Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гарнизондық патурльдер. Оқыту әдістемесі.

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесі
  3. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациясы
  4. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы.
  5. Взвод командирінің міндеттері (топ, мұнара) оқыту әдістемесі.
  6. Дәріс. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер

Патруль жасау міндеті әскери полиция бөлімшелеріне жүктелген әрбір гарнизонда көшеде және басқа да қоғамдық орындарда, темір жол стансаларында, вокзалдарда, порттарда, әуежайларда тәртіп сақтау, сондай-ақ гарнизон маңындағы елді мекендерде әскери қызмететшілердің әскери тәртіпті сақтауына бақылау жасау үшін гарнизон бастығының бұйрығымен күзет ұйымдастырылады, ол үшін гарнизон әскери бөлімінің құрамынан гарнизондық патруль тағайындалады.

Патруль бір тәулікте немесе күн мен түннің белгілі бір мерзіміне тағайындалады және олар жаяу немесе автомобильмен жүруі мүмкін. Бір тәулікке тағайындалған патруль өз қызметтерін 4 сағат сайын кезектесіп, гарнизон бастығы белгіленген орында екі сағат демала отырып өткіреді.Қарауыл бойынша кезекші жанынан көлік құралдары бар резервтік патруль тағайындалады.

Гарнизондық патрульдер гарнизон бастығы мен қарауыл бойынша кезекшіге бағынады. Темір жол стансалары, теңіз (өзен) порттары мен әуежайлар аумағындағы патруль қызметіне тағайындалған гарнизондық патрульдер, оған қоса темір жол (теңіз, өзен) учаскілерінің және станса (порт), әуежайлар әскери комендантына бағынады.

Патруль патруль бастығынан және екі-үш патруль жасаушылардан тұрады.

Патрульге жүктелген міндеттерге байланысты патруль бастығы болып офицер, прапорщик (мичман) немесе сержант (старшина) тағайындалады.

Темір жол стансасы (порт, әуежай) аумағында күзет бастығы болып офицер тағайындалады.

Патруль қызметіне тәртіпті, талап қойғыш, саптық тұрғыда ширақ және дене бітімі жақсы жетілген сарбаздар (матростар) немесе сержанттар (старшиналар) бір бөлімнен тағайындалады.

Патруль жеке құрамын қаруландыруды, олардың нысанды киімдерін гарнизон бастығы белгілейді. Бұл ретте патруль бастықтары – офицерлер мен прапорщиктер (мичмандар) екі магазині оқталған пистолеттермен қаруланады, ал қалған жеке құрам, қалыптасқан жағдайдаға қарай қарусыз немесе қару алып жүруі мүмкін.

Аса маңызды бағыттарда патруль қарауыл бойынша кезекшімен байланысу үшін портативтік радиостансамен қамтамасыз етіледі.

Патруль жасау сызбасы мен патрульдерге нұсқаманы гарнизон бастығына бағынатын штаб жасайды және оны гарнизон бастығы бекітеді.

Патруль жасау сызбасында: патрульдердің қозғалыс бағытының бірнеше нұсқасы, қоғамдық орындардың, бұқаралық серуен орындарының (кинотеатр, парк) қарауыл бойынша кезекшімен, сондай-ақ милиция бөлімшемелерімен байланысуға арналған телефон орындарының орналасқан жерлері көрсетіледі.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Гарнизон кезекші бөлімшесінің міндеттері.

2. Гарнизон бастығының кезекші бөлімшені тағайындау жөніндегі бұйрығында нелер көрсетілері.

3. Гарнизондық патрульдар міндеті.

4. Патрульдерге арналған нұсқаулықтар.

5. Аса маңызды бағыттарда патруль қарауыл бойынша кезекшімен байланысуы.

6. Патруль жасау міндеті кімге жүктелген.

7. Патрульге жүктелген міндеттерге байланысты патруль бастығы кімдер тағайындалады.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Жалпы ережелер.

2. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

3. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде,гарнизондық кезекші бөлімшесі.гарнизондық патурльдер.

оқыту әдістемесі оқып үйрену туралы.

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде,гарнизондық кезекші бөлімшесі.гарнизондық патурльдер оқыту әдістемесін оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Т.Қарғабаев Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

3. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

Практикалық/семинар сабақ тақырыбы:" Қарауылдық қызметті ұйымдастыру,гарнизондық наряд адамдардың құқытары мен міндеттері.

1.Жоспары:

1.Қарауылдық қызметтің ережелері.

2.Қарауылдар нарядтар.

3.Қарауылды ауыстыру

4.Сақшыларды ауыстыру.

5.Қарауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды тексеру.Патрульдің міндеттері.Оқыту әдістемесі

2.Сабақтың мақсаты: Қарауылдық қызметтің маңызын және қарауылдық қызметті атқару тәртібін оқыту.

3.Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі Әскери бөлімдерде қарауылдық қызметтің маңызын және қарауылдық қызметті атқару тәртібін оқыту туралы.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)