Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оршаған ортаны қорғау. Оқыту әдістемесі.

Читайте также:
  1. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Азақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесі
  4. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациясы
  5. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы.
  6. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  7. Взвод командирінің міндеттері (топ, мұнара) оқыту әдістемесі.

Әрбір әскери кызметші өзінің күнделікті қызметініңбарысында табиғатты сақтауға және оның байлығын қорғауға міндетті. Бұл үшін ол әскери бөлімдегі (бөлімшедегі) ластаушы негізгі көздерді білуі және су ресурстарының, ауаның, жердің ластануын болдырмау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарда көзделген шараларды қатан орындауы тиіс.

Өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесінде қоршаған ортаны ластауға жол берген әскери қызметшілер заңдарға сәйкес жауаптылықта болады.

Қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін әскери бөлімде тұрақты түрде жүмыс істейтін комиссия тағайыңдалады және қоршаған ортаны корғау жөніндегі шаралар жоспары әзірленеді, ол бүкіл жеке кұрамға жеткізіледі.

Әскери бөлімнің командирі қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруға және оның жай-күйіне жауап береді. Ол:

- жеке құрамның әскери бөлімнің орналаскан ауданындағы қоршаған ортаны қорғау ережелерін зерделеуін және оны орындауын ұйымдастыруға;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың тікелей орындалуына бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары басшылық жасайды.

Әскери бөлімнің командирі мен полигонның бастығы полигонда оқу-жаттығулар және басқа да жауынгерлік даярлық шараларын дайындау мен жүргізу кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі қажетгі шаралардың жүзеге асырылуына жауап береді.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Ішкі тәртіп дегеніміз не.

2.Күн тәртібі және қызметтік регламенттің маңызы.

3.Әскерлердің қызметтік міндеттері.

4.Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қайда орналастырады.

5. Ротаны орналастыруға қандай үй жайлар бөлінеді.

6. Әскери қызметшілер жатын бөлмеде қалай орналасады.

7. Бөлімшелерде қаруды сақтауға қандай талаптар қойылады.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Ішкі тәртіп және әскерлердің қызметі,Әскери қызметшілердің орналастырылуы туралы түсінік қалыптастыруы.

2. Әскери бөлімде ішкі тәртіп және әскерлердің қызметі командирлерінің міндеттерін оқытып үйрену.

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі ішкі тәртіп және әскерлердің қызметі,әскери қызметшілердің орналастырылуы туралы түсінік қалыптастыруын оқыту әдістемесі.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007. 2.Т.Қарғабаев

3.Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

4. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 5. Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: " Уақыттың бөлінуі және күнделіктік тәртіп"

1.Жоспары:

1.Әскери бөлімшеде уақытты бөлу жөніндегі жалпы ережелер.

2.Ұйқыдан тұру,таңертегі қарау және кешкі тексеру. Оқу дәрістері.

3.Таңертеңгі,түскі және кешкі тамақ.

4.Әскери бөлімнің орналасқан жерінен сейілге шығу.

5.Әскери қызметшілерге келу әртібі.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери бөлімдереде уақыттың бөлінуі және уақытты тиімді пайдаланудың жауынгерлік даярлыққа тікелей қатынасын оқыту.

3.Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде уақыттың бөлінуі және уақытты тиімді пайдаланудың жауынгерлік даярлыққа тікелей қатынасын түсіндіру.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)