Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оршаған ортаның химиялық ластануы

Читайте также:
  1. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  2. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  3. Атмосфераның ластануы
  4. Оршаған ортаны қорғау. Оқыту әдістемесі.
  5. Оршаған ортаның биологиялық ластануы
  6. Оршаған табиғи ортаға зиян келтіру

Адамдардың шаруашылық әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптік газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары таралып отырады.

Бізді қоршаған ортаның ластануы төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Химиялық ластану (көміртек өнімдері,күкірт,көмірсулар,ақаба сулар,пестицидтер,гербициттер,фторлы қосылыстар,ауыр металдар,аэрозольдар)

2. Физикалық ластану (радиоактивті заттар,электромагнитті толқындар,жылу,жарық,шу және тербелістер)

3. Эстетикалық ластану (табағаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының өзгеруі,орман тоғайлардың жойылуы т.б.)

4. Биологиялық ластану (ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар,құрттар,қарапайымдар,зиянкес жәндіктер)

Өнеркәсіптен бөлінетін әр түрлі химиялық заттар ауаға,суға және топыраққа сіңіп,тізбектің бір айналымынан екіншісіне өткенде,зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі.

Бүкіл жер шарында химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады.Тіпті өнеркәсіп орындарын былай қойғанда,сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық.Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өенркәсіптердің әр түрлі улы заттарын байқаған.Олар бұл жерге басқа аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін.

Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді.Олар қасиетіне,шоғырлануына және адам организміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып,жүрегін айнытып,тамағын жыбырлатып,жөтел тудырады.Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін туғызуы да мүмкін.Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі.Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен реакцияға түсіп,жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі – күкірттің қос тотығы (SO) коксохимил заводтары мен тау кен өндіру және целлюлоза қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады.Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады.Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның,жануарлардың тыныс жолдарының кіленейлі қабаттарына,терісіне әсер етеді және мұнан өсімдік те көп зардап шегеді.Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймай,сонымен қатар жүйке ауруларын туғызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы зат.Азық түліктің құрамындағы фторлы сутектің уландырғыш қасиеті өте жоғары.Фторлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады.Осы газбен тыныс алған адамныңтыныс жолдарының кілегейлі қабығы қабынып,өкпесі ісінеді.

Цемент заводтарынан шығатын цемент шаңы топырақта калий,кальций,магний элементтерінің көбеюіне әсер етеді.Ал фосфор заводына жақын жердегі топырақ құрамында фосфор мөлшерінің көбеюі заңды құбылыс.Сонымен бірге қазіргі кезде қорғасынның металлургия заводтарының маңайындағы топырақты,жан жануары,өсімдікті және адам организмін ластауы шектен тыс артып отыр.

Улы заттар адам организміне түскеннен кейін адамның тез шаршауы,ұйқы басу,ұйқының қашуы,бейжайлық,ұмытшақтық,көңіл күйінің тез өзгеруі,зейінің төмендеуі байқалады.Улы заттар адамның қан айналымына,жүйке жүйесіне,бауырына әсер етіп,созылмалы жүйке ауруларына,белсіздікке душар етуде.Жатырдағы ұрықтың дамуындағы аномалиялық өзгерістер мен ауру сәбидің дүниеге келуі көбеюде.

Сонымен қатар хром,никель,бериллий,бензопирин,асбест сияқты түрлі өнеркәсіп қалдықтары ауа кеңістігінде кездеседі.Олардың қатерлі ісік және бұрын соңды кездеспеген жаңа уару түрлерінің тууына себепші болып отырғаны анықталуда.

Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі де жатады.Есірткі қолдану біздің елімізде де жаппай етек алуда. Оның негізі Шу алқабында өсетін кендір өсімдігі.Сол сияқты Ауңанстан мен Орта Азиядан келетін есіркіні Еуропаға тасымалдау Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Соның кесірінен есірткіні пайдаланушылардың жеткіншектер арасына таралу қаупі байқалып отыр. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық улы заттар кіреді. Олардың қырыққа жуығы өкпенің қатерлі ісігін,қолқаның созылмалы ауруларын тудырады. Сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі.Темекі шегетін ата аналардың балаларына да олардың зиянды әсерә тиеді.

Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде ғаламдық экологиялық проблемалар тудырып отыр. Олар жер шарындағы жиі байқалып отырған жылу эффектісі,озонның жұқаруы,қышқыл жауындар,фотохимиялық у түтіндер.

Орытынды

Қазіргі заманда жер шраыдағы халық санының еселеп артуы заңды құбылыс.Ғылыми техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез көбеюіне қолайлы жағдайла туғызуда.Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі біркелкі емес.Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр.Ең маңызды фактор – қоршаған ортаның сапасы.Бұл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына,тұрмыс тіршілігіне,әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізіп жатыр.Әсіресе әлеуметтік экологиялық проблемалардың шиеленісіне түсуі жер шарының көптеген аймақтарында экологиялық дағдарыс,апат әкелуде Әлемдік экологиялық проблемалардың құрылымы өте күрделеніп,барлық тіршілік орталарын қамти түсуде.

Қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына уытты заттар,ауыр металдар,нитраттар,нитриттер,пестицидтер т.б. жатады.Кең тараған химиялық заттардың ішінде канцерогендердің өте қауіптісі – бензапирен.Бұл заттар адам организміне ауаның құрамы,су және азық түлік арқылы түседі.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)