Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәуліктік нарядты даярлау

Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп | Скери бөлімнің лагерь болып (шатырларда) орналасуы | Кезекшілерді сызыққа шақыру | Жалпы ережелер | Скери эшелон (команда) бастығы | Скери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Жөніндегі көмекшісі | Скери эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі | Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен | Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші |


Читайте также:
  1. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші
  2. Ойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша тәуліктік кезекші
  3. Парк бойынша тәуліктік кезекші
  4. Рота бойынша тәуліктік кезекші
  5. Тәуліктік наряд таралымы

405. Әскери бөлім штабы жаңа ай басталғанға дейін бес-алты тәулік бұрын бөлімше командирлеріне әскери қызметшілердің тәуліктік наряд құрамына түсетін күндерін хабарлайды.

406. Тәуліктік наряд тағайындалатын бөлімше командирлері жеке құрамды қызмет атқаруға іріктеу, орналастыру және даярлау, тәуліктік нарядтың бөлімнің тиісті лауазымды адамына сабаққа (нұсқамаға) және таратуға уақтылы келуі үшін жауап береді.

407. Наряд алдындағы түні тәуліктік нарядқа тағайындалған адамдар барлық сабақтар мен жұмыстардан босатылуы тиіс.

408. Нарядқа түсетін күні күн тәртібінде көрсетілген уақытта жеке құрамға қызмет атқаруға дайындалу үшін, сонымен бірге практикалық сабақтар өткізу үшін кемінде үш сағат және демалу (ұйықтау) үшін кемінде бір сағат берілуі тиіс.

409. Қарауылдан басқа, ротадан тағайындалған тәуліктік нарядтың жеке құрамын даярлауды рота старшинасы жүргізеді. Батальоннан немесе әскери бөлімнен тағайындалған тәуліктік нарядты даярлауды тиісті командирлер ұйымдастырады және олардың орынбасарлары жүргізеді.

Қарауылды даярлау Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

410. Бөлім бойынша жаңа кезекші белгіленген уақытта штаб бастығына нұсқамаға келеді, одан пароль, ал саптық бөлімнен (кадрлар органынан) жеке құрамның шығысы туралы мәлімет алады.

Бөлім бойынша бұйрықпен айқындалған тәуліктік нарядтың адамдары қызметі бойынша тағайындалуына сәйкес белгіленген уақытта бөлім командирінің орынбасарларына немесе бөлім командирі осы үшін тағайындаған басқа да лауазымды адамдарға сабаққа (нұсқамаға) келеді.

Сабақта (нұсқамада) жалпыәскери жарғылардың ережелері, нұсқаулықтар мен қауіпсіздік талаптары зерделенеді, сондай-ақ наряд жеке құрамының олардың арнайы міндеттерін білуі тексеріледі.

Практикалық сабақтар нарядқа түсетін күні күн тәртібінде көрсетілген сағатта тәуліктік нарядтың қызмет атқаруы үшін жабдықталған үй-жайларда (орындарда), бөлімше орналасқан жерлерде немесе қызмет атқару орнында жүргізіледі (28-қосымша).

411. Қажет жағдайларда тәуліктік нарядтың кейбір адамдарын автоматтармен (карабиндермен) қаруландыру кезінде қару қолданумен іс-қимыл жасау бойынша сабақтар жүргізіледі.

412. Тәуліктік нарядты тарату орны мен уақытын әскери бөлім командирі белгілейді. Барлық тәуліктік нарядты таратуды әскери бөлім бойынша жаңа кезекші жүргізеді.

Таратуға шыққанға дейін он бес минут бұрын тәуліктік наряд қызмет атқаруға әзір болуы және өз кезекшілері мен бөлім қарауылдарының бастықтарының бағынысына қабылдануы тиіс. Тәуліктік нарядтың жеке құрамы бөлім бойынша кезекшінің бағынысына оны қарсы алу үшін команданы тарату уақытында «Тік тұр» командасы берілген сәттен бастап көшеді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жалпы ережелер| Тәуліктік наряд таралымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)