Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ.

САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯННЫҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ. | САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ. | САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ. | САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ. | ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ | САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ. |


Читайте также:
  1. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯННЫҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ.
  2. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ.
  3. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ.
  4. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ.
  5. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ.
  6. САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ.

5.1. Әрбір Сақтандыру полисі төмендегі тұлғаларды санамағанда, Қазақстан Республикасының Көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңына сәйкес зардап шегуші деп танылған тұлғалардың барлығына қатысты, сонымен бірге келтірілген зиян үшін кінәлі болып табылатын Сақтанушының тиісті Сақтандыру полисінде көрсетілген Сақтанушының көліктік құралында болған тұлғаларға қатысты күшін сақтайды:

5.1.1. сол көліктік құралды Сақтанушымен (Сақтандырылған тұлғамен) қызметтік немесе еңбектік міндеттерін орындауға байланысты, соның ішінде көліктік құралды иеленушімен жасасқан еңбектік немесе өзге түрдегі келісімшарттың негізінде, немесе Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) қатысуымен соның қалауының негізінде жазбаша мәміле жасаусыз басқарып отырған тұлғаны;

5.1.2. жолаушыларды, егер Сақтанушы өзіне Қазақстан Республикасының тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды реттейтін заңнамалық акт талабының күші тарайтын тасымалдаушы болып табылса;

5.1.3. Сақтанушының қызметкерлерін, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен Сақтанушыға жұмыс беруші ретінде қызметкердің еңбектік (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін өз жауапкершілігін сақтандыру міндеті жүктелген болса.

5.2. Әрбір Сақтандыру полисі көліктік құралдарды иеленушілердің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартымен белгіленген күннен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті сипатқа ие болады.

5.3. Әрбір Сақтандыру полисі оның күшіне енген күнінен бастап 12 (он екі) ай мерзімге арнап жасалады.

5.4. Көліктік құралдарды иеленушілердің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты жеке немесе заңды тұлғаның көліктік құралды иелену құқығы туындаған сәттен бастап, алайда сол көліктік құралды ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізу сәтінен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей жасалуы тиіс.

5.5. Сақтандыру полисін Бас келісімшарттың 5-тарм. 5.3-тармақш. ескерілген мерзімнен өзге мерзімге жасасуға жол беріледі:

5.5.1. көліктік құралды маусымдық пайдалану кезінде, алайда кем дегенде алты айға;

5.5.2. мәжбүрлі түрде таратылып жатқан сақтандыру ұйымының – сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесіне қатысушының кредиторларымен (сақтанушыларымен);

5.5.3. иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру кезінде:

1) ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде тіркелген (тіркелуге жататын) жеңіл, жүк автокөліктерін, автобустарды, микроавтобустар мен солардың негізінде жасалған көліктік құралдарды, мотокөлік пен солардың тіркемелерін (екі дөңгелекті тіркемелерді), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустарды;

2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (енгізілген);

көліктік құралды алдыңғы мемлекеттік тіркеу мерзіміне, алайда кем дегенде бес күнтізбелік күнге сақтандыруға жол беріледі;

5.5.4. көліктік құрал Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген жағдайда Сақтандыру полисі уақытша бүкіл ену мерзіміне арнап, алайда кем дегенде бес күнтізбелік айға арнап жасалады.

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БАС КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ.| ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)