Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 67 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 56 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 57 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 58 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 59 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 60 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 61 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 62 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 63 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 64 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 65 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 66

 

Стр. 68

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

кетіпті. Наганын сол қолына алып, оң иығынан екі жерден көйлектің сыртына қан шыққан

Николай тұр.

Жараланып қалғанбысың?

Николай басын изеді. Жан-жақтан басқа күзетшілер де келіп қалды. Сарғылт-күрең

сақалы бар, аяғында брезент етік, тырнақтарының асты кір, әлі қайыруға келмеген сирек

шашты, бойшаң бір сарыны тұрғызып алдық. Шамасы келгенше қарапайым адамға

ұқсаймын дегенмен кекті көз қарасы басқаны айтып тұр. Николайды атқан тапаншасы

Рекстің астынан табылды.

Басы тыныштықпен аяғы осындай бір болмашы уақиғамен өткен ең соңғы күзетке

баруым, менің бұдан былайғы тағдырымды түгел өзгертіп жіберді. Николай емделуге

қолын-қол госпитальға жіберілді. Оның орнына, белім командир! дивизия штабына мені

жіберді. Қойынымда бес жерінен мөр басылған жасырын пакет, қайда апарары белгісіз,

үш сағаттан кейін мен де жүріп кеттім. Енді ауыл қарасынан алыстап бара жатқанымды

сезгендей болам. Ақботамен кездесуден жүрегім де үміт үзе бастағандай, анда-санда

күрсініп қояды... Екі жыл бойы шешілмеген жұмбақ тағы да шешусіз қалды...

Бір пакетті беріп, екінші бір пакетті алып, поезбен екі күн жүріп жеткенде ғана қайда

келгенімді білдім. Ерекше бір әзірлік курсына келген екемін. Келген жерім қала біткеннен

аулақ, темір жолға машинамен ғана қатынасады. Бір жағымыз орман жамылған орта

таулар, бір жағымызда теңіз, шығыс жағымыз көз жеткісіз кең жазық. Өңкей бір дене

шынықтырудың неше түрін өткен жас жігіттер жиналыппыз. Тұрған орнымызды лагерь

демейді, «курорт» деп атайды.

Мен де ұршықтай иірілудің неше түрін білем деп жүруші ем, оным ойыншық болып

қалды. Бәрін де басынан бастауға тура келді. Ең арғысы қарнына дейін білеуленіп тұратын

темір денелерді осында көрдім. Әр түрлі қызық оқулар да бар. Алгебра болмағанмен

толып жатқан теңеулер, тінтулер арқылы әрең табылатын жасырын қоймалардан аяқ алып

жүргісіз. Сұм дүниенің ортасында отырсаң, оның сұмдығын да білуің керек. Айналаңа

шимай шытырман зұлымдық торы құрылып жатса, оны білмесең, сен кімсің? Соны

білудің қамы бәрі де.

Сары аяңмен талай жер жүргізіп келіп, курорт докторы жүрегіміздің қалай соғатынын

тексеріп қояды. Қырық километр жүріп кеп, қалған бес километрді жүгірумен алуға

жараймыз. Алғашқы күндерде денең сал-сал болушы еді, қазір оны ұмыта бастады.

Таңертең арқаңның біраз құрыстауы иығыңды екі толғап жіберуден қалмайтын бола

бастады.

Соңғы кезде оқуымыздың кітаптық жағы қысқарыңқыpaп, қолма-қол жағы басыңқырап

барады. Бұрынғы «ойын» түріндегі дене шынықтырулар енді қатал тәртіппен өткізілетін

әскерлік іске айналып кетті.

Жауынгер Сарталиев! Бір, екі, үш!—дегенде парашютпен секіретін биіктен құстай

ұшпасаң, айыпқа ілігетін болдың. Ол аз болса, ертеңгі сабақ үстінде, полк командирі

жүзін суытып, өзіңді қақшитып тұрғызып қояды да:

Парашютпен секіру ғылымы сізден мынаны талап етеді!—деп бастап, аяғында

көпке дейін есіңнен кетпес өткелектерден өткізіп алады. Дардай жігіттер баладай

қызарады.

Осындай елеусіз нәрселердің өзі-ақ дүние тынысында жедел бір өзгеріс барын

байқатқандай еді. Саясат ағымынан сабақ беретін комиссар Сомов:


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 75 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 66 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 68 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)