Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зиян келтірген тҰлҒаҒа кері талап ету ҚҰҚыҒы

БАС КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ. | ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. | САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯННЫҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ. | САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ. | САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ. |


14.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушы келесі жағдайларда төленген сома мөлшерінде Сақтанушыға (Сақтандырылған тұлғаға) кері талап ету құқығына ие болады, яғни егер:

14.1.1. Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайларында жасаған әрекеттерін санамағанда азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандыру жағдайының орын алуына арналған немесе соның туындауына ықпал ететін соның қасақана жасаған әрекеттерінің салдарынан туындаған болса;

14.1.2. Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның көліктік құралды алкогольдік, есірткілік немесе токсикоманиялық масайыраған күйінде басқаруының салдарынан орын алған болса;

14.1.3. көліктік құралды басқарған тұлғаның оны басқаруға құқы болмаған;

14.1.4. соттық регеу барысында сақтандыру жағдайының көліктік құралдың өзі жайлы Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) білген немесе білуге тиіс болған техникалық ақаулылықтарының салдарынан орын алғаны анықталса;

14.1.5. көліктік құрал соның техникалық арналуына тән емес мақсаттарда пайдаланылса;

14.1.6. Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) сақтандыру жағдайынан туындаған зардаптарды азайтуға арналған шараларды қасақана түрде қабылдамаған болса;

14.1.7. көліктік құралды басқарған тұлға көліктік тосын оқиға болған жерден қашып кетсе;

14.1.8. көліктік құралды басқарған және психобелсенді затты қолдану фактісін және масайырау күйін анықтау үшін куәландыруға жіберілген тұлға мұндай куәландырудан орынды себепсіз өтпеген тұлға.

14.2. Егер Бас келісімшарттың 14.1-тармағында аталған жағдайларда келтірілген зиян бойынша көліктік құралды өзінің соның иеленушісімен жасасқан еңбектік қатынастарға орай немесе соның иеленушісінің қатысуымен жазбаша мәміле жасаусыз пайдаланып отырған тұлға кінәлі болып отырса, онда Сақтандырушы сол көліктік құралдың иеленушісіне қатысты кері талап ету құқығына ие болады.

14.3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға сол төлеген сома мөлшеінде кері талап ету құқығы өтеді, оны Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) Сақтандырушының сақтандырудың нәтижесінде өтеген залалдары үшін жауапты тұлғаға қатысты қолданады. Бұл жағдайда егер сақтандыру оқиғасы автокөлік жолдарына және солардағы құрылыстарға қанағаттандырарлықсыз түрде күтім жасалуымен туындалған жол жағдайларының себебіне орай орын алғаны анықталған болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға көліктік құралдың иеленушісі осындай жағдайлардың туындауына кінәлі тұлғаға қатысты ие болатын талап ету құқығы ауысады.

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ.| САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)