Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АраҒанды металлургия комбинаты

ТОРҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТ | ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ | Орталығы – Ақтөбе қаласы. | АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ | МҰҒАЛЖАР ТАУЛАРЫ | ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | Ш. БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ | ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯ | ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АҚБОТА - СЕНКІБАЙ ТАУЛАРЫ |


Читайте также:
  1. АРАҒАНДЫ ЦИРКІ
  2. Металлургия
  3. Металлургия
  4. Металлургия
  5. Металлургия аллюминия.
  6. Металлургия меди.

1943 жылы қазанында «Казметаллургстрой» тресі құрылды. Жаңа құрылыстың алғашқы цехтарына арналған құрал-жабдықтар Кавказға көшірілген кәсіпорындардан әкелінді. Құрал-жабдықтар тиелген эшелондар Бакуден Красноводскіге теңіз арқылы, одан кейін ұшы-қиырсыз қазақтың жазық даласымен Қарағандыға ағылып келіп жатты. Жүздеген, мыңдаған кеңес адамдары да бірге келіп, алыс тылда соғыс кезеңіндегі ауыртпалыққа мойымай, жан қиярлықпен еңбек етті. Олар осы жерде тер төгіп, күресе білді. Жеңіске де жетті. 1944 жылдың 31 желтоқсанында 35 тонналық мартен пеші тұңғыш балқыма берді. Ал, қазіргі күннің тұрғысынан қарағанда, сол кездегі мартен пеші тым кішкене-ақ екен. Бірақ, Қазақстан болатының алғашқы тонналары соғыс жылдарындағы республиканың рөлін арттыра түсті. Отанымыздың маңызды арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды металлургия комбинатының бірінші домнасы 1960 жылдың 2 шілдесінде қыздырылды. Қазақстан Магниткасы бірінші кезегінің іске қосылу дайындығына Магнитогор, Макеев, Челябі, Днепродзержинск, Төменгі Тагил, Череповец металлургтері көмек көрсетті. Осы аймақтардан құрылысқа мың жарымға жуық тәжірибелі домнашылар, машинистер, энергетиктер, инженерлік-техника қызметкерлері келді. 3 шілдеде Вадим Романовтың ауысымында бірінші қазақстандық шойын берілді. Алақайлаған дауыстар артынша шөмішке теміртау шойыны құйылды. Шойынды бірінші балқытуға жас металлург Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының болашақ Президенті қатысты. Теміртауға ЛНМ тобының келуіне байланысты Қарметтің, кейіннен атауы өзгертілген Испат-Қарметтің «екінші тынысы» ашылды. Әлемге әйгілі компания өз мерзімінде комбинатты жаңғыртуға үлкен инвестиция салды. Негізгі металлургиялық агрегаттар жөнделді. Жаңа ыстықтай қалайыландыру және алюминийлендіру цехында өнімдер өндіре бастады. Бүгінде «Қазақстанда жасалды» деген таңбасы бар Испат-карметтің өнімдері әлемнің 97 еліне тиеліп, жөнелтіледі.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 268 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ| НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)