Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Вирустық жүктеме

Гепатит вирустарының топтары | Гепатит В | Профилактика | Гепатит С | Бауырды гистологиялық зерттеу | Эпидемиология | Зерттеу әдістері |


Читайте также:
  1. Жылулық жүктеменің жылдық сызбасын тұрғызу

Қаннан ПЦР көмегімен HBV-нің ДНҚ –ның мөлшерлік санын анықтауға болады. Вирустың белсенді репликациясы кезінде (HВеAg қаннан табылуы) вирустық жүктеме негізінде 10*5 көшірме/мл-ден асады. Керісінше вирустың төмен репликациясы кезінде (қанда HbsAg және анти-НВе табылуы) вирустық жүктеме негізінде 10*5 көшірме/мл-ден төмен болады. Бірақ pre-core протеинінің геніндегі мутациясы бар HBV штаммымен ауырған науқастарға бұл ереже жүрмейді, өйткені ол кезде HВеAg-нің қанға секрециясы бұзылады.(96-сурет) Бұндай науқастар анти-НВе-позитивті, бірақ оларда жоғары вирустық жүктеме болады және көп жағдайда созылмалы гепатит көрінісі көрінеді. Мұндай мутантты штаммдар Қиыр Шығыста таралған және HВеAg –негативті созылмалы гепатитті шақырады. HВеAg –негативті созылмалы гепатитпен ауыратын науқастарға антивирусты препараттардың әсер ету эффективтілігі классикалық, яғни HВеAg-позитивті созылмалы гепатитке қарағанда өзгеше. Вирусты жүктемені өлшеу вирусқа қарсы терапияның мониторингі үшін өте маңызды және pre-core протеинінің геніндегі мутациясы бар науқастардың идентифиациясы үшін де маңызды.

96-сурет.HBV ДНҚ-сындағы мутациялардың локализациясы. HBV ДНҚ-сы 4 ақуызды кодтайды: ДНҚ- полимераза- вирустың репликациясы үшін қажет (Р), беткейлік антиген (S), ядролық антиген (С),антиген Х (Х). Pre –С және С аймағы ядролық антиген мен антиген Е-ні кодтайды. HBV мутациясы жиі болады, бірақ бірнешеуінің ғана клиникалық маңызы бар. Pre –С аймағы гепатоциттерден ядролық антигенді HВеAg формасында секрециялау үшін қажет сигнальді кезектілікті кодтайды. Бұл аймақта мутация болған кезде вирустың белсенді репликациясына қарамастан, қан плазмасында HВеAg табылмайды. Беткейлік антигенді кодтайтын аймақта да мутация туындауы мүмкін. Ол кезде вакцинация (вакцинада HВsAg қолданылады) жасаса да, вирустың мутантты штаммдармен инфицирлену қаупін алдын ала алмайды. Ламивудинмен вирусқа қарсы терапия қолданғанда, ДНҚ-полимеразаны кодтайтын аймақта да мутация болуы мүмкін.

 

HBV-ның спецификалық генотипін ПЦР көмегімен идентификация жасауға болады. В мен С –ның генотипі аурудың агрессивті ағымымен сипатталады, ол өз кезегінде вирусқа қарсы терапияға қиын көнеді.

Емі


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Серологиялық зерттеу| Созылмалы вирусты гепатит В

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)