Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 244 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 233 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 234 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 235 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 236 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 237 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 238 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 239 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 240 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 241 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 242 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 243

 

Стр. 245

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қорғанның асты көше-көше... Штаб, госпиталь, электр станциясы, азық-түлік, қару-құрал

қоймалары түгел жер астында. Тебенің ірге жақтары түгел пулемет, миномет ұялары

деседі. Бұрын бір ғана бекініс болған биік қорған қазір айқыш-ұйқыш салынған араң

алдырмас қамалға айналған. Газет те шығады, радио да сөйлейді. Ыстық шай сұрауыңа да

болады.

Жер астындағы госпиталь бөлмесінде біз жеті жаралы жатырмыз. Тыншу да, ыстық та...

Дәрі-дәрмектің, терлеген дененің иістері араласып, іштегі аз ауаны ауырлата түседі. Орыс

тілінде «ергежейлі» аталып кеткен кішкене ғана электр шамы біресе қызарып, біресе көзі

шығып кеткелі тұрғандай шатынай жарқырап, мазаңды алады. Ең үлкен ермегіміз радио.

Құлағыңа жапсырып алған екі қара дөңгелек Москва хабарын сыбырлайды.

— Қырық төртінші жылы, апрельдің бесі күні Керчь қаласының сыртынан...

Бұл әрине, біздің жай. Біз оны ең әдемі салынған әндей тыңдаймыз. Алдыңғы күні

берілген бір хабардың тұсында мен ұйқтап жатыппын. Сол хабар басылған «Правда»

газетін бүгін жүзінші рет оқыған шығармын... бір оқып шығып, шинелімнің қалтасына

саларын да, қайта суырып алам...

Совет Одағының Батыры деген атақ алған жігіттердің тізімі Абдоллаев Самедтен

басталыпты... Жарлықтың барлық сөзін жатқа біліп алғандай болсам да, көзім қайта-қайта

сүзіп шығады. Төрт жыл бірге соғысқан жолдастарымның аттарын көргенде, көз алдыма

өздері де бірге келеді.

Үлкен қара көздерінде әр кезде бір ой тұратын капитан Мирошник, қазір кіріп келіп, неге

жатырсың, жаралану ұят емес пе дейтіндей көрінеді. Кейбір адамның өлгенін көзіңмен

көрсең де, ойың біржола көнбей қоятыны да болады екен!

Андрей Мирошник бізді жас демей, үлкен істердің тізгінін өз қолымызға беріп, сеніп

қалушы еді. Шыжымсыз, арзан ақыл — ұсақ кіжіңсіз, қанатың болса, еркін сермеп өсіп

едік.

Самедтің атына көзің ұзақ тоқтап, оралып соға береді. Самед қасыңда жүрсе, соғысу да

жеңіл, елу де орынсыз сияқты көрінуші еді. Жаның жүдеген бір жайды байқап қалса,

Самед бір қалжың айтып, ұмыттырып жіберер еді...

Алла тағаланың екі жамағаты болыпты...—дегені еске түседі. Таманьнан аттанар

алдында, еркек-әйелдің жайын айтысып қалжыңдасып отырғанымызда, Самед:

Адам атаң мен Хауа анаң да қу болған!..— деді...

Неге, неге? — деп ортаға алғанымызда:

Бүкіл ғаламдағы ең үлкен двигательді — жүрек моторын сол екеуі ашқан ғой, екеуі

де орысша, қазақша хат танымайтын неграмотный надан болған...— дейді күлдіру үшін,

жарым-жартысын әдейі орысша айтып.

Петр Ушаковтың аты жаныңа ерекше батады. Мен оған «Берлин төбесіне мына туды

шанышқан Совет Одағының Батыры Петр Ушаков!» деймін дегенде:

Е, ойың әлдеқайда екен ғой! —деп, ысқырып жіберіп еді.

Дәл сол жерде қалжың ретінде айтсам да, Петяның ер жауынгер екеніне әлдеқашан көзім

жеткен болатын. Шынында, біздің ішіміздегі нағыз соғыс адамы сол Петр еді. Батыр аты

бір адамға жарасса, Петрға жарасатынына өз қара басым ертеден сенулі едім.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 243 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 245 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)