Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЫҚтыҚ реттелу мӘселелері

АНТИКОРРУПЦИОННАЯ СТРАТЕГИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НА 2015-2025 ГОДЫ: ОБЩЕСТВЕННОЕ МНЕНИЕ, РЕАЛИЗАЦИЯ МЕРОПРИЯТИЙ, ПРЕДУСМОТРЕННЫЕ СТРАТЕГИЕЙ | Добрый день, уважаемые участники конференции! | ПОНЯТИЕ КОРРУПЦИИ И ЕЕ ПРИЗНАКИ | СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҮСІНІГІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯСЫ | АНАЛИЗ ЗАРУБЕЖНОГО ОПЫТА В СФЕРЕ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ В СВЕТЕ КОНЦЕПЦИИ ПРАВОВОЙ ПОЛИТИКИ КАЗАХСТАНА | О ЗАРУБЕЖНОМ ОПЫТЕ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ | ИСКЛЮЧАЮЩИХ ПРЕСТУПНОСТЬ ДЕЯНИЯ | СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС | НЕГАТИВНОГО СОЦИАЛЬНО-ПРАВОВОГО ЯВЛЕНИЯ | ТАМОЖЕННЫЙ СОЮЗ: ПРОБЛЕМЫ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ |


 

Сыбайлас жемқорлықтың көріністері барлық елдерде орын алып отыр. Мәселе оның қаншалықты терең тамыр жібергенінде, қаншалықты онымен нәтижелі күрес жүргізлуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық-саяси процесстерге сыбайлас жемқорлық қандай дәрежеде әсерін тигізуде болып отыр.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанды ең сыбайластық елдердің қатарына енгізіп отыр, бұл туралы БАҚ – та жиі айтылады. Өркениетті даму жолына түсіп, нарықтық қатынастарға негізделген демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес осыдан жеті жыл бұрын «2030 стратегиясына» байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында алғаш рет жария етілген болатын [1]. Содан бергі мерзімде бұл күрестің заңдық негізі жасалып, нақты шаралар қолға алынған болатын. Арнайы заң қабылданып, сыбайластыққа қарсы күресті жүргізетін мекемелер мен бөлімшелер өмірге келді.

Халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықты дамыту қажет, олардың қорытындылары сыбайластық жемқорлықпен күрес жолында ескерліуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа соңғы уақытта кең таралуы елдің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты.

Сыбайлас жемқорлық өкіметтің беделіне нұқсан келтіреді және тәртіпті бұзады, мемлекет органдары қызметтерінің нәтижелігін жоққа шығарады. Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзады.

Сыбайластықпен күрес көптен жүріп келеді, парақорлықпен түр-тамырын жою жөнінде тұтас кешенді шаралар қабылданады.

Сыбайластықтың саяси және әкімшілік болып келетін екі нұсқасы бары мәлім. Әлемдік тәжірибе саяси сыбайластықпен күресте қылмыстық –процесуалдық шаралар едәуір дәрежеде тиімді екенін көрсетіп отыр, міне, осы бағытта құқық қорғау органдары елеулі жұмыс жүргізіп келеді.

Екінші нұсқасы-әкімшілік сыбайластық немесе жай ғана кішігірім парашылдық, оған төмен жалақы алатын, бірақ өкіметтік өкілеттікке ие қызметшілер бейім келеді. Сауалдарға орай, тұрғындардың 90% дерлік сыбайластықтың нақ осы түрімен бетке-бет келеді. Барлық респоденттерді тең жартысы дерлік пікірі бойынша, әкімшілік пара алу, әсіресе, төменгі атқару буынның бақылаушы ұйымдарының қызметкерлеріне тєн.

Біздіңше, бүгінгі таңда барлық күш-жігерді әкімшілік сыбайластыққа қарсы күреске жұмылдыру керек, өйткені нақ осы сыбайластыќ түрі қоғамда жағымсыз пікір қалыптастырады және мемлекеттік өкімет органдарының жұртшылық алдында беделден түсіреді.

Әйтсе де, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бір ғана қылмыстық-процессуалдық тәсілмен әкімшілік сыбайластықтың тамырына балта шабуға болмайды. Басқаша көзқарас, шаралар қажет [2].

Кейде кішігірім пара алғаны үшін шенеуліктер үлкен мерзімге сотталып жатады, мұның өзін тұрғындар бір қалыпты қабылдамайды. Мен Малайзияның тәжірибесін қолданудың ұсынамын-олардың мұндай қылмыс үшін шенеулік қаржыны бюджетке әлденеше еселенген түрде толтыруға үкім шығарылады. Оны бас бостандығынан айырмайды, есесіне мемлекеттен біржолата аластатады. Менің ойымша, біздің халықтың дініне орай, мұндай жаза сыбайластар үшін кез-келген абақтыдан қорқынышты. Дамыған елдердің тәжірибесіне қарасақ, біз онда лауазымды пара алуды қысқартуға мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді шара мемлекеттік қызмет сапасының стандартын жасау және әкімшілік процедураны нақты реттеу, қызмет этикасы кодексін қабылдау, ең соңында жалақыларын көтеру болып табылатынын көреміз. Мұның үстіне, барлық осы шараларды кешенді жүзеге асыру керек.

Әуелі, стандарт туралы. Мемлекеттік органға шағымданушы азаматты жекеше сектордың үлгісі бойынша келуші жєне тұтынушы ретінде қарау қажет деп ойлаймыз. Турасына келсек, жеке компаниялар қатаң бәсекелестік жағдайында қызмет сапасын жақсартуға мәжбүр болса, мемлекеттік секторда қызметтер монополистік негізде қалып отыр. Сондықтан да сапа стандартарын жасау олардың жолға қоюға және тиісті бақылауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдарға қызметтер тізімін жасауға және бекіту стандарттарды олардың ұсынуы, сондай-аќ, әкімшілік процедурасының тәртібін белгілейтін нұсқама тиімді деп санаймын. Ол шенеуніктер тарапынан өзім білерліктей шектеген болар еді.

Мәселен, анықтамалар, лицензиялар беру, салық және кеден декларациялар толтырудың нақты тәртібін неге жасамасқа.

 

Айталық, АҚШ-та мемлекеттік қызметтер және стандарттар, оларды ұсыну БАҚ-та үнемі жарияланып тұрады, егер құжаттардың мазмұнында әлдебір өзгерістер болса, ол жұртшылықтың алдын-ала кеңінен талқылауына түседі. Әрине біздің елде де барлық нұсқаманы жариялауға болар еді. Әйтсе де олар соншалықты көп, оларды ажырату оңайға түспейді. Ал мына сапа стандартты әкімшілік процедураларды жұртшылық үшін неғұрлым ашық болуына мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік қызметтің өзі неғұрлым қол жететіндей деген сөз.

Мәселен, кеденшілер мен жүргізушілер тез бұзылатын жүктерді тасымалдау үшін бес құжат және рұқсатты толтыруға жарты сағат қажет екенін біледі. Егер кеденші осы стандартты бұзып, тағы да қандай бір құжаттар талап ететін болса жєне жүкті кідіртсе, жүргізуші бұл жөнінде сенім телефоны бойынша мемлекеттік органдарға хабарлауға құқылы.

Сондықтан да біз үшін біздің азаматтардың мемлекеттік қызмет стандарттарын біліп қана қоймай, олардың құқықтары бұзылған жағдайда инстанцияларға белсенді шағымданғаны өте-мөте маңызды. Шағымдар институты әкімшілік сыбайластықтың мейлінше кемітуге көмектеседі деп ойлаймын.

Мұнда шағым жоғарыға түсіп, өзі туралы шағым жазылған лауазымды иесіне қайтып келетін бұрынғы тәжірибеден бас тартуымыз қажет.

Сенім телефоны немес этиканы қабылдау кітабы арқылы шағым берушінің қатыстыра отырып, шағым жергілікті жерде мемлекеттік органың тәртіптік комиссиясы қарайтындай жедел кері байланыс қажет. Күллі қазақстандықтар осы әлеуметтік кеселмен күресте өздерінің ымырасыз азаматтық көзқарасын білдіретіндей азаматтардың сыбайластыққа қарсы күресте белсенділігі өте маңызды.

Енді қызмет этикасы кодексі туралы бірер сөз. үстіміздегі жылғы мамырда Президент жарлығымен мемлекеттік қызметшілер үшін қызмет этикасының ережесі бекітілді.

Агенттік олардың жүзеге асырудың механизмін жасады. Мемлекеттік органдарда келушілердің қолы жететіндей жерге осы ереже мәтіні толтырылып, орналастырылған, қызмет этикасын бақылау кітабы ашылған, сенім телефоны орнатылған. Әйтсе де, бұл жеткіліксіз. Қызметтік этиканы бұзған әрбір факт заңда белгіленген, мемлекеттік қызметке қайтып оралу құқығынан айыра отырып, қызметтен босатуға дейінгі шараларды қолдану министрліктер мен ведомстволардың тәртіптік кеңеснің талқылау өзегіне айналуы тиіс. Қызмет этикасының нормаларын сақтауды бақылау үшін, сондай-ақ есеп берушіліктің арнайы үлгісін белгілеу қажет.

Егер осы маңызды жұмысты министрлердің және барлық деңгейдегі әкімдердің өздері басқарған жағдайда жоғарыда аталған шаралар қалаған нәтижеге қол жеткізер еді.

Олардың міндетіне нақ осы мемлекеттік қызметтің стандарттарын жасау, оларды жүзеге асыруды бақылау, сондай-ақ, қызмет этикасы ережесін сақтау мәселелері енген болар еді. Ол тәртіптік комиссиянын жұмысына жетекшілік етер еді, қызметкерлермен жұмысты ұйымдастырудың басқа да мәселелерімен айналысар еді.

- мемлекеттік қызметті реформалауға бірге құқық қорғау құрылымдарында қызмет ету тәртібін жетілдіру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Ішкі істер министрлігініңњ «Полиция қызметкер -лерінің азаматтарға ізетті және сергек қатынасы туралы» бұйрығы шықты. Қатардағы, кіші жєне орта басшы құрамы лауазымына қабылдаушы адамдардың Ішкі істер Министрлігінің училищелерінде 30-60 күндік бастапқы әзірліктен міндетті түрде өтуі қарастырылған.

Тұрғындардың пікірі бойынша, аталған құрылымдар жұртшылық үшін, оның ішінде қызметке кіру мәселесі де жабық күйінде қалып келеді. сондықтанда агенттік мемлекеттік қызмет жүйесінде жинақталған реформалаудың оң тәжірибесін құқық қорғау органдарына да тарату кажет деп санайды. Мұның ішінде кадрларды іріктеу процедурасын жетілдіру есебінен жұмысқа қабылдауға конкурстық жүйені енгізу жолымен және жеке кұрамның құқықтық қорғалуының нақты механизмін белгілеу қажет [3]. Төменгі лауазымға орналасу үшін конкурстарды құқық қорғау органдарынын өздері өткізуі әдетке айналуы тиіс. Бұл үміткерлерді іріктеудің ашықтығын, тестілеу кезінде заңнамалар жөніндегі білімін тексеруді қамтамасыз етеді. Сөз жоқ, бұл ұсыныс құқық тәртібі өкілдерінің қызметін реттейтін заңнамаларға өзгерістерді талап етеді. Сондықтан да біздіңше, тиісті ұсыныстарды жасау жөніндегі ведомствоаралық комиссияны кұру қажет.

Меніңше, биліктік өкілеттілігі бар кедей шенеуніктен асқан қоғамға қымбат түсетін ештене жоқ. Сонымен қатар, мемлекеттік кызметшілердің жалақысын арттыруды қолдай отырып, біз мемлекеттік мекемелерді ұстауға бюджеттік шығындарды арттыруға мүлдем шақырып отырған жоқ. Қаржы көздерін әкімшілік шығындарды оңтайландыру есебінен іздестіруге болады. Бұл тұрғыда агенттік бірқатар ұсыныстар жасап отыр.

Үкіметтің 2002 жылғы 12 сәуірдегі қаулысына сәйкес мемлекеттік органдардың әкімшілік шығындары қаржысын қалыптастыру ағымдағы шығындар нормативтері негізінде жүзеге асырылады. Мұның үстіне нормативтік айырым — жылына қызметкерге 522 мыңнан 1 миллион 957 мын теңгеге дейін [4].

Әкімшілік шығындар мемлекеттік органның штаттық санына нормативтерді көбейту жолымен есептеледі. Одан әрі басшысы өз қарауы бойынша бұл қаржыларды салалар бойынша көлікке, іс-сапарға, қалааралық сөйлесуге, кеңсе тауарларына бөледі, кейде оларға негізсіз жоғары соманы бөледі. Басшылар бюджеттен молырақ ақша алуы үшін штаттар мен нормативтерді ұлғайтуға мүдделі болғандықтан біздіңше, бұл жүйе онша ұтымды емес.

Біздің ұсынысымыз — дамыған елдердегідей, әкімшілік шығындар қаржысы шығындарды нақты жоспарлау негізінде нақты кажеттілікті ескере отырып бөлінуі тиіс. Мұның үстіне мемлекеттік органдар әкімшілік шығындар бойынша бюджеттік тапсырысты бюджеттік комиссияда корғауы тиіс. Бұл әкімшілік шығындарды қысқартуға, ал алынған үнемді мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға бағыттауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың, олардың аймақтық бөлімшелерінің құрылымдарын қоса алғанда бірінші басшылар бекітеді, мұның өзі артық құрылымдарды кұруға әкеліп соғатыны сирек емес.

Осыған байланысты біз әрбір мемлекеттік органға функционалдық кұжаттар енгізу тиімді деп санаймыз. Олар мемлекеттік органның қызметін реттейтін құқықтық актілерге сәйкес жасалынуы және әкімшіліктік функциялар мен әрбір функция бойынша еңбек шығыны көлемін қамтуы тиіс. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар өздерінің штаттық кестесін негіздейтін және қорғайтын болуы тиіс, ал үкіметтің бұл процесті бақылауға мүмкіндігі болады. Осындай жолмен үнемделген бюджеттік каржыны да жалақыны көтеруге жолдауға болады. Бүгінгі таңда елімізде 70 мың мемлекеттік әкімшілік қызметшісі бар. Олардың санын оңтайландыру мақсатында лауазымдардың факторлық-балдық бағасы тәсілі негізінде функционалдық талдау жүргізу қажет, ол қызметшілердің бір бөлігін азаматтық қатарға жатқызуға мүмкіндік беру еді. Мемлекеттік қызметшіден бұл санаттың айырмашылығы оларға басқа да төленбелі кызметпен (мұғалім және дәрігерлер секілді) айналысуға құқық берсе болар еді. Сөйтіп, Қазакстанда неғұрлым жинақы, кәсіби және жоғары жалақылы мемлекеттік кызметшілер корпусын жасауға мүмкіндік туар еді. Біз лауазымды сыбайластықты жою жөнінде табанды, қажырлы жұмыс жүргізу қажеттіген түсінеміз. Демократияландыру мен нарықтық қатынастың мемлекеттік реттеуші рөлі жағдайында жаңа Қазақстанды құрамыз, онда жалпы адами құндылыққа басымдық берілетін болады, онда құқық тәртібі және заңсыз үстемдігі қамтамасыз етілетін болады.

Сыбайластық жемқорлықты ауыздықтандыру жолдары біріншіден, сыбайлас жемқорлықты құртуға нақты шара қолдану керек. Осы мақсатта, ең алдымен Үкіметте этика нормасын қалыптастыру қажет. Оған мемлекеттік қызметкерлердің міндеті анықталған, заңға негізделген үлгі-ереже енеді. Мемлекеттік мекемелер өздеріне сеніп тапсырылған билікті және қаржыны қалай пайдаланып жатқанын халық білуге құқылы.

Екіншіден, еркін және белсенді баспасөзді пайдалану қажет. Ол сыбайлас жемқорлық жағдайын әшкерелейді және одан қоғамды хабардар етіп отырады. Еркін баспасөз — кез келген демократиялық қоғамның маңызды буыны. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің сенімді құралы бола алады.

Үшіншіден, заңдық құқықтық базаны жетілдіру қажет. Мәселен 1977 жылы АҚШ-та «Халықаралық сыбайластық қызмет» деген заң қабылданды. Бұл заң американдық компаниялардың шет елдерде сыбайластыққа жол бермеуі үшін жарияланған. Әуелгіде американдық компаниялар бұл заңға наразы болды. Бірақ осы заңның оларға үлкен көмек беретінін кейін түсінді.

Төртіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы — тәуелсіз сот жүйесі және нақты дайындықтан өткен құқық қорғау қызметкерлері арқылы жүргізілуі қажет [5]. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының орындалуына ықпал етеді. Сыбайластыққа шырмалған шенеуніктер өздерінің ұсталатынын және жазаланатынын жақсы білуі керек.

 

ӘДЕБИЕТ

1. Қазақстан Республикасының халқына Елбасының жолдауы «2030 стратегиялық бағдарламасы» // Егемен Казақстан газеті, №56. 2000 ж.

2. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы. Алматы 2000 ж.

3. Комментарий и постатейные материалы к Закону РК «О борьбе с коррупцией» Алматы: Баспа, 2001 ж.

4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының Қаулылар жинағы. Алматы. 1997 ж.

5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жаршысы. Алматы. 1993 ж. №8.

Косяк Д.П. - магистрант группы «Ю-22»,

Научный руководитель: Бекенов О.М. - ст. преподаватель

КУ им. А. Мырзахметова


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТАРИХЫНА КӨЗ ЖҮГІРТСЕК| СОЦИАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)