Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖҰбанова атындаҒы облыстыҚ филормония

АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ | СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫ | ВОЗНЕСЕНИЯ ГОСПОДНЯ» ПРАВОСЛАВТЫҚ СОБОР | ТОРҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТ | ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ | Орталығы – Ақтөбе қаласы. | АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ | МҰҒАЛЖАР ТАУЛАРЫ | ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МУ ҒИМАРАТЫ
  2. І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ
  3. Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ – ДРАМА ТЕАТРЫ
  4. ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ

Ақтөбе облыстық филармониясының негізі 1944 жылы қыркүйек айында қаланған. 1998 жылы оған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО халық артисі, композитор Ғазиза Жұбанованың аты берілді. Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазіргі стандарттарға сай, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол, әрбір ұжымның даярлық жасауға арналған кең де жарық кластары және 401 орындық көрермендер залы бар. Ұжымдар музыкалық аспаптармен және киімдермен қамтамасыз етілген. Жыл сайын облыстық филармонияда көптеген дәстүрлі фестиваль-конкурстар Республикалық және Халықаралық деңгейде өткізіледі, атап айтатын болсақ «Жұбанов көктемі» атты дәстүрлі халық аспаптар оркестрлерінің және хор музыкасы, джаз музыкасы, жас вокалистер, «Классика» жас таланттар фестивальдары өткізіліп тұрады. Жұбанова Ғазиза (1927-1993) - композитор, Қазақстанның және ССРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А. Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, профессор Ю.А. Шапориннің композиция класын бітірген. Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е. Серкебаев, С. Кабирова, Т. Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар – музыкант орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А. Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г. Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т. Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова - өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ. Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 219 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ш. БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ| ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)