Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖанҚожа батыр кесенесі

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ МАЗАРЫ | Н.ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ | ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ | І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ | ШАРЫН ШАТҚАЛЫ | І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МУ ҒИМАРАТЫ | Облыс аумағында 7 аудан, 3 қала, 273 ауыл бар. | ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | ОҚШЫ-АТА КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. А оживить ее можно? – вдруг спросил Батыржан, до того молчавший.
  2. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  3. АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ
  4. АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  5. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  6. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  7. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ауылында Жанқожа батыр кесенесі орналасқан. Жанқожа батыр (1774-1860) жылдар аралығында өмір сүрген. Аралтеңізіне жақын жердегі ауылдардың бірінде дүниеге келген. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан батыр. Ол қоқандарға қарсы 1856-1857 ж.ж. қазақтар көтерілісінің қолбасшысы болған. Сол кезде Жанқожа батырдың жасы 90-нан асқан болатын. Ол Жаңақаланы көтерілістің орталығына айналдырды. 1857 жылы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында көтерілісшілерді басу үшін Перовский жіберген Финингоф жазалаушы отрядымен шайқас жүргізді. Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі қазақ халқы үшін аса қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. Әрі батыр, әрі би бабамыздың ерлік өмірі жайында әрісі орыс, берісі қазақ тарихшыларының ғылыми еңбектерінде соңғы бір ғасырдан аса мезгілде аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Сонау 18-ғасырдың соңғы жылдарында өткен қазақ-қарақалпақ қақтығыстары тұсында, бар-жоғы он жеті жасында Хиуаның белгілі батырын жекпе-жекте өлтірген Жанқожа содан кейінгі70 жыл ғұмырында тұлпарынан түспей, азаттықтың киелі Ақ туын қолынан түсірмей, қартайған жасында да қас жауларымен қандыкөз көкжалдай алысып, алыстан тоят іздеген қыранша тұғырынан таймай фәниден өтті. Өзінің ұзақ өмірінде Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізді. Жанқожа батыр сол ұрыстардың барлығына да қолбасшы, әрі басты ұйымдастырушы ретінде қатысып, теңдессіз ерлік, көзсіз батырлық көрсеткен болатын. Сонысымен, жанына ерген жауынгерлеріне үлгі болды, халқына қайрат, «елім» деген ерге ерік-жігер берді. Батырдың туылғанына 235 жылдан асса, дүниеден өткеніне 150 жылдан асты.

Жанқожа – жай, қатардағы қазақ батырларының бірі емес, алаш жұрты үшін жанын да жақынын да аямаған нағыз ер, бекзат мүсінді баһадүр болды. Жанқожа батыр жайында 10-нан (12 мың жол) аса тарихи жыр-дастандар шығарылып, ел арасына кең тараған. Мәселен, Мұсабай жырау нұсқасын Қазалы бекінісінде қызмет атқарған орыс офицері И.В.Аничков оның өз аузынан жазып алып жариялады.1894 жылы осы зерттеушінің «Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» атты тарихи очеркі жарық көрген. Жанқожа жайындағы тарихи жырды Н.Г.Веселовскийден,С.Сейфуллин, Т.Шонанұлы, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Шалабаев,Н.Төреқұлов, С.Садырбаев, Ж.Тілепов, Б.Жүсіпов, т.б. ғалым-әдебиетшілер зерттеді.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 947 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ – ДРАМА ТЕАТРЫ| БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)