Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 30 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 19 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 20 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 22 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 23 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 24 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 25 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 26 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 27 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 28 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 32 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 29

 

Стр. 31

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Ағатай, кешіріңіз... Сол шіркініңіз детдомға өзі келіп кірген...— деді Шеген.—

Былтыр мен балалар үйін өзім іздеп келе жатқанда, сіз мені қуа жөнелдіңіз ғой... Содан

кейін мен сізді көрсем-ақ қашатын болып едім...

Өзім де солай істедім бе деп жүруші ем, дұрысқа шықты ғой! Амал қайсы, мен

кінәлы екем,— деп, милиционер Шегенді өзіне қарай тартты. Қолынан ұстап тұрып:

Рахмет, бауырым, бақытты бол! Мен оқымаған адаммын. Ерте туып, кеш қалдым.

Оқымаған кісі қай алысқа барады дейсің.

Бала деген орын ауыстырып, үйден үйге қалаға көше беруді дүниедегі бір қызық көреді.

Ұзақ легеннің бейнеті баланың есіне де кіріп шықпайды. Ол мінем, машинаға мінем, атқа

мінем деген бірнеше қызығы оның ар жағында қандай бейнет жатса көңілін бұрғызбайды.

Бала қашанда бері ойлайды аса алмайды, берірек ашық көрініп тұрған қызықты

айырбастай алмайды.

«Қызу қарбаласына қарбалас қосып, қолымнан келгенін байгерлік жасап, мен де шуласып

жүрмін. Көрген жерін қуаныш, кездескен жерінде қайғың қалатын кез бүгін менің ойымда

жалғыз ғана машинаға міну қызығым бар. Онсыз жүк артылмайтындай, онсыз машина

алмайтындай, бала біткен азан-қазан. Жылап жалғыз Мария апай ғана. Машинаның үстіне

жайылған қалың брезентке жаңбыр бұршақтай жауып, тырс-тырс етеді. Біз тезірек, сол

«тырс-тырстың» астына кіріп отыруға асығып жүрміз.

Машиналар балалар үйін солқылдата гүжілдеп, орнынан қозғалды. Жапа-жалғыз қораның

ортасында жылап тұрған Мария апайды көріп, бір мұңайысып қалып ек, қақпадан шыға

бере о да ұмытылды білем, шуласып ән салып кеттік. Машина шайқап, сілкіп қояды. Әр

бала өз даусының қалай құбылғанын көбірек тыңдайды-ау деймін, қойылған дауыстардың

қалай шығып жатқанында жұмысы жоқ, барлық шеке қызарып алыпты. Бірі жоғары, бірі

төмен алып, шырылдаған дауыстар қосыла алмай келеді. Оның үстіне, бір машинадағы

балалар төрт-бес топқа бөлініп, бірнеше әнді қатар салып келеді. Еш қайсысына

қосылмай, үн шығармай, бұйығып қана мұңайып отырған тек Бораш.

Оқу кезде келіп кетермін деген апам, келе алмаған. Содан бір көрінген жалғыз ағаштың

бауыры — талай ойнаған жерім. Қасында өзінен басқа бір ағаш болмағандықтан оны

біздің ауыл «қысыр ағаш» деп атап кеткен. «Қысыр» қалғанына ағаш кінәлы ма, ауыл

кінәлы ма, оны мен білмеймін. Қазір ойыма түсе қалған нәрсе — соның арғы түбінде

біздің ауыл қалып барады, ауылда апам қалып барады.

Біреудің аяғын баса, енді біреудің үстіне құлай жаздап, мен машинаның, арт жағына қарай

ұмтылдым. Енді бір бел ассақ «қысыр ағаш» та көрінбей кететін. Атпен жүргенде күн

бойы көрініп тұратын таныс қырқалар машина екпінінен тез-тез жылжып, тез-тез кейін

қалып барады. Биік адырлар дөңгелене сырғып, орнынан қозғалып, кейін қарай шегіне

бергендей сезіледі. Машинаның артына тым болмаса, «қысыр ағашты» көз алдымнан

жібермеу еді.

Биік бір қырқа бүйірімен дөңгеленіп, жалғыз ағашқа қарай жақындап барады. Енді міне,

жалғыз ағаштың төменгі жағын етегімен жауып та жіберді. Бөріктей ғана боп төбесі

көрінеді. Машина тағы бір бұрылды, жалғыз ағаштың төбесі де көрінбей кетті...

Сұлай шалқайысып, ойпаңда етектерімен ғана жалғасып күзгі сары белдер жатыр.

Жоғалған жіп арқанға ұсап, әр қырқаның қабағында түйелі көштің жіңішке жолдары

қалып барады. Електен сорғалағандай жиі жаңбыр аздан кейін сары белдер алдына да көк


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 29 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 31 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)