Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айша-бибі кҮмбезі

ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ – ДРАМА ТЕАТРЫ | ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ | ОҚШЫ-АТА КЕСЕНЕСІ | Облыс аумағында 12 аудан, 8 қала, 934 ауыл бар. | ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ | ОТЫРАР ҚАЛАСЫ | БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ | ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ

Айша-бибі (XI-XII ғғ.) – Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы. Айша-бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Аңыз бойынша, Айша-бибі – атақты Зеңгі-бабаның қызы. Сол аңыздың айтуынша, Айша-бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездеседі. Бірін-бірі ұнатқан екі жас қосылып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша-бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді.Шыдамы таусылған Айша-бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба-әже-қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша-бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп, көңілі жайланып, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша-бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп-кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: “Айша, сен енді «бибі» болдың!” – деп үш рет айқайлапты. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болған сол күмбез әлі Тараз қаласының іргесінде тұр. Айша-бибі кесенесі – Орта Азия мен Қазақстанның сәулет өнерінде Қараханидтер дәуірінен қалған керемет ескерткіш болып табылады. Кесене – әртүрлі формадағы 60-тан астам өрнек түрлері түскен, тегіс терракота (күйдірген сары балшық) плиталарымен қапталып, әшекейленген қасбеттерімен ерекшеленеді. Колонналарындағы эпиграфиялық жазбалар жиі кездеседі. Ғимарат бұрыштарындағы колонна жазуларының арасында «Күз, бұлттар... өмір керемет» деген жазу бар. Ғалымдардың айтуы бойынша жазулардың он сегізінші қатарда орналасуы Айша сұлудың небәрі 18 жаста болғанын білдіреді екен.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 214 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Облыс орталығы – Тараз қаласы.| ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)