Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

Читайте также:
  1. Бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
  2. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  3. Бап. Алымдарды төлеуден босату
  4. Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы
  5. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
  6. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  7. Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау

 

Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:
1) жеке тұлғалар - өздерiнің мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
3) жеке тұлғалар - оларға:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйiне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайына;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетiн ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;
6) алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
10) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
11) он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Ескерту. 542-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 247 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Төлемақы төлеушiлер | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Баж алу объектiлерi | Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату| Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)