Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

ANTI-CORRUPTION IN AMERICA | ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ | ПРОФИЛАКТИКА КОРРУПЦИОННЫХ ПРАВОНАРУШЕНИЙ НА ГОСУДАРСТВЕННОЙ ГРАЖДАНСКОЙ И МУНИЦИПАЛЬНОЙ СЛУЖБЕ. ПРАКТИКА В УЛЬЯНОВСКОЙ ОБЛАСТИ | Уважаемые участники конференции! | АНТИКОРРУПЦИОННАЯ СТРАТЕГИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НА 2015-2025 ГОДЫ: ОБЩЕСТВЕННОЕ МНЕНИЕ, РЕАЛИЗАЦИЯ МЕРОПРИЯТИЙ, ПРЕДУСМОТРЕННЫЕ СТРАТЕГИЕЙ | Добрый день, уважаемые участники конференции! | ПОНЯТИЕ КОРРУПЦИИ И ЕЕ ПРИЗНАКИ | СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҮСІНІГІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯСЫ | АНАЛИЗ ЗАРУБЕЖНОГО ОПЫТА В СФЕРЕ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ В СВЕТЕ КОНЦЕПЦИИ ПРАВОВОЙ ПОЛИТИКИ КАЗАХСТАНА | О ЗАРУБЕЖНОМ ОПЫТЕ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ |


Читайте также:
  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СОҢЫ ЖОК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ
  2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҮСІНІГІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді

Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы 2006 жылы 6 шілдеде бекітіліп, оған қосымша өзгерістер 2012 жылы 19 қаңтарда енгізілді. 2006 жылы елімізде сыбайлас – жемқорлықтың қоғамға келтірер зияны мен шығынын азаматтарға түсіндіру, оған төзбеушілік әдетін қалыптастыру, алдын алу, сыбайлас – жемқорлыққа қатысты қылмыстарды ашу, оны тіркеуге алу, тергеу жүргізу, мүлік және кіріс мәлімдемесіндегі мәлімет айқындығына бақылау жасау қатарлы істерді атқару үшін Сыбайлас – жемқорлыққа қарсы күрес орны құрылды.

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі. Тәуелсіз еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған.

Осыған байланысты елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Құқық қорғау органдарына тиісті қадағалаудың басымды бағыттарының бірі ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының нақты бірыңғай қолданылуы болып табылады. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мүлтіксіз қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында тынбай күрес жүргізіліп келеді. Күнделікті өмірде, сыбайлас жемқорлық туралы айтқан кезде міндетті түрде мемлекеттік қызметкер еске түседі. Алайда, жеке секторда да сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстардың ауқымы аз емес.

Осы тұста айта кететін мәселе, ол тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселе. Сыбайлас жемқорлық сияқты ауыр қатерді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерімен ғана емес, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жеңуге болады. Және де, бұл қылмыспен тек қана құқық қорғау органдары емес, қазір халықтық демократиялық партия «Нұр Отанның» өкілдері, басқа да қоғамның белсенді мүшелері ашық күрес жүргізіп, қоғамымыздың өркениетті дамуына кері әсерін тигізетін сауал ретінде қарап, осы қылмыстың алдын-алу да түрлі шаралар жүргізіп жатқандығын еске сала кеткім келеді.

 

ӘДЕБИЕТ

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 2014 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы 2015-2025 жж.».

2. http://www.kazembassy.by/econom/corruptsia.html.

3. Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсідігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 2001.

4. Аминов Д.И., Гладких В.И., Соловьев К.С. Коррупция как социально-правовой феномен и пути ее преодоления. - М., 2002.

5. Номоконов В.А. Особенности политики борьбы с организованной преступностью и коррупцией // Организованная преступность, терроризм, коррупция в их проявлениях и борьба с ними. М., 2005. С. 25-35.

 

Кожабеков Е.А. - старший преподаватель,

кафедра «Радиотехники, электроники и телекоммуникации»,

Университет Мирас

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 1160 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ИСКЛЮЧАЮЩИХ ПРЕСТУПНОСТЬ ДЕЯНИЯ| НЕГАТИВНОГО СОЦИАЛЬНО-ПРАВОВОГО ЯВЛЕНИЯ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)