Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері

Читайте также:
  1. Адвокатураның міндеттері мен өкілеттері
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛКЕТТІК БАСҚАРУ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  4. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  5. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  6. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.

Егер Қазақстан Республикасы Конституцияның мәтінін мұқият қарайтын болсақ, онда 34-38-баптарда айтылған осы міндеттерді бірден аңғаруға болады. Олардың ішінде мыналарға тоқталғанды жө көрдік.

1.Біздің әрқайсымыздың ең маңызды екі міндетіміз – бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау (34-бап). Бұл жерде заңдар кең ұғымда алынып отыр, яғни олар заң актілері (Конституция, Конституциялық заң, Кодекс, ағымдағы заң, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бер Жарлығы, Жәй Жарлық, Парламенттің қаулысы, Мәжілістің қаулысы, Сенаттың қаулысы) және заңнан туындайтын актілер (заң актілері болып табылмайтын қалғанактілердің барлығы, яғни ведомстволық актілер, соның ішінде жергілікті өзін- өзі басқару органдарының актілері). Осы міндеттердің барлығы ол жерде тұру не тұрмау мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық тұлғаға, азаматтарға қатысты екендігін ерекше атап айту керек. Егер заңдар нақтылы орындалмаса, онда аталған құқықтар мен бостандықтарға берілетін кепілдіктер бос сөз болып қала береді.

2. Басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеудің маңызы бұданда кем емес. Конституцияның 27-бабында ата-аналар мен балалардың өзара міндеттері баянды етілген. Атап айтқанда, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және парызы болып табылады. Осыдан келіп ата-аналардың құқықтары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тудырады. Сондықтан ата-аналар бұл жөніндегі өз құқықтарын басқа адамдарға жүктеуге немесе бұл құқықтарынан бас тартуға құқығы жоқ. Олар тәрбиелеу ісін немесе тәрбиелеу жөніндегі жекелеген істерді басқа адамға уақытша беруіне болады, алайда олар толық жауаптылықтан босатылмайды. Демек, бұны бұзғандарға ата-ана құқығын шектеуге немесе одан айыруға апарып соғуы мүмкін.

3. Дәл осындай қамқорлықты ата-ана үшін балалары көрсетулері тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында: «кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасынақамқорлық жасауға міндетті», - делінген. Бұл орайда, ең алдымен мүліктік емес сипаттағы міндеттердің айтылып отырғаны даусыз, өйткені ата-аналарға қамқорлық жасау материалдық түрде емес, моральдық көмек көрсету түрінде де, оларды құрметтеу түрінде де көрінеді. Нақ сондықтан өз ата-анасына қамқорлық жасау Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті Қазақстан Республикасын қорғау болып табылады (36-бап). Қорғау және қызмет ету бұл мағынасы бірдей мәселе емес. Отанды қорғау дегеніміз – әскери міндетті атқарған кезде азаматтың өз кеудесін оққа тосуы деген сөз. Демек, Отан үшін өз жанын аямай, пида ету деген мағынада айтылады. Бұл елімізге жасалған агрессияға қарсы жағдайда көрініс беруі мүмкін. Ал әскери қызмет жөнінде айтатын болсақ, ондай міндетті өтеуге тек жасы 18-ге толған ер азаматтар шақырылуы тиіс. Олардың кейбіреулері шарттасу бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

4. Келесі міндет –салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу (35-бап). Мұның өзі мемлекеттік қаржыландыру үшін, бюджеттегі мемлекеттік органда істейтіндерге жалақы (еңбекақы) төлеу үшін қажеттіліктен туындайды. Сөйтіп, еліміздің өмірі халықтан нәр алады десек, артықтау болмас.

5. Қазақстан Республикасы азаматтарының тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндеттілігі де еліміздің Ата Заңынан өз орнын тапқан (37-бап). Бұл мәдениеттің маңыздылығы жеке адамның адам ретінде сезінуі оның білімі мен мәдениетіне, еліміздің өскелең кезеңдердегі өзгерістерге тікелей байланыстылығын айқындайды. Кез келген хаттың, халықтың рухани дамуы мен қоршаған ортасыз, еліміздің тарихы мен мәдени мұраларынсыз жүзеге аса алмайтындығын еске алсақ, жоғарыдағы аталған міндеттердің маңыздылығын соғұрлым түсінуге болады. Қазқстан Республикасы азаматтарының табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндеттілігі осыдан көрінеді. Өйткені қоршаған ортасыз, табиғатсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Егер осыларды сақтай алмасақ, онда адамзаттың биологиялық түр ретінде қалуы бір ғайып. Егерде біз өзімізді өзіміз сақтай білуді сезінсек, табиғатты қырағы қорғауымыз қажет. Ол дегеніміз – бүкіл адамзаттың мүлдем жойылып кетуіне тосқауыл қою деген сөз. Оған біз кәміл сенеміз.

6. Орта білім алу міндеттілігі (30-бап, 1-тармақ). Ресей Федерациясында осындай міндет 9класстық біліммен шектелген. Бұл міндет ата-аналарға, асыраушыларға жүктелген.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 238 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)