Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 248 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 237 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 238 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 239 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 240 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 241 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 242 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 243 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 244 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 245 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 246 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 247

 

Стр. 249

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бұл Ақботаның саусақтары екенін Шегеннің жүзінен танып, сол қолыммен жұмсақ

саусақтарды маңдайыма жапсыра қатты-қатты қысып жібермедім. Енді ол саусақтар

өздері де кететін емес...

Ақботаның азғана жасқа шыланған қара көздері, тотықса да ажары сынбаған жүзі, балғын

қызыл ерні енді тура менің бетіме төніп қалды... Жар жүзін бір ғана көрдім де, көзімді

жұмдым. Енді айрылмаймын дегендей, қолым мойнына асылғалы кетіп барады. Аузым

кебіржіп, үнім шықпай қалыпты. Ыстық ернінің лебі бар денеме шымырлап жайылып бара

жатқандай...

Қайрош...

Ботам... Қозғалма... тұр осылай...

Аспанда көріп келе жатқан сағынышты түсім бұзылып кете ме деп қорыққандай, үн

шығарғым келмейді. Жаңағы үш ауыз сөзді де ойыммен айтып, қимылыммен аңғарттым.

Дыбысым шықса, көзімді ашсам, оянып кететіндей, тынып қалдым...

...Ақбота екі қолымен менің «бесігіме» асыла, қасымда ғана отыр. Бар жайды екі көзімен

айтып, екі көзімен сұрап болғандай, қуанышты жүзі ығыспай құлдырады. О да үндемейді,

мен де үндемеймін. Айтар сөз, сұрар жай кеп те, осы телміріскен қалпымызды бұзғымыз

келмейтін сияқты.

Жоқ, бәрі де кейін айтылар, бәрі де түгел ақтарылар. Бір әңгімені бастап, аяқтай

алмай айрылысар болсақ, басталмағаны жақсы. Кім біледі, самолет қазір жерге шүйер де,

түсе сала қош десерміз... Енді мен жаралы да, сен жауынгерсің ғой...

Аспан айқын ашық. Манадан бері бір оқтың дыбысы естілген жоқ. Бұл бейбіт өмірдің

белгісі де. Соғыс ұзамай ұшып шыққан ұясына барып орнайды. Сол ұя өртенгеннен кейін

екеуміз осы бейбіт өмірде ұзақ жылдар қол ұстасып, бірге жасаймыз... Мынадан гөрі

кішірек бесікке тап осылай асылып та отырарсың, Ақбота... Әзір ол жайды айтыспай-ақ

қояйық...

Шынында біз қол ұстасып бірге жүргелі кеп жылдар өтті, Ақботам. Екеуміз екі жерде

болсақ, оқасы не, бір жаумен алыстық. Бір жерде болмағанымыз жақсы да болған шығар.

Мен көргенді сен көрсең, менің самайымдағы екі тал ақ шаш сенің, самайыңда да болар

еді... Жоқ, әзір мұны да айтыспайық... Соғыс жолының шеті әлі алыста, іркілмей,

ойланбай жетіп қайт. Мүмкін, сол жерде тағы бір кездесерміз... Сонда айтысармыз...

Жаралы жауынгерлер екеумізге қызыға қарасып қояды. Аға ғой, Шеген алысырақ кетіп,

газет оқып отыр... Басыңды кеудемнен алмашы, Ақбота. Өріп, жинап қойған бұрымыңның

астынан ағараңдап қана мойның көрініп қалды. Көре тұрайын, басыңды көтеріп әкетпеші.

Жоқ, Ақбота, балғын жүзіңді иек жаққа жақындата көрме... Иегім кірпідей шығар. Сақал

алу жайын білсем де, кептен бері ұстара көргенім жоқ.

Кірпігің неге шыланып кетті, серігім? Ақ шапанның астынан иығыңда погоның барлығы

көрініп тұр. Әлде қолыма қатаңдау тиіп еді, сен өзің дардай офицер болып шығып

жүрме!.. Офицер жылағаны ұят болар, қой, Ақботам. Мен сенің жылау түгіл, қабақ

шытқан көзіңді көргім келмейді. Мұны аузым айтпағанмен жан-тәнім түгел айтып

жатқанын көретін шығарсың!..

Әлде, маған «жаным, сәулем, күнім» деп айтпадың деп, кезіңе жас алдың ба?.. Жоқ,

Ботам, оны да айтыспай тұра тұрайық. Соғыс үні өшкен жоқ әлі. Ол құлағыңа жат естілер.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 247 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 249 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)