Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстылық және қылмыс оның қатынастары.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
  5. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  6. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  7. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.

Қылмыстылық және қылмыстар ұғымы себептер мен жағдайлар жүйесi. Қылмыстылық - бұл белгілі бір мемлекетте және белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жүйесін көрсететін әлеуметтік-тарихи өзгермелі және қылмыстық-құқықтық құбылыс. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болып табылады, оның субъектілері тұлға ретінде қалыптасады. Қалыптасқан өндірістік қатынастар өндірістік күштермен сипатталатын жиынтыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық заңдардан құрылғандықтан, қылмыстылықтың әлеуметтенуі басталады. Қылмыстылық статистикалық көптілік емес, құбылыс болып табылады. Басқа құбылыс сияқты оның да себепті байланысы бар, ол экономика, саясат, идеология, психология, құқық сияқты құбылыстармен тығыз байланысты. Қылмыстылықтың белсенділігі мен сипаты криминогенді және антикриминогенді сипатпен анықталады. Қылмыстылықтың жағдайы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияларда бірдей емес. Оның деңгейі мен құрылымы нақты формацияның мазмұны мен тенденциясына, қылмыс себептері мен жағдайларына, сонымен қатар, мемлекет анықтаған қылмыстық кінә ортасына байланысты өзгеріп отырады. Түрлері: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, Зорлық қылмыстылығы, Пайдакүнемдік және парақорлық жөніндегі қылмыстылық, Ұйымдасқан қылмыстылық, Кәсіби қылмыстылық, Рецидивтік қылмыстылық, Абайсыз қылмыстар, Экологиялық қылмыстылық, Әскери қылмыстылық,. Әйелдер қылмыстылығы Қылмыстылықтың себептері - бұл қылмыстылық пен қылмыстарды түпкі нәтижесінде заңды түрде пайда болдыратын әлеуметтік-психиолгиялық детерминанттар. Қылмыстылық жағдайлары – бұл өздері қылмыстылық тудыра алмайтын, бірақ оның тууына белгілі бір жолдармен әсер ететін құбылыстар кешені. Қылмыстылық жағдайлары үш негізгі топқа бөлінеді: көмектесуші жағдайлар (оқиға, құбылыс, уақыт және орын жағдайларының негізін құрайды);қажетті жағдайлар (мұндай жағдайларсыз оқиға болмауы да мүмкін); жеткілікті жағдайлар (барлық қажетті жағдайлардың жиынтығы). Детерминация түрлері. Құбылыстардың өзара қатынас түрлерінің барлығы детерминизм деп аталады. Бұл жерде себептіліктің өзі детерминизмнің бір түрі болып табылады. Уақыт байланысы – «ерте немесе кеш» принципі бойынша құбылыстарды бағалайды. Кеңістіктегі байланыс – белгілі бір қылмыстардың территория бойынша таралуы, яғни қылмыстардың географиялық, этникалық және т.с.с. түрлерін білдіреді. Жағдайлардың байланысы – қылмыстың жеке түрінің жағдайы өзгерген кезде оның құрылымы да өзгереді дегенді білдіреді. Қызметтік (функционалды) байланыс – екі өлшемнің математикалық тәуелділігін көрсетеді. Біріншісі өзгерсе, екіншісі міндетті түрде өзгереді. Корреляция – белгілі бір фактордың өсуі немесе кемуі бойынша бір жаққа өзгеруі екінші факторлар қатарында міндетті түрде өзгеріс тудыратын жалпылама жүйелердегі көп факторлы байланыстар. Мәселен, мемлекеттегі экономиканың әлсіреуі белгілі бір деңгейде осы жердегі қылмыстардың көбеюіне әсер етеді. 2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеу Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар: себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі: 1. Қылмыстың деңгейі бойынша: қылмыстылық; қылмыстың түрлеріне байланысты (қылмыстылық категориялары мен топтары); жеке қылмыстар. 2. Мазмұны бойынша: әлеуметтік-экономикалық;саяси; әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық;тәрбиелік; құқықтық; ұйымдастыру-басқарушылық. 3. Пайда болу табиғатына қарай: объективті;объективті және субъективті;субъективті. 4. Қылмыс оқиғасына жақын болуына қарай: жақын және алыс;тікелей және орталықтандырылған;қоғамымыздың ішкі қайшылықтарымен байланысты ішкі детерминанттар; халықаралық сипаттағы сыртқы детерминанттар. Көлемі бойынша: Ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі барлық қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары Әртүрлі қылмыстар топтарының және оның құрылымдық бөліктерінің себептері мен жағдайлары; Нақты қылмыстың себептері мен жағдайлары Әлеуметтік маңызы бойынша: Қылмыстылықтың жалпы әлеуметтік себептері мен жағдайлары;Әр түрлі әлеуметтік топтардағы және қоғамдық өмір саласындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары;Жеке қылмыстық мінез құлықтың себептері мен жағдайлары Аумақтық таралуы бойынша: Мемлекет көлемінде қылмыстылықтың себептері мен жағдайы;Әр түрлі аймақтардағы, облыс, қалалардағы қылмыстылықтың;себептері мен жағдайлары;Нақты елді ме-кенде (қала, аудан, ауыл) және жеке-леген объектілердегі қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары

Қылмыстылық құрылымы. Қылмыстылық құрылымының негізгі көрсеткіштері.1) аса ауыр, ауыр, онша ауыр емес қылмыстардың арақатынасы; 2) ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыстардың саралануы бойынша арақатынас; 3) кең таралған қылмыстардың үлесі;4) кәмелетке толмағандардың қылмыстық үлесі;5) топтық қылмыстылық, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстылықтың үлесі;6) қылмыстың қайталануының үлесі; 7) қылмыстылықтың географиялық, яғни, аумақ бойынша бөлінуі; 8) қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың үлесі; 9) есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың үлесі; 10) көшедегі қылмыстар; 11) трансұлттық қылмыстар;

12) қылмыстылыққа баға беру.

Қылмыстылық профилактика ұғымы. Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғанын қайта қылмыс жасамауынын алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады. Қылмыстылықтың алдын алу шараларын жікте Қылмыстылықтың алдын алу шаралары келесі негіздер бойынша жіктеледі: ескерту қызметінің әлеуметтік деңгейі бойынша; қамтитын көлемі бойынша;аумақтық масштабы бойынша; әсер ету бағыты мен түрі бойынша; жетілдіру және қолдану субъектісі бойынша. Алдын алу қызметінде әлеуметтік деңгей бойынша шаралар үш топқа бөлінеді: жалпы әлеуметтік шаралар; әлеуметке қайшы келетін шаралар; арнайы (криминологиялық) шаралар. Жалпы әлеуметтік алдын алу шаралары қоғамның дамуына байланысты ретімен жүзеге асырылады. Қылмыстылықты жалпы әлеуметтік ескерту әлеуметтік қызметтің ең маңызды да ұзақ мерзімді түрлерімен байланысты және ірі көлемдегі әлеуметтік мәселелерді шешу барысында жүзеге асырылады. Қылмыстылықты ескертудің жалпы әлеуметтік шараларына қоғам мүшелерінің, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер жатады. Экономикада және тұтынушылық нарығындағы жағдайды тұрақтандыру, тұрғындардың төлеу қабілеттілігін жоғарылату экономикалық және басқа да қылмыстылықтарды ескертудің алғышарты болып табылады.Тұрмыстық, зорлық және басқа да қылмыстардың қысқаруына тұрғын үй мәселелерін, жанұя қатынастарын жақсарту, әйелдердің еңбек ету және тұрмыстық жағдайын жақсарту, ана мен баланы қорғау, бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша шаралар ықпал етеді.Арнайы (криминологиялық) шараларға криминогенді факторларды анықтау, жою, әлсірету және бейтараптандыруға, қылмыс жасауы мүмкін тұлғаларды түзетуге бағытталған шаралар жатады. Арнайы алдын алу деңгейінде қылмыстылық, оның жеке түрлерімен және нақты қылмыстармен күресу мақсаты сәйкес әлеуметтік бақылау шаралары үшін жалғыз және жетелеуші болып табылады. Арнайы алдын алу шараларын жетілдіру және жүзеге асыру қылмыстылықтың болуымен, оның жағдайымен және криминогендік детерминанттардың болуымен тікелей байланысты. Жалпы аталған алдын алулық шаралардың белгілі бір мақсаты болады, мысалы, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, контрабанда және қызметтік міндеттерін көрінеу орындамауға қарсы күрестің бірден-бір мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтау, экономиканың қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету, жанұя мен балалардың мүдделерін қорғау болып табылады. Қылмыстылықтың алдын алу шараларын көлем бойынша жіктеу. Көлемі бойынша ескерту шаралары келесі топтарға бөлінеді: жалпы (жақсыз) шаралар;ерекше (топтық) шаралар;жеке (индивидуалды) шаралар. Жалпы ескерту шаралары жалпы қылмыстылықтың немесе оның жеке түрлерінің себептері мен жағдайларын әлсіретуге, бейтараптандыруға, табуға және жоюға арналған. Олар жеке анықталмаған объектілер шеңберіне бағытталған: қылмыс жасауға, есірткі пайдалануға, жезөкшелікке бейім тұлғаларға қатысты; пайдакүнемдік қылмыстардың болуына мүмкіндік жасайтын жағдайларға қатысты, мысалы, тұрғын үй немесе кеңсе бөлмелерінің қауіпсіздік стандартына сәйкес келмеуі; құжаттарды, ақшаны, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және тіркеу ережелерін сақтамау және т.б.Жеке алдын алуда жеке тұлғаға қатысты жалпы әлеуметтік және арнайы шараларды нақтылау қажет: қоғамға қарсы бағытталған және қоғамға қауіпті қылық жасауы мүмкін нақты тұлғаға қатысты қолайсыз әсерлерді жою шаралары; қылмыстық жолға әкелетін әлеуметтік келеңсіз мінез-құлықты және т.б. өзгерту шаралары; дайындалып жатқан қылмыстардың алдын алу бойынша кейінге қалдырылмас шаралар қолдану және оларды жасау әрекеттерін тыю. Бағытталуы мен түрлері бойынша қылмыстылықты ескерту шараларын жіктеу және олардың әрекеттері барлық деңгейлер, масштабтар және көлемдердегі алдын алу шараларын бөліп көрсетеді:әлеуметтік-экономикалық шаралар; йымдастырушылық-басқару шаралар;идеологиялық шаралар; әлеуметтік-психологиялық шаралар; медициналық және педагогика-психологиялық шаралар; техникалық шаралар; құқықтық шаралар.

Қылмыстылық себептерiнiң классификациясы және жағдайлары. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеу Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар: себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі: 1. Қылмыстың деңгейі бойынша: қылмыстылық; қылмыстың түрлеріне байланысты (қылмыстылық категориялары мен топтары); жеке қылмыстар. 2. Мазмұны бойынша: әлеуметтік-экономикалық;саяси; әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық;тәрбиелік; құқықтық; ұйымдастыру-басқарушылық. 3. Пайда болу табиғатына қарай: объективті;объективті және субъективті;субъективті. 4. Қылмыс оқиғасына жақын болуына қарай: жақын және алыс;тікелей және орталықтандырылған;қоғамымыздың ішкі қайшылықтарымен байланысты ішкі детерминанттар; халықаралық сипаттағы сыртқы детерминанттар

Қылмыстылық талдауы: негiзгi амалдар. Қылмыстылықты талдау оның нақты сапалық жəне сандық сипаттамаларын айқындауға бағындырылуы тиіс. Бұл əдістер кешенін қолдануды керек етеді. Талдау барысында қылмыстылық пен оның өзгеруінің криминологияда айқындалып қойған жəне əдебиетте баяндалған заңдылықтары ескеріледі. Бұл қылмыстылықтың нақты жағдайлардағы ерекшеліктерін дəлірек бағалауға, оның əр түрлі құрылымдық элементтерінің жаңа үрдістері мен өзіндік ара қатынастарын уақтылы айқындауға мүмкіндік береді.

Қылмыстылық ұғымы және түрлерi. Қылмыстылық - бұл белгілі бір мемлекетте және белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жүйесін көрсететін әлеуметтік-тарихи өзгермелі және қылмыстық-құқықтық құбылыс. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болып табылады, оның субъектілері тұлға ретінде қалыптасады. Қалыптасқан өндірістік қатынастар өндірістік күштермен сипатталатын жиынтыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық заңдардан құрылғандықтан, қылмыстылықтың әлеуметтенуі басталады. Қылмыстылық статистикалық көптілік емес, құбылыс болып табылады. Басқа құбылыс сияқты оның да себепті байланысы бар, ол экономика, саясат, идеология, психология, құқық сияқты құбылыстармен тығыз байланысты. Қылмыстылықтың белсенділігі мен сипаты криминогенді және антикриминогенді сипатпен анықталады. Қылмыстылықтың жағдайы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияларда бірдей емес. Оның деңгейі мен құрылымы нақты формацияның мазмұны мен тенденциясына, қылмыс себептері мен жағдайларына, сонымен қатар, мемлекет анықтаған қылмыстық кінә ортасына байланысты өзгеріп отырады. Түрлері: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, Зорлық қылмыстылығы, Пайдакүнемдік және парақорлық жөніндегі қылмыстылық, Ұйымдасқан қылмыстылық, Кәсіби қылмыстылық, Рецидивтік қылмыстылық, Абайсыз қылмыстар, Экологиялық қылмыстылық, Әскери қылмыстылық,. Әйелдер қылмыстылығы

Қылмыстылықтың алдын-алу ұғымы және жүйесi. Қылмыстылықтың алдын-алу – қылмыскердің жеке тұлғасымен тығыз байланысты. Қылмыстылықты алдын-алу мәселесі 3деңгейде қарастырылады. 1.Жалпы әлеуметтік, 2.Арнайы криминологиялық, 3.Жеке. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болғандықтан онымен күресу кешенді түрде жүргізілгенде ғана сәтті жүзеге асады. Сондықтан қылм/пен күресуде эконом/қ, әлеуметтік-мәдени, тәрбиелік ж/е құқықтық шаралар қолдану дұрыс болады.

Қылмыстылықтың алдын-алуда арнайы шаралар классификациясы. Қылмыстылықтың алдын алу шаралары келесі негіздер бойынша жіктеледі: ескерту қызметінің әлеуметтік деңгейі бойынша; қамтитын көлемі бойынша;аумақтық масштабы бойынша; әсер ету бағыты мен түрі бойынша; жетілдіру және қолдану субъектісі бойынша. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы шаралар тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен, өндіріс және әлеуметтік жағдайдағы кризистік құбылыстармен байланысты криминогендік шараларды жою, әлсірету және бейтараптандыруға бағытталған. Оған: аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қорғау шаралары; экономиканы сауықтыру және жалпы жағдайды тұрақтандыру шаралары; салық төлеуді қамтамасыз ету шаралары. Ұйымдастырушылық-басқару шараларына басқару аппараттарының жұмысын мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік бақылауды жетілдіру жатады, оның міндеті мүліктік, лауазымдық және экономикалық қылмыстылықтардың болуына әсер ететін кемшіліктер мен бұзушылықтарды шектеу болып табылады. Ұйым/қ-басқару шараларының құқық қорғау қызметі саласында маңызы зор: оның реттелуі, қылмыстылықтың жеке түрлеріне қолданылатын әдістемелік, кадрлық алдын алуды қамтамасыз ету. Идеологиялық шаралар дегеніміз қоғам мүшелерінде адамгершілік көзқарас қалыптастыру арқылы криминогендік факторларды жоятын және шектейтін шаралар. Әлеуметтік-психологиялық мазмұндағы шаралар елде, жеке аумақтар мен жерлерде жеке қоғам контингенттері мен топтарында өз қауіпсіздігіне, өзара көмекке дайындығына сенімділігін, құқыққорғау органдарына деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Медициналық және педагогика-психологиялық алдын алу шараларына мыналар жатады: айналадағыларға қауіп тудыратын аурулардың алдын алу, осы аурулармен ауыратын тұлғаларды емдеу; әлеуметтік тұрақсыздық тудыратын және қылмыстың жасалуына себеп болатын мінез-құлықтарды: жезөкшелікті, маскүнемдікті, қайыршылықты тарататын тұлғаларға қарсы әсер ету шараларын қолдану. Қылмыстылықтың алдын алудың құқықтық шараларына мыналар жатады: қылмыстылық, әкімшілік, еңбек, азаматтық, жанұя және заңдардың басқа салаларын жетілдіру арқылы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын анықтау, әлсірету, жою және бейтараптандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу; қылмыс жасау жағдайларының тууына кедергі жасайтын құқықтық тыйым салу мен шектеулерді енгізу және жетілдіру; әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мінез-құлықтарынан арылту мақсатында әкімшілік-құқықтық әсер ету шараларын енгізу және жетілдіру.

Қылмыстылықтың виктимологиялық факторлары. Виктимизация – тұлғаны қылмыс құрбанына айналдыру үрдісі, сондай-ақ жалпы және жеке тәртіптегі осы үрдістің нәтижесі. Виктимділік – белгілі-бір қасиеттеріне (рухани, кәсіби және т.б.) байланысты адамның объективті жағдайлардың әсерінен қылмыстық қол сұғудың субъектісі болуының жоғары қабілеттілігі. Виктимология – қылмыс құрбаны туралы ілім, қол сұғудың құрбаны болуға қабілетті жәбірленуші туралы ғылым. Нақты қылмыс жағдайы сипаттамасының виктимологиялық аспектісі. Виктимология қылмыс құрбанының мінезі мен мінез-құлықтарын, оның қылмыс жасау сатыларының барлық кезеңдеріндегі қылмыскермен байланысын зерттейтін криминологиядағы жеке бағыт болып табылады. Сондықтан да, жеке қылмыстық қылықтағы себептік кешендерде виктимологиялық аспектілерді ескермеуге болмайды. Виктимологияның міндеттері қылмыста зардап шеккен тұлғаларды зерттеу, олардың қылмыс жасау сатыларында қылмыскермен байланысын анықтау болып табылады. Виктимологиялық мінез-құлық абайсыз, тәуекелдік, жәбірленушінің өзіне қауіпті болады, яғни, осыған байланысты криминогенді жағдай тудыруы мүмкін, кейбір жағдайларда қылмыстың жасалуына себеп болады. Көптеген құқыққа қарсы әрекеттер жәбірленушінің өзіне байанысты болуы мүмкін. Ол мына жағдайлар: оқиғалық жағдайлардың ерекшеліктері (мас болу), тұлғаның денсаулық жағдайы (сезім органдарының кемшіліктері), ерекше психикалық көңіл-күйі;өзінің тұлғасына, қауіпсіздігіне, ар-намысына, мүлкінің сақталуына немқұрайды қарауы;бұрын өзіне қарсы жасалған қылмыстар жайлы құқық қорғау органдарына хабарлағысы келмеуі;қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті реттейтін ережелерге жеңілтектікпен қарауы;заңсыз мәмілелерге келісуі. Виктимологиялық зерттеулер қылмыс (ерекше) пен қылмыстылықтың (жалпы) қатынасын екі негізгі деңгейде жүзеге асырады. Ерекше деңгейде виктимологиялық зерттеу жәбірленуші әрекеттерінің қылмыс тудыру әсерін анықтайды. Жалпы деңгейде зерттеу виктимдік мінез-құлықтың заңдылықтарын анықтауға, олардың себептерін табуға мүмкіндік береді. Виктимологиялық зерттеулердің тағы бір мақсаты жәбірленушілерге тікелей әсер ету арқылы нақты қылмыстардың алдын алудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Қылмыстылықтың қарама-қайшылығы себептерiмен жағдайларының көзi ретiнде. Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар:себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі: Нақты қылмыстардың себептері мен жағдайларының түсінігіне құқыққа бағынатын тұлғаларға тән емес, бірақ қылмыскерлерге тән тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері кіреді, сонымен бірге, оның әлеуметтік және психологиялық мәртебесі және басқа да мән-жайлар жатады. Қылмыс – бұл өмірлік дағдының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, қажеттіліктердің дисгармониясы және деформациясымен байланысты тұлғаның мінез-құлқының көрінісі. Табиғи ортаның ерекшеліктерімен бірлікте бұл қасиеттер қылмыстық мінез-құлықтың себептері мен себептемелерін тудырады.Өз кезегінде, тұлғаның криминогендік ерекшеліктері оның қолайсыз ортада дамуына байланысты теріс қалыптасу үрдісінің нәтижесі болады. Кейбір нақты қылмыстың себептері криминогендік себептеменің негізі болып табылады. Қылмыстылықтың себептерін тудыратын әрекеттер жасаған кезде қылмыскердің қалыптасып, өмір сүру және нақты қылмыс жасаған кездегі жағдайларын зерттеудің маңызы зор. Тұлғаның психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктері оның криминогендік әсерін күшейтеді. Қылмыстық мінез-құлық механизмі Бірнеше болуы мүмкін қылмыстық мінез-құлықтың ішінен таңдап алу қажеттігін анықтайтын психикалық үрдістер мен тұлға жағдайының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы қылмыстық мінез-құлық механизмі болып табылады. Аталған тізбекте ең бастысы – себеп. Себептің қалыптасу негізінде қажеттіліктер жатыр. Себепті қанағаттандыру құралдары мен жолдарын таңдау. Ол субъектіге нақты себептерді табу үшін қажетті болып табылады. Қылмыстық мінез-құлық механизмінің елеулі элементі ерік болып табылады. Ол адамның өз әрекеттері мен мінез-құлықтарын саналы түрде реттеуін түсіндіреді. Тұлғаның еріктілік қасиеттері мақсаттылық, тұрақтылық және сенімділіктен байқалады. Нақты қылмыстық мінез-құлықтар механизміндегі криминогендік жағдайлар. Криминогендік жағдай дегеніміз тұлғаны қылмыс жасау шешіміне итермелеген оқиға немесе жағдай болып табылады. Нақты қылмыстық мінез-құлықтар механизміндегі жағдайдың орны туралы айтатын болсақ, криминогендік жағдай қылмыскер, қоршаған орта және қылмыс арасында орынды алады. Нақты қылмыстық мінез-құлықтар механизміндегі жағдайдың орны әр түрлі болып табылады. Ол абайсызда жасалған және жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстарда шешуші роль атқаруы мүмкін. Алдын алулық жағынан жағдайлар белгілі бір жердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігі тұрғысынан қарастырылады. Оларды бағалау көбінесе қылмыстық-құқықтық жағынан құнды болып келеді.

Латенттiк қылмыстылық. іс жүзінде жасалған қылмыстардың нақты, бірақ жасырынған немесе тіркелмеген бөліктерін білдіреді. Қылмыстылық деңгейін бағалау барысында латентті қылмыстардың болуы мүмкін мөлшерін ескеру қажет. Латентті қылмыстылық екі түрге бөлінеді: а) жасырын қылмыстылық; б) жасырылған қылмыстылық. Біріншісі, құқыққорғау органдарымен қылмыстың жасалуына байланысты немесе басқа да мән-жайларға байланысты табылмаған қылмыстар. Екіншісі, құқыққорғау органдарының құқыққа қарсы әрекеті негізінде статистикалық есептерте көрсетілмеген қылмыстар. Латенттіліктің деңгейі кейбір қылмыс түрлерінде елеулі ерекшеленеді. Қасақана кісі өлтіру және қасақана денсаулыққа түрлі сипаттағы зиян келтіру қылмыстарының латенттілік деңгейі төмен, ал пара алу, тұтынушыларда алудың латенттілік деңгейі жоғары болып отыр. Құрылу механизмі бойынша латентті қылмыстылық үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) арыз берілмеген қылмыстар – бұл жасалған, алайда осы қылмыстан зардап шеккен жәбірленушілер, куәгерлер, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар оны біле тұрып құқық қорғау органдарына хабарламаған қылмыстар; 2) есептелмеген – бұл құқық қорғау органдарына белгілі болған, алайда белгілі бір себептерге байланысты (қылмыстың ашылуы көрсеткішін жоғарылату, өз мүддесіне байланысты қылмысты жасыруе, т.б.) тіркелмеген және тергелмеген қылмыстар; 3) анықталмаған – тіркелген, арыздалған және тергелген қылмыстар, алайда лауазымды тұлғалардың қателігі салдарынан қылмыс құрамы немесе оқиғасы анықталмауынан есептелмеген қылмыстар. Ресей криминологы Я.И. Гилинскийдің пікірінше, латентті қылмыстылық үш түрге бөлінеді. Кәдімгі латентті қылмыстылықта қылмысты тіркеуші органдарға қылмыстың жасалуы белгісіз болады. Жасанды латентті қылмыстарда құқық қорғау органдарына қылмыс фактісі белгілі болады, бірақ олар қылмысты тіркемейді. Шекаралық латенттілік заңдық қателік, қылмысты дұрыс сараламаудың салдары, яғни, құқық қорғау органдарына қылмыс оқиғасы белгілі болғанымен, олардың қателесуі нәтижесінде ол қылмыстық әрекетке жатқызылмайды

Латенттiлiк қылмыстықтың айқындау әдiстерi. Латентті қылмыстарды анықтайтын факторлар:жәбірленушінің құқық қорғау органдарына хабарламауы; қылмыс келтірілген зардаптың аздығы; жәбірленушінің уақытының болмауы; қылмыскерді жазалаудың шынайылығына күмәндану;жәбірленушінің, куәгердің қылмыскермен ерекше қарым-қатынасы; қылмыскердің жәбірленушіні, куәгерді және т.б. қорқытуы;құқықтық сананың төмен болуы.

Латенттiлiк қылмыстылық деңгейiне әсер ететiн факторлар. жәбірленушінің құқық қорғау органдарына хабарламауы; қылмыс келтірілген зардаптың аздығы; жәбірленушінің уақытының болмауы; қылмыскерді жазалаудың шынайылығына күмәндану;жәбірленушінің, куәгердің қылмыскермен ерекше қарым-қатынасы; қылмыскердің жәбірленушіні, куәгерді және т.б. қорқытуы;құқықтық сананың төмен болуы. Латентті қылмыстылық – іс жүзінде жасалған қылмыстардың нақты, бірақ жасырынған немесе тіркелмеген бөліктерін білдіреді. Қылмыстылық деңгейін бағалау барысында латентті қылмыстардың болуы мүмкін мөлшерін ескеру қажет.Латентті қылмыстылық екі түрге бөлінеді: а) жасырын қылмыстылық; б) жасырылған қылмыстылық. Біріншісі, құқыққорғау органдарымен қылмыстың жасалуына байланысты немесе басқа да мән-жайларға байланысты табылмаған қылмыстар. Екіншісі, құқыққорғау органдарының құқыққа қарсы әрекеті негізінде статистикалық есептерте көрсетілмеген қылмыстар. Латенттіліктің деңгейі кейбір қылмыс түрлерінде елеулі ерекшеленеді. Қасақана кісі өлтіру және қасақана денсаулыққа түрлі сипаттағы зиян келтіру қылмыстарының латенттілік деңгейі төмен, ал пара алу, тұтынушыларда алудың латенттілік деңгейі жоғары болып отыр. Құрылу механизмі бойынша латентті қылмыстылық үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) арыз берілмеген қылмыстар – бұл жасалған, алайда осы қылмыстан зардап шеккен жәбірленушілер, куәгерлер, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар оны біле тұрып құқық қорғау органдарына хабарламаған қылмыстар; 2) есептелмеген – бұл құқық қорғау органдарына белгілі болған, алайда белгілі бір себептерге байланысты (қылмыстың ашылуы көрсеткішін жоғарылату, өз мүддесіне байланысты қылмысты жасыруе, т.б.) тіркелмеген және тергелмеген қылмыстар; 3) анықталмаған – тіркелген, арыздалған және тергелген қылмыстар, алайда лауазымды тұлғалардың қателігі салдарынан қылмыс құрамы немесе оқиғасы анықталмауынан есептелмеген қылмыстар. Ресей криминологы Я.И. Гилинскийдің пікірінше, латентті қылмыстылық үш түрге бөлінеді. Кәдімгі латентті қылмыстылықта қылмысты тіркеуші органдарға қылмыстың жасалуы белгісіз болады. Жасанды латентті қылмыстарда құқық қорғау органдарына қылмыс фактісі белгілі болады, бірақ олар қылмысты тіркемейді. Шекаралық латенттілік заңдық қателік, қылмысты дұрыс сараламаудың салдары, яғни, құқық қорғау органдарына қылмыс оқиғасы белгілі болғанымен, олардың қателесуі нәтижесінде ол қылмыстық әрекетке жатқызылмайды.

Профилактика субъектiлерi, оның мақсаттары және функциялары. Жалпы қылмыстылықтың, соның ішінде нақты қылмыстардың жасалуы мен таралуына әсер ететін жағдайларды анықтау, жою, әлсірету және бейтараптандыру бойынша қызметі заңмен жүктелген органдар, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, сондай-ақ, лауазымды тұлғалар мен жеке азаматтар Қылмыстың алдын алу субъектілері болып табылады. Алдын алу субъектілері мемлекеттік және қоғамдық жүйелердегі орны бойынша келесідей жіктеледі: мемлекеттік және жергілікті органдар;үкіметтік емес, соның ішінде, коммерциялық және коммерциялық емес қоғамдық құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар; азаматтар.

Қылмыстылықтың алдын алу қызметінің міндеттері, құзіреті және мазмұны бойынша алдын алу субъектілері: жалпы құзіреттегі билік органдары; арнайы емес органдар; жекелей арнайы емес органдар;

арнайы органдар болып бөлінеді. Конституцияға сәйкес заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни, қылмыстылықты ескерту Қазақстан Республикасы мен оның субъектілерінің ортақ міндеті болып табылады. Қылмыстылықтың алдын алудың арнайы емес субъектілері – бұл шаруашылық құрылымдар, спорт және мәдениет мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары; табиғатты қорғау, көші-қонды реттейтін, еңбекке орналастыруды, зейнетақылық қамтамасыз етуді жүзеге асыруды, тұрғын үй-коммуналдық мекемелерді реттейтін органдар болып табылады. Кейбір жағдайларда осы алдын алу субъектілері қылмыстылықтың алдын алуға көмектессе де, алайда, олардың қызметіне бұл міндет аса жүктелген жоқ. Жекелей арнайы алдын алу органдары қатарына денсаулық қорғау, оқу және әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері, сондай-ақ, табиғатты қорғау, бақылау-ревизиялық және аудиторлық ұйымдар жатады. Олардың алдыңғыларынан бөліну себебі екеуінің арасында белгілі бір шек қою, өйткені осы органдардың қылмыстылықтың алдын алуға елеулі көмегі тиеді. Қылмыстылықтың алдын алудың арнайы субъектілері – алдын алу басты міндеттері мен қызметтеріне кіретін құқық қорғау органдары болып табылады. Бұл – сот, прокуратура, ішкі істер, кеден, ұлттық қауіпсіздік, шекара қызметі органдары. Құқыққорғау органдарына кейбір арнайы қоғамдық бірлестіктер, адвокатура және күзет қызметтері де жатады. Қылмыстылықтың алдын алу шараларын көлем бойынша жіктеу. Көлемі бойынша ескерту шаралары келесі топтарға бөлінеді: жалпы (жақсыз) шаралар;ерекше (топтық) шаралар;

жеке (индивидуалды) шаралар. Жалпы ескерту шаралары жалпы қылмыстылықтың немесе оның жеке түрлерінің себептері мен жағдайларын әлсіретуге, бейтараптандыруға, табуға және жоюға арналған. Олар жеке анықталмаған объектілер шеңберіне бағытталған: қылмыс жасауға, есірткі пайдалануға, жезөкшелікке бейім тұлғаларға қатысты; пайдакүнемдік қылмыстардың болуына мүмкіндік жасайтын жағдайларға қатысты, мысалы, тұрғын үй немесе кеңсе бөлмелерінің қауіпсіздік стандартына сәйкес келмеуі; құжаттарды, ақшаны, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және тіркеу ережелерін сақтамау және т.б.Жеке алдын алуда жеке тұлғаға қатысты жалпы әлеуметтік және арнайы шараларды нақтылау қажет:

қоғамға қарсы бағытталған және қоғамға қауіпті қылық жасауы мүмкін нақты тұлғаға қатысты қолайсыз әсерлерді жою шаралары; қылмыстық жолға әкелетін әлеуметтік келеңсіз мінез-құлықты және т.б. өзгерту шаралары; дайындалып жатқан қылмыстардың алдын алу бойынша кейінге қалдырылмас шаралар қолдану және оларды жасау әрекеттерін тыю. Бағытталуы мен түрлері бойынша қылмыстылықты ескерту шараларын жіктеу және олардың әрекеттері барлық деңгейлер, масштабтар және көлемдердегі алдын алу шараларын бөліп көрсетеді:әлеуметтік-экономикалық шаралар; ұйымдастырушылық-басқару шаралар;идеологиялық шаралар; әлеуметтік-психологиялық шаралар; медициналық және педагогика-психологиялық шаралар;

техникалық шаралар; құқықтық шаралар. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы шаралар тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен, өндіріс және әлеуметтік жағдайдағы кризистік құбылыстармен байланысты криминогендік шараларды жою, әлсірету және бейтараптандыруға бағытталған. Оған: аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қорғау шаралары; экономиканы сауықтыру және жалпы жағдайды тұрақтандыру шаралары; жауапсыздық және жұмыссыздыққа қарсы күрес, өндірістік емес шығындарды тіркеу, сақтау және азайту, мүліктің сақталуын бақылау және кінәлілерді жазалау шаралары; салық төлеуді қамтамасыз ету шаралары; кадрларды дайындау шаралары жатады. Ұйымдастырушылық-басқару шараларына басқару аппараттарының жұмысын мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік бақылауды жетілдіру жатады, оның міндеті мүліктік, лауазымдық және экономикалық қылмыстылықтардың болуына әсер ететін кемшіліктер мен бұзушылықтарды шектеу болып табылады. Ұйымдастырушылық-басқару шараларының құқық қорғау қызметі саласында маңызы зор: оның реттелуі, қылмыстылықтың жеке түрлеріне қолданылатын әдістемелік, кадрлық алдын алуды қамтамасыз ету. Идеологиялық шаралар дегеніміз қоғам мүшелерінде адамгершілік көзқарас қалыптастыру арқылы криминогендік факторларды жоятын және шектейтін шаралар. Әлеуметтік-психологиялық мазмұндағы шаралар елде, жеке аумақтар мен жерлерде жеке қоғам контингенттері мен топтарында өз қауіпсіздігіне, өзара көмекке дайындығына сенімділігін, құқыққорғау органдарына деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Осы шаралардың елеулі бөлігі әлеуметтік тәрбиелеу институттары және оқу мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Медициналық және педагогика-психологиялық алдын алу шараларына мыналар жатады: айналадағыларға қауіп тудыратын аурулардың алдын алу, осы аурулармен ауыратын тұлғаларды емдеу; әлеуметтік тұрақсыздық тудыратын және қылмыстың жасалуына себеп болатын мінез-құлықтарды: жезөкшелікті, маскүнемдікті, қайыршылықты тарататын тұлғаларға қарсы әсер ету шараларын қолдану.Техникалық шараларға: материалдық құндылықтарды өндіру, сақтау, жасау, шығаруда сандық және сапалық көрсеткіштерді бүлдіруді, банктік операцияларда жалғандық жасауды қиындататын; тұрғын үйлерге, қызметтік бөлмелерге тонау мақсатында кіруді болдырмайтын; өндіріс және көлікте апаттық жағдайдың болуына кедергі жасайтын және т.б. құралдар мен құрылғылар жатады.Қылмыстылықтың алдын алудың құқықтық шараларына мыналар жатады: қылмыстылық, әкімшілік, еңбек, азаматтық, жанұя және заңдардың басқа салаларын жетілдіру арқылы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын анықтау, әлсірету, жою және бейтараптандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу; қылмыс жасау жағдайларының тууына кедергі жасайтын құқықтық тыйым салу мен шектеулерді енгізу және жетілдіру; әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мінез-құлықтарынан арылту мақсатында әкімшілік-құқықтық әсер ету шараларын енгізу және жетілдіру; қос превенциядағы қылмыстық-құқықтық нормаларды енгізу арқылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың болуының алдын алу; қылмысты аяғына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқаны үшін жеңілдіктер беру; қылмыстарды толық ашқаны үшін марапаттауды кең қолдану; алдын алу субъектілерінің қызметін құқықтық реттеу; өз көзқарасы бойынша құқықтық нормаларды сақтау деңгейін көтеру үшін құқықтық сананы тәрбиелеу; азаматтарда алдын алу белсенділігін тәрбиелеу және оларды қылмыстылыққа қарсы күресте бір-біріне көмектесуге дағдыландыру; қылмыстардан қауіпсіздік стандартын нормативтік бекіту.

Профилактикалық шаралар классификациясы. Қылмыстылықтың алдын алу шаралары келесі негіздер бойынша жіктеледі: ескерту қызметінің әлеуметтік деңгейі бойынша; қамтитын көлемі бойынша;аумақтық масштабы бойынша; әсер ету бағыты мен түрі бойынша; жетілдіру және қолдану субъектісі бойынша. Алдын алу қызметінде әлеуметтік деңгей бойынша шаралар үш топқа бөлінеді: жалпы әлеуметтік шаралар; әлеуметке қайшы келетін шаралар; арнайы (криминологиялық) шаралар. Жалпы әлеуметтік алдын алу шаралары қоғамның дамуына байланысты ретімен жүзеге асырылады. Қылмыстылықты жалпы әлеуметтік ескерту әлеуметтік қызметтің ең маңызды да ұзақ мерзімді түрлерімен байланысты және ірі көлемдегі әлеуметтік мәселелерді шешу барысында жүзеге асырылады. Қылмыстылықты ескертудің жалпы әлеуметтік шараларына қоғам мүшелерінің, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер жатады. Экономикада және тұтынушылық нарығындағы жағдайды тұрақтандыру, тұрғындардың төлеу қабілеттілігін жоғарылату экономикалық және басқа да қылмыстылықтарды ескертудің алғышарты болып табылады.Тұрмыстық, зорлық және басқа да қылмыстардың қысқаруына тұрғын үй мәселелерін, жанұя қатынастарын жақсарту, әйелдердің еңбек ету және тұрмыстық жағдайын жақсарту, ана мен баланы қорғау, бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша шаралар ықпал етеді. Арнайы (криминологиялық) шараларға криминогенді факторларды анықтау, жою, әлсірету және бейтараптандыруға, қылмыс жасауы мүмкін тұлғаларды түзетуге бағытталған шаралар жатады. Арнайы алдын алу деңгейінде қылмыстылық, оның жеке түрлерімен және нақты қылмыстармен күресу мақсаты сәйкес әлеуметтік бақылау шаралары үшін жалғыз және жетелеуші болып табылады. Арнайы алдын алу шараларын жетілдіру және жүзеге асыру қылмыстылықтың болуымен, оның жағдайымен және криминогендік детерминанттардың болуымен тікелей байланысты. Жалпы аталған алдын алулық шаралардың белгілі бір мақсаты болады, мысалы, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, контрабанда және қызметтік міндеттерін көрінеу орындамауға қарсы күрестің бірден-бір мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтау, экономиканың қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету, жанұя мен балалардың мүдделерін қорғау болып табылады

Рецидивтiк қылмыстардың деңгейi және құрылымы. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстық-құқықтық, пенитенциарлық және криминологиялық рецидивизм бөліп көрсетіледі. Бірінші түрі рецидивтің қайталанған соттылық ретіндегі заңдық анықтамасынан шығып отыр. Екіншісі, соттылық жазадан босатылғаннан кейін, әсіресе, бас бостандығынан айырудан кейін ескеріледі. Үшіншісі, криминологиялық не іс жүзіндегі рецидив соттылықтың болуына, алынып тасталуына қарамастан нақты қайталанған қылмыстарды қарастырады. Рецидивтік қылмыстылықтың құрылымы: а) соттылық санымен; ә) жалпы және арнайы қылмыстың қайталануымен; б) рецидивті қауіпті қылмыстардың деңгейімен; в) интенсивтілігімен, яғни жазасын өтеуден кейін қылмысты қайталауымен; г) аса қауіпті рецидив үлесімен сипатталады. Рецидивтік қылмыстылықтың құрылымы мынадай болып келеді: төрттен үш бөлігі бірінші реттік рецидив, яғни алғаш сотталған кейін бірінші рет қылмысты қайталау. Сондай-ақ, әртүрлі қылмыстар үшін соттылықты қарастыратын жалпы рецидивтің де саны басым болып келеді. Кәсіби қылмыстылыққа өту қаупі бар арнайы рецидив ұрлық (қалта және пәтер ұрлықтары), қорқытып алушылық, алаяқтық, контрабанда, заңсыз валюталық операциялар, иеленіп алу мақсатында автокөліктерді ұрлау, бұзақылық және нашақорлық сияқты тұрақты рецидивті қауіпті қылмыстарға тән. Криминалды қылмыстың қайталануы бірінші үш айда, жарты жылда және бір жылдан кейін интенсивті болып келеді. Рецидивтің болу мүмкіндігі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін үш жылдан соң күрт төмендейді. Криминалды рецидивтің жиынтығының ішінде аса қауіпті рецидивтің үлесі 3%-ды құрайды.

Рецидивтiк қыллмыстылықтың себептерi мен жағдайлары. Рецидивтік қылмыстылықтың себептемесі көбінесе эмоцияналдық ызғармен, кекшілдікпен және өз құрбандарына деген аяушылық сезімнің жоқтығымен сабақтасып, пайдакүнемдік және зорлық-пайдакүнемдік мүдделерге негізделеді. Соттылықтың өсуіне байланысты құқықтық психологиясы құқықтық тыйымдарға белсенді бағынбаумен, құқық қорғау органдарын жек көрушілікпен ерекшеленеді. Қылмысты қайталаған тұлғалардың екі қарама-қарсы типін бөліп көрсетуге болады: 1) құрамы аз - «беделділер»; 2) қалғандары - түзетуге, әлеуметтік бейімделуге қабілетсіз, ерік-жігерсіз тұлғалар. Пайдакүнемдік және зорлық-пайдакүнемдік себептемені қалыптастыратын криминогенді жағдайға және рецидивтік әрекеттерге итермелейтін жағдайлар үш топқа бөлінеді: қылмыстық жауаптылыққа не жазаға тартудың негізділігіне байланысты; жазаны өтеумен байланысты;постпенитенциарлы жағдайлар, яғни жазасын өтегеннен кейінгі өмір сүру жағдайы және сотталушының әлеуметтік қияндықтарынан туындайтын жағдайлар.Соңғы жылдары жазаның негізсіз соттық либерализация тенденциясы байқалып отыр, ол криминалды рецидивтің өсуінің, оның кәсіптену және ұйымдасқан қылмыспен біртұтас болуының объективтік тенденциясымен сәйкес келмейді. Қауіпті қылмыскерлерді кепілдікке жіберу және соттардың алдын ала қамауды ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруы осындай қылмыскерлердің жауаптылықтан жалтаруына әкеп соғады, әрине, бұл жағдай қатаң сынға тап болады. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сай келмейтін уақытша ұстау изоляторлары нағыз қаталдықты тәрбиелеу мектебіне айналды. Рецидивтің интенсивтілігі бұрынғы пенитенциарлы жүйенің кемшіліктеріне байланысты, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамтамасыз етумен айналысатын органдардың жоқтығының салдарынан өсіп келеді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар бойынша комиссияның болмауы жасөспірімдердің қоғамдық ортаға бейімделуін қиындатып отыр. Ал әрбір үшінші қылмыстың қайталануын жасаған тұлға қылмыстық жолын кәмелетке толмаған шағында бастаған.

Сексуалдық қатынастар саласындағы қылмыстылықтың алдын-алу. Зорлық қылмыстарын жалпы алдын алулық ескерту көбінесе елдегі өткізіліп жатқан жалпы адамгершілік құндылықтарды тұрақтандырумен, әлеуметтік әділдік қағидасын жүзеге асыру сияқты экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты. Осы жалпы әлеуметтік мәселелердің шешілуі зорлық қылмыстарға қарсы сәтті күресуге алғышарт жасайды. Бұл міндеттердің ішінде адамды негізгі рухани құндылықтарды сыйлауға тәрбиелейтін және тағы басқа ұқсас шараларды ерекше бөліп көрсетуге болады. Қарастырылып отырған саладағы негізгі арнайы криминологиялық алдын алу бағыттарына: а) нақты мақсаттар мен міндеттер қою негізінде маскүнемдік және нашақорлыққа қарсы тұрақты күрес жүргізу;ә) отбасы және басқа да тұрмыстық жанжалдар үшін жасалатын құқықбұзушылықтарды уақытында тоқтату; б) көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті тиімді қамтамасыз ету; в) ұлтаралық және нәсілдік өшпенділікті тұтандыруға қарсы күшейтілген күрес жүргізу; г) қоғамға қарсы жастардың топтарын анықтау бойынша қызметті белсендендіру; д) зорлық қылмыстары мен бұзақылықтың түрлеріне байланысты әділ жауаптылықты қамтамасыз ету; е) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қатыгездікке, зорлыққа қарсы белсенді үгіт жүргізу жатады.

Сексуалдық қатынастар саласындағы қылмыстылықтың детерминанты. Зорлық қылмыстылығының себептері мен жағдайлары, басқа қылмыстардағыдай кінәлінің криминогендік-деформацияланған психологиясына байланысты. Себептемелік бағыты бойынша кісі өлтірудің құрылымы, сондай-ақ тұлға ерекшеліктері агрессивті себептемені келесідей жіктеуге мүмкіндік береді: жанжалдық-тұрмыстық себептеме, әдетте, маскүнемдік, нашақорлық, жанұядағы және даладағы жүйелі жазасыз зорлықтан және жәбірленушілердің виктимділігінен туындайды; пайдакүнемдік себептеме тонау, қарақшылық, жалдамалы кісі өлтірумен байланысты; бұзақылық себептемелер қоғамдық тәртіп мен адамгершілікті құрметтемеумен байланысты; өш алудың түрлері: бұрын жәбірленушіге қатысты жасалған зорлық үшін өш алу, саяси, кәсіптік және идеологиялық жақтырмаушылық, ұлттық және этникалық араздық.

Ауыр зорлық қылмыстарының коммерциялануы, ұлттануы және саясаттануы аса ауыр жағдайларға әкеп соғады. Жоғарыдағы себептемені тудыратын негізгі криминологиялық жағдайларға: 1) заңсыз қару айналымының алдын алуының жеткіліксіздігі; 2) маскүнемдіктің, нашақорлықтың және таксикоманияның алдын алудың нашарлығы; 3) тұрмыстық, маргиналдық қақтығыстарды ерте алдын алудың әлсіздігі; 4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы зорлық және порнографияны үгіттеу; 5) кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке итермелеу не тарту және мұндай әрекеттер үшін жазалаушы заңдардың қолданылмауы; 6) маскүнемдікке салынған, кедей, қатыгез жанұяның құлдырауы.

Сексуалдық қатынастар саласындағы қылмыскердiң тұлғасы. Кәмелет жасына толған, есі дұрыс тұлға. Зорлау қылмыстылығында ол тек ер азамат болып табылады. 14 жастан қылмыстық жауаптылыққазорлағаны (120-бап) Зорлау, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерi (121-бап) Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдануүшін тартылады.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 454 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)