Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Физикалық факторлар

Читайте также:
  1. Ндіріс факторлары және оларды өтеу
  2. Тұқымқуалаушылықтың хромосомадан тыс факторлары

Газды-жалынды ағым ауаға жоғары қысыммен әсер етеді. Егер оған адам тап болса, бірден өледі. Газды-жалынды ағымның шуы 125-145 дБ-ден 170-180 дБ құрайды. Бұндай дыбыс қысымы 1 кг/см2 жоғары, ал контузия болса 0,5 кг/ см2 дыбыс қысымында басталады.

Ғылыми зерттеулер деректері бойынша оперативтік-улы зымырандарды ұшырғанда шу 160 дБ-ден астам шамаға жетеді. Бұндай шулар құлақ жарғағы мен жануарлардың ішкі құлағын зақымдайды. Жоғары дыбыс қысымы ішкі құлаққа қан құйылуына, құлақ жарғағының жарылуына, өкпеге қан құйылуына, яғни контузиялы қысымды туындатады.

Зымыранды ұшырғанда дыбыс қысымы секундқа жақын созылады – дыбыс қысымы рұқсат етілген деңгейден көп емес. Зымыраншылар жабық бункерлерге немесе өздігінен жүретін қондырғылардың кабинасына жасырыну керек. Шлемофонның есту органнын қорғағанмен, өкпеге қан құйылуының алдын ала алмайтынын есте ұстау керек.

Жеке құрам жоғарыда аталған жұмыстар кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтауы міндетті.

Ауырлықтарды көтерулермен және үлкен физикалық күш түсумен байланысты жұмыстар. Қазіргі зымырандар автоматтық көтергіштер мен көтеру механизмдеріне қарамастан өте ауыр және алып, олардың кейбір бөліктерін қолмен көтеру қажеттілігі туады.

Американдық соғыс зымырандары:

“Тор” 50 тонна

“Паларис” 13 тонна

“Атлас” 100-115 тонна

“Титан -2” 150 тонна

“Титан -3” 810 тонна

Отынмен толтырылған зымырандардың салмағы, яғни олардың стартты салмағы көрсетілген.

Бұл зымырандардың көтеру механизмдері бар, зымырандар стратегиялық, әдетте тұтас тасымалданбайды, бөлініп тасымалданады. Оларды тиеу үшін, жинау мен қондыру үшін такелажды крандарды пайдаланады.

Сығылған ауа мен азотпен жұмыс істеу аса қауіпті. Әдетте сығылған газ зымырандарды толтыру үшін, ал кейбір жағдайларда ЗОК-н қысу үшін және басқа ыдысқа ауыстырғанда қолданылады. Сығылған газ бактарды, ыдыстар мен құбыр жолдарын тексеру үшін зымырандық кешендер мен қоймаларда кеңінен қолданылады. Осындай жұмыстарда, ЗОК-інің оларды ыдырататын ауа оттегісімен байланысын болдырмау үшін таза азот жиі қолданылады. Бұндай жағдайларда сығылған азотты пайдаланады. Сығылған ауаны алу үшін компрессорлар мен азот өндіруші станциялар қолданылады. Бұл жағдайларда жеке құрамның сығылған газ ағымынан және шлангалардың тесілуі мен ағытылып қалуынан жарақат алу қаупі пайда болады, сығылған азотты пайдаланғанда, егер бөлмеге таза азот ағымы енсе персонал үшін асфиксия қаупі пайда болады. Таза азот қолданылатын қоймалар мен жабық бөлмелерде асфиксияны болдырмау үшін оттегінің дистанциялы датчиктері орнатылады. Азотты қолданған кезде адамдар үсіп қалуы мүмкін, өйткені сұйық азоттың қайнау температурасы -1900 С.

Биіктікте жұмыс істеумен байланысты қауіптіліктер, Стратегиялық зымырандардың көлемі барынша үлкен. Американдық зымырандардың биіктігі келесідегідей: “Тор” биіктігі - 20 м; “Паларис” - 10 м; “Атлас” - 26,3 м; “Титан - 3” - 33 м жоғары.

Бұндай зымырандарға қызмет еткенде үлкен биіктіктерде жұмыс істеу қажеттілігі және биіктен құлау қауіптілігі пайда болады. Сондықтан старттық қондырғыларда қызметкерлерді қорғау үшін қоршауы бар әртүрлі алаңдар мен басқа қондырғылар бар. Бұл жұмысқа жібергенде кәсіптік іріктеу жүргізу қажет және ондай жұмыстарға биіктіктен қорқатын адамдарды жібермейді, әдетте сүңгуірлер үшін қызметкерлерді жүйелі жаттықтырудың үлкен маңызы зор. Қызметкер жоғарыда жұмыс істегенде, жоғарыдан құлап кетпес үшін қолдарындағы немесе белдеріндегі обшлагқа аспаптарды бекітеді.

Ашық ауада көптеген жағдайларда жеке құрамға жоғары және төмен температураның әсері болады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 114 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)