Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен

Жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет | Парктердегі ішкі қызметтің ерекшелігі | Жалпы ережелер | Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп | Скери бөлімнің лагерь болып (шатырларда) орналасуы | Кезекшілерді сызыққа шақыру | Жалпы ережелер | Скери эшелон (команда) бастығы | Скери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Жөніндегі көмекшісі |


Читайте также:
  1. Асхана бойынша кезекші
  2. Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы
  3. Бөлім бойынша кезекші
  4. Бөлімнің штаб бойынша кезекші
  5. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші
  6. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі
  7. Бактерия идентификациясына арналған негізгі биохимиялық тесттер.

385. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен өз бөлімшесінің командиріне және әскери эшелон бойынша кезекшіге бағынады. Ол вагонда (адамдарға арналған кеме үй-жайында) орналасқан жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

386.Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен:

жеке құрамның тізімін алуға, вагонда (адамдарға арналған кеме үй-жайында) орналастылған қару-жарақтың (қару мен оқ-дәрілердің), басқа да материалдық құралдардың санын білуге және жөнелту алдында олардың болуын тексеруге;

тиер алдында вагонның (адамдарға арналған кеме үй-жайының) жабдығын тексеруге және қабылдауға, ал түсіргеннен кейін оны бүтін және ақаусыз күйде тапсыруға;

жеке құрамды отырғызуға, орналастыруға және түсіруге басшылық жасауға;

вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша тәуліктік кезекшілерді тағайындауға, олардың қызмет атқаруын тексеруді бақылауды жүзеге асыруға, тамақ, су, отын алу үшін және әр түрлі жұмыстарға әскери қызметшілерді бөлуге;

мемлекеттік құпияларды сақтауға және жеке құрамның тәртіпті, ішкі тәртіпті, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін және қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;

вагоннан (адамдарға арналған үй-жайдан) эшелон бастығының рұқсатынсыз немесе команда (белгі) берілгенге дейін жеке құрамның шығуына, қарудың, оқ-дәрілердің немесе басқа да материалдық құралдардың шығарылуына жол бермеуге;

вагонда (адамдарға арналған үй-жайда) адамдардың рұқсатсыз жүруіне, сондай-ақ әскери эшелонға тиесілі емес жүктерді тасымалдауға;

вагонда (адамдарға арналған үй-жайда) қалыпты температураның ұсталуын және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, вагонда өрт шыққан кезде оны сөндіруге барлық шараны қолдануға және поезды тоқтату белгілерін беруге, техникалық байланыс құралдары бойынша әскери эшелон бойынша кезекшіге баяндауға, кемеде өртті сөндірумен бір уақытта әскери эшелон бойынша кезекшіге баяндауға;

түсіруге дайындық туралы нұсқаулар алған кезде жеке құрамға киінуді, қаруын, оқ-дәрілері мен жеке заттарын алуын, пештерді жағуды тоқтатуды немесе ондағы отты сөндіруді бұйыруға;

түсірілгеннен кейін барлық қару (оқ-дәрілер) мен мүліктің алынғандығын және пештердің сөндірілгенін тексеруге;

вагондағы (адамдарға арналған кеме үй-жайында) байланыстың техникалық құралдарының ақаусыздығын кезең-кезеңмен тексеруге;

бөлімше командиріне және әскери эшелон бойынша кезекшіге сырқаттанған, қалып қойған әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілер мен басқа да әскери мүліктің, вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) жабдығының бүлінуі мен жоғалуы туралы және басқа да оқиғалар туралы баяндауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 123 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Скери эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі| Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)