Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 235 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 224 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 225 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 226 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 227 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 228 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 230 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 231 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 232 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 233 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 234

 

Стр. 236

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Траншеяның төменгі етегіне дейін Егорға жиырма-ақ аттам жер қалғанда, өзі бір жаққа,

шелегі бір жаққа ұшып кетті. Егор әшейін сүрініп қуласа, қолындағы шелегінен айрылмас

та еді, жараланды-ау деп қалдық. Егор орнынан тура салып, бұрылып барып шелекті алып

қайта бері қарап жүгірді. Көлеңкесі шайқалаңдап кетіпті... Траншеяға сүйретіліп келіп

әрең жетті де, әуелі шелегін тастап жіберді. Содан кейін асылып барып, өзі қулады.

Жақындап келіп төбеге тірелген ракета жарығы Егордың бір аяғы траншеяның ернеуінен

шығып қалғанын әлсін-әлсін көзіңе көрсетеді... Өлгені де...

Жарық та сөнді... Атыс та тоқтады... Айналамыз жазғытұрғы жұмсақ қараңғылыққа

шомды. Сол қараңғыда траншеяның, ернеуінен шығып жатқан Егордың аяғы кез

алдыңнан кетпейді...

Сегіз жауынгер қалғанымыз да...— деп, Вася күрсініп жіберді.

Қалғанымыз сегіз-ақ... Енді санауға да аузың барар емес...

Шелекті алып, Володя келді. Беті жабық қалайы шелек үш жерінен тесіліпті де, азғана су

түбінде ғана шылдырайды. Бір жолдасымыз осы бір ұрттам су үшін өлді, бұл бізге

қымбатқа түскен су, оңайлықпен ұрттай да қояр ма екеміз...

Қысылшаңда қалғанда ойына не келді екен...— деді Вася.

Егор ойына не келгенін ісімен мінезімен көрсетті! Үсті-басын оқ тесіп кетсе де, траншеяға

әуелі өзі қарғып түспей шелектегі суды түсірді емес пе! Осынысы әлі де алдымызда

алыстар тұрған бізді ойлағаны да. Қалжыраған, таңдайы кепкен жолдастарым бір

тамшыдан болса да су жұтсын дегені де. Қолынан ұшып кеткен шелекке бұрылып бармай,

жүгіре жөнелсе, мүмкін, өзі тірі қалар еді. Бірақ Егор өзін ойлаған жоқ, бізді ойлады!

Аяқталмаған алысты, жақын сезілген жеңісті ойлады!

Теңіз беті алай-түлей шығар... Өкіріп жатыр ғой!..— дейді Володя.

Атыс жоқ. Түн тағы тыныштанып қалды. Теңіздің, аунақшып жатқан дыбысы бізге де

анық естіліп тұр. Бұлт кешегіден гөрі қалыңдап, етегімен төбені сипай кетіп, төмен көшіп

барады.

Егор туралы бірдеме айтар ма екен деп, бәріміз Володяға қарап, бірталай үнсіз отырып

қалдық. Сұрауға аузымыз бармай отыр.

Катер қайықтар жағаға жақындай да алмайды,— деді Володя.

Бұл түннің әкеле жатқан жақсылығы жоқтығы айқындала берді. Бүгін түнде теңіз арқылы

десант келер қаупі болса, немістер бізді тыныш отырғызбас еді. Түн бойы бос үреймен

әурелеп, таң ата оп-оңай қолға түсіргілері келеді. Жауынгер жүзіне тағы да жүдеулік кіре

бастады.

Петя пулемет оқтарын санап шығып:

Жаңа елу жетісін шығарып жіберіппіз...— деді.

Жауынгерлердің жүдей қалғанын көріп, Володя көңіл көтеретін бір жорамал айтты:

Қара теңіздің сырын мен жақсы білем... Таң ата тоқталады,— деді.

Володяның манадан жағалатып жүргені арт жақтан келер жәрдем жайы. Біз тым әлсіреп

кетпей тұрғанда десант келіп қалса, тұяқ іліккен төбеге біржола бекініп қалар едік деп


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 234 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 236 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)