Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 66 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 55 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 56 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 57 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 58 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 59 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 60 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 61 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 62 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 63 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 64 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 65

 

Стр. 67

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

әйел баланың, басын өзіне қарай бұрыңқырап қояды. Бала қырындай береді. Екі кезінің

арасы тым талтақ, шешесіне бір мүшесі тартпаған қара бала ана мейірімін басқа жақтан

іздейтін сияқты. Жылауы да ертеден кешке дейін бір-ақ үнмен шығатын жетім баланың

бейжай, үмітсіз жолауына ұқсайды.

Өзеннің арғы бетінде көрші елдің бір топ әскери адамдары әлі тұр. Айғайлап, шулап,

айбар шегеді.

Тауфиқ-бей! Тауфиқ-бей!—деген айғайлары айқын естіледі.

Ол елде Тауфиқ-бей деген атақты мемлекет адамы да, атақты қолбасы да жоқ. Бірақ

жергілікті бір аймақтың Тауфиқ-бей деген серкеші болуы да мүмкін. Әсер ел ормандай

қалың көбін көтерсе, өсірмес ой «Тауфиқ-бей», «Жаутік-бей» деген сияқты болмашыны

ағаш — жағалтай қылумен күні өтетіні белгілі ғой, бұлар бізге сонысын істеп тұр. Біз

«Тауфиқ-бей!» дегенді бұл күнге дейін де талай есітсек те, оның қандай құдіреті барын

көре алған емеспіз.

Қасымызға біздің бөлімшенің командирі лейтенант Березкин келді.

Не болды?

Біз әйелмен бірге арғы жақты нұсқадық.

Сарталиев, әйелді штабқа апарып тапсыр! — деді лейтенант.

Манадан ағаштың бір бұтағына алдыңғы аяғын салып, басын жоғары көтеріп, өзен

бойынан көзін аудармай тұрған Рекс қыңқ етігі қалып, төмен қарай жұлқынды. Березкин

үнсіз ғана иек көтеріп қалды. Мен иттің қайысын ағытып, қоя бердім. Ит өзеннің төменгі

жағына қарай тартып кетті. Лейтенант Николайға «жүгір!» деп, ым қақты, Николай да

жүгіре жөнелді.

Әйел көзі арт жағына қарай бір қылт етіп қалғандай болады. Қабағын қанша жиырып,

басын қанша шайқағанмен жүзіне шын қайғының белгілері шықпаған сияқты.

Ар жақтағы шу әлі бәсеңдеген жоқ. Николайдан да біраз уақытқа дейін белгі болмады.

Рекс даусы да естілмейді.

Сен де баршы! — деді маған Березкин.

Әр жапырақтың сыбдырына құлағымды түре мен де жүгіріп келем. Бір кезде алдымнан

ғана қол мылтық екі атылды, Рекс арс етіп қалды. Зәресі кеткен адамның қатты бақырып

қалғаны естілді.

Құрметті көрші елдің бишікештері бұдан бұрын да талай рет оңай айла жасағандары бар

еді, бұл жолы да содан аса алмағанын түсіне қалдым. Біздің көзімізді сұлу келіншекпен

алдандырып, қақ қасымыздан керекті адамын өткізіп жібере қоймақ. Анау қырқадағы

«әулие» басына жиналғандар, жағада тұрған көп күзетшілер, айғай-шу, анау-мынаудың

бәрі де соның қамы.

Қозғалма! — деген Николайдың даусы шықты.

Екі түп боп ескен тікеннің ортасында етпетінен түсіп, бір бөтен адам жатыр. Рекс бір

аяғын жатқан адамның желкесіне салып қойып, оң қолын қапсыра тістеп алыпты. Көздері

қанталап, «ал!» десең бет-ауыздан бассалуға әзірленіп, дір-дір етеді. Желке жүні дүрдиіп


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 65 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 67 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)