Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  4. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  5. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  6. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

 

1. Осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмiнде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсiмпұл болып танылады.
2. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан өсiмпұл сомасы есепке жазылып, төленедi. Z080000100
3. Өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, мерзімі өткен әрбiр күн үшiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есепке жазылады.
4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені); салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар сомасын, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын және есепке жазылған банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есепке жазылады.
5. Салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтардан, акциздерден басқа) төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады.
6. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
7. Бересiнің жиналып қалуының бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есепке жазылмайды.
8. Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересi сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды.
9. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды.
10. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
11. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомаларын есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есепке жазылмайды.
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомаларын аудару кезінде:
1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күнінен бастап;
2) салық төлеушінің банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күнінен бастап;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізген күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.
13. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 599- бабының 8-тармағында белгіленген есепке жатқызуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
Ескерту. 610-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу | Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару | Бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері| Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)