Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Төлемақы ставкалары

Читайте также:
  1. Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
  2. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  3. Бап. Акциз ставкалары
  4. Бап. Алым ставкалары
  5. Бап. Базалық салық ставкаларын түзету
  6. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  7. Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары

 

1. Төлемақы ставкалары осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

 

 

Рет N Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) 1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
       
1. Күкірт тотықтары    
2. Азот тотықтары    
3. Шаң және күл    
4. Қорғасын және оның қосындылары    
5. Күкіртсутек    
6. Фенолдар    
7. Көмірсутектер 0,16  
8. Формальдегид    
9. Көміртегі тотықтары 0,16  
10. Метан 0,01  
11. Күйе    
12. Темір тотықтары    
13. Аммиак    
14. Алты валентті хром    
15. Мыс тотықтары    
16. Бенз(а)пирен   498,3

 

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

 

 

Рет N Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
     
1. Көмірсутектер 2,23
2. Көміртегі тотықтары 0,73
3. Метан 0,04
4. Күкірт диоксиды  
5. Азот диоксиды  
6. Күл  
7. Күкіртті сутегі  
8. Меркаптан  

 

4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

 

 

Рет N Отын түрлері Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)
     
1. Этилденбеген бензин үшін 0,33
2. Дизель отыны үшін 0,45
3. Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін 0,24

 

5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

 

 

Рет N Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
     
1. Нитриттар  
2. Мырыш  
3. Мыс  
4. Оттегіне биологиялық сұраныс  
5. Тұзды аммоний  
6. Мұнай өнімдері  
7. Нитраттар  
8. Жалпы темір  
9. Сульфаттар (анион) 0,4
10. Өлшенген заттар  
11. Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар  
12. Хлоридтер (анион) 0,1
13. Алюминий  

 

6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

 

 

Р/с № Қалдықтардың түрлері Төлемақы ставкалары (АЕК)
1 тонна үшін 1 гигабек-керель (Гбк) үшін
       
1. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:    
1.1. Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы) 0,19  
1.2. Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:    
1.2.1 «қызыл» тізім    
1.2.2 «жақұт» тізім    
1.2.3 «жасыл» тізім    
1.2.4 сыныпталмағандар 0,45  
1.3. Бұдан басқа:    
1.3.1 аршынды жыныстар 0,002  
1.3.2 жанас таужыныстары 0,013  
1.3.3 байыту қалдықтары 0,01  
1.3.4 шлактар, шламдар 0,019  
1.3.5 күл мен күлшлактар 0,33  
1.3.6 ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы 0,009  
2. Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):    
2.1. Трансуранды   0,38
2.2. Альфа-радиоактивті   0,19
2.3. Бета-радиоактивті   0,02
2.4. Шынақты радиоактивті көздер   0,19

 

6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 3,77 АЕК-ті құрайды.

 

7. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкаларына:
2-тармақта – 0,3 коэффициенті;
5-тармақта – 0,43 коэффициенті;
6-тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті;
2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффициенті қолданылады.
8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
9. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар ставкаларды қоспағанда, осы бапта белгіленген ставкаларды екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін көтермеуге құқылы.
10. Осы бапта белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.
Ескерту. 495-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 120 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қолдану тәртібі | Бап. Қолдану тәртібі | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Қолдану шарттары | Бап. Алым ставкалары | Бап. Алымдарды төлеуден босату | Бап. Алым мөлшерлемелері | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi| Бап. Төлемақы ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)