдык құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалык жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.

Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.

Стратегиялык жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдык жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек кажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзак мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.

Стратегиялық жоспарлау арқылы бизнес саласындағы қызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы
керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді анықтайды. Стратегиялык жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 421 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы калькуляция 12 страница| Жоспарлы калькуляция 14 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)