Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.

Читайте также:
  1. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  2. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта).
  4. Периодонттың қабынуын емдеу.
  5. Периодонттың жедел қабынуы.
  6. Периодонттың жедел қабынуын емдеу.
  7. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.

Периодонт қабынуының бұл түрі кезінде өршу сатысы болмаса, ешқандай клиникалық белгілер орын алмайды. Тек сирек жағдайда ғана периодонттың гранулдене қабынуына тән белгілер (қызыл иектің аздап қызарып ісінуі, жыланкөз орын алуы) болуы мүмкін. Осыған байланысты тісі сырқат адам дәрігерге шағым айтып бара қоймайды.

Тіс қатарын әртүрлі мақсатпен қарап тексергенде, себепкер тісте терең тісжегі қуысы немесе пломбы анықталады. Сүңгілеп және қағып тексергенде ешқандай ауыру сезімі анықталмайды, тістің ЭҚ. 100 мка жоғары болады.

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының немесе түбір гранулемасының қорытынды диагнозын рентгендік тексеру арқылы анықтайды. Бұл кезде сырқат тістің түбір ұшында немесе бүйір бетіне жақын домалақ немесе сопақ пішінді шекарасы тегіс және анық, диаметрі 0,5 см дейін қара-көлеңке ошақ анықталады (сурет). Егер қара-көлеңке ошақтың диаметрі 0,5-0,8 см болса, кистогранулема, ал одан үлкен болса түбір кистасы (корневая киста – cysta radicularis) деген диагноз қойылады. Дегенмен гранулема мен кистогранулеманы толық ажырату үшін патологоанатомиялық зерттеудің қорытындысы қажет. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы кезінде қызыл иекте өзгеріс байқалмайды, тек кистогранулема немесе киста кезінде тістің түбір ұшы проекциясындағы қызыл иекті басып сипаған кезде ауырмайтын томпақ құрылым анықталады. Кейде киста көлемінің үлкею бағытындағы жақ сүйегінің қатты сүйек пластинкасының жұқарғаны соншалықты, сипап тексергенде томпиған сүйек аймағы пергамент қағазын уқалаған кезде шығатын шуға немесе сықырғаұқсас дыбыс береді (симптом хруста).

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы өршіген кезде қызыл иекте жыланкөз пайда болуы мүмкін.

Түбір гранулемалары көбінесе жоғарғы жақ тістерінің периодонтында (63%), сирегірек жағдайда (37%), төменгі жақ тістерінің периодонтында дамиды. Сонымен қатар кіші азу тістер аймағына қарағанда (38%), үлкен азу тістер аймағында көбірек (54%) анықталады.

Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы – созылмалы үрдістің тұрақтанған және аса белсенділікпен дамымайтын түрі, себебі, бұл кезде қабынбалық қызару мен ісіну пролиферативтену үрдісімен алмасады. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезіндегідей, қабыну әсерінен жойыла бастаған периодонт тінінің орнын грануляциялық тін басады және ол сорылуға ұшыраған сүйек тінінен талшықтары периодонт тінімен байланысқан фиброзды қабық арқылы бөлінеді.

Гранулеманың орта бөлігінде біраз мөлшерде плазматикалық, гистиогендік және гематогендік клеткалар орналасады.

Көпшілік гранулемалардың құрамында жас грануляциялық тіннен басқа Маляссе эпителиалды аралшықтарынан дамыған құрылымдар (тәждер) кездеседі, кейде фиброзды қапшықтың ішкі беті эпителийден тұратын қабықпен төселеді (сурет). Осыған байланысты құрамының күрделілігіне қарай түбір гранулемалары қарапайым (простые, неэпителиальные) және күрделі (сложные, эпителиальные) болып екіге бөлінеді. Қарапайым гранулемалар 8-10% жағдайда кездеседі.

Гистохимиялық зерттеулер кезінде гранулемада аз мөлшерде гиалурон қышқылы, ал эпителиалдық клеткалардың протоплазмасында сульфатталған мукополисахаридтер анықталады.

Эпителиалдық құрылымдардың арасында дегенеративті үрдістердің әсерінен қуыстар пайда болып, оларда бұзылған эпителий клеткаларының қалдықтары, эозинофильді қабыну жалқығы, белокты және майлы детрит жиналады. Детрит ыдыраған кезде кистогранулема мен киста сұйығының құрамына кіретін холестерин кристалдары пайда болады.

Периодонттың гранулемаланып қабынуы да дұрыс емдеген жағдайда көбінесе фиброзданып қабынуға ауысады. Бұл көріністі периодонттың гранулемаланып қабынуына емдеу жүргізгеннен кейін 6-12 ай аралығында жасалған рентген суретте байқауға болады. Ал емделмеген немесе түбір өзегі дұрыс өңделіп, пломбыланбаған жағдайда кистогранулемаға немесе түбір кистасына ауысады, кейде бет-жақ сүйегі аймағының одонтогендік қабыну үрдістерімен асқынады.

Периодонттың созылмалы қабынуының әр түрлерін бір-бірінен, орта тісжегіден, ұлпаның созылмалы шіри қабынуынан ажырата білу керек.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 46 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)