Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есептер

1. Науқас Ц., 50 ждаста, қала тұрғыны (1 қабаттағы коммун. пәтер) жедел ауырған: жоғары қызба 4 күн бойы, селқостық. Диурездің біртіндеп азаюы, бел аймағының ауырсынуы, қарағанда: беттің ісінуі, дене терісінде сызықты геморрагиялық бөртпелер, субсклералды қан құйылу, гепатолиеналды синдром.

 

2. Науқас К., 30 жаста, құндыз етін бөлшектеген. 3 күннен соң кенеттен дене температурасы 390-400С дейін көтерілді, қалтырау, бас ауыруы, бұлшықеттер ауырсынуы, әлсіздік пайда болды. Сол қол білек аймағы терісінде іріңді-қан құрамды көпіршік пайда болған. Сосын, 2-3 күннен кейін түбі қара струппен жабылған жара түзілген. Жіті ауырсынуы байқалған. Температура барлық күнде жоғары.

 

3. Клиникаға Ж., жеміс-көкөніс базасында жұмыс жасаушы аурудың 2-ші күні жоғары температура, бас ауыруы, бұлшықет, буын ауырсынуы, іштің, әсіресе оң мықын аймағында ауырсыну, жүрек айну, құсу, кілегейлі сұйық нәжіс шағымдарымен келіп түсті. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері және склерасы әлсіз сарғайған, денесінде және аяқ-қолда ұсақ нүктелі бөртпе, оң жақ мықын аймағының ауырсынады, бауыр және талағы ұлғайған.Сіздің диагнозыңыз?

 

4. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

Науқас, 48 жаста, емханаға аурудың 3-ші күні қаралды. Оң жақ мықын аймағы ауырсынады, жүрек айну, тәулігіне 2-3 рет сұйық нәжіс, дене температурасы 37,80С. Өз ауруын асханадан алынған жаңа капустадан жасалған салатпен байланыстырады.

 

5. Науқас М., 25 жаста, 5 күн бойы ЖРА бойынша дәрігерге қаралып емделген, соңғы 2 күнде температура қалыпты, дегенмен жағдайы нашарлаған: тәбеті жойылған, жүрек айну пайда болған, әлсіздік күшейген, несептің қоңырлануын байқаған.

 

6. Науқас Б., 22 жаста, қалтырау, эпигастрий аймағы ауырсынуы, іштің өтуіне шағымданаады. Қарағанда: дене температурасы 390С, көп реттік құсу, сулы көп мөлшерде сасық иісті нәжіс, «батпақты балшық». 4 сағат бұрын ет қосылған салат жеген.Алғашқы диагноз?

 

7. Науқас К., 30 жаста, жедел ауырған, қалтырау, бас ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. 6 сағаттан соң 3 реттік құсу, дене температурасының 38,60С дейін жоғарылауы қосылған. Келесі күні іштің ауырсынуы сол мықын аймағында байқалған, нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, кілегейлі.

 

8. Науқас 25 жаста, инфекциялық ауруханаға дірілдеп қалтырау, дене температурасының 390С дейін жоғарылауы, аурудың 3-ші күні балтыр бұлшықеттерінің ауырсынуы шағымдарымен келіп түсті. Шошқа фермасында бақташы болып қызмет атқарады. Объективті қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, санасы айқын, температурасы 390С, беті ісінген, склерасы әлсіз сарғайған. Треі жамылғысы қалыпты түсті, аяқ-қолда, денесінде дақты-папулезды бөртпе. Жүрек-тамыр, тыныс алу, асқорыту жүйелері патологиялық өзгеріссіз. Қағу симптомы оң мәнді. Жалпы қан анализінде – лейкоцитоз, нейтрофильдә ығысумен. Жалпы несеп анализінде – протиенурия, бірен-саран эритроциттер, лейкоциттер.

Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

 

9. Ауру жедел басталған. Көп мөлшердегі нәжіспен дефекацияға шақыру, құсу пайда болған. Кейін нәжіс «күріш суы» сипат алды, аяқ-қолдардың құрысуы қосылды. Температура бастапқыда субфебрилді, диарея дамуына қарай 350С дейін төмендеді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тұмауға тән жиі кездесетін қызба типін көрсетіңіз?| ПРЕДМЕТ: ТРУДОВОЕ ПРАВО

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)