Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Постер қорғау сәтінен көрініс

Читайте также:
  1. АПОСТЕРИОРИ
  2. Бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу
  3. Еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңды актілер актілер
  4. р топтың постер қорғау үстіндегі көріністері
  5. Сабақты бақылау, талдау сәтінен көрініс
  6. Система моніторингових спостережень – один із заходів покращення якості води в річках басейну Верещиці.

 

Семинар тақырыбын келген қонақтарымыздың өздері ашып берген соң, «Шың» кәсіби қауымдастығымыздың мүшелерімен, осы уақыт аралығында атқарылып жатқан істерімізден слайд жүргізіп, мәлімет беріп өттім. (сондағы баяндауымның тезисі)

Осы жерде отырған құрметті ұстаздар, біздер бір мақсатта бас қосып отырмыз.

Тиімді желінің ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылатындығын ескеріп, егер бірлесіп жұмыс істеуді үзбей негізделген қарым-қатынасқа ұлғайтсақ жетер шыңымыз айқын болмақ.

Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігінде болып отыр. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне ықпал ететін жол мұғалімнің кәсіби дамуына алып барар жол емеспе?

Жаңа жүйені бірден қабылдау қиын. Десе де, жаңа әдісті «меңгеремін» дейтін мұғалімдердің қатары күн санап артып келе жатқандығы бұл тәсілдің тиімділігін көрсетеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке берген тапсырмасына орай, еліміздегі мұғалімдердің біліктілігін жаңаша форматта арттыру көзделген еді. Осы тұста Назарбаев Зияткерлік мектептері құрылып, Кембридж университетінің орта білім беру факультеті қазақстандық мұғалімдер үшін жеті модульден тұратын бағдарлама құрастырып ұсынды. Нәтижесінде, 2012 жылдан бастап аталған деңгейлік бағдарламалары бойынша үш айлық курстар ұйымдастырылды және өз біліктілігін арттырып жатқан мұғалімдер қатары күннен-күнге молаю үстінде.

№49 орта мектебінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының І; ІІ; ІІІ деңгей бағдарламасын меңгерген 10 мұғалім еңбек етіп келуде. І деңгей курсын аяқтаған жоғары санатты музыка пәні мұғалімі: Қарашаева Гүлмира Қуандыққызы, ІІ деңгей курсын аяқтаған жоғары санатты қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі: Жандыбаева Гүлнар Жолдыбайқызы мен жоғары санатты орыс тілі пәні мұғалімі: Разиева Индира Амангелдіқызы ал біліктілігін арттыру курстарының ІІІ деңгей мұғалімдері: бірінші санатты орыс тілі пәні мұғалімі Аманова Светлана Эралыевна,екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Дина Пердебайқызы,екінші санатты ағылшын тілі мұғалімі Баимбетова Меруерт Нұрлыбекқызы, бірінші санатты орыс тілі пәні мұғалімі Жванишева Майра Бахатгалиевна, бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі Туленова Жазира Сансызбаевна, екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі Өнербай Ұлжан Оразбайқызы және орыс тілі пәні мұғалімі Юсупова Нургуль Бауртаевналар.

Қатарымыз уақыт оздырмай толығуда. Ең бастысы мектеп басшысының білім алуы біздерді шабыттандыруда.

Барлығымыздың мақсатымыз бір, ХХІ ғасырдың табысты мектебі атануымызға тамшыдай болса да үлесімізді қосу.

Бағдарлама идеясын жүзеге асыру үшін ХХІ ғасыр жеткіншектерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа көзқарас қажет.

Болашаққа сеніммен қарау үшін, сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін жаңалықты дұрыс қабылдаған абзал.

Қазақстан қазіргі таңда әлемдік білім жүйесіне кірігуде. Біздер сіздермен бірлесе желідегі «Ынтымақ-38»- ді тірек тұтып, өзгелер сүйсініп, үлгі тұтатындай шығармашылық пен табанды іс-қимылдан жалықпайтын ортаға айналатынымызға №49 орта мектебіндегі кәсіби «Шың» қоғамдастығы атынан сенетіндігімізді жеткізгім келеді. Құрметті қонақтар алдағы мерекелеріңізбен.

Қонақтарымызға қолдарына берілген бағдарлама бойынша іс-шараларға қатысып отырды. ІІІ деңгей мұғалімдеріміздің сабағы, коуч мұғалімдеріміз Индира Амангелдіқызы мен Гүлнар Жолдыбайқызының желідегі мұғалімдерімізбен ата-аналарды қатыстыру арқылы өтілген «Оқушы үні», «Мұғалім ықпалы», «Ата-ана қолдауы» атты коучингісінен үйренеріміз, аларымыз мол болды деп ойлаймын. Келген қонақтарымыз, ата-аналарымызбен қызу талқылап, мерекелік қысқа концерт ұйымдастырып көтеріңкі көңіл сыйлап, кері байланыс алумен қоса жақсы тілектер есітіп семинарымызды қорытындыладық.

 

 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 857 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алалық семинар бағдарламасы| В созвучии с природой ребёнка

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)