Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 32 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 22 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 23 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 24 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 25 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 26 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 27 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 28 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 29 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 30 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 34 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 31

 

Стр. 33

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Биылғы жаз басталғалы мен айна алдында көбірек тұрып қалатын болдым. Күнге күйіп,

күреңденіп алған денем, теңіз арыстанының, терісіндей жылтылдайды. Онша мүсінсіз де

емес сияқтымын. Шегендей болмағанмен өзге баладан гөрі өркештірек, сұңғағырақпын.

Рас, мынау жалпақ бетке бұдан гөрі үлкенірек кез де сыяр еді. Бетін, бұдан гөрі азғана

сопағырақ болса, анау бір томпақ сүйек онша одыраймай-ақ, азғана басыңқы болса,

танауыңның екі етегі делдимей-ақ, қыр мұрындырақ болсаң, көзің бұдан гөрі қарарақ

болса деген сияқты, айнаның айтар сыны да бар... Бірақ мұның бәрі де ұсақ кемшіліктер.

Анау толқынданған қара шаш тұрған жерде ондай ұсақтар түк емес.

Жастық пен жазғытұрғы шақ үйлес жаралған нәрселер. Бұл екеуін көрмей өткен жан көзім

бар деп бекер айтады, тіпті өтірік айтуы да мүмкін... Айнаға қарап отырып, мен бұл

шақтың тағы бір қызығына кездестім. Өзіме-өзім қарап отырсам, аумаған Шеген болған

екем. Кескінімде ойлану іздері бар, екі қабақтың ортасынан жіңішке бір сызық

басталыпты.

Ау, Шеген аға! — дедім айнадағы өз суретіме.

Ие, мен Шегенмін...— деді суретім.

Енді айнаны қарсы алдыма қойып, өзіме таныс ниеттерімнің жауабын алғым келді.

Шеген аға, мен бүгін бақшаға барсам қайтер еді?

Жоқ, Костя, бармайсың. Оған уақыт табылады әлі.

Біразға дейін «Шегеннің» жауабы басымырақ болып, ылғи тойтарып тастап отырды.

Басқаға аша алмайтын, қағазға жаза алмайтын, әр түрлі сырымды айнадағы «Шегенге»

ашып байқасам, ылғи бетімді қайтарып тастайды. Енді бір кез қулық жасап, өз сұрауымды

тереңірек, «Шегеннің» жауабын әлсізірек шығарып біраз отырдым. Бірақ мұным айқын

қиянат көрініп кетті. Шеген менен сезден ұтылып көрген емес. Сондықтан енді шын-ақ

қиналып жауап қайтарарсың деген ақтық сұрауымды қойдым:

Шеген аға, біздің шығыста кәрілік деген онсыз да жасап келген емес пе, жастық

жолын бөгей беріп не керек? — дедім. Бар ойым бір-ақ қазықты айналып жүргеніне

жұмысым жоқ, осы жолы ұтқан шығармын деп ойладым. «Біздің шығыста кәрілік ұзақ

жасайды!» дегенім оп-оңай түсе қоймайтын, терең ой сияқты көрініп кетті.

Бірақ, «Шеген» онымнан қысылған жоқ:

Балалықты қойсайшы, Костя. Біздің шығыста дегенің немене өзі? Тым болмаса, бұрынғы

шығыста, ескі шығыс десеңші! Жә, жастық жолын бөгеме дейсің ғой? Жастық шағыңда

ұлғайған жанның ісін істесең, ұлғайғанда не істемексің? Күнәсыз балғын жастықтың өз

қызығы аз ба саған? Одан да бақшаға барғым келіп отыр десеңші! —деп айтып тастады.

Шеген аға, менің ойымда да күнә жоқ,— деп әрең айттым.

Дегенмен әлі шығын көрмеген жас жігер, орнын тауып жасауды керек етеді.

Ағай...— дедім, қарсы алдына келіп... Әуелі мекрешіңкіреп, тамағын бір қырып

алды да, әлі де маған қарамастан:

Ие? —деді, сол темен қарап отырған бойы.

Бесіншіні бітіріп ем... Жаз бойы қолым бос еді. Жеңілдеу қызмет болмас па

екен?..—дедім барымша әдепті даусыммен.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 65 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 31 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)