Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зерттеу әдістері

Гепатит вирустарының топтары | Гепатит В | Серологиялық зерттеу | Вирустық жүктеме | Созылмалы вирусты гепатит В | Профилактика | Гепатит С | Бауырды гистологиялық зерттеу |


Читайте также:
  1. Бауырды гистологиялық зерттеу
  2. Білім беру және оқытудың әдістері.
  3. Диаграмма. «Мейірбике ісі» кафедралары ОПҚ-сының зерттеу нәтижелерін конференцияларда жариялауының абсолютті көрсеткіші
  4. Е) барлық зерттеу құралдарын оңтайлы қолдану әдiсiн
  5. Іріктеудің тәсілдері мен әдістері
  6. Персоналды басқарудың мақсаттары мен әдістері

Зерттеулер алкогольді көп қабылдайтынын анықтауға бағытталған, және басқа бауырдың ауруларын жоққа шығаруға, бауырдың қосымша ауруларын (мысалы, вирусты гепатит С, гемохроматоз), бауырдың зақымдануының ауырлық дәрежесін анықтауға бағытталған.

 

138-кесте. Бауырдың алкогольді ауруы кезіндегі клиникалық синдромдар.
Майлы бауыр
· Симптомсыз жүретін БФП көрсеткіштерінің өзгерістері · Бауырдың көлемі қалыпты деңгейде немесе ұлғайған
Алкогольді гепатит
· Сарғаю · Арықтау · Гепатомегалия · Портальді гипертензия көріністері(асцит,энцефалопатия)
Бауыр циррозы
· Бауырдың созылмалы патологиясының жалпы көріністері · Бауырдың көлемі кішірейген, қалыпты, ұлғайған болуы да мүмкін · Асцит/энцефалопатия/өңеш веналарының варикозды кеңеюлері · Гепатоцеллюлярлы карцинома

 

Алкогольді қабылдаудың ұзақтығын және қабылдауының деңгейін анықтау үшін анамнезді тек өзінен ғана емес, туыстары мен таныстарыннан да жинау өте маңызды. Алкогольді қабылдауды дәлелдеуге немесе күдіктенуге кейбір биохиомиялық маркерлер көмектеседі, одан басқа тағы анемия болмаса да макроцитоздың болуы да көмектеседі. Гамма-глутамил-транспептидаза белсенділігінің жоғарылауы – алкогольді көп қабылдаудың спецификалық емес белгісі, бауырдың майлы дистрофиясы мен бауырдың фиброзымен байланысты болуы мүмкін(сол себепті бауырдың созылмалы патологиясы бар науқастар алкогольді ішуді доғарған жағдайда да, гамма-глутамил-транспептидаза белсенділігі жоғары болып тұруы мүмкін) Кеуде клеткасының рентгенограммасында қабырғалардың түсініксіз сынықтары болса, әсіресе екі жақты онда алкогольді көп қабылдайтынынан күдіктену қажет.

Сарғаю алкогольді гепатитті білдіреді. Бауырдың зақымдану дәрежесін анықтау үшін көп жағдайда бауыр биопсиясын жасау қажет болады.

Алкогольді гепатиттің болжамын бағалау үшін дискриминантты функция ұсынылған(индекс Мадрея), ол өз кезегінде протромбинді уақыт пен қандағы билирубин концентрациясын есепке алады:

Индекс Мадрея – (4,6 * протромбин уақытының ұзаруын (с))

+ билирубин концентрациясы (мг/дл)

Индекс Мадрея 32- ден асатын болса бауырдың ауыр зақымдануын және қатерлі болжамды білдіреді.

Емі

Емнің негізі- алкогольді қабылдаудан бас тарту, егерде бас тартпаса қалған басқа әдістердің бәрінің эффективтілігі шектеледі. Алкогольді ішуді тоқтатқан жағдайда бауырдың алкогольді ауруының циррозға прогрессирлеуін тоқтатады, егерде цирроз дамып қойса, леталді болжамның алдын алады. Барлық науқастарға өмір бойы алкогольден бас тартудың маңыздылығын жақсылап түсіндіру қажет, әсіресе бауырдың ауыр зақымдануы бар науқастарға. Өңеш веналарының варикозды кеңеюлерінен қан кету, асцит, бауырлық энцефалопатия сияқты бауыр циррозының асқынулары дамыса, соған сәйкес қажетті ем керек етуі мүмкін.

Диета

Науқас толық мөлшерде тамақтануы қажет,ауыр жағдайларда назогастральді зонд арқылы энтеральді тамақтану ұсынылады.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 644 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эпидемиология| Пояснительная записка

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)