Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.

Читайте также:
  1. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  2. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  3. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  4. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  5. Азақстан Республикасының ұлттық қаауіпсіздік органдары
  6. Азақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы

Өткен жылдың 12 айында бұрнағы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыс санының деңгейі 39,1 пайызға (206 801-ден 287 681-ге) артты.Сондай-ақ жалпықылмыстық қылмыстардың да 40,1 пайызға артқаны байқалды.Қылмыстылықтың өсуі бұрын неғұрлым көбірек жасырылып келген қылмыстың ұрлық 46,7 пайыз, (121 617-ден 178 461-ге), бұзақылық 63,1 пайыз (10 650-ден 17 375-ке), алаяқтық 50,3 пайыз (15 059-дан 22 638-ге), тонау 11,8 пайыз (18 117-дан 20259-ға) сияқты түрлері бойынша артқан.Қылмыстың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың басым бөлігін (83 пайызын) құрайды.Қылмыс құрамында аса ауыр қылмыс үлесі 1,1 пайызды (3081), ауыр қылмыс – 10,7 пайызды (30 696), ауырлығы орташа қылмыс -79,4 пайызды (228 444), аса ауыр емес қылмыс 8,9 пайызды (25 460) құрайды.Бұл ретте еліміздегі қылмыстылық ахуалы жалпы алғанда шиеленіскен жоқ, бұған кісі өлтірудің 10,8 пайызға (1 420 –ден 1 266-ға), қарақшылықтың 15,1 пайызға (1 962-ден 1 666-ға) төмендегені дәлел.Жалпы қылмыстылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалады. Бұл еліміздің құқыққорғау органдарында өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап арыздар мен хабарламалардың барлық түрлерін біртұтас тіркеудің енгізілуімен, сондай-ақ жалпы қылмыстылықтың, соның ішінде бұрын көрсеткіш қуып, қылмыстың жасырылуына себеп болып келген ауырлығы орташа және аса ауыр емес қылмыстардың ашылуына басқаша баға берумен түсіндіруге болады.Сөйтіп, тіркеудің ашықтығы мен қылмыстың ашылуы көрсеткішін қолдан көтеруге мүдделіліктің жоқтығы қылмыстарды шынайы тіркеуді қамтамасыз етіп, қылмыстылық үдерістерге әсер ететін алғы шарттардың жиынтығын ашып берді.

Құқық қолданудағы қаталiктер қылмыстылық жағдайы ретiнде. Құқық қолдану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың ең маңызды тәсілдерінің бірі. Құқық қолдану күрделі процесс ретінде бірнеше сатылардан тұрады және оларға қойылатын та-лаптар өте зор. Құқық қолданудың бірнеше сатылардан өтуінің негізгі мақсаты істі, оқиғаны жан-жақты, терең мағынада ұғыну, зерттеу және сол арқылы қателіктер мен әділетсіздікке жол бермеу болып табылады. Мысалы Қылмыстық Кодекстің 61 бабы Жоғарғы Соттың қазақ бөлімінің бақылау жұмысы ҚК 61-ші бабын қолдануда соттар өте дөрекі қателіктер жзіберді деп тапқан. Бұл қателіктер 61 баптың бөлімдерін орнымен, дұрыс қолданбаудан туған. Атап айтқанда, істеген қылмысты 61 баптың 1 тармағына (әкімшілік тәртіпке жауапқа тарту) жататын меншік иелеріне 61-ші баптың 2-ші тармағын қолданып, қылмыстық жауапқа тартқан. Қылмыстық Кодекстің 61-ші бабының 3-ші тармағы науқан жоспарын орындамауға алдын-ала келісіп, ұйымдасқан адамдар тобын жазалауға қолданылуына қарамай, келісу факті болмаған жағдайда, тіпті іс бойынша өткен жалғыз адамға қарсы да қолданылған. Сонымен қатар, соттар 61-ші баптың 3-ші тарауымен жазалау үшін, айыпталынушылардың бір-бірін танымайтындықтарын, әр ауылдан болғандықтарын ескермей, бір-бірімен байланысы жоқ бірнеше істерді біріктіруге дейін барған (7). «Еңбекші қазақ» газетінде ҚК 61-баппен соттау мәселесі төңірегінде мақалалар көптеп жазылған. Мысалы, «Астық дайындау жұмысы тап тартысы» деген мақалада: «...Ендігі жерде артық астықтарын бермеген байларға әлеумет қарсылығын мұнан да күшейтіп, басқа округтерде де астық дайындау жұмысын алға бастыру керек... Артық астық бермей, социалистік құрылысымызға бөгет болған байларға, кулактарға қарсылық көрсету, әрине, тап тартысын күшейтеді» (8), - деген. Келесі мақалада «...Заң жолын жеңіл санап, ойыншық етушілер тап дұшпаны. Жалпы ресейлік орталық аткомінің қаулысы бойынша қылмыс заңының 61 ст. Жүзінде өзгеріп отыр. 1-бөлімін ауылдық, поселкелік советтердің қарауына жататын болып отыр. Кейбір жерлерде бұл қаулыны жүзеге асыруда құрғақ әкімшілік жолына салынып кетушілер де жоқ емес...» (9), - деген жолдар бар.

Қылмыскер тұлғасы негiзгi түрiнiң криминологиялық сипаттамасы. Қылмыскер тұлғасы туралы мәселе криминологиядағы біршама күрделі және түрлі талас тудыратын мәселелердің бірі болып табылады. “Адам” ұғымында оның мәнінің ажырамас әлеуметтік және биологиялық жақтарының бір тұтастығы бекітілген. Тұлға – бұл “адамның әлеуметтік бет бейнесі”, қоғамдағы әлеуметтік даму,қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы. Олай болса біз, “қылмыскердің тұлғасы” деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек “ әлеуметтік бейнесі” деп түсінуіміз қажет.Тұлға дегеніміз кім? Бұған байланысты келесі парадигмалар бар: Тұлға — әлеуметтік қатынастар субьектісі ретіндегі индивид; индивид тұлға болады. Қылмыскер тұлғасы – индивидтің қылмыс жасау сипатында көрінетін психикалық ерекшеліктер жиынтығы.Тұлға – бұл индивидуалдық, қайталанбастық. «Адам» және «персона (тұлға)» түсініктері ажыратылады.Адам ұғымы кең деп саналады, себебі кез келген адам тұлға емес, керісінше кез келген тұлға адам. Криминологияда қылмыскер тұлғасы ретінде қоғамға қауіпті әрекет жасаған кінәлі адам тұлғасын түсінеді.А.А.Герцензон: «Қылмыскер – индивид, нақты өмірлік жағдайға байланысты ондағы қоғамға қарсы аморальдық көзқарастарының барына байланысты қоғамға қауіпті әрекет жасаған» деп анықтама береді.Профессор Н.С.Лейкина өз алдына: «Қылмыскер тұлғасы – бұл осы адамға тән қоғам мүдделеріне жағымсыз көзқарастарының және оны шешу үшін қоғамға қауіпті жол таңдау немесе оның нәтижелерін тойтаруға деген белсенділік танытпау нәтижесінде қылмыс жасаған адам тұлғасы».И.И.Карпец және В.Б.Сахаров сынды профессорлар: «Қылмыскер тұлғасы ретінде қылмыстық заңды бұзған кінәлі адамды сипаттайтын әлеуметтік және әлеуметтік маңызды қасиеттер, белгілер, қатынастар жиынтығы және оның қоғамға ғауіпті мінез – құлқына әсер ететін басқа да мән жайлар мен шарттардың ұштасуын түсінеді».Қылмыскер тұлғасын қалған басқа адамдар көпшілігінен ажыратып көрсету құқықтық және әлеуметтік (әлеуметтік – психологиялық) критерийлер негізінде жүзеге асырылады.Қылмыскер тұлғасын тек құқықтық критерий тұрғысынан анықтау, оны қылмыс жасаған ретінде қарастырады. Бірақ, мұндай тұрғыдан қарау тавтология элеметтерін көрсетеді. Қылмыскер тұлғасының мұндай түсінігі «формальді сипатқа ие».

Қылмыскер тұлғасында әлеуметтiк және биологиялық теориялар. Қылмыскер тұлғасы.Бұл ұғымының әр түрлі анықтамалары бар, криминологиялық ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуметтік сапасын білдіретін құрылым ретінде қарастырудан бастау алады.Тұлға қоғамдық қатынастар процесінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенудің жемісі. Оның үстіне, адам әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады.Әлеуметтік пен биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтілікке бағыныштылық қатынаста болады және ол “адам бейнесі “ түрінде көрініс тапады. Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса,әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды.Жеке тұлға ішкі жан дүние (сана) мен сыртқы (қызметінің) жиынтығы болып табылады. Жеке тұлғаның мәнін бұлай анықтау философияда бұрынан қалыптасқан. Адамның тұлғасы оның әлеуметтік ортамен оның өмірлік қызметі байланысының арақатынасы арқылы көрініс тапқан әлеуметтік – психологиялық қасиеттер мен сапалық белгілер жүйесін білдіреді.

Қылмыскер тұлғасының құрылымы, оның сипаттамасы. Қылмыскер тұлғасы құрылымын анықтаған кезінде оның басқа адамдармен әртүрлі қарым – қатыныас процесінде қалыптасқан және оны өз алдына қатынас пен түйсік қызметінің субьектісін жасайтын, ол алдымен оның әлеуметтік маңызды қасиеттерін жиынтығын білдіретінін назарға алуымыз керек. Тұлғаның бұл аспектісі бізге өте маңызды, себебі ол тұлғаны қоғамның, әлеуметтік топтардың немесе басқа да қауымдықтастардың мүшесі, әлеуметтік типтік сипаттардың иесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Қылмыстың жасалу себептері тек тұлғаның теріс әлеуметтік бойына сіңген сипаттары болып табылатыны бәрімізге мәлім.Жекелеген психологиялық процестердің, жағдайлардың қолайсыз ерекшеліктері және биологиялық алғышартталған қасиеттер тек осы әрекетке ықпал етуші себепкер болуы мүмкін. Қылмыскер тұлғасының криминологиялық талдауы қылмыстылық мінез – құлықты қоса алғанда адамның мінез – құлық механизмдерінде көрініс табатын индивидуалды психологиялық ерекшеліктерді де және биологиялық алғышартталған қасиеттерді де максималды ескере отырып талдауды білдіреді. Қылмыскер құрылымында оны айқындап көрсету қылмыс жасаудың себептерін психологиязацилауын немесе биологизациялауын білдірмейді өйткені, көптеген психологиялық ерекшеліктер мен биологиялық алғышарттар қасиеті әлеуметтік факторлардың анықтаушы, бағыттаушы ықпалында болады.Қылмыскер тұлғасы құрлымының басқа да варианттары бар. Мысалы, олар:әлеуметтік – демографиялық және қылмыстық құқықтық белгілерді;қоғамдық өмірдің түрлі аясындағы әлеуметтік құбылыстар мен белсенділіктер;өнегелік қасиеттер;психикалық ерекшелітерді қамтиды.

Қылмыскер тұлғасының ұғымы және оны криминологияда зердеулердiң шектерi. Қылмыскер тұлғасы дегеніміз әрекетінде сыртқы белгілермен бірге қылмыстық мінез-құлықтық сипаты біріккен жағымсыз әлеуметтік қасиеттердің жиынтығымен сипатталатын қоғамға қарсы бағыты көрінетін қылмыс жасаған тұлға.Аталған анықтамада қылмыскер тұлғасы түсінігінің жалпы әлеуметтік және қылмыстық құқықтық мазмұнның арасындағы қарым-қатынасы көрінеді.Әрбір тұлға әлеуметтік мәнді қасиеттердің, тұрмыс және қоғамның рухани жағдайының жеке көрінісі болып табылады.

Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер тұлғасы туралы ол тек сот кінәлі деп тапқан қылмыс жасаған кезде ғана айтуға болады. Қылмыскер тұлғасының құрылымына: биофизиологиялық, әлеуметтік-демографиялық, психологиялық және адамгершілік, әлеуметтік-рольдік, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер жатады. Биофизиологиялық белгілер - бұл жас, жыныс, денсаулық жағдайы, дене конституциясының ерекшеліктері, жүйке жүйесінің табиғи қасиеттері және т.б. Адамның биологиялық табиғаты – жеке тұлғаның пайда болуы және қайталанбайтындығын білдіретін даралығының қажетті жағдайлары. Адамдардың кейбір психологиялық мінездемесі генетикалық сипатта болады. Жеке тұлғаның генетикалық ерекшеліктері мен психофизиологиялық мүмкіндіктеріне оның қоршаған ортадан алған әсері, өмірдің нақты жағдайларындағы тәрбие және т.б. әрекеттерге байланысты болып табылады.

Қоршаған ортаның жағымсыз құбылыстарына қарсы тұрудың белсенділігін сипаттайтын генетикалық шартты дәрежесінің маңызы зор. Әлеуметтік-демографиялық белгілер – жас, жыныс, білім, әлеуметтік жағдайы, қызмет түрі, ұлттық және кәсіби белгілері, қала немесе ауылдық тұрғынға жатуы сияқты сипаттамалардан тұрады. Қылмыскердің жастық сипаты криминогенді белсенділіктің дәрежесі мен қылмыстық мінез-құлықтың ерекшеліктері туралы болжауға мүмкіндік береді. Білім алу және интеллектуалды деңгейі қылмыс сипатын анықтайды.Ең криминогенді әлеуметтік топ қоғамдық пайдалы іспен айналыспайтын тұлғалар болып табылады: олар барлық қылмыскерлердің үштен бір бөлігін құрайды.

Отбасы жағдайы, материалдық қамтамасыз етілу деңгейі және тұрғын жайы туралы деректердің маңызы зор. Қылмыскер тұлғасының құрылымында оның психологиялық және адамгершілік қасиеттерінің мәні үлкен. Бұл белгілер адамның ішкі мазмұнын – оның дүниетанымдық және адамгершілік белгілері мен қасиеттерін тануға көмектеседі. Дүниетанымдық тұрғы тұлғаның жалпы бағытын, оның мақсаттылығын анықтап, оның барлық әрекеттері мен дағдыларына әсерін тигізеді. Қылмыскер тұлғасының сипаттамасын оның интеллектуалдық, еріктілік және эмоциялық белгілері толықтырады. Интеллектуалдық белгілерге ақыл-ойының даму деңгейі, білімі, өмірлік тәжірибесі жатады. Эмоциялық белгілер жүйке процестерінің күші, тұрақтылығы, сезім динамикасы, эмоциялық қозуы және қоршаған ортаның құбылыстарына басқа да жауап беру белгілерінен тұрады. Еріктілік қасиеттер – қабылданған шешімді орындап, жүзеге асыра білу қабілеттігі, өзінің қызметін реттей білу, тұрақтылы, нақтылық және басқа белгілерден көрінеді. Тұлғаның әлеуметтік ролі мен әлеуметтік мәртебесі де оның тұлғасын сипаттауда маңызды болып табылады. Әлеуметтік роль дегеніміз тұлғаның қоршаған ортасына байланысты және сол ортадағы орнына байланысты орындайтын нақты әлеуметтік қызметтері болып табылады. Әлеуметтік роль адамның әлеуметтік мәртебесімен және оның құқықтары және міндеттерімен байланысты. Әлеуметтік мәртебесіне сәйкес адамнан белгілі өзіне тән бір мінез-құлық күтіледі. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер - криминологияда басты рөлдердің бірін ойнайды. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер тұлғаның әлеуметтік деформациясының дәрежесін, қылмыскердің елеулі белгілерін атауға мүмкіндік беретін оның ерекше қасиеттерінің дәрежесін анықтайды.

Қылмыскер тұлғасының классификациясы – белгілі бір критерийлерге байланысты оларды топтарға бөлу болып табылады. Қылмыскер тұлғасы қылмыскер емес тұлғадан қоғамдық қауіптілігімен ерекшеленеді. Қоғамдық қауіптіліктің сипаты қылмыстық мінез-құлықтың себептік бағытына байланысты. Қылмыскер тұлғасының қоғамға қауіптілік дәрежесі осы бағыттың тұрақтылығы мен тереңділігіне байланысты өзгереді. Жоғарыда аталған себептерге байланысты қылмыскерлердің классификациясы екі критериден тұрады: себептіліктің сипаты мен мазмұны; криминогендік бағыт алуының тереңдігі мен сипаты. Себептіліктің сипаты мен мазмұны бойынша қылмыскерлердің негізгі топтары: адамның тұлғасына және оның құндылықтарына: өміріне, денсаулығына, денесіне қол сұғылмаушылығына деген жағымсыз қарым-қатынас (зорлықтық тұлға типі);пайдакүнемдік бағыттылығы (пайдакүнемдік типі);өзінің азаматтық және еңбектік міндеттеріне көрінеу салақтық қарым-қатынастағы тұлға; міндеттері мен талаптарға жауапкершіліксіз және немқұрайды қарым-қатынастағы тұлғалар (абайсыз қылмыскерлер); өзінің жеке (сондай-ақ жақын туыстарының) қажеттілігінің басымдылығына бағдарлаушы; қарапайым (элементарлы) өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлаушы.Криминогендік бағытталуының тереңдігі мен тұрақтылығы бойынша қылмыскерлердің негізгі топтары: пайдакүнемдік бағыттағы (пайдакүнем тип);өзінің азаматтық және еңбектік міндеттеріне көрінеу теріс қарым-қатынасы; талаптары мен міндеттеріне жеңілтек және жауапсыз қарайтындар (абайсыз қылмыскерлер); өзінің жеке қажеттілігіне бағдарлайтын;қарапайым өмірлік қажеттіліктерін бағдарлайтын. Тұлғаның криминогенді-себептік бағытын тереңдігі мен тұрақтылығына байланысты келесідей бөлінеді: кенет оқиғалардың салдарынан және барлық алдындағы мінез-құлқына қарама-қайшы бірінші рет қылмыс жасаған тұлғалар (кездейсоқ қылмыскерлер);бірінші рет қолайсыз өмірлік жағдайлардың салдарынан қылмыс жасаған, бірақ жалпы жағымсыз қасиеттерінен гөрі жағымды қасиеттері басым тұлғалар (жағдайлық қылмыскер);бірінші рет қылмыс жасаған және одан бұрын жағымсыз жағынан сипатталатын тұлғалар (тұрақсыз қылмыскерлер);бірнеше рет қылмыс жасаған тұлғалар және бұрын сотталған тұлғалар (жағымсыз қылмыскерлер; аса қауіпті рецидив субъектілері (аса жағымсыз қылмыскерлер). Қылмыскер тұлғасының құрылымына байланысты өзгеден оқшаулау ойды Б.В.Волженкин білдіреді: 1) қоғам мүшесі ретінде жалпы белгілері; 2) барлық қылмыскерлерге тән, бірақ қарапайым азаматтарданөзгеше белгілері; 3) сол қылмыскерді ғана сипаттайтын жеке-дара белгілері. 9

Ал А.Б.Сахаров пен Ю.Д.Блувштейндікі бірсыдырғы болып келеді.А.Б.Сахаров үшке бөлсе (әлеуметтік-демографиялық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-биологиялық), Ю.Д.Блувштейн тұлғаны

құраушы қасиеттерді беске жіктейді: демографиялық; әлеуметтік;құқықтық; психологиялық; биологиялық (медициналық та осыған кіреді).

Қылмыскерлер типологиясы. Қылмыскер тұлғасы дегеніміз әрекетінде сыртқы белгілермен бірге қылмыстық мінез-құлықтық сипаты біріккен жағымсыз әлеуметтік қасиеттердің жиынтығымен сипатталатын қоғамға қарсы бағыты көрінетін қылмыс жасаған тұлға.Аталған анықтамада қылмыскер тұлғасы түсінігінің жалпы әлеуметтік және қылмыстық құқықтық мазмұнның арасындағы қарым-қатынасы көрінеді.Әрбір тұлға әлеуметтік мәнді қасиеттердің, тұрмыс және қоғамның рухани жағдайының жеке көрінісі болып табылады.Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер тұлғасы туралы ол тек сот кінәлі деп тапқан қылмыс жасаған кезде ғана айтуға болады. Қылмыскер тұлғасының құрылымына: биофизиологиялық, әлеуметтік-демографиялық, психологиялық және адамгершілік, әлеуметтік-рольдік, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер жатады. Қылмыскер тұлғасын,жалпы қылмыскерлерді әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады. а) жүргізілетін статистикалық есеп бойынша олар: 1) әлеметтік - демографиялық белгілеріне байланысты: жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі. 2) әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай: жұмысшылар,қызметкерлер, оқушылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б. 3) тұрғылықты жері мен тұратын уақытана қарай: ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б. 4) қылмыстық әрекетінің қарқыныдылығы мен сипатына қарай:

қайталанған, рецидив (арнайы, аса қауіпті); топта, ұйымдасқан топта қылмыс жасаушы. 5) қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай: мас күйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады. ә) тұлғалық-мотивациялық қасиеттеріне қарай: 1) аса қауіпті қылмыскерлер; 2) зорлықшыл қылмыскерлер; 3) пайдакүнем қылмыскерлер; 4) нәпсіқұмар қылмыскерлер; 5) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер; 6) абайсызда қылмыс жасаушылар. б) Жасаған қылмысының түріне қарай: 1) ұрылар; 2)қарақшылар; 3) кісі өлтіргіштер; 4) алаяқтар т.б. деп топтауға болады. в) тұлғаның криминогендік асқыну дәрежесіне қарай: 1) ''кездейсоқ қылмыскерлер'' - алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағандар; 2) ''ситуативтік қылмыскерлер'' - сыртқы жағымсыз жағдайлардың ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар; 3) ''тұрақсыз қылмыскерлер'' - алғаш рет қылмыс, бірақ бұған дейін өзге құқық бұзушылық жасағандар; 4) ''кәнігі қылмыскерлер'' - бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап,бұрын сотталғандар; 5) ''аса қауіпті қылмыскерлер'' - бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс жасағандар. г) тұлғаның әлеуметтік бағытына қарай: 1) Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері:құқықтық нигилизм, мәдениеттің төмендігі, қоғамқа қарсы бағыты және криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой қылмыскерлер,аса қауіпті рецидивистер). 2) Әдеттегі тип - әлеуметтік-психологиялық қасиеттері тұрақсыз және қайшылыққа толы, жақсы мен жаманның, болатын мен

болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны

өзі жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады. 3) Тұрақсыз тип - негативтік және позитивтік қасиеттері теке-тірес келетін қылмыскер. 4) Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға салақтықпен қарайды. Қауіпті емес қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасайды. 5) Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, құқықтық санасы тұрақты, тек қана нақты өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б. д) қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай: 1) абсолютті қауіпті - серриялық кісі өлтіруші, соның ішінде, жалданып немесе жыныстық, не бірнеше адамды қатар өлтіруші. 2) аса қауіпті - конфликтілік жағдайларда кісі өлтіруші, көп уақыт пайдакүнемдікпен қылмыс жасаушы. Бұған қылмыстық ұйымдардың басшылары да кіреді. 3) қауіпті - жеке адамға не қоғамдық тәртіпті бұза отырып, меншікке қарсы қылмыстар жасаушы, бірақ адам өміріне қарсы қылмыстарды емес. 4) қауіптілігі болымсыз - басқа қылмыскерлер.

Қылмыстардың себептерi және жағдайлары. Қылмыстылықтың себептері - бұл қылмыстылық пен қылмыстарды түпкі нәтижесінде заңды түрде пайда болдыратын әлеуметтік-психиолгиялық детерминанттар. Қылмыстылық жағдайлары – бұл өздері қылмыстылық тудыра алмайтын, бірақ оның тууына белгілі бір жолдармен әсер ететін құбылыстар кешені. Қылмыстылық жағдайлары үш негізгі топқа бөлінеді: көмектесуші жағдайлар (оқиға, құбылыс, уақыт және орын жағдайларының негізін құрайды);қажетті жағдайлар (мұндай жағдайларсыз оқиға болмауы да мүмкін); жеткілікті жағдайлар (барлық қажетті жағдайлардың жиынтығы). Детерминация түрлері. Құбылыстардың өзара қатынас түрлерінің барлығы детерминизм деп аталады. Бұл жерде себептіліктің өзі детерминизмнің бір түрі болып табылады. Уақыт байланысы – «ерте немесе кеш» принципі бойынша құбылыстарды бағалайды. Кеңістіктегі байланыс – белгілі бір қылмыстардың территория бойынша таралуы, яғни қылмыстардың географиялық, этникалық және т.с.с. түрлерін білдіреді. Жағдайлардың байланысы – қылмыстың жеке түрінің жағдайы өзгерген кезде оның құрылымы да өзгереді дегенді білдіреді. Қызметтік (функционалды) байланыс – екі өлшемнің математикалық тәуелділігін көрсетеді. Біріншісі өзгерсе, екіншісі міндетті түрде өзгереді. Корреляция – белгілі бір фактордың өсуі немесе кемуі бойынша бір жаққа өзгеруі екінші факторлар қатарында міндетті түрде өзгеріс тудыратын жалпылама жүйелердегі көп факторлы байланыстар. Мәселен, мемлекеттегі экономиканың әлсіреуі белгілі бір деңгейде осы жердегі қылмыстардың көбеюіне әсер етеді. 2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеу Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар: себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі: 1. Қылмыстың деңгейі бойынша: қылмыстылық; қылмыстың түрлеріне байланысты (қылмыстылық категориялары мен топтары); жеке қылмыстар. 2. Мазмұны бойынша: әлеуметтік-экономикалық;саяси; әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық;тәрбиелік; құқықтық; ұйымдастыру-басқарушылық. 3. Пайда болу табиғатына қарай: объективті;объективті және субъективті;субъективті. 4. Қылмыс оқиғасына жақын болуына қарай: жақын және алыс;тікелей және орталықтандырылған;қоғамымыздың ішкі қайшылықтарымен байланысты ішкі детерминанттар; халықаралық сипаттағы сыртқы детерминанттар

Қылмыстық тәртiп механизмi ұғымы. Криминологияны кейде макрокриминология және микрокриминология деп бөдушілер де кездеседі. Осыған сүйенсек, макрокриминологиясы қылмыстылықты құбылысын ретінде социологиялық деңгейде зерттесе,миекрокриминология тек жеке қылмыстың болу себептерін психологиялық деңгейде зерттейді.Қылмыстық құқық қылмыстық мінез-құлықтың сыртқы көрінісін ғана зерттейді, өйткені ой әлі де қылмыс емес, сол себепті де тек қана қылмыстың объективтік жағы (қылмысқа дайындалудан бастап) көрініс тапқанда ғана ол іске кіріседі. Ал криминология болса, оны микрокриминология деңгейінде себептерін зерттейтін болғандықтан әуелгі түркісінен бастап, тіпті, ол мотивтің пайда болуының де себептеріне тереңдеп үңіледі. ‘’Қылмыс’’ пен ‘’Қылмыстық мінез-құлық’’ ұғымдары бірдей емес, соңғысы алдыңғысына қарағанда кеңірек. Өйткені қылмыс тек заңда келтірілген әрекет түрі болса, қылмыстық мінез-құлық осы әрекетке алып келген себеп-жағдайларды да білдіреді. Бұл тізбек тек қана қылмыстық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық заңды мінез-құлыққа да тән. Мұқтаждықтар ең алғашқы және адаммен туабітті мотивтің қайнар көзі болып табылады. Бірақ жалғыз ғана емес. Әлеуметтік субъект ретінде адамда одан да басқа мотив көздері пайда болады. Олар - өмірлік жоспарлар мен проблемалық жағдайлар. Осы үшеуінен барып мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланысты. Мүдде категориясының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық мүддеге айнала алады. Қарапайым мысалмен айтқанда ‘’Қарным ашып тұр’’- дегеніміз мұқтаждық та, ‘’Қалай тамақ тауып жеймін?’’- дегеніміз мүдде. Демек, мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. Ол “өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолындағы субъектінің объектіге қатынасы”. Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық т.б. сияқты қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге ұмтылған әлеуметтік субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын олардың мұқтаждық-мүдделері және т.б. итермелеуші күштер. Маркстің сөзімен айтқанда ‘’ескі мұқтаждықтарды қанағаттандырып болған соң жаңа мұқтаждықтардың туындауының өзі - тарихи процесс’’.?!! “Егер мұқтаждық, ең алдымен, мұқтаждық затына бағытталса, мүдде мұқтаждықты қанағаттандыра алатын заттарды, құндылықтарды, игіліктерді тарату соларға байланысты болатын әлеуметтік қатынастарға, институттарға, құрылымдарға бет түзейді”.12 Нақты өмір жағдайы - ол тұлғаның қылмыс жасауына ықпал еткен қылмыс жасаудан бұрын орын алған сыртқы мән-жайлардың жиынтығы.Е.І.Қайыржанов ‘’нақты өмір жағдайы’’ мен ‘’қылмыс жасау ситуациясынан’’ ажыратып алуды ұсынады, яғни алғашқысы қылмысқа дейін орын алса, соңғысы қылмыстық ниетті жүзеге асыруды бастаған сәттен қылмыс жасауды аяқтағанға шейін орын алады. Қылмыстық құқықта қылмыс үстінде орын алатын объективтік өмірдің мән-жайларын бейнелей алатын ‘’ситуация’’ атты белгі жоқ. Бар болғаны ‘’қылмыс жағдайы’’ деп аталатын қылмыс құрамының белгісі бар. Бұл осы қылмыс жасау ситуациясына сай келетін сияқты, дегенмен қылмыстық құқық доктринасында қылмыс жағдайымен қоса, қылмыс ситуациясы белгісін қосуды ұсынушы авторлар болған. Ол украин ғалымы Е.Ф.Фесенко ҚК бойынша да қылмыс құрамының орын, жағдай, уақыт сияқты белгілерін қамти алатын теңіз қарақшылығандағы (240-бап) ''теңіз немесе өзен кемесі'' (орын+жағдай), отанға опасыздықтағы (165-бап) ''қарулы жанжал кезі'' (орын+уақыт+жағдай) т.б. келтіруге болады. Нақты өмір жағдайын ‘’сылтаудан’’ ажыратып алған жөн. Егер де нақты өмір жағдайы өзінен өзі объективтік тұрғыда туындайтын болса,сылтауды қылмыскер өзі туындатады және қылмыскер оны саналы түрде пайдаланады. Мысалға, эмоционалдық жағынан ұстамсыз екеніні біле тұра қылмыскер оны әдейі сондай күйге алып келеді және осыны сылтауратып, дене жарақатын салады. Тағы бір айта кетерлігі ‘’сылтау’’ (предлог) мен ‘’дәлел-себепті’’(повод) шатыстыруға болмайды. Оның алғашқысын қылмыскер өзі туындататын болса, соңғысы нақты өмір жағдайының ішіне енеді. Мысалға, нақты өмір жағдайының бір түрі - криминогендік ситуация қылмыс жасаудың дәлел-себебі болып табылады.Есте ұтайтын нәрсе, нақты өмір жағдайы объективтік тұрғыда туындайды дегенмен де, оның қылмыс жасау механизміндегі рөлі қылмыскердің осы сиуацияға берген субъективтік мазмұнына байланысты. Айталық, ұрлық жасауға келген екі тұлғаны алайық: бірі -кенеттен, ол ойламаған жерден туындаған экстрималдық жағдайды қылмыс жасауды жеңілдетуші фактор деп бағаласа, керісінше, келесісі қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін (кедергі келтіруші фактор деп бағалайды).

Қылмыстық-статистикалық әдiс және қылмыстылық пен қылмыскер тұлғасын есепке алатын мемлекеттiк жүйе. Нақты статистикалық әдістердің ішінде криминология көп арқа сүйейтіні - ол байқау, бірақ ол социологиялық емес, статистикалық байқау. Байқаудың өзі статистикалық зерттеулердің бірінші сатысы екендігі анық. Статистика да құбылыстардың сапалық жағын есепке ала отырып, сандық жағын зерттейді және оның заңдылығын анықтауға тырысады. Заңдылықтар статистикалық қана емес, динамикалық та бола алады. Екеуінің айырмашылығы сонда - динамикалық заңдылықты жаратылыстану ғылымдары бойынша жалғыз ғана зерттеу объектісін алып анықтауға болады. Мысалға, тарақанның көбею инстинкті бар екендігін жүздеген-мыңдаған тарақанды зерттемей-ақ, бір-екі, ары кеткенде оншақты мұртты қоңызды зерттеп-ақ анықтаууға болады. Ал статистикалық заңдылықты тек қана массаны, зерттеу объектісін жаппай алып қана анықтауға болады. Статистикалық заңдылығын анықтауға жататын құбылыстың бірі - қылмыстылық. Бірді екілі қылмыстың себебін ғана анықтап, оларды барлық қылмыстырға таңуға әсте болмайды.Сондықтан да қылмыстылық деп аталатын салыстырмалы жаппай

құбылыстың көріністерін неғұрлым кеңірек, көбірек алып қарастыруға тырысу керек. Қылмыстылықты жаппай байқау мүмкін емес, әрі латенттік қылмыстардың да бар екенін ескеру керек. Статистикалық байқаудағы жиынтық бірлігінің толықтығаны қарай оны: жаппай байқау және іріктеп байқау деп бөлуге болады.Іріктеп байқау да үш түрге жіктеледі: а) негізгі массивті байқау(барлығы мүмкін болмаса да негізгі басым бөлігін назарға алу); ә)монографиялық байқау (жеке бір мәселені мұқият, бүге-шігесіне дейін

талдау); б) таңдаулы байқау. Соңғы байқау түрін қолданғанда құбылыстың объективтік заңдылығын анықтау үшін жиынтық бірліктері тек қана кездейсоқ алынуы керек, яғни алдын ал зерттелмей, бас-көзіне

қарамай алынуы керек. Мысалға, рецидивистік қылмыстылық қылмыскер кәмелетке толмай тұрғанда жасаған қылмыстарына бастау алады деген гипотезаны дәлелдеуге бір зерттеуші бел буды делік. Ол

үшін рецидивистердің зерттелетін бөлігі кездейсоқ алынуы керек, Егер де зерттеуші өз ойын дәлелдеу үшін алдын ала атүсті байқау жүргізіп, тек қана кәмелетке толмаған шағында қылмыс жасаған рецидивистерді

ғана зерттеу объектісіне алып, қалғандарын ысырып қойса, құбылыстың объективтік заңдылығы шықпайды, тек қана зерттеушінің субъективтік пікірі болып қана қалады. Дәл осы сияқты, Ломброзо барлық қылмыскерлерді зерттей алған жоқ, тек он бір мыңына ғана қолы жетті. Бұл оның таңдаулы байқауы. Сөйте тұра, ол тек бас сүйегінде атвизимдері барларды ғана емес барлық ‘’қолына түскен‘’ қылмыскерлерді зерттеу объектісіне айналдырған жоқ па еді?!! Математикалық статистика таңдаулы байқаудың мынандай

түрлерін ажыратады: қарапайым, кездейсоқ, жүйелік, типтік, сериялық, екісатылы, аудандандырылған, квота принципі бойынша таңдау т.б. Осы жерде заңдылықты көрсету қабілетіне орай репрезентативтілік

ұғымына назар сала кеткен жөн. Репрезентативтілік дегеніміз – басты жиынтықтың параметрлерін таңдаулы жиынтықтың көрсете алу қабілеті. Мысалға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарға қатысты үш жүзқылмыстық істі зерттеп, кәмелетке толмағандарсанының шамамен 14%-нде қылмыстық жолға түсуіне жолдас-жоралары ықпал еткен деген заңдылығын шығарамыз. Бірақ бұл Қазақстанда жасалған үш жүз кәмелетке толмаған адамның қылмысы ғана. Ал шын мәнінде жылына он мыңдаған кәмелет жасына толмаған адам қылмыс жасайды. Егер де осы жыл сайын жасалатын кәмелетке олмағандардың қылмысын тіркеп, олардың сеьептерін бірден есепке алатындай құрал табылса және осы құралымыздың өзі шыныда да олардың 13,4%-нде олардың қылмыс жасауына жолдас-жоралары итермелейді деп анықтаса заңдалығын, онда расында да жоғарыда кездейсоқ таңдалып алынған үш жүз қылмыстық істің репрезентативтілігі бар. Егер де мүлде жақындамайтын заңдылық анықталса, керісінше, зерттелген материалдардың репрезентативтілігі жоқ болып шығады.

Қылмыстылық себептердiң психологиялық теориялары. Қылмыстылық тарихи өзгермелі болып келеді. Қылмыстылықтың жағдайы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияларда бірдей емес. Оның деңгейі мен құрылымы нақты формацияның мазмұны мен тенденциясына, қылмыс себептері мен жағдайларына, сонымен қатар, мемлекет анықтаған қылмыстық кінә ортасына байланысты өзгеріп отырады. Қылмыстылықтың өзгермелілігі қылмыстық заңнаманың тарихынан көрініп отырады. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болып табылады, оның субъектілері тұлға ретінде қалыптасады. Қалыптасқан өндірістік қатынастар өндірістік күштермен сипатталатын жиынтыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық заңдардан құрылғандықтан, қылмыстылықтың әлеуметтенуі басталады. Қылмыстылық статистикалық көптілік емес, құбылыс болып табылады. Басқа құбылыс сияқты оның да себепті байланысы бар, ол экономика, саясат, идеология, психология, құқық сияқты құбылыстармен тығыз байланысты. Қылмыстылықтың белсенділігі мен сипаты криминогенді және антикриминогенді сипатпен анықталады.

Қылмыстылық деңгейi. Қылмыстылықтың деңгейі Қылмыс деңгейі белгілі бір тұрғындардың санына шаққандағы қылмыстар сомасымен, оларға қатысушылардың санымен есептелетін сандық сапалық сипаттама. Қылмыстылықтың деңгейі оны бағалау критериі болып табылады. Латентті қылмыстылық – іс жүзінде жасалған қылмыстардың нақты, бірақ жасырынған немесе тіркелмеген бөліктерін білдіреді. Қылмыстылық деңгейін бағалау барысында латентті қылмыстардың болуы мүмкін мөлшерін ескеру қажет. Латентті қылмыстылық екі түрге бөлінеді: а) жасырын қылмыстылық; б) жасырылған қылмыстылық. Біріншісі, құқыққорғау органдарымен қылмыстың жасалуына байланысты немесе басқа да мән-жайларға байланысты табылмаған қылмыстар. Екіншісі, құқыққорғау органдарының құқыққа қарсы әрекеті негізінде статистикалық есептерте көрсетілмеген қылмыстар. Латенттіліктің деңгейі кейбір қылмыс түрлерінде елеулі ерекшеленеді. Қасақана кісі өлтіру және қасақана денсаулыққа түрлі сипаттағы зиян келтіру қылмыстарының латенттілік деңгейі төмен, ал пара алу, тұтынушыларда алудың латенттілік деңгейі жоғары болып отыр. Құрылу механизмі бойынша латентті қылмыстылық үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) арыз берілмеген қылмыстар – бұл жасалған, алайда осы қылмыстан зардап шеккен жәбірленушілер, куәгерлер, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар оны біле тұрып құқық қорғау органдарына хабарламаған қылмыстар; 2) есептелмеген – бұл құқық қорғау органдарына белгілі болған, алайда белгілі бір себептерге байланысты (қылмыстың ашылуы көрсеткішін жоғарылату, өз мүддесіне байланысты қылмысты жасыруе, т.б.) тіркелмеген және тергелмеген қылмыстар; 3) анықталмаған – тіркелген, арыздалған және тергелген қылмыстар, алайда лауазымды тұлғалардың қателігі салдарынан қылмыс құрамы немесе оқиғасы анықталмауынан есептелмеген қылмыстар. Ресей криминологы Я.И. Гилинскийдің пікірінше, латентті қылмыстылық үш түрге бөлінеді. Кәдімгі латентті қылмыстылықта қылмысты тіркеуші органдарға қылмыстың жасалуы белгісіз болады. Жасанды латентті қылмыстарда құқық қорғау органдарына қылмыс фактісі белгілі болады, бірақ олар қылмысты тіркемейді. Шекаралық латенттілік заңдық қателік, қылмысты дұрыс сараламаудың салдары, яғни, құқық қорғау органдарына қылмыс оқиғасы белгілі болғанымен, олардың қателесуі нәтижесінде ол қылмыстық әрекетке жатқызылмайды Қылмыстың деңгейінің көрсеткіштері. Көрсеткіш дегеніміз – қылмыстылық деңгейінің есебі жүргізілетін ресми қылмыстылық статистика. Оның ішіне мыналар кіреді: қылмыс туралы жәбірленушінің арыздары мен шағымдары;тіркелген қылмыстардың саны; қылмыс жасаған тұлғалардың табылу саны; үкім бойынша қылмысқа кінәлі тұлғаларды соттау саны.

Қылмыстылық динамикасы. Қылмыстылық басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты сапалық және сандық қасиеттермен сипатталады, олардың ішіне деңгей, құрылым және динамика кіреді.Қылмыстылық құрылымы қылмыс түрлерінің қатынастарымен анықталады. Құрылым көрсеткіштері қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігінің сандық сапалық сипаттамасын береді. Қылмыстылықтың динамикасы дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында оның өзгерісін белгілейтін көрсеткіш. Қылмыстылық динамикасы әлеуметтік құбылыс ретінде екі факторлар тобының әсерінде болады. Біріншісі, бұл қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары, тұрғындардың демографиялық құрылымы және басқа да қылмыстылыққа әсер ететін үрдістер мен құбылыстар. Екіншісі, қылмыстардың аумағын кеңейтетін немесе тарылтатын қылмыстық заңның өзгеруі. Қылмыстылық динамикасының статистикалық көрінісі, қылмыстарды өз уақытында табу және тіркеу бойынша қызметке байланысты. Қылмыстылық абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен өлшенеді. Қылмыстылықтың объективтік көрсеткіші – бұл тұрғындар санына шаққандағы қылмыс көлемі (қылмыстылық коэффициенті). Бұл коэффициент мына формуламен есептеледі:

Қ х 100000

ҚК = ,

Т

Бұл жерде ҚК – қылмыстылықтың коэффициенті, Қ – бұл тіркелген қылмыстардың абсолютті саны, Т - барлық тұрғындардың абсолютті саны, ал қылмыс саны әдетте 100 мыңмен есептеледі.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 215 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)