Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы калькуляция 8 страница

Жоспарлы калькуляция 1 страница | Жоспарлы калькуляция 2 страница | Жоспарлы калькуляция 3 страница | Жоспарлы калькуляция 4 страница | Жоспарлы калькуляция 5 страница | Жоспарлы калькуляция 6 страница | Жоспарлы калькуляция 10 страница | Жоспарлы калькуляция 11 страница | Жоспарлы калькуляция 12 страница | Жоспарлы калькуляция 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Дәріс мақсаты: нақты және нормативті шығындар есебін оқып үйрету.

Дәріс сұрақтары:

1.Өндірістегі нақты шығындар есебі мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау

2.Нормативтік калькуляция.

1. Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен - оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құның нормативті тәсілмен өндіріс процесіндеақ калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады. Анығында, мұндай бөлудің өндірістік процестің ұзақтығы есепті кезеңнің ұзақтығынан аспайтын жағдайында ғана мәні бар. Ұзак циклділігі бар өндіріс үшін нормативті өзіндік құн жайлы айтудың қажеті жоқ, өйткені есептің нормативті тәсілін қолданғанда, уақытты үнемдеу, норманы жасау мен түзеуге кеткен еңбек шығынын ұлғайту арқылы өзін-өзі ақтамайды. Тәжірибеде нормативті және нақты тәсілдер арасындағы тандау мәселесі, әдетте, объективті себептер тұрғысында шешіледі. Мәселе мынада, ұзаққа созылатын өндіріс көбіне бірен-саран немесе өте ұзақ сериялы (кеме және самолет жасау, ауыр машина жасау, қымбат жиһаз жасау, кұрылыс және т.б.) болады, ал мұндай өндіріс үшін нормативті тәсіл тіптен қолайсыз. Ол үлкен сериялылықта және көп номенклатуралық өндірісте, өнім бірлігін дайындау үшін қажетті операциялардың көп саны мен сан түрлілігінде тиімді қолданылады.

Шығындар есебінің нормативті тәсілін қолданудың мүмкіндігімен қажеттілігі туралы шешімді қабылдау нормалар мен шығыстар сметасын дайындау мен үнемі түзеу жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс. Басқаша айтсақ, ұйымдық құрылымда негізгі нормамен нормативті қалыптастыруды нақты шығындардың нормативтілерден ауытқуы талдауды, іс жүзіндегі норманы түзеу мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар әзірлеуді, өнімнің нақты өзіндік құнын азайтуды жүзеге асыратын арнайы бөлімшенің (жоспарлы бөлім, экономикалық қызмет және т.б.) бар болуы қарастырылған. Мұндай жағдайсыз есептің нормативті тәсілін енгізу ұйымға нақты пайда әкеле алмайды.

Екі тәсіл де түпкілікті шотта өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау мен көрсетуге бағытталған, бірақ біріншісі - шығындарды тікелей есептеу жолымен, ал екіншісі - нормадан ауытқу арқылы көрсетеді.

Нақты шығындарды есептеу - қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көрсетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды дәйекті жинақтау тәсілі.

Нақты өзіндік кұн есебінің жүйесі өз еліміздегі кәсіпорындарда дәстүрлі және кең тараған болып табылады және белгілі принциптерге сай жүргізіледі:

өндіріске шыққан алғашқы бастапқы шығындарды бухгалтерлік есептің шоттары жүйесінде толық көрсету;

шығындарды өндіріс процесінде пайда болған сәтінде есептік тіркеу;

шығындарды өндіріс түрлері, шығыс сипатына, пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша жинақтау;

нақты шығындарды есеп пен калькуляциялау объектілеріне қатысты ету;

• нақты көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыру.

Есепті кезеңнің нақты шығындарының шамасы қолданылған ресурстардың нақты санын нақты бағаларына көбейту жолымен есептеледі. Ең ақырында нақты өзіндік құн анықталады.

Нақты өзіндік құн бойынша есептің құндылығы есептің қарапайымдылығында.

Алайда бұл жүйенің бірқатар елеулі кемшіліктері бар:

• толық өзіндік құн есебі шығындарды жою үшін ұсыныстар бермейді;

• басқарушы құрамды бухгалтерлік ақпаратпен жедел қамтамасыз етпейді; өйткені өнімнің өзіндік құны туралы мәліметтер өнім жасалған есепті кезеннен кейін ұсынылады, яғни өнімсіз еңбек пен материал шығындарын шұғыл шаралар қабылдау жолымен болдырмау мүмкін емес;

• қолданылған ресурстар санымен олардың бағаларын бақылау үшін нормативтердің болмауы сондықтан, ауытқу себептерін талдау мүмкіндігі жоқ;

• бұл жүйе өндірістің негізгі факторларын оны айқындау үшін алғышарттар жасамайды;

• еңбек сыйымдылығының "тарихи" өзіндік құнының есебі, шаруашылық фактілерін тіркеу бойынша көп артық жұмыс істеуді талап етеді;

• әкімшілікке уақытылы шаралар қабылдау жолымен жоюға болатын, өнімсіз еңбек пен материал шығындары туралы шұғыл дабыл қағудың мүмкін еместігі.

Осылайша, "тарихи" шығындардың есебі ресурстарды пайдалануды шұғыл бақылаудың өндірісті ұйымдастыруда артық жұмсау мен кемшіліктердің себебін ашу мен жоюды, технологиялық процестердің бұзылуын, ішкі резервтерді іздестіру мүмкіндігін болдырмайды. Бұл кемшіліктер басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты өзіндік құнының есебін қолдануды шектейді.

Сондықтан нормативті шығындардың есебі, әсіресе нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында ең озық нұсқаға айналды.

2. Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

• шаруашылықтагы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақтылы ескерту;

• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердін санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.

4. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.

5. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;

• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет;

• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;

• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;

• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

Әрбір тармаққа жеке тоқталайық.

Нормативтік әдіс бойынша жұмысты ұйымдастыру табыс табумен байланысты материал, еңбекақы және басқа "шығындарды анықтау мақсатындағы технологиялық және нормативтік картаны жасаудан басталады. Нормативтік картаның негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляция жасалады. Ол қолданыстағы өндіріс технологиясынан, уақыт нормасынан, еңбекақыны бағалаудан, жөнелтпе құжат шығындарының тоқсандық сметасында бекітілген материалдар мен сатымдық жартылай дайындалған өнімнің қолданыстағы бағасына ықпал ететін бастаулық жиынды (черновой массы), таза жиыны (чистый массы) мен қалдықтарын қоса көрсететін материалдар мен сатымдық жартылай дайындалған өнім шығындарының нормасынан жасалады.

Үдемелі нормалар мен нормативтер - шығынға қарсы механизмнің маңызды элементі, өндіріс тиімділігін арттырудың өнімнің өзіндік құнын жоспарлауды, есебі және калькуляциялауды жетілдірудің бірден-бір шарты.

Норма - бұл нақты еңбек пәні шығынының және технологиялық процестін, әр түрлі операцияларына кететін жұмыс уақыты шығынының немесе өнім дайындаумен байланысты еңбек құралын функциялау шығынының белгілі бір шекке дейін болатын абсолютті шамасы.

Нормативтер, мысалы, металды пайдалану коэффициентін, жабдық жұмысының тәртіптемесін сипаттайтын салыстырмалы шама.

Техникалық-экономикалық норманы және нормативті әзірлеу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Нормативтік шығын дегеніміз, әдетте дайын өнім бірлігі есебінде көрініс табатын алдын ала мұқиат анықталған нақты іс жүзіндегі шығынды білдіреді. Оған өндірістік шығынның барлық үш элементі кіреді - тікелей материалдық шығын, тікелей еңбек шығыны және жалпы өндірістік шығын.

Өндіріске өнім материалы белгіленген қатаң шектеумен беріледі. Материалды босатуды шектеу материалдық қолданыстағы үдемелі шығын нормасы, айдың басында цех шығындамаған материал қалдықтары қоса есептелетін өндірістік бағдарлама көлемі негізінде мақсатты тәртіппен жүзеге асырылады. Белгіленген шектеуден тыс материал босатуды құжаттау мұндай материал босатуға қажеттілік туғызған, яғни мәжбүрлігі себепті талдауды және оперативті бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Шығын есебі айдың басындағы қолданыстағы норманы және осы нормадан ауытқуды жеке жүргізуде себептер мен кінәлілер бойынша қолданыстағы нормадан ауытқудың пайда болу сәтін ескеруге мүмкіндік береді, бұл үшін арнайы код әзірленеді. Нормадан нақты шығынның ауытқуы өнім түрлері мен шығын баптары бойынша ескеріледі, ал олардың иесіздік есебі барысында (а при их обезличенном учете) ауытқу сомасы калькуляция баптары бойынша нормативтік шығындарға жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құндарын үйлесімділікпен (пропорционал) бөлуді білдіреді.

Әр түрлі себептерден болатын нормадан ауытқуды оған себепші болған кінәлілерді және оның себебі қоса көрсетіліп ең бастапқы құжаттармен (сигнальными документами) ресімделеді.

Нормадан ауытқу есебі жабдықтың, шикізаттың, материалдық техникалық ерекшеліктеріне, олардың шығынын және өндірістің технологиялык процесін нормалауға қарай ұйымдастырылады. Нормадан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану сапасы, толық құнды материалдың орнына қалдықтарды қолдану және т.б. факторлар әсер етеді.

Оның үстіне материал, еңбек, энергия және басқа да шығындарды ауыстыру, кеміту немесе артгыру салдарынан болатын өзгерістерге байланысты нормадан ауытқулар орын алып тұрады. Барлық норма өзгерісі әдетте келесі есептік кезеңнің бірінші күніне орайластырылады және олар норманы енгізу сәтінен қолданылатын нормативтік калькуляцияда көрсетілуі керек.

Өндірістің жиынтық шығын есебі жиынтық шығын есебінің тізімдемесінде жүргізіледі. Калькуляция объектісі біртекті бұйымдардың жекелеген түрлері немесе тобы болып табылатындықтан тізімдемедегі аналитикалық шоты біртекті өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін дайындау бойынша шығын есебін ашады.

Бұйымның бір түрін өндірудің шығын есебінде өндірістің есеп тізімдемесіндегі шығарылымның нормативтік өзіндік құны есептік ай (кезең) үшін норма бойынша есебі нақты шығарылған өнімнің санына шығынның әр бабы бойынша нормативті көбейту жолымен алынады. Ал біртекті өнім өндірісіндегі топтастырылған шығын есебінде шығарылған өнімнің нормативтік құнын табу үшін осы топқа кіретін әр өнім түрінің нормативтік құндарының мәліметі жасалады және бұл мәлімет қорытындысы калькуляция баптары бойынша өндірістің есеп тізімдемесіне жазылады.

Нормативтік шығын бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі онымен анықталатын нормативтік нақты шығынның ауытқуын бөлшектеп талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, әр жауапты орталықтардың ауытқуы әрбір элемент бойынша анықталуы керек және ресурстардың бағасы мен санына сәйкес талдануы қажет. Бухгалтер менеджерлерге ауытқудың қай жерде болғанын дәл көрсетіп көмектессе, ал жауапты басшылар ауытқудың себебін табу үшін аса қажетті зерттеу жүргізеді (бухгалтер жекелеген процестегі нақты материалдың өтуі барысынданегізгі материал бойынша ауытқуды анықтауына болады, бірақ жауапты орталықтардың басшылары бұл процесті зерттеп, артық шығынның себебін табуы керек). Мұндай зерттеудің нәтижесі тиісті түзетуші болуы керек, ал, егер ауытқу норманың ұдайы өзгеруінен болатыны анықталса, онда оны өзгерту қажет. Нормативтік шығын есебінің жүйесі ауытқуды бөлшектеп талдауға мүмкіндік тудырады. Мәселен, әрбір жауапты орталықтардың ауытқуын шығын элементі бойынша анықтауға болады (материал, еңбек, үстеме шығындар).

Тиімді бақылауға әр жауапты орталықтардың кезендегі нормативті шығындарын жалпы нақты шығындармен салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Өнім бірлігіне нормативтік және нақты шығындарды салыстыру өндірістің қай кезеңінде ауытқу жіберілгенін анықтай алмайды. Өнім бірлігін өндірудегі шығынның ауытқуын талдауда шығын тиімді бақылауға келмейді.

Өнім бірлігінің нақты өзіндік құны шығын баптары бойынша нормативтерді калькуляция нормативтерінен жазатын өнім бірлігінің өзіндік құн есебінің тізімдемесінде есептеледі, ал норманың өзгеру және нормадан ауытқу сомалары өндірістің есеп тізімдемесінде көрсетілген индекстердің негізінде анықталады.

Тігін, аяқ киім, тоқыма, резина кәсіпорындарында және жоспарлы нормалары әрекетке жақын басқа өнеркәсіп салалары нормативінің орнына өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жоспарлы калькуляция қолданылуы мүмкін. Нормативті, жоспарлы және есептік калькуляцияны жасауда шығын баптарының бірыңғай номенкалатурасын қолдану аса қажет.

Өнімнің нақты өзіндік құны нормативті өзіндік құнға қосу жолымен немесе одан есептік кезеңде анықталған нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін шегеру арқылы есептеледі.

Нормативті есеп әдісінің артықшылығы - оперативтілігінде. Өнімнің нормативтік өзіндік құны оны өндіру басталғанға шейін есептеледі. Нақты өзіндік құн - өндіру аяқталғанда есептеледі. Нақты өзіндік құн есебінің екі алгоритмі болуы мүмкін. Бірінші жолы - нақты өзіндік құнды нормадан ауытқуға және норманың өзгерісіне қарай түзелетін нормативтік өзіндік құн ретінде санау (қосу немесе алу). Норманың ауытқуы мен өзгеруі бір айда, яғни есептік кезеңнің ішінде оперативті (жылдам) анықталатындықтан идеалда нақты өзіндік құн өнімді дайындау процесінің аяқталуынан кейін қалағаныңызша дереу алуыңыз мүмкін. Екінші жолы - нақты өзіндік құнды дәстүрлі әдіспен есептеу, содан соң нақты өзіндік құнды оның нормативті (жоспарлы) шамасымен салыстыру арқылы анықтау. Бұл жағдайда есеп айырысу есептік кезең біткеннен кейін орындалуы мүмкін, яғни оперативті шығын есебі оның одан кейін болатын есебімен ауыстырылуы мүмкін, демек, нормативтік әдіс мұндай орындауда барлық мағынасынан айырылады.

Нормативтік шығын есебінін әдісі мен калькуляциясын пайдалану барысындағы бухгалтерлік жазудың схемасында «Дайын өнім» шоты қолданысқа енеді. Шот дебеті бойынша өткізілген жұмыстың және көрсетілген қызметтің, өндірістен шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (корреспонденциясында «Негізгі өндіріс» шотымен) көрініс табады. Кредит бойынша өткізіліп тапсырылған жұмыс, қызметтің, өндірілген өнімнің нормативтік өзіндік құны «Өткізілген дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) корреспонденциясында өзіндік құны» шотымен) көрініс табады.

Шығын есебі аталып көрсетілгендей белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі, нақты шығынның нормативтен ауытқуы аналитикалық есепте жеке тіркеледі.

4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау

Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

• шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақытылы ескерту;

• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Нақты шығындар дегеніміз не?

2. Нақты шығындар есебінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?

3. Нормативтік шығындарға түсінік беріңіз?

4. Ұйымның нормативтік базасына қойылатын талаптарды атаңыз?

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*

2. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.

3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., Юнити, 2005 г. *

4. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г. *

5. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.

 

8 тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы

Дәріс мақсаты: ауытқулар және оның пайда болуына түрткі болатын себептер, ауытқу түрлеріне толық тоқталу.

Дәріс сұрақтары:

1. Шығындар және сату көлемі бойынша ауытқу.

2. Негізгі материалдар ассортименті бойынша ауытқуды талдау

3. Ауытқуды талдау: өндірістік өнімнің шығымы бойынша.

1. Нормативтік шығындардан ауытқу дегеніміз жоспарланған, қарастырылған бюджетпен, немесе нормативтік шығындар мен нақты шығындар арасындағы айырмашылық.Нормативтік шығындардан ауытқу нормативтік шығындарды нақты шығындармен салыстырғанда пайда болады. Өзіндік құнды (шығындардың) нормативтік калькуляциялауға бір ғана маңызды ерекшелік тән. Мұны әрқашан есте сақтау керек: өзіндік құнды нормативтік калькуляциялауда қосарлы есеп жүйесінің негізгі кітабының кәдімгі есебі пайдаланыла отырып ауытқу талдаулары жүргізіледі. Бұл үшін бухгалтерлік тіркеу кітабында мыналар көрсетіледі:

· нақтышығындар енгізілген мәліметтер ретінде;

· стандартты шығындар соңғы мәліметтер ретінде;

· айырмашылық ауытқу ретінде.

Материалдар бойынша ауытқу.Негізгі матеиралдарға жұмсалатын шығындар екі негізгі факторға байланысты болады: материалдардың құны мен олардың өндірісте қолданылған көлемі.

А. Материалдардың құны бойынша ауытқу.Ауытқу есебі нақты пайда күтілетін пайдадан қаншалықты ерекшеленетінін анықтау арқылы жүргізіледі, нәтижесінде негізгі материалдардың нақты бағалары нормативтік бағалардан айрықшаланады.

Материал бағасы бойынша ауытқу сатып алынған материалдардың көлеміне көбейтілген материал бірліктерінің нормативтік және нақты бағалары арасындағы айырмашылыққа тең

Ә. Материалдарды пайдалану бойынша ауытқу.Бұл ауытқудың мақсаты – өнімнің қарастырылған көлемін өндіру үшін қажет күтілген көлем мен шикізатты пайдаланудың нақты көлемі арасындағы айырмашылықтан туындаған пайдаға тиетін сандық әсерді анықтау.

Материалдарды пайдалану бойынша ауытқу материалдардың нақты мөлшері мен өнімнің нақты шығарылымы үшін қажет, материалдардың нормативтік бағасына көбейтілген материалдардың нормативтік мөлшерінің әртүрлілігіне тең.

2.Сату бойынша ауытқулар.Сату бойынша ауытқу нақты және жоспарланған пайданы салыстыра отырып олардың әсерін көрсету мақсатында есептеледі. Сату көлемі бойынша ауытқуды тудыратын екі себеп бар: сату бағасындағы айырмашылық пен сату көлеміндегі айырмашылық.

А. Сату бағасы бойынша ауытқуБұл ауытқу күтілетіннен ерекшеленетін бағасы бойынша өнімді сатудың пайдаға қандай әсері бар екендігін көрсетеді.

Сату бағасы бойынша ауытқу = (Бірлікке шаққандағы маржиналды жоспарлы кіріс – Жоспарлы өзіндік құнның негізінде бірлікке шаққандағы нақты маржиналды кіріс) х Сатудың нақты көлемі.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1438 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы калькуляция 7 страница| Жоспарлы калькуляция 9 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)