Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер.

Читайте также:
  1. А) Негізгіәдебиеттер
  2. АВТОМАТТЫ ӨЛШЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢТ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
  3. АНАЛОГТЫҚ-ЦИФРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛІК-АНАЛОГТЫҚ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
  4. Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері
  5. Мектептегі физикалық эксперимент техникасының негізгі міндеттері
  6. Негізгі
  7. Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері.

CL (Сlearance) – жалпы клиренс (тазалану).

T½ – жартылай шығу мезгілі.

Vт – таралу көлемі.

Cтт – тепе-тең шоғырымы.

AUC (area under curve) - фармакокинетикалық иін - мезгіл алаңы.

CL жалпы клиренс – қан сары су немесе қанның препараттан толық босаған уақыт саны.

Таралу көлемі (V½) – бұл дәрінің таралуын көрсететін жорамалданған сұйықтық көлемі.

Жартылай шығу мезгілі (Т1/2) – элиминация жүрісі арқылы қан ішіндегі шоғырымды 50% кеміту үшін керекті мезгіл.

Таратылу көлемі (VD) – барлық енгізілген шоғырымдағы дәрі-дәрмек мөлшерінің біркелкі таралуы үшін қажетті сұйықтық көлемі.

Тепе-теңдік шоғырымы (CSS) – дәрі-дәрмектің түсуі мен шығарылу жылдамдығын бірдей сипаттайтын жағдай.

 

1.2 Фармакодинамикалық кезең

Фармакодинамикалық фазада зерттелетін:

1) әсер ету механизмі

2) фармакологиялық ықпалдары

3) дәрі-дәрмектердің әсер ету орыны мен әсер ету түрлері.

Бұл жерде белгілі бір дәрінің ағзаға қалай әсер ететінін және қандай механизм арқылы, мүше мен жүйе жұмысында қандай пайдалы және жағымсыз ығысулардың болуы, зат алмасуларда қандай ықпалдар болатынын, медицинада не үшін қолданылатынын, осы жолда қандай жағымсыз ықпалдарды күтуге болатынын суреттейді.

Дәрі-дәрмектер мүше тіндерінің жасушаларымен байланысып, нысана-молекула қызметтерін түрлендіреді: рецепторлардың, эффекторлардың, ферменттердің, ионды түтікшелердің, тасымалдау жүйесін және басқаларын. Нәтижесінде ағзада жауапты реакциялар болады: мүшенің және жүйенің күшеюі, әлсіреуі немесе қызметінің қалыптануы. Нысана-молекулаға гормондардың, нейромедиаторлардың, нейромодуляторлардың көптеген арнамалы рецепторлар саны жатады.

Рецепторлар деп – дәрі-дәрмектер әрекеттесетін макромолекулалар қосылысының (нысана) белсенді топтарын айтады. Аталған термин Reception сөзі латын тілінен алынған – қабылдау, дәрілік заттардың әсері рецепторлық теория негізін қалаушы П. Эрлихпен ұсынылған. Осы ғылымның дамуы мен химиотерапия аймағы үшін ол 1908 жылы Нобель сыйлығын алды. Кейінгі зерттеулерінде рецепторлар фармакологиялық ықпалды жүзеге асыратын және талдамды байланыстыратын бөлшек ретіндегі түсінігін дұрыс екендігін дәлелдеді.

Негізінен рецепторлардың 4 түрін бөледі:

І рецептор түріне - тікелей ионды түтікшелер қызметін түйіндес, оларға жататындар – Н (никотин) -холинорецепторлар, ГАМҚ (гамма-аминомай қышқылы), глутамин рецепторлары жатады.

II рецептор түрі – эффектормен түйіндес «G (гуанозин)- ақуыз (екінші өткізгіштер) жүйесі арқылы. Бұндай рецепторлар гормондарда, медиаторларда М (мускарин) –холинорецепторларда, адренорецепторларда болады.

III рецепторлар түрі – тікелей эффекторлық ферменттер қызметін бақылайды (олар тирозинкиназамен байланысты).

IV рецепторлар түрі – ДНҚ-ның транскрипциясын немесе ядролық ақуызды (жауша ішілік рецепторлар) бақылайды. Бұндай рецепторлармен стероидтық және тиреоидық гормондар әрекеттеседі.

Көптеген рецепторлардың өзіндік түрлер бөлімдері болады, олар кейбір ерекше ауруларды емдеуге қолданатын жаңа талдамды әсер ететін дәріні жасауда маңызды болып келеді.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер | Фармакология тарихы | Дәрілердің өзгеруі | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Тарау Жалпы рецептура | Атты дәрілік түрлер | Сұйық дәрілік түрлер. | Егуге арналған дәрілік түрлер | Жергілікті жансыздандырушылар | Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері| Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)