Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диалогтік оқыту

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесі
  3. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациясы
  4. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы.
  5. Взвод командирінің міндеттері (топ, мұнара) оқыту әдістемесі.
  6. Гарнизондық патурльдер. Оқыту әдістемесі.
  7. Дәріс. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер

 

Зерттеулер сыныптағы әңгіменің сапасы таным мен оқу үдерісінің дамуына немесе тежелуіне ықпал ететіндігін көрсетті. Ойлау және оқыту үдерісін ынталандыратын нысандар мен нұсқаулықтарды «диалогтік оқыту» деп сипаттауға болады. Диалогтік оқыту оқыту мен оқудағы әңгіменің рөлі туралы ертеден келе жатқан дәстүрлі теориялық және эмпирикалық жұмысқа негізделіп, Сократтан бастау алады. Соңғы жылдары психолингвистер (Халлидей, Уэллс), социолингвистер (Барнс), оқу үдерісін зерттеушілер (Мерсер, Галтон, Александр), пікірталас сарапшылары (Синклер, Култхард, Диллон), когнитивтік және мәдени психологтар (Выготский, Брюнер) және Ресейдегі Бахтинді және Америкадағы балаларға арналған философияның негізін қалаушы Мэтью Липменді қоса алғанда философтар диалогтің рөлін зерттеумен көп айналысқан.

Оқу тәжірибесін зерттеу анықтағандай, Ұлыбритания сыныптарында әңгіме үдерісі негізінен проблемалармен байланыстырылады екен. Әңгіме балалардың білім алуына толық көлемде ықпал етіп, оны жеделдетуге көмектескен жағдайда ғана оны (әңгімені) түбегейлі тың тәсіл деп қарастыру ұсынылады (Alexander, 2004). Аталған зерттеу мектептер мен мұғалімдер көп жағдайда:

 

Диалогтік оқыту механикалық әңгіме, жауап алу, түсіндіру және талқылау сияқты әңгімелесуге үйретудің барынша дәстүрлі түрлерімен тығыз байланысқан. Оны нақты стратегия деп атау қиын, дұрысын айтқанда, ол – сабақ барысында танымдық/бәсекелестік өзара қарым-қатынас қалыптастыратын стратегиялар жиынтығы. Диалогтік оқыту балаларды оқу үдерісіне барынша тарту мақсатында әңгіменің күшін пайдаланады, олардың түсінік-пайымдарын кеңейтіп, оқу мен ұғынуын дамытуға ықпал етеді. Сабақта әңгіме үнемі бұндай нәтиже бере бермейді, кей кездері олар оқушыларға кедергі келтіріп те жатады. Александрдың пайымдауынша (2004), диалогтік оқыту негізгі бес қағидаттарға негізделеді:

ұжымдық: мұғалім мен оқушылар тапсырманы топпен немесе бүкіл сынып болып бірге зерделейді;

өзара: мұғалім мен оқушылар бір-бірін тыңдайды, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады;

жиынтық: мұғалім мен оқушылар жеке өздерінің идеяларына және бір-бірінің идеяларына негізделіп, оларды бір тізбекке біріктіреді;

қолдаушы: балалар өз идеяларын анық жеткізеді, дұрыс болмай қала ма деп қорықпастан өз ойларын еркін айтады; олар бір-біріне өзара түсіністікке қол жеткізуге көмектеседі;

мақсатты: мұғалімдер белгілі бір білім беру мақсаты бар әңгімені жоспарлайды және реттеп отырады.

 

Диалогтік оқыту төмендегі мәселелерге:

• әңгіме қандай жағдайда болып жатқанына – тұтастай сыныпта, шағын топта (мұғалім жетекшілік ететін), бірлескен топта (оқушылар жетекшілік ететін), оқушымен;

• сұрақтардың мақсаттарына (мысалы, ақпарат жинау, пікір айту, нұсқау беру, басқару, зерделеу) және олардың құрылымына (мысалы, жабық, ашық, директивті, тар, логикалық);

• жауаптардың нысандарына (мысалы, нақты, сараптамалық, спекулятивті, болжам ұсынатын, бағалаушы) және олардың көлеміне;

• жауаптарға берілетін кері байланысқа (мысалы, бағалаушы, уәждеуші, диагностикалық, бейтарап);

• ойлану үдерісінде прогресс болу үшін жауаптардың қалай құрылғанына;

• сұрақ-жауап алмасудың ұзақтығына;

• оқушы-оқушы нысанындағы талқылау барысындағы рөлдер мен шараларға;

• сыныптағы ахуалға және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына;

• сынып бөлмесінің ұйымдастырылуына;

• сабақтың жоспарлануы мен құрылымына;

• сұрақ-жауаптармен тиімді алмасу үшін мұғалімнің қажетті тақырыпты жақсы білуіне;

• сыныпта диалогтік әңгімені тиімді жүргізу үшін қажетті негізгі ережелерге (қызығушылық, тыңдалым, әңгімені дауыстап, анық айту, балама көзқарастарға құрмет көрсету және т.б.) ерекше көңіл аударуды талап етеді.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 210 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)