Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

Бір пікірдің өзін көбінесе жақты сөйлеммен де және жаксыз сөйлемдермен де айтуға болады. Мысалы: "Найзағай ағашты ертеп жіберді" және "Найзағайдан ағаш өртеніп кетті".

 

Пікірдің логикалық мәнін айқындаудың жеке түрлерін қарастырайың.

[өңдеу]

Инверсия.

 

Пікірді инверсиялау деп пікірдің мағынасын өзгертпей, терістеуші пікірді қостаушыға және қостаушы пікірді терістеушіге айналдырудың логикалық тәсілін айтамыз.

 

Айналдыру нәтижесінде пікірдің тек сапасы ғана өзгереді. Мысалы: "Жұлдыздар қозғалмайды емес"— "Жұлдыздар қозғалып тұрады". "Өткен жетінің кейбір күндері суық болды"— "Өткен жетінің кейбір күндері суықсыз болмады". Айналдыру тәсілін қолданғанда бір пікірге екі терістеуші белгі енгіземіз, біріншісі — байланыстың алдынан, екіншісі баяндауыштың артынан келеді. Инверсиялау біздің ойымызды айқындай түседі, оның маңызы да осында. Дұрыс инверсияламаса, онда пікір айкын емес болып шығады немесе олардың мағыналары тікелей бұзылады.

 

Ауыстыру дегеніміз — пікірдің бастауышын баяндауышқа, ал баяндауышын бастауышқа айналдыратын логикалық тәсіл. Мысалы: даланы туман басты; туман басты даланы.

 

Пікірді түрлендірудің — айналдыру мен ауыстырудың — біздің ойлау үдерісімізде елеулі маңызы бар. Түрлендірудің әрбір түріне жасалған талдау пікірің бір түрінен екінші түріне көшу әркімнің өз еркінше, қалай болса солай бола бермейтіндігін көрсетеді. Бұл өзгерістердің зандары бар, олар белгілі ережелерге негізделген.[2]

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ Орысша-қазакшатүсіндірмесөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3

↑ Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2 Докторлық диссертация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Докторлық диссертация (лат. dіssertatіo – талдау, зерттеу) – ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғауға даярланған ғылыми еңбек; ғылыми дәреже алу үшін міндетті әдеби және ғылыми тақырыптарға жазылған шығарманы көпшілік алдында қорғау жүйесі.

 

 

Неміс тілінде сөйлесетін ортағасырлық елдердің университеттерінде пайда болып қалыптасқан. XVI–XVII ғасырларда бұл жүйе басқа елдерге де тарады. Ресейде машинкаға басылған диссертацияны қорғау ісі 1755 ж. Мәскеу университеті құрылғаннан кейін ұйымдастырылған. Ғылыми дәреже алудың 1819 жылғы Ресейлік ережесі бойынша ауызша және жазбаша емтихан кезінде магистр және доктор атағын алу үшін көпшілік алдында диссертация қорғалуы бекітілген. Магистрлік диссертация латын және орыс немесе басқа да тілдерде, ал докторлық диссертация латын тілінде қорғалып, міндетті түрде автореферат талап етілген. КСРО-да ғылыми кандидат және ғылыми доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау тәртібі 1932 ж. енгізілді. Қазақстан Республикасында ғылыми дәреже мен ғылыми атақ алу үшін диссертация қорғау тәртібі арнаулы ережемен бекітілген. Кандидаттық диссертация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Кандидаттық диссерта́ция (лат. dissertatio — шығарма, ойтолғау, баяндама мағынасын береді[1]) — академиялық немесе ғылыми дәреже алуға, ғылым кандидаты дәрежесін алуға арналған біліктілікті растайтын жұмыс. Диссертация туралы пікір

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Диссертация туралы пікір- белгіленген ережелермен диссертация талабын сәйкестігі және жаңалығы мен қорытындысы ғылыми орналасуының нақтыланған дережесі, тандалған тақырыпты көкейкестігіне баға берілетін диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар мен диссертация оқуының негізінде ресми оппоненттің кеңеске ұсынуы.[1] Оппонент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Оппонент (лат opponens – қарсы пікір айтушы) – ғылыми баяндамаға, диссертацияға талдау жасап, баға беруші және қарсы пікір айтушы адам.[1][2] Ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысқа 2 ресми Оппонент белгіленеді. Оның бірі диссертанттың ғылыми саласы бойынша ғылым докторы, екіншісі ғылым кандидаты немесе сол салада қызмет етіп жүрген маман болуға тиіс. Ғылым докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғау кезінде кемінде 3 ресми Оппонент (ғылым докторларынан) белгіленеді. Ресми емес Оппоненттер санына шек қойылмайды. Ресми Оппонент диссертацияға жан-жақты мұқият талдау жасап, оның негізінде жазбаша сипаттама береді. Диссертация қорғау үстінде Оппонент өз қорытындысын көпшілік алдында жариялайды және ғылым кеңес мүшелерінің диссертацияны талдауына қатысады. Дерекнамаға сілтеме

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Дерекнамаға сілтеме - диссертация жазуда қолданған материалдар немесе жеке қорытындылар қайдан алынғаны туралы ізденушінің көрсеткіші.[1] Кітапнама

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

(Библиография бетінен айдатылған)

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: bіblіon – кітап және көне грекше: drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.[1]

 

Рим әдебиетінің тарихы библиографиясыМазмұны [жасыру]

1 Тарихы

2 Библиография жазу негіздері

3 Қазақ библиографиясының дамуы

4 Салалық библиография

5 Сілтемелер

6 Пайдаланған әдебиет

 

[өңдеу]

Тарихы

 

Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына айналды. Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз, т.б.), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік) қарай топтастырылды.

[өңдеу]

Библиография жазу негіздері

 

Библиографияда баспа туындыларына библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың атыжөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай – ретроспективті (ағымды, өткенді шолу) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай – салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы әмбебап болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері – библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген түрі де болады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты кітапханалық процестер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техника баспа материалдары (микрофиштар, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады.

[өңдеу]

Қазақ библиографиясының дамуы

 

Қазақ библиографиясы, негізінен, қазақ баспасөзінің даму тарихымен тығыз байланысты. 1900 жылы Қазан қаласында Қазақстан туралы А.Е.Алекторовтың «Указатель книг, журнальных статей и заметок о киргизах» деген көрсеткіші, т.б. орыс ғалымдарының бірен-саран библиография көрсеткіштері жарық көрді. «Айқап» журналының (1911–15 жылдары) беттерінде жаңа шыққан кітаптар жөнінде хабарлама-деректер мен тізімдер жарияланып тұрды. [2]1926 жылы қазақтың қоғам қайраткері және бірінші библиографы Міржақып Дулатовтың 2 бөлімді «Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші» шықты. 1937 жылы журнал мақалалары мен кітап жылнамалары, 1940 жылы кеңес дәуіріндегі Қазақстан мерзімді басылымдарының библиографиясы жасалынды. Соғыстан кейінгі жылдары республикада библиография ісі өркендеді. 1957 жылдан бастап арнаулы басылым – «Баспасөз шежіресін», 1971 жылы «Қазақ ССР кітаптарының жылнамасын» шығару ісі қолға алынды. Библиографиямен көптеген ғалымдар шұғылданды: тарихшы-ғалым Н.Сәбитовтың «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, 1862–1917 жылдары» (1948 жылы), Қазақ өлкетану библиографиясының бас библиографы Г.П.Царевтың «Что читать по животноводству» (1953 жылы), С.Ақашевтің «Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру» (1965 жылы), қазақ әдебиеті библиографы Ә.Қ.Нарымбетовтың 4 томдық «Қазақ әдебиеті» (1-том – 1970 жылы; 2, 3, 4-том – 1997 жылы) библиография көрсеткіштері, тіл білімі саласында Ш.Сарыбаевтың «Библиографический указатель литературы по тюркологии» (1989 жылы), авторлар ұжымы құрастырған «Библиография обществоведов Казахстана» жинағы, Қ.Б.Жарықбаевтың психология ғылымы бойынша көрсеткіштері, Ү.Сұбханбердинаның «Дала уәлаяты» газеті (1996 жылы), «Қазақ, Алаш, Сарыарқа» (1993 жылы) атты мазмұндамалық көрсеткіштері, Орталық ғылыми кітапхананың жаратылыстану ғылымдары бойынша салалық көрсеткіштері, Э.И.Иванчикованың «Мангышлак», Г.А.Демешеваның «Животный мир Казахстана. (1960–1970)» (1997 жылы), т.б. кітаптар жарыққа шықты.

[өңдеу]

Салалық библиография

 

Салалық библиография - білімнің және (немесе) іс жүзіндегі қызметтің белгілі бір саласына мазмұны жағынан катысты құжаттармен жұмыс істейтін библиография.[3][4]

 

 

[өңдеу]

Сілтемелер

 

[1] Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасының Сайты

 

 

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том

↑ Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3 Картотека

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Картотека

 

Картотека - 1) белгілі бір реттілікпен, мысалы, әліпбилік, тақырыптық, мерзімдік,тағы басқа тәртіппен біріктіріліп, жүйелі орналастырылған, ақпарат беруші қима қағаздар тобы; 2) оларды сақтауға арналған жәшік.

 

Жергілікті мерзімдік және жалғасты басылымдар картотекасы - атаулы аумақта шығарылған мерзімдік және жалғасты басылымдарды кітапхана қорының бар-жоғына қарамай көрсететін библиографиялық картотека.

 

Әдістемелік шешімдер картотекасы - қызмет 6абына пайдаланатын көмекші картотека, мұнда (күрделі жағдайлар бойынша қабылданған шешімдер жинақталады). Әдістемелік шешімдердің әртүрлі картотекасын жүргізуде библиографиялық сипаттама құрастыру, жүйелеу, пәндеу жұмыстарының процестері жүргізіледі

 

Жаңа түскен басылымдар картотекасы - соңғы бір-екі ай ішінде кітапхананың кітап қорына келіп түскен жаңа баспа шығармаларының жүйелі немесе алфавиттік картотекасы.

 

Қанағаттандырылмаған өткіштер картотекасы - құжаттарға қанағаттандырылмаған талаптарды ескеретін картотека. Жетіспейтін құжаттармен қорды толықтыру және қорды ерекшеліктеріне қарай толықтыруды нақтылау үшін пайдаланылады.

 

Аударма картотекасы - басқа тілдерден нақты тілге аударылған құжаттарды көрсететін библиографиялық картотека.

 

Жеке адамдар картотекасы - кітапхана қорында бар-жоғында қарамастан жеке адамдардың өмірі мен кызметіне байланысты әдебиеттерді дербес айдарларға жинақтайтын библиографиялық картотека.

 

Сын-пікірлер картотекасы - кітапхана қорына бар-жоғына қарамастан жарияланған сын-пікірлердің библиографиялық картотекасы жүйелік және алфавиттік.

 

Оқырман профилінің бағытының картотекасы - кітапхана (орталықтанған кітапханалар жүйесі) оқырмандарының жасына, біліміне, кәсібіне т.б. Қарап, әлеуметтік мамандық топтарына біріктірілген картотека. Библиографиялық хабар беруде толықтырылып отырудың тақырыптық-типологиялық жоспарын тұжырымдауда, жеке-дара және көпшілік жұмыстар т.б. Ұйымдастыруда пайдаланылады.

 

Экономикалық және мәдени профилінің бағытының картотекасы - қызмет көрсететін аймақ бойынша өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, ғылым, мәдениет салалары туралы деректер, содай-ақ кәсіпорындар мен мекемелер, оларға кітапханалық қызмет көрсету туралы қысқаша мәліметтері көрсетілген картотека. Жеке-дара және көпшілік жұмысында, қорды толықтырудың тақырыптық типологиялық жоспарын жасауда пайдаланылады.[1][2]

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том

↑ Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3 Монография

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Монография (грекше monos – біртұтас, grapho – жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. [1].Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін. Монографиялық еңбек библиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе-түсініктермен толықтырылады. Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады.[2][3]

 

 

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиеттер

↑ Жұмалиев Қ., Әдебиет теориясы, А., 1969; Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, А., 1998

↑ Қазақ Энциклопедиясы

↑ Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3 Оқу құралы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Оқу құралы - оқулықтың ішінара немесе түгелдей ауыстыратын толықтыратын және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу басылымы.[1] Оқу әдістемелік құрал

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Оқу әдістемелік құрал - оқу пәнінің, оның тармағының, бөлімінің оқу әдістемесі немесе тәрбие әдістемесі бойынша материалдар бар оқу басылымы.[1] Тезистер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Тезистер

1. дауласудағы кез келген тұжырымдар немесе

2. біршама теорияға келетін мазмұндар;

3. негіз болатын тұжырымдар, негіздер.[1]

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 3 страница| ЕКОНОМІЧНИЙ РОЗВИТОК

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)