Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.

Читайте также:
  1. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  2. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Лпа қабынуының жүйесі.
  4. Лпа қабынуының себептері (этиология пульпита).
  5. Периодонт қабынуының этиологиясы.
  6. Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта).
  7. Периодонттың қабынуын емдеу.

Көбірек өршуге ұшырайтын – периодонттың созылмалы гранулденіп және гранулемаланып қабынулары. Периодонттың жедел қабынуына қарағанда өрши қабынуы жиірек кездеседі. Өршудің басты себептері – организмнің қорғаныс қасиетінің төмендеуі (жедел жұқпалы аурулармен ауру, бойындағы созылмалы аурулардың өршуі, суыққа шалдығу), тіске шайнау күшінің көбірек түсуі, периодонттың созылмалы қабынуының емін дұрыс жүргізбеу.

Периодонт қабынуы өршуінің клиникалық белгілерінің ерекшеліктігі түбір ұшы төңірегіндегі тіндердегі деструкциялану үрдісінің деңгейіне байланысты. Сондықтан сырқат тісте ауыру сезімі қабыну ошағында біраз мөлшерде жалқық жиналғаннан кейін ғана мазалай бастайды. Периодонттың созылмалы қабынуы өршуінің клиникалық белгілері көп жағдайда жедел қабыну белгілеріне ұқсас келеді.

Бұл кезде сырқат тістің толассыз сыздап, немесе солқылдап ауыруы, тістің тез арада қозғалмалы болуы, тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндердегі коллатералды домбығу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тіс тұсындағы ауыспалы қатпардың тегістелуі, сипап тексергенде ауыратындағы сияқты белгілер пайда болады. Кейбір жағдайларда сырқат тіс аса қатты мазаламай, бірінші кезектегі белгілер қатарында сырқат тіске жақын және алыстау аймақтар орналасқан жұмсақ тіндерде коллатералды домбығу және ісіну белгілері орын алуы мүмкін. Себебі, түбірұшы аймағындағы альвеоланың қатты сүйек қабатының ертеректе бұзылуына байланысты жиналған жалқық кедергісіз сүйекқабы астына өтіп, іргелес аймақтағы жұмсақ тіндерде коллатералды домбығуды жылдамырақ туындатады.

Бұл кезде сырқат тісті қағып тексергенде, аса көп ауыру сезімі болмайды, керісінше көрші тұрған тістер көбірек ауырсынады, тіс аздап қана қозғалуы мүмкін. Сырттай қарап тексергенде, бет аймағында асимметриялану белгілерін көруге болады. Сонымен қатар дымкәстік, бас ауруы, ұйқының қашуы, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеттің шаппауы сияқты белгілермен қатар, қанда анықталатын лейкоцитоз, ЭШЖ (эритроциттердің шөгу жылдамдығының) өсуі депериодонт қабынуының өршуіне тән. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (әр түрлерінің) 37% жағдайда жақсүйек аймақтарындағы абсцестер және флегмоналармен асқынады екен (Боровский Е.В., 2002). Рентгендік тексеру кезінде периодонтта әртүрлі көлемді деструкциялану ошақтары байқалады. Сондықтан периодонттың фиброзды қабынуы болмаса, гранулденіп және гранулемаланып қабынуының өршуін бір-бірінен ажырату қиындау болады, себебі, сүйек тінінің сорылу ошағының рентген айқындылығы төмендейді (ошақта жалқықтың көп мөлшерде жиналуы нәтижесінде).

Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы қабынуының әр түрлерінің өршуі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер қабыну үрдісінің қарқындылығына және организмнің иммундық реактивтігіне байланысты болады. Олар көбінесе қабынуошағында жалқық мөлшерінің жоғарылауы, нейтрофилді лейкоциттер, клеткалық және талшықты құрылымдар санының көбеюімен сипатталады.

Периодонттың созылмалы қабынуының өршуін периодонттың жедел қабынуынан, ұлпаның жедел іріңді қабынуынан, Гаймор қуысының қабынуынан, периостың және сүйек майының қабынуынан (остеомиэлит) ажырата білу керек.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)