Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абылай ханныҢ резиденциясы» кешені

ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ | ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ | Ф.М. ДОСТОЕВСКИЙДІҢ СЕМЕЙДЕГІ ӘДЕБИ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ | ЛІМНЕН КҮШТІ» МОНУМЕНТІ | ДЕБИ - МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ | АЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ | СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ | СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ МҰНАРАЛЫ МЕШІТ | МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІ | Облыс аумағында 13 аудан, 5 қала, 744 ауылдар бар. |


Читайте также:
  1. АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  2. АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  3. ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  4. ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  5. ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  6. ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

«Абылай ханның Резиденциясы» кешені 2008 жылы ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты. Зерттеушілердің айтуы бойынша осы кешен орналасқан жерге 1765 жылы Екатерина ІІ патшайымы Абылай ханға арнап үй тұрғызған. Патшалы Ресей осындай әдіспен дала халқының билеушілерін өздеріне тартқан. Бізге жеткен деректерге қарасақ, үй ағаштан тұрғызылған. Абылайдың ақ үйі, Абылайдың ордасы – Абылай ханның Петропавл қаласындағы ордасы, тарихи ескерткіш. Қазақстанның солтүстік аймағын отарлау басталған кезде Есіл өзені жағасында орналасқан Қызылжар қыратында 1752 ж. әулие Пётр бекінісінің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде елдердің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың орнығуына әсерін тигізді. Осыған байланысты казактардың дала тұрғындарына тиісіп, қазақтардан мал тартып әкетуі және жер учаскелерін басып алуы тәрізді мәселелерді талқылау үшін ханның арнайы ордасы қасында осындайқұрылыс салу қажеттігі туындады. Мұрағаттық материалдардың мәліметтері бойынша, «Оның, Абылайдың, өтініші бойынша Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Пётрдің бекінісі жанынан оның келіп тұруы үшін 1765 ж. ағаш үй салынды» (Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты, 158-қор, 1-тізбе, 295-іс 33-б.). «Енқыстау (қыстауға арналған кең жазық)» сонымен, «Абылайдың ақ үйі» тек қана тұрғын үй үшін емес, сонымен қатар шиеленісті мәселелерді шешуге арналған орынға айналды. Ғимараттың орналасқан жері туралы әртүрлі пікірлер бар. Оның бекіністен 2-3 шақырым жерде, «тау» етегінде (еңістік жерде) орналасқандығы дәлмедәл анықталды, бұл сол кезде (19-гасырдың екінші жартысы) қаланың шеті болатын. «Абылайдың ақ үйі» қалада болған өрттің бірінің салдарынан жанып кеткен тәрізді, оның орнына тастан үй салынған, оны халық бұрынғыша «Абылайдың ақ үйі» деп атаған. «Абылайдың ақ үйі» қазақ халқының ұлттық тарихи ескерткіші болып табылады. Абылайдың ақ үйінің құрылысы Абылай хан өмірінің деректерімен және мұрасымен тікелей байланысты.Осы мұражай кешені еліміздің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына кірді. Кешенді қалпына келтіру үшін 4 млн қаражат жұмсалды.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 287 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ| СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)